Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұрынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бірқатары өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан келер деймісің», — деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады. Осындай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей тыныштық дәрежеге енді шындап енгендей болады. Үй іші де тынышталып, жадыраңқы өмірге жаңа енгендей, «ұһ» деп демдерін алғандай болады. Қазидың дерті де әбден айығып, әке-шешесін қуантады. Өмір бойы бұл үйдің төбесін бүркеген бұлт ыдырап, күн көзі көріне бастағандай сезім үй іші адамдарының бәрінің де басында болады. Осындай жайма-шуақ күнде кенет тағы да дауыл тұрып, Сағырбайдың қараша үйін тағы да қобалжытады. Бір старшын ойда-жоқта Құрманғазыға бір қағаз алып келеді. Ол қағаз Астрахан генарал-губернаторы кеңесінің Құрманғазыны шақыртқан қағазы болады. Павескіні алып, бармай қоюға қорыққан кісідей болармын деп, Құрманғазы тағы жолға жиналады. Кетерінде әдетінше қолына домбырасын алып, күй тартады. Тыңдаушылар сұрауына Құрманғазы: «Бұл күйдің аты «Павескі» (повескі) болсын», — дейді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі