Өлең, жыр, ақындар

Дүние жүзі тарихымен айналысатын кафедра

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүниежүзі тарихы кафедрасы, ерте дүние және ортағасырлар тарихымен шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедраларының бірігуі негізінде 2007 жылдың 1 қыркүйегінде «Дүние жүзі тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. 2011 ж. дүниежүзі тарихы кафедрасына тарихнама және деректану кафедрасы қосылды. Кафедра тарихына үңілсек, 1948 жылы«жалпытарих»атауымен құрылған. «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының алғашқы меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Т.Жұмағұлов. болса, 2016 жылдан бастап кафедраны т.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанғалиева басқарып келе жатыр.

Қазіргі таңда кафедраның тарих саласында маман даярлау аясында АҚШ, Швейцария, Дания, Австрия, ГФР, Қытай, Италия сияқты мемлекеттердің ғылыми орталықтары және бірқатар университеттерімен ғылыми, әріптестік байланыс орнаған.

Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады. Білім алушыға берілетін мүмкіндік пен білім жоғарғы деңгейге сәйкес келеді деп толық айта аламын.

Байжанова Самал Нұрғабылқызы Әл-Фараби ат. ҚазҰУ магистранты

Жаркынбаева Роза Сейдалиевна Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз