Ауылдарынан бір ақсақал адам қайтыс болып кетіпті де, Қоштай көрші ауылдан бір молданы шақырып келіпті. Молда келген соң сүйекті оң жаққа салғызып құйындырып болып, таңертең келмек болып үйіне қайтқан екен. Осы молдаға тісін басып жүрген Қоштай түн ортасы мөлшерінде қайтадан шауып отырып оның үйіне барыпты да:
— Ойбай, молдаеке, бәле болды. Әлгі адам тіріліп кетті. Елбасылар жиылып: «қыстың суық күнінде тірі адамды суық үйге тастап қойған молданы шақырып кел» деп кіжініп жатыр. Түрлері жаман, байқаймын, ең кемінде дүреге жатқызып, бір тоғыз айып тартқызбай тынбайтын
емес, — деп төндіріпті.
Шошып кетіп, ақыл таба алмай сасқалақтаған молда:
— Ойбай, Қоштай-ау, енді қайттім, бұған не ақылың бар? — деп оның өзіне жабысса керек. Қоштай оған:
— Өзіңіз «мұндайда садақа берген жақсы» деп көп айтушы едіңіз. Садақа беріңіз, — депті.
— Мына түнде оны кімге бере қоям?
— Маған-ақ беріңіз.
— Не аласың сонда? — депті молда несін болса да аямауға ниет білдіріп. Сонда Қоштай:
— Соғымға дайындап отырған көк ала өгізіңді алам, ылғи егіз табатын қойыңнан сегізіңді алам, атыңнан алам, затыңнан алам, арық-тұрақ емес, ылғи семізіңді алам, — деп молданы «берейін, берейін» дегізіп алып:
— Жә, молдеке, тұра тұрыңызшы, жасы ұлғайып, көп ауырған адам неше өліп, неше тіріледі деуші еді. Бәлкім, қайтадан өліп кеткен шығар. Мен барып нақтап біліп келейін, — деп атына мініп қайтадан шаба жөнелген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі