Өлең, жыр, ақындар

Ел болашағы жастар

Жүйкеге тиетін ғаламтор ма, әлде жүйелі нәрсеге жүйесіз қарайтын жастар ма? Керекті , керексіз дүниеге қамалып,  ақпараттарға адасып,  бір – бірімен жүйке тоздырып  санасып жүрген жастар көп бізде. Жастар деп тұрғанымызда біз. Жастарға, яғни бізге не жетпейді ?  Шын туайтында  бізге бәрі жеткілікті секілді, тек ақпарат көзін нақты тауып, өз өзімізге жағдай жасай алмайтындығымызда шығар . Неге ? Үмітінен күдігі басым жастар да аз емес . Олар неге қорқады немесе неден қорқады ?  Мысалы , мынандай әңгімені жиі естиміз. Дамыған , АҚШ, ТҮРКИЯ мемлекеттерінде жастар өзін тым еркін ұстайды . Олар да Қазақстандағы жастар проблема деп санайтын нәрселер мүлдем жоқ. Яғни, осы сабақтан құлап қалсам , өмір бітті немесе оқуға қайда түсемін, қалай түсемін, қайда жатамын. Тағысын тағы осындай сынды сұрақтар  тізбегі ағылып кете береді.

Мүмкін біздің жастар расымен  ынжық шығар ? Әлде , бізді ынжық қылатын жан-жағымыздағы адамдар дың сөздер ме?

Бұның , бәрі кейде жәй ақталу мен себеп-салдар , сылтауымыздың көптігінен шығар .

Рас, бүгінгі заман мен кешегі өткен қиын заманды салыстыруға мүлде келмейді. Сондықтан бар нәрсемен көп нәрсенің үйлесімін таптыруға әбден болады .

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.

Расымен , Қазақты бүкіл әлемге танытып, өзге ұлттарды қазақша сөйлетіп, ән салғызып жүрген Димаш Құдайбергенов, киноактриса Әсел Исламова, марқұм Денис Тен тағы басқа таланттарымыз да жас болса да , бас бола білген жастар қатарында . Сондықтан,  еліміздің ертеңінің  кірпішін қалайтын ,  біз – жастармыз! Сенімге лайық, өмірге құштар жастар қатарынан болайық!

Жұмагелдиева Толғанай Бекболатқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер