Қожа ел аралап жүріп, бір сараң байдың үйіне түседі.
— Үйде тамақ жоқ, бар болса, өзімнің де ішкім келіп отыр, — деп бай аузын қу шөппен сүртіп, құдайы қонаққа дәм таттырғысы келмейді. Сонда Қожа:
— Мен кеспе жасай қояйын, — деп қазанда қайнап тұрған суға тұз салып және ожауды батырып араластыра бастайды. Ожаудан кеспе істеуді үйреніп ал, — деп байға әзіл-оспақ айтады. Пайдалы іс болса, үйреніп алайын, — деп бай қазаннан көз алмай қарап отырады. Біраздан соң Қожа қазандағы суды татып көріп:
— Жаман кеспе болатын түрі жоқ, бірақ мына ожаумен көптен майлы сорпа сапырылмаған екен, кеспенің аздап қатығы жетпей тұр. Бай болсаң да, жалғыз ожауыңды асқа жарыта алмапсың, — деп, Қожа байды тағы да қағытады.
Қожа сөзі намысына тиген бай орнынан тұрып:
— Ожау асқа жарымаса, ішкен-жегенін бойына сіңіре алмай жүрген өзі дағы, әйтпесе аузы астан кетпейді, — деп кебежеден бір тілім алып, қазанға тастайды.
Ет қайнап, пісе келгенде, Қожа тағы да сорпаның дәмін татып:
— Аздаған ұн мен пияз болса, кеспенің төресі болғалы тұр екен, — дейді. Бай Қожаның тағы бір шенеуіне ұшырармын деп ойлап, бұл айтқанын да әкеп береді. Ал Қожа болса, өзі істеген кеспеге тойып алып:
— Байеке, мынау ожау сенің қазан-ошағыңа нұқсан келтіретін, атақ-абыройыңды аяққа бастыратын дүние екен, мұ- ның орны күл басы болу керек, — деп ожауды екі бүктеп, отқа лақтырып жіберіп, үйден шығып жүре беріпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі