Әлдекім хан Темірге шомбал есектің бірін тарту етіп әкеп беріпті. Бұған ол қатты қуаныпты. Әркім бірден артықшылғын айтып, қасындағылар да бұл есекті бәсекелесе мақтапты. Тіпті, ақырында оны хикіметті хайуанға айналдырып жіберіпті. Бағалау кезегі Жұқаға келгенде мақтау сөздерінің түгел айтылып болғандығын білген ол ойланып тұрып:
—Бұл есек өте зерек, кітапты да оқи алады,—депті.
Хан Темір қарқылдап күліп кетіп, Жұқаға:
—Егер, есекке кітап оқуды үйрете алсаң, мол сыйлыққа ие боласың, үйрете алмасаң, жазаға тартыласың,—дейді.
—Үш айлық уақыт беріңіз, мен сөзсіз үйретіп шығамын,— дейді Жұқа.
Хан Темір бұған мақұл болады, сондай-ақ қоластындағыларға Жұқаға не қажет болса соны беріңіздер деп тапсырады. Сөйтіп, таңертеңнен кешке дейін Жұқа есекке кітап оқуды жаттықтырады. Үш ай толғанда, Жұқа есекті әдемі әбзелмен безендіріп хан Темірдің алдына жетектеп әкеледі. Ол есектің алдына бір орындықты қояды да, орындықтың үстіне кітапты қояды. Есек аузымен кітапты бір-бір беттен парақтап ашады
және аралығында әлдебірдемелерді айтқандай Жұқаға қарап мекіреніп қояды. Мұны көріп жұрттың бәрі қайран қалады, хан Темір де төтенше қуанып, Жұқаға қыруар ақша және гауһар сыйлайды.
Сол арада біреулер Жұқадан:
—Жұқа мырза, есекке кітап оқуды қалай үйреттіңіз?—деп сұрайды.
—Мен жүз дана киік жарғағын сатып алып, онан кітап жасап шықтым. Сонан соң кітаптың беттеріне арпаның дәндерін шашып қойдым. Онан соң әр күні оған бір бет, бір беттен парақтап беріп оны бет аралығындағы арпаның дәнін теріп жеуге дағдыландырдым. Осылайша бір ай жаттықтыру жүргіздім, тағы бір айдан кейін ол кітапты өзі парақтайтын болды. Бұл уақытта мен кітаптың арасына арпа дәндерін салмайтын болдым, ол парақтап әлденеше бетті ашса да, арпа көрінбеген соң, басын көтеріп маған қарап аңырайтын болды. Бүгін бұл жерге әкелердің алдында оған екі күн бойы нәр таттырмаған едім, сондықтан, ол кітапты ойдағыдай парақтап, сынақтан өте жақсы өтті,—деп жауап береді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі