Бір жылы Қазанғап ел аралап жүргенде Адай ауылындағы Ботақара деген байдың үйіне барады. Үйде бойжеткен қыз ұршық иіріп отырады. Жанында сүйеулі домбырасы тұрады. Ол — Ботқара байдың жалғыз қызы және сол жерге аты шыққан белгілі домбырашы екен. Қазанқап үйге кіріп, жайғасып отырғаннан кейін, үнсіз отырған қызы сөзге шақыру үшін, өзінің киіз қаптағы домбырасын алып күй тартады. Қыз домбыраның көмейінен шыққан күй сазына еріксіз мойын бұрып, күйді зейін қоя тыңдайды. Қазанғаптың орындаушылық шеберлігін көрген қыз, күйшіні сынау үшін:
— Сіз мықты домбырашы болсаңыз, мына ұршыққа күй шығарыңызшы? — деп қолындағы ұршығын кілем үстіне домалатып жібереді...
Мұндай тосыннан қойылған сұраққа сезімтал күйші жақсылап жауап беру үшін, сәл ойланады да, ұршық домалап барып тоқтаған жерге көз тастап, бір күйді тарта жөнеледі. Баяу, бірқалыпты дамыған күй үні, оның әсем сазы қыздың сезімін оятады. Қазанғап тартқан күйдің «сиқырлы» үніне шырмалған қыз, бір сәт басқа дүниені ұмытқандай, екі көзі күйшінің саусақтарында, құлағы күйде болып, біраз ұйып қалады. Күй самғап, шарықтап барып біткенде демін ішіне тартып, үнсіз отырған қыз күйшіге қарап:
— Мына тартқан күйіңіздің аты не болды? — деп сұрайды.
Сонда Қазанғап:
— Шырағым, қазақта «жастың талабын қайтарған күнәға батады» деген сөз бар, сондықтан сенің талабыңды қайтармайын деп айтқан сауалыңа арнап шығардым, бұл күйдің аты «Домалатпай» болсын, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі