Бірде Ақсақ Темір Қожаға:
— Қожеке, бүгін мен бір көңілденіп отырғаным. Саған бірдеңе сыйлағым келеді. Бірақ сенің қу жаның нені қалайтынын білмей отырмын, — дейді.
— Тақсырыңа құлдық, — дейді Қожа. — Сен не берсең де, маған ұнайды ғой.
— Жарайды, — дейді Темір, онда мен сыйға берілетін дүниелерді атап өтейін, сен соның ішінен қалағаныңды алғайсың: он алтын теңге, бір ат, бір қора қой, бір бақша, қане, осының қайсысын аласың?
— Сен алда-жалда менің шын көңіліммен нені қалайтынымды білгің келсе, мен сенің нағыз әділ де жомарт болғаныңды қалар едім.
— Бұл сөзіңнің мәнісі қалай, қайтсем, мен сондай патша бола алам?
— Оның мәнісі былай, — дейді Қожа, — ол оп-оңай: сен он алтын теңгені менің жанқалтама салып, атқа мінгізіп, бір қора қойды бақшаға қарай айдатып жіберсең, сенен асқан жомарт, сенен асқан әділ патша болмайды бұл дүниеде.
— Дәмең зор-ақ екен! Ал, түк бермесемші? — дейді Темір.
— Несі бар, онда атыңа лайық қаттылығыңа тартқаның да, — депті Қожа.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі