Өлеңдер Бөлімі

Жаңа жыл

Жаңа жыл,жаңа бағыт,жаңа күн,

Жаңа жылда кезігеді әсем үн.     

Жаңа жылда дидарланып күн шықса

Жаңа жылды тойлауменен болар түн!

-дегендей жаңа жыл мерекесі барлығына өзгеріс орнатады.Жаңа жыл әркімнің үйіне бақыт,бақ-береке,ырыс әкеледі.Жаңа жыл тойланар күнге дейін әрбір шаңырақта асыға күткен жаңа жылдарына қамдану басталады.Әркім өздігінше үйін сәндеп,әр түрлі заттармен безендіріп,жаңа жылдық киімдер алып,үйге немесе сырт жаққа(ауланың ішіне) шырша қойып оған ойыншықтарын тағып, түрлі түсті шамдармен әсемдеп ауланы,үйді мұнтаздай етіп тазалап,жаңа жылды қарсы алады.Жаңа жыл тойланып атап өту үшін үйге азық-түлік алып,жаңа жыл жағдайын алдын-ала жасап алады.Бәрі мәз-мейрам боп,бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар татуласып,жаңа жыл сондай керемет барлығына қуаныш әкеледі.Аяз ата мен Ақша қар жаңа жылдың ең басты кейіпкерлері:Аяз ата сыйлыққа толы дорбасын арқалап,Ақша қарды жанына ертіп алып,үйді-үйді аралайды.Ал,бұл жаңа жылды жыл сайын көріп,сол жайлы біліп жүріп өзіне өте қатты әсер алған балалар Аяз атаға хат жазып,арманын айтып,жарқын-жарқын сөздерін қосып,лебіз тілектерін білдіреді. Жаңа жылдың тәрбиелік мәні де өте зор.Кішкентай балалар «Алақай,Аяз ата келеді!»,-деп,тақпақтар жаттап,сыйлық алуға ұмтылады.Мұның өзі балаларды білімге,еңбекке бейімдейді.Жаңа жылдың осы бір кереметтері:аппақ қарда көркейіп жап-жасыл болып тұрған шыршалар қыстың балғын кезінде әдемі боп,оны барлығы айналып ән шырқағанға,қуаныштары қойнына сыймай кештің соңы от шашу боп қызықтарға ұласады.Адамдардың бәрі жамандықтан арылып,тек жақсылық болып,ізгі ниеттер айтылып жаңа жыл,жаңа өмір қайтадан өмірге таза болып келгендей барлық күнәдан арылып жанға тыныштық ұялатады.Жаңа жылды отбасыңмен,туысқандарыңмен бас қосып атап өткенге не жетсін! «Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа»,-деп,ескі жыл-доңыз жылымен қоштасып енді,жаңа жыл-2020 жыл тышқан жылын қарсы аламыз.Тышқан-жыл басы емес пе?! Сондықтан, «Келер жылдың жақсылығы мол болсын»,-деп,бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,жаңа жылды жайсаң көңіл-күймен қарсы алайық! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Қадіржан Алдахов                                                 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×