Өлеңдер Бөлімі

ҚазҰУ-ыммен мақтанамын!

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.  Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 85 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс — жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші, әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы номері бірінші университет, сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы. Сондай –ақ халықаралық QS  рейтингісі бойынша әлемдік үздік 250-топ университет қатарына еніп 236 орынды иемденді. Университет  180-нен астамгуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттардыдайындайды. Университет құрамында 15 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеуинституттары мен орталықтар, Технопарк қызметатқарады: 2000-нан астампрофессорлар, докторлар, ғылымкандидаттары мен философия докторларыуниверситеттеқызметатқарады. ҚазҰУ-дың 41 мамандығы сапа сараптамасы мен экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттаудан табысты өткен университет. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ қалашығында осы студенттерге барлық жағдай жасалған. Мысалы, интернет орталығы,  Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай., тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі- техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі, ауқымы кең спорттық кешен, Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік жүзу бассейні сияқты орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана — Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауында 2 миллионнан астам кітап қоры бар  зәулім сарайда  әр студент өзінің керегіне еш қиындықсыз  қол жеткізе алады. Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие болған бұл  кітапханада Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражайы, ұлы ғұламаның ғылыми-ағартушылық мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби Орталығы орналасқан.

Сонымен қатар биылғы жылғы білім гранттарының көрсеткіші бойынша , ҚазҰУ бірінші орынға ие болды. Университеттің ауыз толтырып айтарлық жетістіктері мұнымен шектелмейді, бастысы білімге деген ұмтылыс өшпесе болғаны. Бұл тұрғыда, ҚазҰУ жастарының жалынды, жігерлі, білімді, өнерлі, һәм білімпаз екенін алға тартуға болады.

Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», — демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті!

Археология және этнология факультетінің 2-курс магистранты Әсетова Қаламқас Бейбітқызы

 


Қарап көріңіз

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.

×