Қазіргі Куйбышев совхозында дені Сунақ деген ру тұрады. Бұдан бір ғасырға жуық бұрын барлық Сунақтар сол жердегі Төрткүл деген төбенің басына ғана сыйып отырады екен. Өзінің кедейлігіне қарамай сері, әрі мақтаншақ атамыз — Қалмырза деген сәнқой екен. Төрткүл басындағы кісілер әр кеште ауқаттарын ішіп болып, бір жерге жиналып әңгіме-дүкен құрады екен. Қалмырза өзінің кедей, жоқ-жұқа екенін білдірмеу үшін, қатықсыз қара көжесін ішіп болып, мұртын сақалық бармақ басындай өзінің сақтап жүрген майымен майлап:
— Бүгін ет өте майлы екен. Балалар бүгін қасаптан еттің ең майлы жерін алыпты, — деп бөсіп отырғанда, ең кіші ұлы жүгіріп келіп:
— Ата, сенің мұртыңды майлап жүрген майыңды ала мысық жеп кетті, — дейді.
Сөйтіп, ұлы атасының өтірік мақтанғанын бір ауыз сөзбен айтып беріпті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі