Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (37) Өлеңдер (47) Мақал-мәтелдер (105) Ұлағатты сөздер (113) Әзіл, анекдоттар (6)

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы

Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Шоқан Уәлиханов

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жаман әйел көп ұйықтар.

Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман болса жолдасы - әйелдің түскен торы да,
Шыға алмайтын мұңылықтың қазылған терең оры да.

Ілмектер: әйел, жанұя, нақыл, афоризм Би-шешендер

Алған жарың жақсы болса - ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса - шиге кіріп сыбыр ет.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер

Тон бітпеске тон бітсе - қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе - ер жігітті аздырар.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Би-шешендер

Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.

Ілмектер: әйел, бақыт, отбасы, нақыл, афоризм, үйлену, ойшыл Сократ

Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.

Ілмектер: әйел, ана, нақыл, афоризм Николай Пирогов

Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.

Ілмектер: әйел, қарттық, нақыл, афоризм Агата Кристи

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Ілмектер: өмір, жанұя, жігіт, үйлену, әйел, қыз, күйеу, мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату-тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады. Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тəрбиеден ғой.

Ілмектер: махаббат, кінәрат, ақыл, сабыр, әйел, ана, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.

Ілмектер: гүл, бақыт, әйел, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям

Мен өзімшілмін, шыдамсызбын, өз-өзіме сенімсізбін. Қателік жіберем, өз-өзімнен шығып кете аламын, кейде менімен бірге болу оңайға түспей жатады. Бірақ егер көңілімнің хошы келмей тұрғанда менімен сөйлесе алмасаңыз, көңіл-күйім жақсы кезде де сөйлесуге лайық емессіз.

Ілмектер: әйел, қанатты сөздер Мэрилин Монро

Таранбаған әйелде — бір мекиеннің, таранған әйелде — екі мекиеннің миы бар.

Ілмектер: әйел, ми, мый, мекиен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Жаман әйелдің сипаты:
Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын талап.
Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадір-баға қалар нағып.
Орамал жерде жатар кірі батпан,
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,
«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.

Ілмектер: әйел, сипат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.

Ілмектер: еркек, ұнату, әйел, қатер, ойыншық, сүю, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.

Ілмектер: әйел, қорқу, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл, сұлулық Теодор Драйзер

Әйел еркектен кейін өледі, өйткені үнемі кешігіп жүреді.

Ілмектер: әйел, еркек, кешігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

×