Зиялылық және ұлт зиялысы Ұлттың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруда зиялылар әлеуметтік күш ретінде аса зор рөл атқарады. Бұл тұжырымның шындықтан алыс еместігін қазақ тарихынан, әсіресе оның ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі кезеңінен анық байқауға болады. Өкінішке орай, бұл тақырып, яғни ұлт зиялыларының ұлтты және оның интеллектуалдық мүмкіндігін қалыптастыру әрекеті тәжірибе ретінде терең талдауға алынды деп айту қиын, анығырақ айтқанда кешеуілдепкеле жатқан іс. Осы ретте сол алғашқы буын зиялылар қатарында болып, соңында терең іс қалдырған жеке тұлғалардың пікірі мен тұжырымыдарына көңіл аудару қажет-ақ. Мақаламызды Мұстафа Шоқайдың зиялылық пен ұлт зиялысы жөнінде жасаған талдауларына арнайы тоқталудан бастағанымыз міне осы қажеттіліктен туындап отырғандығын мойындаймыз.
«3иялы» бұл араб сөзі [1]. Оқыған, білімді азамат деген ойды білдіреді. Яғни ол мағынасы жағынан орыс тіліндегі «интеллигент» сөзіне жақын. Ал орыс тіліндегі «интеллигенция» сөзінің әлеуметтік жүгі бар. Ол басым түрде қоғамдық өмірде өз орны мен ұстанымы арқылы танылған әлеуметтік күшті еске салады. Түп-төркіні еуропалық бұл сөзге ХІХ-ХХ ғасырлардағы орыс шындығы дербес мазмұн және сипат берді. Ресейлік зерттеушілердің пікірінше қоғамдық күш ретінде орыс интеллигенциясының шынайы қызметі XIX ғасырдың 60-шы жылдары мен XX ғасырдың 20-шы жылдары аралығына тұс келеді [2]. Осы тарихи кезеңде ол өсу, жіктелу және дағдарыс сатыларынан өтіп, социалистік қоғам тұсында өзінің бұрынғы белсенді қоғамдық қызметінен ығыстырылды.
Белсенді қызметінің өрлеу тұсында ол қоғамдағы «үштіктің» (халық - билік - интеллигенция) бірі ретінде мойындалды. Қоғамдық көзқарасы ресейлік шыңдық жағдайында қалыптаскан М. ІІІоқай тұжырымдарынан зиялылыққа байланысты Ресей қоғамындағы ұстаным және пікірлердің ықпалын байқамау, әрине, мүмкін емес. Сонымен бірге, зиялылар қызметіне қатысты оның талдауларына негіз ретінде сол тарихи кезеңдегі түркістандық өмір алынғандығы да даусыз. М. Шоқай түсінігінде «зиялылық» бұл нақты тарихи құбылыс. Басқаша айтқанда, ұлт зиялысының қызметі ол өмір сүрген тарихи кезеңдегі елінің мүддесімен өзектес, өзара үйлесімді болғанда ғана белгілі бір мәнге ие болмақ. Сол сияқты «зиялыларсыз ұлтқа айналган саяси, әлеуметтік халық бұқарасы бірлігі ешқашан болған емес» [3]. Яғни ұлт пен зиялы өзара органикалық байланыстағы бірінсіз-бірі жок қоғамдық құбылыстар. Міне осы арада мынадай жағдайды ескерген жөн.
Ресей империясында болып өткен 1917 жылғы тарихи өзгерістер және оның ізін ала 20-30-шы жылдары жүргізілген түбегейлі кеңестік реформалық шаралардан соң осы мезгілде зиялылар жүріп өткен жолды, олардың іс тәжірбиесін еркін талдауға алған бірден-бір зерттеуші тұлға М. Шоқай болды. Сондай-ақ оның бұл міндеті жоғары дәрежеде әрі адал орындап шыққанын атап айтқан жөн. М. Шоқай өзінің «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында «зиялы» деген ұғымга мынадай анықтама береді: «Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз. Бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халкының саяси, экономикалык және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады [4]. М. Шоқай берген анықтамадан анық байқалып тұрғандай, бұл әлеуметтік топқа жатқызуға болады деген кісінің білім дәрежесі немесе алған тәрбиесі зиялылықтың басты өлшемі немесе көрінісі бола алмайды. М. Шоқай түсінігінше зиялылықтың басты өлшемі оның қызметінің ұлт өмірінің негізгі сұраныстарына сәйкес болуында, олармен үйлесімді жүруінде. М. Шоқай осы аталған мақаласында «халық» және «ұлт» ұғымдарының өзара айырмашылығына тоқталып, «халық бірін-бірі және өзін-өзі басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар», ал «ұлтбасқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы.
Философияның тұжырымдауынша, халық - объект (object), ұлт - субъект (subject) [5], деген ойды білдіреді. Міне осы халыктық сападан ұлттық сапаға өтуде аса зор міндет зиялылар үлесіне тимек. «Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде ұлы тарихи 3 міндеттің маңызды бір бөлігі зиялылардың үстіне жүктеледі [6], - деп көрсетеді ол.
Қазақ халқының ұлт ретінде ұю процесі Ресей империясының отаршылдық ұстанымдағы күштермен арпалысты идеологиялық күрес жағдайында жүрді. Ал отарлау ісінде батыстық мемлекеттердің түрлі құйтырқы әдіс-айласын әбден меңгеріп алған Ресей билігі қазақ қоғамын түрлі идеологиялық құралдар арқылы илеу ісін XIX ғасырда-ақ бастап кеткен болатын. Мұндай илеуге алдымен ұлттың билеуші тобы, әсіресе, орысша білім алған алғашқы оқығандары түсті.
Отарлаушы әкімшілік енді ғана қалыптаса бастаған қазақ оқығандары мен шенеуніктер тобынан орыс билігіне шексіз берілгендікті талап етіп қана қойған жоқ, сондай-ақ ол берілгендігін күнделікті ісімен бекітіп отыруларын да бақылауға алды. Бұл талапқа сәйкес келмеген қазақ оқығандары бірден қызметінен шеттетілді, немесе қызмет сатысымен жоғары өсу мүмкіндігінен айырылды. Сондай күйді ең алғашқылардан болып өз басынан кешіргендердің бірі Шоқан Уәлиханов еді. Алған еуропалық білімін өз отандастарының тұрмыс жағдайы мен өмір сүру салтын түзетуге жұмсамақ болған ол Атбасар округы бойынша аға сұлтандық қызметке сайлауға түсіп, екі жақтың да (ресейлік әкімшілік және қазақ сайлаушылары) қолдауын ала алмаған күйде сайланбай қалады.
Осы оқиғадан кейінгі өзінің көңіл күйін ол досы Ф.М. Достоевскийге жазған хатында мынадай сөздермен білдірген еді: «Сен біздің (мен Ресейде тәрбие алған қазақтар жөнінде айтып отырмын) жағдайымызды көз алдыңа келтіріп көрші. Жерлестеріміз бізді жолынан жаңылған кәпір деп біледі, өйткені, өзің де келісерсің, іштей сенім болмаған соң тек саясат үшін ғана күніне бес мәрте Аллаға мадақ айту қиын, ал генералдар болса шығысқа тән мәймөңкелігім кемшін болғандықтан да жақтырмайды. Шайтан алғыр, осыдан соң құла-дүзге каңғып кеткің келеді [7]. Бұл хатты 1862 жылы жазған жиырма жетідегі Шоқанның алдында бұдан да үлкен сындар күтіп тұрған еді. 1864 жыл орыс әскерінің Бас Штабы Шоқан Уәлихановты Орталық Азияны Ресей құрамына қосу ісін біржола аяқтауға тиіс болған полковник Черняев отрядына жергілікті халықпен ара қатынасты «жұмсартушы» міндетін атқаруға тиіс офицер ретінде енгізеді. Тапсырылған міндетті адал орындап келе жатқан Шоқан полковник Черняевтан Әулие-Ата қаласын бейбіт жолмен алуды ұсынып, қаланы зеңбірекпен атуды тоқтатуды талап етеді. Полковниктен дөрекі жауап естіп қорланған Шоқан отрядты тастап, Алтын Емелдегі (Жетісу) Тезек төре ауылына жетіп, сонда 1865 жылы бақилық болады. Сөйтіп зор ақыл иесі Шоқан да өмірінің соңына қарай туған елінің отаршылдықтың ауыр қамытын кигелі тұрғанын көзімен көріп, жанымен сезінеді [8].
Біздің тақырыбымызға байланысты бұл арада көңіл аударуға лайық нәрсе интеллигент Шоқанның отарлаушы орыс әкімшілігі мен оның илеуіне түсуден үрейленген қазақ қоғамы арасындағы жағдайы еді. III. Уәлиханов енді ғана басталған осы екі қоғам арасындағы қатынастың бастапқы кезеңінде толық табиғи да негізді белсенділік танытып, бүл екеуара қатынастан халқының алар үлесінің молырақ болғанын қалап, осы мақсатқа құлшына қызмет те жасады. Бұл ретте Шоқан казақ халқының демократиялық орыс мәдениетіне деген ұмтылысы мен сенімінің жинақы көрінісі десе де болғандай еді. Сонымен бірге Шоқан феномені осы кіршіксіз ұмтылыстың алғашқы жемісі болумен бірге, оның алғашқы опық жеуі, яғни бұл процестің алдағы ауыр салдарынан қауіптенуі, іш тартуы да еді. Жоғарыда аталған «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында М. Шоқай Шоқан тәжірибесіне тоқталып «Шоқан орыс (Батыс) халқының рухымен өз халқын бақытты ету мүмкіндігін іздеді. Шоқан өзі басынан кешірген ащы сабақтардан, қайғылы оқиғалардан кейін барып өз халқына өгей болып бара жатқандығын сезінді [9], - деп жазды. М. Шоқайдың Шоқан тұлғасына байланысты ой толғаулары негізінде тарихилық (историзм) катынас жатты, яғни ол Шоқан өмір сүpreн тарихи мезгіл мен өзі өмір сүрген уақыттың өзара байланысын, сонымен бірге айырмашылықтарын да ескерусіз қалдырған жоқ еді. Осы ретте М. Шоқай «Орыс миссионерлігі» атты мақаласында Шоқан тұлғасына тағы да оралып, Г. Потаниннің естеліктеріне сүйеніп Пішпек пен Әулиеатаны алу кезінде орыс әскерінің қазақ пен қырғызға, жергілікті халыққа жасаған қиянатының Шоқанды терең күйзеліске, рухани дағдарысқа әкеліп тірегендігін айта келіп «Шоқан Уәлиханов шынында орыс мәдениеті мен орыс билігінің миссионері еді. Бірақ ол орыстардың өз халқына істеген хайуандығын көргенде оларға қарсы шығуға батылдық жасай алмады. Шоқан Уәлихановты сынауға тек біздің ғана құқымыз бар. Ал өздері орыс большевизмі мен орыс диктатурасының миссионері болып отырғандардың құқы жоқ» [10], - деп большевиктердің ұлт саясатымен ымыраға келуге мәжбүр болған қазақ партия және кеңес қызметкерлерін сынға алады. «Біздің ғасырымыз, - деп жазды ол, - Шоқан дәуіріне қарағанда мүлде басқа. Шоқан ол кезде жалғыз еді. Және оның алдында халқын ұлт деңгейіне көтеру міндеті де тұрган жоқ болатын. Бұл мәселені ойдан шығарып алған жоқпыз. Тарих пеп өмір қажеті, оянған халықтың мағыналы түйсінулері осы бір маңызды міндетті біздің алдымыздан шығарып отыр [11].
Сонымен М. Шоқайдың бұл жасаған тұжырымынан айқын аңғарылып тұрғандай жаңа заманда зиялылардың алдында тұрған негізгі міндет - «халқын ұлт деңгейіне көтеру» Бұл ретте оның алдында тұрған бастапқы міндет, әрине, өз елін «жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру», ал бұл мұратқа жетер жолда «ұлттық зиялы қауым мен ол өзі тән болып отырған халық бұқарасы арасында бір ортақ сана болуы тиіс» екендігін де айтады. Өз ұлтын қалыптастыру жолында тұрган зиялылардың қызметі осы заман сұранысына сай жалпыұлтгық мақсат-міндеттерді айқындау, «халықтың тілегін дұрыс және анық бір формаға келтіру. аталған мақсатқа жету үшін іс пен әрекет бағдарламасын жасау» болмақ. 5 Көріп отырғанымыздай, М. Шоқайдың зиялылық пен зиялылар қызметіне байланысты жасаған талдаулары мен тұжырымдарының негізінде ұлтшылдық идеясы(жағымды мағынада)жатты. XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ және Түркістан ұлтшылдығы осы тарихи мезгілде жалпы шығыс елдерінде көрініс тапқан ұлтшылдық идеологиясымен тамырлас және өзектес, толық табиғи, өмірлік негізі бар қуатты құбылыс болатын [12]. Қазақ ұлтшылдығының жинақы көрінісі болған Қарқаралы петициясында, (1905) мәселен, мынадай талаптар қойылды: ішкі ресейлік губерниялардан қазақ жеріне жаппай қоныс аударушылық тиылсын, жергілікті халық орналасқан жерлер олардың Заңды меншігі екені мойындалсын, діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін жүргізуде халықтың мүддесіне қайшы келетін шектеулер жойылсын, қажет көлем және деңгейде қазақ мектептерін ашуға қарсы кедергілер болмасын, қазақ халқының мұң-мұқтажын еркін талқылауға мүмкіндік туғызатын құрал-цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат берілсін [13].
Қазақ ұлтшылдығы, кейінірек кеңестік идеологтар дақпыртқа айналдырғандай, өмірде болмаған қазақ «буржуазиясының» мүддесін қорғайтын, агрессияшыл ұлтшылдық емес-тін. Қазақ ұлтшылдығының өзекті жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұндағы ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару, өзгемен тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат үшін күреске шақырған үндеуі болатын. Қазақ ұлтшылдығының концептуалдық деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар арнасында қалыптасып, оны ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне жеткізу ісінде Әлихан Бөкейханов жетекші рөл атқарды. Оның бұл қызметін тіптен қарсыластары да мойындады. Сондай опоненттерінің бірі Бақытжан Қаратаев Бөкейхановқа 1910 жылы 3 қыркүйекте жолдаған хатында: «Меніңше, жалғыз сен ғана халықтың ықыласына лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет жасадым деп айтуға хақылысың» [14] - деп жазды. Сонымен бірге, мәселеге байланысты біржақтылыққа ұрынбау үшін Б. Қаратаев білдірген пікірге мынадай мазмұндағы кішкене анықтау енгізген де артық бола қоймас.
Қазақ ұлтшылдығының жалпы қазақ оқығандарының сеніміне айналып, нақты күш дәрежесіне көтерілуіне 1909 жылы жарық көріп, үлкен бедел және ықпалға ие болған мынадай үш бірдей кітаптың маңызын бөліп атаған жөн. Олар Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» (Крылов шығармаларының аудармасы) және Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағы!» еді. Бұл аталған кітаптардың жаңа мазмұндағы қазақ коғамдық ойының қалыптасуына жасаған ықпалын асыра бағалау мүмкін емес. Олардың артын ала өмірге келіп, бірден жалпыұлттық деңгейге көтерілген «Айқап» журналы (1911-1914) мен «Қазақ» газеті (1913-1918) қазақ ұлтшылдығының көзқарас және ұстаным ретінде біржола калыптасуын қамтамасыз етті. Қорыта айтқанда, XX ғасырдың басында, яғни М. Шоқай белсенді қоғамдық қызметке араласып, Ресей мемлекеттік думасы жанындағы 6 мұсылмандар фракциясына хатшылық қызметке тұрғанда (1914) қазақ зиялылары арасында қазақ ұлтшылдығы көзқарас және ұстаным ретінде біржола қалыптасып қалған еді. Міржақып Дулатұлының 1921 жылы «Шынын айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?... «Мен әлімсақтан бері коммунист едім... мен 1905 жылдан бері партияда едім...» деушілердің ертегісі біздің құлағымызға кіріп те шықпайды. Ат сыры иесіне мәлім. Біз білмейтін қазақтың сыры жоқ! Ал ұлтшылдарымыз қанша еді? Шын ұлтшылдың өзі аз еді. Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәреже құмар, парашыл, шағымшыл, зорлықшыл еді» [15], деген сөзі тура осы мезгілге тән ақиқат болатын. М. Дулатұлының бұл пікірінің жалпы түркістандық шындыққа да сәйкес келетіндігін Мұхамеждан Тынышбайұлы да қуаттайды. Ол 1932 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында кеңестік биліктің алғашқы жылдарына байланысты «Түркістан коммунистері осы сөздің мазмұнына лайық дәрежеде коммунисте» болған жоқ еді, ол кезде коммунистердің бізден (яғни ұлтшылдардан-авт.) айырмашылығы да тым аз-тын, сондай-ақ олардың идеологиясы да біздің идеологиямыздан көп өзгеше емес-тін [16], деген негізді пікірді ашық та анық білдірген болатын. Дегенмен, кеңестік билік біржола орныққаннан кейінгі уақытта ұлтшылдық идеологиясының ықпалы да мүлдем тарыла түскендігі мәлім.
Қазақстандағы және басқа Түркістан республикаларындағы социалистік құрылыс тәжірибесі көрсетіп бергендей, кеңестік билік өзінің алғашқы күндерінен-ақ ұлтшылдық ұстанымындағы ұлт зиялыларын «халықты ұлт деңгейіне көтеру» ісінен біржола ығыстырып тастаған болатын. Ұлт зиялылары жөніндегі өзінің еңбектерін 30-шы жылдары жазған М. Шоқай отанындағы мұндай жағдайдан хабардар ма еді? - деген сауалдың тууы әбден мүмкін. М. ІІІоқай, әрине, кеңестік Түркістандағы жергілікті ұлт зиялыларына қарсы жүргізіліп жатқан репрессиялық шараларды білді және мұндай саясатқа деген шексіз наразылығын тез арада үлкен жігермен білдіріп отырды. 1931 жылы ол өзінің басшылығымен Берлинде шығып тұрған «Яш Түркістан» журналының 15 санында «Ақ-Қызыл» деген мақаласын беріп, онда «большевиктер Түркістанда орыс үстемдігінің екінші бір дәуірін» бастап кетті, ендігі уақытта «біздің ана тіліміз ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы техникалық құралдың» рөлін ғана атқаратын болады» деген тұжырым жасайды. Міне осы мақаласында М. Шоқай кеңестік биліктің мәдениет саласындағы саясатын бірнеше бағытта сынға алып, жергілікті мәдениеттің ірі тұлғалары - зиялылардың жағдайына тоқталады. Бұл ретте ең алдымен М. Шоқай сынына ұшыраған «түрі - ұлттық, мазмұны - пролетарлық» аталатын социалистік мәдениеттің іргелі принципі еді. Ол бұл қағиданы орыс емес халықтарды орыстандыру ісінде колданылатын қулық-сұмдықтардың «жаңа формуласы» ретінде бағалады. «Асылында, - деп жазды ол, - халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас нәрсе.
Оны «мазмұнға» және «формаға» бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің мазмұнымен айқындалады. Пушкин, Тургенев, Толстойлар жасаған «ұлы орыс тіліне» большевиктер өздері ғана табынып қалмастан, барлық империя халықтарын да бас июге үндеп отырғандықтарын айта келіп, ол «Пушкин дворяндар» тобына жатады. Тургенев те қыруар мүлікке ие жоғарғы жікке тән болатын. Толстой болса асқан бай «граф» еді. Орыстың осы аттары аталған ақын-жазушылары жасаған ұлы әдебиеттің іші де, сырты да ұлттық болды. Онда пролетариаттың иісі де жоқ...» [17], - деп жазды ол. М. Шоқай сыны, уақыт көрсетіп бергендей кеңестік биліктің мәдениет саласындағы саясатының дәл жүрегіне атылған оқтай болатын. Ол осы мақаласында өзінен бұрын да, сондай-ақ кейін де ешкім терең бойлап аша алмаған кеңестік ұлт саясатының ең басты қайшылығын көрсетіп береді. «Ленин бір кезде, - деп жазды ол - кейбір коммунистерді шалғамға теңеп, «сырты ғана қызыл, іші - аппақ деген болатын. Енді, міне, ұлт мәселесін шешу ісінде лениндік жүйенің өзі шалғамға ұқсап қалды. Ол сырттай қарағанда «төңкерісшіл», - «интернационалистшіл», ал іші бүкілдей аппақ. Бұрын орыс патшасы ақ патша делінгені бәріміздің есімізде болса керек. Орыс патшасының «ақтығы» оның қара саясатымен оралған болатын. Ал бүгінгі большевик орыстардың «ақтығы» қызыл бояумен боялған... Өзгешелігі осы ғана» [18]. М. Шоқай сыны толық негіздері әрі әділ сын болатын.
Кеңестік Түркістан мен Қазақстанда жаңа билік орнай салысымен-ақ ұлт-азаттық идеологиясы ұстанымындағы зиялылар саясат кеңістігінен ғана ығыстырылған жоқ, сонымен бірге олардың еркін шығармашылық қызметіне де шектеу қойылды. Қазақстанда билікке Ф.И. Голощекин келген сәттен бастап алаштық зиялылар ашықтан-ашық саяси қудалауға алына бастады. Міне осы саяси жағдайдан жақсы хабардар М. Шоқай «Яш Түркістан» арқылы кеңестік биліктің бұл саясатын әшкерелеп, өз мақалаларын үзіліссіз жариялаумен болды. Бұл ретте Еуропа төрінен Түркістан өміріне қатысты әділдікке араша түскен М.Шоқай үні - қатқыл шыққан жалғыз үн еді. Кеңестік биліктің рухани мәдениет саласында Түркістанда орыс мәдениеті құндылықтарын орнықтыру ісіне алаңсыз кірісіп кеткендігін, сондай-ақ бұл саясатқа қарсы тұра алатын жалғыз күш жергілікті ұлт зиялыларының жағдайына тоқталып, ол «Ал біздің Түркістанда ұлттық тілімізді байытуға, дамытуға қабілетті ақын-жазушыларымыздың қол-аяғын байлап-матап, ауыздарын аша алмас етіп қойды. Оларды Мәскеудің «түріұлттық, мазмұны-пролетарлық» түжырымдамасымен келіспегені үшін солай етті. Мәселен, Ахмет Байтұрсын мен Шолпан* - ұлттық әдебиетіміздің ең үздік тұлғалары. Олардың шығармаларынан біз орыс тепкісінде қысым көрген тіліміз бен мәдениетіміздің өлмес, өшпес өміршең қуатын көреміз», - деген тұжырым жасай отырып, оның артын ала «Қазір Ахмет пен Шолпандар қайда жүр? Олар неге қуғын-сүргінге ұшырады? Орыс әдебиеті мен рухани мәдениетіне қатысты дүниелердің бәрі Пушкин, Тургенев, Толстойсыз шығарылмайды. Ал біздің халқымыз өзінің Байтұрсыны мен Шолпандарын неге оқи алмай отыр? - деген сауал тастап, оған «оның себептері Мәскеу «социализмі мен кеңестік интернационализмнің» талаптарында жатыр» [19],- . деген өз жауабын берді. Бұл ретте де М. Шоқай ешнәрсені асыра айтқан жоқ, орыс отаршылдығына қарсылық көрсетіп, ұлт-азаттық идеологиясын ұстанған түркістандық зиялылардың мұрасы кеңестік билік тарих сахнасынан біржола кеткенге дейін өз халқының қолына берілген жоқ. Түркістандағы жергілікті ұлт тілдеріндегі мектеп бағларламасының орыс тілді мектеп бағдарламасынан айырмашылығы да осы арада байқалатын. Орыс тілді мектептерде жоғарыда аталған ұлы орыс классиктерінің шығармалары еркін әрі тереңдетілген түрде оқытылатын болса, қазақ, өзбек және басқа жергілікті ұлт тіліндегі мектептерде А. Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Шолпан және басқа ұлтшыл ақын-жазушылардың шығармалары мүлдем ауызға алынбады. Егер ауызға алынса, тек жағымсыз мағынада ғана айтылуға тиіс болды. «Сырттай қызыл, іштей ақ» шалғам түсті кеңестік билік қазақ және басқа Түркістан халықтарын орыстандыру саясатына осылайша жол ашуға тырысты. М. Шоқайдың орыс емес ұлттарды орыстандыру ұстанымында тұрған кеңестік билік жағдайында ұлт зиялыларын, әрине, «көзсіз ерлік» жасауға шақырмағандығы түсінікті. Өмірінің соңына қарай ол кеңестік биліктің тез арада күрес алаңынан кете қоймайтындығын жақсы түсінген де еді. Сондықтан да ол отандастарын тәуелсіздік үшін ауыр да ұзақ күреске даяр болуға үндеумен болды және бұл мақсатқа жетуді жас ұрпаққа қажет мазмұндағы тәрбие беру ісімен байланыстырды. Міне осы арада кезінде М. Шоқай еңбектерінде айтылған мынадай бір мәселеге назар аударған жөн. Ол аталған «Ұлттық зиялы» атты мақаласында [21] зиялылар қатарының ұлғайып келе жатқанын және зиялыларды даярлау ісінің үш ортада жүріп жатқандығына тоқталып, ұлттың болашағын осы түрлі ортада даярланып жатқан жастардың ұстанымының ортақ ұлттық мүдде төңірегіне тоғысуымен байланыстырды. Ол қандай орталар еді? Бірінші орта - атамекен. М. Шоқай мұнда тәрбие жұмысында басымдылық «ұлттық рухқа» емес, «таптық» және «интернационалдық» көзқарасқа беріліп отырғандығына көңіл аударады. Соған қарамастан, оның пікірінше, атамекенде жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу ісіне зор мән беретін зиялылар да аз емес. Олай болса, осы ұстанымдағы зиялылар ісіне саналы әрі мақсатты түрде қолдау көрсетіп отыру ләзім. Екінші орта - бұл Түркия. М. Шоқай Мұстафа Кемал реформаларының нәтижелі болуын «батыс білімін» «шығыс рухымен» сәтті ұштастыра алу *Шолпан - толық аты-жөні Абдулхамид Сүлейменұлы (1897-1937) өзбек халқының ұлы ақыны, Түркістан (Қоқан) автоном мемлекетінің әнұранының авторы әрекетімен байланыстырды. Сондықтан да М. Шоқай Түркияда даярлықтан өтіп жатқан болашақ түркістандық зиялыларды осы тәжірибені өз елінде үйлесімді қолдану жолдарын қарастыруға үндеді. Үшінші орта - бұл батыс елдері, солардың бірі Алмания (Германия). М. Шоқай пікірінше батыс елдерінде білім алып жатқан жастардың бәрі бірдей 9 орыстанып кеткендер емес, олардың басым бөлігі ұлттық рухпен сусындаған қабілетті жастар. Олар ұлттық мұратқа қызмет ету жолында тұр. Олай болса осы ұстанымдағы жастармен мақсатты жұмыс жүргізу, сөйтіп олардың батыстық білімін ұлт мүддесіне қызметке қою күн тәртібінде тұрған іске айналуға тиіс. М. Шоқай пікірінше, осы үш ортада білім алып жүрген жастардың «бәрі де «ұлттық зиялы» санатына әбден лайық». Ұлт оларға үміт артуға тиіс, сондай-ақ ол үміттің мән-маңызын ең алдымен ұлттың өзі терең сезініп, түсінуге тиіс, ондай болмаған күнде «өміріміз бен қызметіміздің мағынасы қалмаған болар еді» [21], - деп жазды ол. Сонымен, Мұстафа Шоқай мұрасында «зиялылық» немесе «ұлт зиялысы» тақырыбының алатын орны ерекше. Қайраткердің зиялылардың басты міндеті «халқын ұлт деңгейіне көтеру» деген тұжырымы бүгінгі уақытта да өз өзектілігін жойған жоқ. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары жасалған бұл тұжырымды біз бүгін қандай тұрғыдан түсінгеніміз жөн? Біз XX ғасырда ұлы державалық күштермен идеологиялық күресте бір емес, бірнеше мәрте жеңіліс таптық. Мұны жасырудың қажеті бола қоймас. М. Шоқайдың «халқын ұлт деңгейіне көтеру» зиялылардың міндеті деген тұжырымы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткен уақытта жаңа сипат алған идеологиялық күрес жағдайында өз күшін жойған жоқ.
Ұлт зиялысы үшін мемлекеттік тәуелсіздікті жақтаушы әрі оны нығайта түсу жолында тұрған күштерді қолдау негізгі міндет болып қала береді. Ағартушылық – зиялылықтың басты өлшемі. Өсіп-өну жолында тұрған ұлттың алтын ғасыры, яғни қарышты даму жолына түсер сәті болады. Қазақ елі ондай сәтті XX ғасырдың алғашқы ширегінде басынан кешірді. Осы ретте мынадай бір мәселеге көңіл аударған жөн. Еуропадағы ағартушылық : Англияда-17 ғасырда, Францияда-18 ғасырда, Германияда-18-19 ғасырларда жүрді. Сондай-ақ ешқандай да сырттан араласусыз, барлық қалыптасу және даму сатыларынан ешқандай да тежеусіз емін-еркін жүріп өтті. Сондай-ақ еуропалық ағартушылықтың өкілдері репрессия құрбаны болған жоқ.. Англиядағы ағартушылықтың ұраны: «Көктен күту жетер, жұмырбасты пенде өзіне ғана сенер!» деген девиз болса, Германиядағы философ Кант «адамдарға отырған жаялығынан өз еркімен шығатын уақыт жетті!», соған байланысты оның девизі «тәуелсіз ойлаудан жасқанба!» [22] болды. Қазақ ағартушылығы ағартушылыққа тән барлық көріністерімен ХХ ғасырдың басында байқалды. Егер Еуропалық ағартушылықтың басында Фрэнсис Бэкон, Гетхолть Лессинг, Иммануил Кант, Франсуа Мари Аруэ (Вольтер) сияқты философ және ақын-жазушылар тұрса, қазақ ағартушылығының қозғаушы күші Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ғұмар Қараш сияқты және басқа ірі шығармашылық иелерінен тұрды. Оның девизі «Оян, қазақ! Өркениет көшінен қалма!» болды. Өкінішке орай отаршыл билік «қазақ оянып кетсе» мемлекеттік тәуелсіздігін талап етеді» деген 10 қауіппен бұл ұранды көтерген ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге алып, түгелдей дерлік жойып тынды. Яғни қазақ ағартушылығы өзінің табиғи ұлттық негізінде бар болғаны 20 жылға жетер-жетпес мерзімге созылды. *Мұндай қысқа ғұмырды бірде-бір бүгінгі еуропалық ұлт басынан кешірген емес. Соған қарамастан қазақ зиялыларының ағартушылық қызметте бар болғаны 20-30 жылдың ішінде жүріп өткен жолы таңданыс тудырмай қоймайды.
