Шарға
Балалық кезім қаршадай,
Жүгіріп өскен шаршамай.
Шарымды аңсап жүремін,
Ақ кірпіш үйді - ақ самай.
Көңілге қонса, зеріңді салсаң, баян етейін бірер сөз.
Сырласым түнгі Ай, жарық-жұлдыздар ботадай көлкіп мөлдір көз.
Құрама-құрақ көрпе жастықтай, көкірек болса, ал да сез,
Табылса әуен қөңілге жағар, балқытар құлақ әнге қос.
Сен тұрдың кербезденіп, түн көйлекпен -
Мен бозбала балғын шақ - сен бойжеткен.
Есіңде ме, солбір түн дәл біздерге,
Шегірткелер сырнаймен жыр әндеткен?
Өмір сүрсем бұрынғыдан оттырақ.
Әлсін-әлсін түтейді бір шоқ шырақ.
Күннен-күнге салқындатқан көңілді
Жауабы жоқ көкейде тұр көп сұрақ.
Көше бойлап келе жатсам, дін-аман,
Көзді сүзіп, елең еттім бұралаң.
Қадалғаннан, қараң қалды дүние,
Көлеңкем де сеспей қатты сұлаған.
Ертістің қалың тұманы
қашанда таңын буады.
Жасырар бәлкім бар шығар -
құпия тылсым сырлары?
Сен оның - нәзіктігін қадірле,
Аялап өт, жабырқатпай сен оны.
Махаббаттің бесігінде әлдиле,
Қыз жолы бұл - ал жіңішке ені оның.
Құс болып жаратыла қалмағаным…
Жоламас ем дүрбелең қала маңын.
Жан дүние түз тартқан шырылдатып,
Пырылдайды торда тән балапаным.
Тағыда түн…Тағы үнсіздік-тыныштық.
Күн етегін тартқылаған демі ыстық.
Біз екеуміз уәделі едік. Уәделі едік бұл кезге,
Бүгін біздер жүздесуге тырыстық.
Жалғызбын деме, жан азабына күйсең де,
Жалғызбын деме,жалқының қамын ішсең де.
Жалғыз емессің, мына әлем бәрі - сен үшін,
Қадірлей алсаң, кем емес күйің ешкімнен.
Аңсағаным!
Талай болды сырымды ашпағалы,
Асқарына арманым көтерілсе,
Шың басынан жүрсің бе тастағалы?
Текшесінен түндердің қалай үміт,
Тағысындай түздегі Айға ұлып,
Бал ашқандай жұлдыздың шоғырынан
Елестеген кескінің тұр үңіліп.
Есімде сол бақ…Сарғайған сары сырғасын сепкен талдардан.
Көкейден кетпес сырнайыменен көңілсіз әнші салған ән.
Жапырақтардың шулаған үні оятып әлі сағыныш,
Ұшырып алып, бір сәтте жетер, сол күзгі баққа біз барған.
Иығыңнан төгілген қара шашың,
Мұнайдың атқылаған фонтанындай.
Қара қасың иілген қарлығаштың,
Қанаттары еркелеп қаққанындай.
Мені ешкімнен өтінемін қызғанба!
Не қылайын өзгелерді сіз барда?
Көз алдыңда жүргенімде қанып ал.
Кете қалам өміріңнен сызғанда.
Сүйем деп ап, cүйе алмадың, cүймедің.
Алдайтындай сезімдерді кім едің?
Жауапсыздық махаббаттан көргенше,
Ғашық болмай жақсы еді ғой жүргенім.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі