Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (288) Өлеңдер (24) Жоспарлар (38) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (65) Әзіл, анекдоттар (1)

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

Ілмектер: ұлт, тіл, жер, тарих, қазақ тілі Мағжан Жұмабаев

Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.

Ілмектер: тарих Олжас Сүлейменов

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Ілмектер: ана, тіл, тарих Бауыржан Момышұлы

Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек.

Ілмектер: Тарих, болашақ, бүгін, кешегі кезең Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.

Ілмектер: дала, қазақ, тарих, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов

Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.

Ілмектер: ел, тіл, дін, тарих, халық, намыс Әбіш Кекілбаев

Елді ояту үшін, тарихты ояту керек.

Ілмектер: ел, тарих Мырзатай Жолдасбеков

Сөздік – тарихи мәліметтердің қайнар көзі.

Ілмектер: сөздік, тарих Олжас Сүлейменов

Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.

Ілмектер: әлем, тарих Махатма Ганди

Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.

Ілмектер: тарих, қазақ, қаңлы, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.

Ілмектер: тарих, ғылым, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, тарих, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

Ілмектер: Тарих, халық, жұрт, ел Міржақып Дулатұлы

Адамзат тарихы білім мен апаттың бәсекесіне айналып барады.

Ілмектер: адамзат, тарих, білім, апат, бәсеке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэльс Герберт

Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз.

Ілмектер: тарих, кемеңгерлік, поэзия, шешендік, математика, зеректік, ғылым, терең, адамгершілік, логика, айтысу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

— Тарих не дейді?
— Тарих сол баяғы, өтірігін соғады.

Ілмектер: тарих, өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.

Ілмектер: тарих, болашақ Мигель де Сервантес

Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.

Ілмектер: тарих, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің арғы бергі тарихымызда біз ұялатын еш нәрсе жоқ.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрсұлтан Назарбаев

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ілмектер: ұлы, халық, тарих, іс, сөз, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин