Үйіне алдырып алтын тұрман ұстатып жатқан Мұқышқа:
— Дархан, сені өзім деп айтып отырмын. Маған осыншама қалың жылқының бітуімен Қызыр пайғамбардың ізін басқамын, — деп мақтанады екен бай. Алтын мен күмісті аптауға, балқытуға малдың жамбас, жауырын сүйектерінің шұңқыры қажет болады. Бір күні кешке жақын бір қанша ақсақалдармен әңгіме құрып дөң басында отырған бай ауыл төңірегінен соларды іздеп жүрген Мұқышты көріп:
— Ей, ей, Дархан, не іздеп жүрсің? — деп айғай салыпты.
Мұқыш тоқтай қалып бар дауысымен:
— Байеке! Қызырдың ізін қай жерден басқан едіңіз, — депті.
Мұны естіген бай ызаға булығып:
— Үй, аузыңа қан толғыр, нені көкіп тұр, — деп төбеден түсіп кетеді. Мұқыш үйге келсе, байекең қара күпіге оранып жатыр екен. Мұқыш аз кідіріп барып:
— Байеке, немене суық тиіп тұмауратып қалдыңыз ба? — дейді.
Бай басын жұлып алып:
— Ей, Дархан, сені өзім санап жан баласына айтпаған сырымды айтсам, шырыштай елдің ішінде сүрен салғаның не? — дегенде, Мұқыш қарқылдап күліп:
— Әттең, байеке-ау, осыған да ренжисіз бе, мен де сізді өзім санап, ауылыңызға күнде келіп кететін Қызыр пайғамбардың ырысты ізіне бір бақайымды тигізіп алсам, ең болмағанда жүз жылқы бітпей ме? Соны да қызғанып, көрсете салмағаныңызға мен де өкпелімін, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі