Бұрынғы Атбасар уезі территориясында Қарсақбай аймағындағы қалың Найман ішінде Қоқан әулетінде Құдайменде дейтін ғани адам болыпты. Мол дәулетке мастанып, дандайсыған ол аузына келгенін айтып, лепіріп соға береді екен. Оның бейпіл ауыздығы өз еліне ғана емес, сыртқы елдерге де әшкере болыпты. Бірде, кешкі мезгілде Құдайменде өз ауылының сыртында тұрады. Ат-тұрманы, киімі көркем төрт-бес бейтаныс адам келіп, байға сәлемдеседі, қонуға рұқсат сұрайды.
— Күн кешейді, қонғыларың келсе, қоныңдар. Жейтін боғың, ішетін сідігің даяр, — дейді бейпіл ауыз бай.
Бұлар Құдаймендінің кім екенін білмейтін, оның әдепсіз сөзін естімеген жолаушылар ғой, мұның арам тамағын ішіп- жей алмаспыз дейді де жөніне жүре бастайды.
— Ей, меймандар! — дейді Құдайменде оларды тоқтатып, — Бүгін, ертең, одан арғы күні қонып, түстенетін үйлеріңнің қазаны, аяқ-табағы құрысын, барыңдар, — деп қолын бір-ақ сермейді.
Ақтөре Төленовна
Бұл мақаланы оқып шығып мақаланың атауы сізге арналған деп ойлап отырмын. Бұл әңгіме бұлай айтылмайды, қайдан алғаныңызды білгім келеді. Мен Құдайменде би өмір сүрген ауылдан боламын. Ол кісінің ұрпақтары бқл әңгімені оқымаған болар.. Әйтпесе жауап жазуға тиіс еді. Админ мырза әңгімені жазар алдында жан жақты іздену керек. Мен мектепте ұстаз болып істегеніме 35 жыл. Әкем 1912 жылы туған. Сауатты ауылдағы алғашқы сауат ашу мектебінің мұғалімі. Менің бұл тақырыпты терең білетінімді айту үшін жазып отырмын. Құдайменде би тамы ауыл жанында ол Кісіні ауыл қариялары пір тұтатын. Әділдігімен аты шыққан адам. Бұл әңгімеңіздің дұрыс нұсқасын оқығыңыз келсе хабарласыңыз. Бірақ бұндай жазу дұрыс емес. Менің оқушыларым бұл кісі туралы ауылдан көп дерек жинаған. Бұл әңгімеңізді оқыса олардың маған қояр сұрағы көп болатынын біліпте отырмын. Артық жазсам кешіріңіз, бірақ Сіз намысқа тиіп керріңіз. Біз қазақ аруақты силап ол туралы жаман сөз айтпаған халықпыз. Елге силы әлі күнге елд басына барып тәу ететін адам туралы бұлай жазу қате болар.
Қалижан
Құдайменде би туралы жазған әңгімеңіз шындыққа жанаспайды, қайдан алдыңыз?
Қаламқас
«Бабалар сөзі» жинағы - қазақ фольклорының 100 томдығынан алынған.
Алматыда Мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық Кітап палатасының қолдауымен Орталық Азия елдері фестивалі мен ІІІ Халықаралық кітап форумы (17.11.2014) аясында «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдығының тұсаукесері өтті.
Бұл жинақ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан.
«Бабалар сөзі» топтамасының 20 томы батырлар жырына, 13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикаялық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар, 5-томы ертегілерден тұрады. «Бабалар сөзі» жинағында қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдениеті, салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған.
2014 жылы Франкфуртта өткен әлемдік кітап жәрмеңкесінде қазақ фольклорының 100-томдық «Бабалар сөзі» топтамасы әлем жұртшылығына таныстырылды. Франкфурттағы кітап жәрмеңкесі 1473 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Сауқымов Әбдіразақ Едігеұлы
Мен төртінші атаммен бірге туған әулие атам Құдайменде Есенбайұлы туралы жазылған өрескел қате, түбірімен бұрмаланған мақаланы оқып шығып, қатты ашуландым. Автор жазған Құдайменде бабамның руы қоқан, Қарсақбай өңірінен, Атбасар уезіне қараған төңіректен екені рас. Бірақ, Құдайменде би ешқашан бейпілауыз, мал мен байлыққа мастанған, автор жазғандай аузы іріген, сөзі шіріген адам болмаған. Керісінше, сол төңірекке көріпкел, аузы дуалы, билік айтқан,әулие ретінде танылған. Құдайменде бидің күмбезді, күйген кірпіштен салынған сәулетті кесенесі Сарыкеңгір өзенінің оң жағасында, Алғабас ауылынан 15 шақырым Жезқазған қаласына қарай, өзінің қыстағы жанында тұр. Би атамыздан тараған ұрпақтары бүгінгі күні өсіп, өніп Қазақстанның дамуы мен экономикасының өркендеуіне елеулі үлестерін қосуда. Ал мақаланың мазмұнына келер болсақ, кеше ғана біз көзін көрген, туыстығы жақын да, алыс та қариялардың нұсқасында және бүгінгі ұрпақ шын болған оқиға ретінде қабылдаған толық нұсқасын, және оның тәрбиелік мәнін мен айтып бере аламын. Ендігі айтарым, осындай, басы бар да аяғы жоқ, қадірлі бабаларымызды елге, жас ұрпаққа жамандап көрсетуге тырысқан мақала авторы мен ғаламторға салған жауапты тұлғаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарымен жауапкершілікке тартуға қамқорлық жасауымызға тура келеді.
Сауқымов Әбдіразақ Едігеұлы
Кеше жоғарыдағы мақалаға байланысты пікір жазып едім. Неге парақшаға жарияламай жатырсыздар? Егер менің пікірім жариялауға жатпайтын, қазіргі мемлекетіміздің саясатына қарсы болса, қателіктерін көрсетіп жауап жазыңыздар. 16 наурыз. 2020 жыл.
Әбдіразақ Едігеұлына жауап
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады - мақала "Бабалар сөзі" жүзтомдық жинақтың 98 томынан алынған. 98 әңгіме 273 бет.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылған. Алматы 2013 жыл.
«Фолиант» баспасы.
Сауқымов Әбдіразақ Едігеұлы.
"Фолиант" баспасы. Сіздің жауабыңызды оқыдым. Үлкен рахмет. Сол 98 ші томның 273 бетіндегі мақала кімнің айтуымен жазылғанын айтып бере аласыз ба?
Тоқмағанбет Орманбеков
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады атты мақаланы оқып шығып таң қалдым. Ашуымды тудырды,мен осы елдің азаматымын,мына мақаланы оқып үндемей қалуға хақым жоқ сияқты: 1. Мақала нені меңзейді? Жазылған ішкі ойы жоқ, сондықтан әңгіменің басы- аяғы қайсы түсініп болмайсың. 2. Мынау жазылған оқиға біздің елде болмаған нәрселер, таза мүлде болмаған.Бұл арада шындық сол өскен өңірі, аты-жөні,Найманның баласы Қоқан руынан екені ғана.Ал енді Құдайменде бидің өз басына келсек ол кісі өзінің абырой- атағының арқасында би атанған. Шешендігі, көріпкелдігі өз алдына, өте әділ би болған." Тура биде- туған жоқ" деген қағиданы ұстанған жан. Тарихта аты қалған санаулы билердің бірі.Әңгімеде Құдайменде бай деп көрсетесіңдер, ол кісінің байлығы өз алдына ес білгелі билікке ерте араласып Құдайменде би атанған, ел аузында бидің сауапты істері әлі күнге дейін айтылып келеді. Ұрпақтары өскен, тілеуі түзу , өз дәуірінің әділ қазысы , халқының жанашыры болған биік тұлға. Құдайменде би кесенесінің басына барып осы күнге дейін адамдар тау етеді, талайлардың балалы болып, ауруларынан айығып,жолы ашылып, риза болып кеткендігіне осы отырықшы халық куә. Осы мақаланы жазған азамат -шырағым өтірігіңе береке берсін, ойдан құрастырған анекдотыңды басқа бір жерде пайдалан, елден кешірім сұра, Қазақ халқының арасына іріткі салма, заң алдында жауап беруің бек мүмкін!
Қаламқас
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады - "Бабалар сөзі" жүзтомдық жинақтың 98 томынан алынған. 98 әңгіме 273 бет. Алматы 2013 жыл. «Фолиант» баспасы.
Бакытбек
Менде осы онирде турып Остим бизге улкендер Кудаименде оз уакытынын адилдигин тура аита Билген би болган деп отыратын ол кисинин урпактары али осы жерде турады сондыктан адам тарихын жазу ушин жете зертеу керек кешеги 1990 жылдан бери караи тарих зертеушилер тарихты бура тартып оз ортасына караи беимдеди ол рас сондыктан жазганда да окыганда да мукиат болган жок бундаи отрик жапсырманы жазган тарихшыма ол ким Кудаименде урпагынан кеширим сурау керек
Галымжан Тусупулы
Бул ангимени ким жазсада оттаган екен...
Арман ағай
Шын болса шын шығар, кез келген адам айтуы мүмкін сөздер ғой. Адамдарды періште етпеңдерші. Қайта осынысымен адамдар қызықты. Естімедім, көрмедім дегенің жоқ дегенді білдірмейді ғой. Әбден болуы мүмкін нәрсе. Тем более бұрындары адамдардың дәл осылай сөйлеуі көп кездесетін. Қарапайым сөйлеу барысында боқ, сідік, көт, көтек... тәрізді сөздерді қолдана беретін.
Руслан
Əрине бұл жазбаны ақыл ойында ауытқуы бар , Өзге атаның ұрпақтарын кемсіту үшін айтқан пенденің сандырағы деп білген жөн .
Қаламқас
Менің атамда осылай сөйлейтін))
Ғабит
Ассалумағалейкум құрметті оқырман! Менің осы тақырыпта айтылған мәселеге қатысым жоқ. Бірақ осындай көп жазылатын мәселерге келгенде түсінетінім, біз осындай ұсақтанып , бірін бірі күйелегенге келгенде ешкімге дес бермейтінімізде. Орыс империясының саясаты да осында болғандығына тарих куә болар. Біздің осындай екнімізді әбден зерттеген олар тура осы саясатты қолданып,бізді мәңгүрттерге айналдырды деуге болады. Әйтпесе кешегі Жаңа үкімет құрылған заманна бастап ,соғыс басталарға дейінгі кезеңде жүргізілген жұмыстарын оқып қарап отырсақ, бізге Сталин келіп жсаған жоқ ол жұмыстарды. Осы жұмыстарды қазақ өзіне өзі жүргізді. Голощекин ауылдарды аралап жүргізген жоқ ол саясатты, ол саясатты аудандық, облыстық "голощекиндер" жүргізді. Осыдан сабақ алып енді қайталанбау керек. Кейбір Пысықтар ойлайды әлі солай болады деп, ЖОҚ олай болмайды енді. Қазір халықтың білімі жоғары, жастардың көзі ашық.
Қуандық
Кейде ғұлама айтқан еді деп біреудің аузына сөз салып жатамыз. Түкке тұрмайтын сөзді солай ғұлама айтты десек халық нанады деп ойлайды. Ел аузында қалады деп ойлайды. Ол неге керек. Немесе Шыңғысханды туу туралы куәлігін көріп келгендей қазақ деп өзеурейміз. Жазушылар ұяттан аттамағаны жөн. Бояушы бояушы дегенге.....әлде жазбайтынның бәрі сауатсыз деп ойлайма. ТЫҢДАУШЫ ДЕГЕН СІЗДЕН ӨТКЕН БІЛІМДІ ЖАМАҒАТ БАРЫН ҰМЫТПАҒАН ЖӨН.
Амиржан Амир
Керемет
Алиева Маржан
Ассалаумағалейкум. Акторе Торенова Кудайменде мумкин сиз айткандай жаксы адам болған шығар. Бирак адам баласы олип калган пендеге ешкашан тәу етпеген,етпейдида. Бір Алла бар болды сол жаратканға тәу ету керек шығар.
Мадия Балмаганбетова
Бұл мақаланы жазған адам жазасыз калмас.Азабын тартар
Мадия Балмаганбетова
Жалған ақпарат. Бұндай жалған ақпарат берип отырған адамдар жазалану керек. Қарағанды облысына аты танымал қасиетті адамды мынандай етіп жариялап отырған адам азабын тартатынына сеімдімін. Ой өрісі кең адамдар бұндай деректерді жария етпес еді,,,Дегенмен ел жаққа келіп бұл кісі туралы деректермен танысқаны дұрыс бола еді.
Мадия Балмаганбетова
, Қарағанды облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы мен ізгі ниетті ұстанған демеушілер қолдауының арқасында 40-қа жуық архитектуралық және археологиялық ескерткіштерге абаттандыру, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның бірі Құдайменде би кесенесі. Қасиетті адамға куйе жаққан адам азабын тартар.