С.Бейсетаев 1922 жылы туған. Аякөз қаласы «Астық дайындау» бөлімінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, құрметті демалысқа шыққан екен. Сөз қадірін білетін Сейітқазы әуелгі сөзін:
— Жақсы ғой, құда, келгенің,
Ел аралап жүргенің.
Білімдінің аузынан
Қазына теріп жүргенің.
Әр ұлтта ақын көп,
Айтады ғой білгенін, —
деп өлеңдете бастады.
— Абай әрі дос, әрі атқосшысы Ерболды, — деп жалғастырды әңгімесін Сейітқазы, — керей жаққа ел шаруасымен жұмсайды. Ісін тындырып, қайтарға беттеген Ербол өгіз мініп, қойын ерте өргізіп бара жатқан тоқсандағы кәрияға кез болып, сәлем береді. Жөн сұрасады.
— Сізден естіп едім деп елге айтып жүрейін, есте қалатын бір есті сөз айтпас па екенсіз? — деп тақауырлай түседі Ербол кәрияға. Қойы ұзап, алаңдап тұрған кәрия:
— Жасынан байдың қойын баққан мендей кедейден не сөз шығушы еді, қарағым. Қойым кетіп қалады, бөгеме, — деп көлденең кез болғаннан құтылғысы келеді. Ербол тіпті тақымдап болмаған соң кәрия:
— «Өгізге мінген кісінің екі өкшесі и болады, жаман бала өз төрінде жатып өз үйіне би болады», — деп өгізін тебініп, қойына қарай беттей беріпті.
Ербол үйіне келсе, баласы малға шықпай, екі қолын төбесіне айқастыра төрде шалжиып жатқан екен. Баласының мына қылығына ашуланған Ерболдың ойына кәрияның сөзі түсе кетіп, баласына:
— Шалжиып жатысын! Мал қайда? Түзде қой бағып жүрген керейдің бір шалы, сенің үйде бүйтіп жатқаныңды қайдан білді екен? — депті қатулана түсіп. Қой баққан кәрияның екі-ақ ауыз сөзінің әсері Ерболға қандай боп тигені оқырманға ой салатындай.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі