Жаздың сытық бір күнінде Сыр бойынан қырдағы елге жолаушылап келе жатқан Алтын Сейітжан ақын бір ауылға сусын ішуге бұрылады. Бұл ауыл өзінің қайын жұрты, Жетірудың Телеуінің ауылы болып шығады.
Аялдаған үйінде атақты Тұрмағамбет ақын отырса керек. Сейітжанды алыстан таныған қайынаға, балдыздары Тұрмағамбет ақыннан бір сөзден сүріндіріп беруді өтінеді. Екі ақын бұрыннан таныс, әрі қатар екен. Амандасып, отырып болған соң Тұрмағамбет:
— Жер деген не, көк деген не, түсінсең түсін, түсінбесең әттегене? — депті.
Сонда Сейітжан ақын мүдірместен былай деген екен:
— Жер деген сахи, көк деген сари, түсінсең, түсін, түсінбесең, сен де бір сәби, — деп жауап қатады.
Үндемей ойланып қалған Тұрмағамбеттен Сейітжан жүріп кеткен соң балдыздары «не деді?» деп сұрапты. Сонда Тұракең:
— Ол «аспандай мөлдір таза, жердей мейірімді, жомарт болу керек» деп кетті деген екен.
Сонда «сахи» — парсыша жомарт деген, «сари» — мөлдір, таза деген сөз екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі