Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (156) Өлеңдер (83) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (225)

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

Ілмектер: тіл, араб тілі, қазақ тілі, түрік тілі, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Өнердің дамуы — қоғам дамуының көрінісі. Өнер көре білу мен сезіне білуге үйретеді, оның өзі де əлдебір тіл тəрізді жəне оның бойында зор мүмкіндіктер жинақталған.

Ілмектер: өнер, мүмкіндік, қоғам, тіл Альфред Адлер

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.

Ілмектер: тіл, ұлт, салт, сана Бауыржан Момышұлы

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Ілмектер: тіл, сөз, ой, ақыл, адам, қасиет Ғабиден Мұстафин

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Ілмектер: дәуір, тіл, адам, интеллигент, рухани, тәрбие, азамат Мұхтар Әуезов

Тіл - елшінің қылышы.

Ілмектер: тіл Жүсіп Баласағұни

Той кезінде, жас құрбым,
Жалтақтама тайынба.
Тартқан күйін, тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға.

Ілмектер: той, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, тіл Сағи Жиенбаев

Қазақ тілінің арғы атасы көне түркі тілі.

Ілмектер: қазақ тілі, көне түрік тілі, тіл, тіл туралы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шоқан Уәлиханов

Балаға қай тілде білім берсең түбі сол ұлтқа қызмет етеді.

Ілмектер: бала, тіл, тәрбие, тіл туралы, ұлт, қызмет, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Мұстафа Шоқай

Тіл адамның адамдық белгісінің зоры жұмсайтын қаруының бірі.

Ілмектер: тіл, адам, қару, тіл туралы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Екі нәрсе тірі адамға керегі –
Бірі – көңіл, бірі – тілдің желегі.

Ілмектер: көңіл, тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Көңіл – тілдің иесі, сүйенеді сөз тілге,
Сөз күйресе, күйгені көңіл мен тіл, көркің де.

Ілмектер: көңіл, тіл, сөз, көрік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Анық түрік затты халық тілі біздің қазақ тілі.

Ілмектер: тіл туралы, тіл, халық, қазақ тілі, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Тілден – зікір, көңілден – пікір.

Ілмектер: тіл, зікір, көңіл, пікір Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Ілмектер: тіл, қасиет, бақыт Мұқағали Мақатаев

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..

Ілмектер: ана тіл, тіл, ұят, құрмет Қадыр Мырза Әли

Мұсылманшылық кiмде жоқ
Тiлде бар да, дiлде жоқ.

Ілмектер: мұсылмандық, Мұсылман, тіл, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Базар жырау Базар Оңдасұлы

Тіл біреуді - көтереді, біреудің - түбіне жетеді.

Ілмектер: тіл Иүгінеки Ахмед

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Ілмектер: ана тіл, тіл, халық, адам, мәдени мұра Ғабит Мүсірепов