1905 жылдан белсенді саяси және ағартушылық қызметке көшкен қазақ зиялылары 1906 жылдан басталған қуғын-сүргінді басынан кешіре отырып, 1911-1913 жылдары «Айқап» және «Қазақ» сияқты жалпыұлттық басылымдардың тұрақты шығып тұруын жолға қойып, қысқа мерзім ішінде ұлт-азаттық күрес идеологиясын қалыптастырып үлгірді. 1916 жылғы бүкіл қазақ жерін құшағына алған ұлт-азаттық көтерілісі қазақ ағартушылығы қызметінің алғашқы жемісі болса, 1917 жылы қолға алынған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекеті қазақ саяси бастаушы тобының интелектуалдық деңгейінің қаншалықты биікке көтерілгендігінің нақты дәлелді көрінісі еді. Яғни қазақ зиялылары осы бар болғаны 20 жылға жетержетпес уақытта петиция жазудан ұлттық мемлекеттілікті жаңғыру мәселесін қою және оны іске асыру әрекетіне көшу дәрежесіне дейін көтерілді. Бұл тарихта жиі кездесе бермейтін құбылыс еді. Осы ретте, біздің тақырыбымызға қатысы бар мынадай екі мәселеге көңіл аудару қажет. Олар қазақ ағартушылығы мен қазақ ұлтшылдығын теориялық тұрғыдан тура қорыту жөнінде. Бұл мәселелерді тура түсінбей қазақ топырағындағы зиялылық жөнінде негізді ой қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық қызметіндегі басты екі бағыт осылар болатын. Кезінде кеңестік идеология қазақ ағартушылығын Шоқан, Ыбырай және Абайдың қызметімен шектеуге тырысты. Ал қазақ ағартушылығының ұраны - девизі ретінде ұлы Абайдың «Орыстың ғылымы, өнері-дүниенің кілті, ...балаңа орыстың ғылымын үйрет!» [23] деген тұжырымы алынды. Абай сөзінде тарихи шындықтың табы бар. Осы тарихи мезгілде орыс мәдениеті мен тілінің қазақ үшін оны әлемдік өркениетпен жалғастырар жалғыз көпір болғаны даусыз шындық. Сонымен бірге ұлы Абай сөзін девиз ретінде алған кеңестік идеологияның ағартушы Абайдың шапанынан шыққан Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағын!» көлегейлеп, көрсетпеуге көп күш жұмсағандағын ұмыта аламыз ба?** Бұл арада мәселе мынада. Абайдың орны қазақ ағартушылығының бастапқы кезеңінде. Ал егер біз ағартушылықты уақыт арнасындағы процесс * Кеңестік идеологияның құралы міндетін атқарған ресми тарихнама ұлт тарихындағы алаштық зиялылар буынымен бірге келген ағартушылық қызметті танып білуге тиым салды. Мұндай ұстаным біріншіден, советтікбілікті халыққа жаппай сауаттылық және білім беру идеясының алғашқы және жалқы авторы ретінде көрсету ниетінен және екіншіден, алаштық ағартушылық пен кеңестік ағартушылық арасындағы мазмұндық ерекшеліктерді көлегейлеп көрсетпей қою әрекетінен туындаған еді.
Кеңестік білім жүйесі амбиваленттік сипат алды. Бір жағынан ол өзін шын мәнінде демократиялық ұстанымда екенідігін танытса, екінші жағынан, ол орыстандыру саясатының құралы міндетін атқаруға тиіс болды. ретінде қарастырар болсақ, оның, Шоқан, Ыбырай және Абай заманында алғашқы қадамын жасап, ХХ ғасыр басындағы зиялылар қызметі тұсында қоғамдық құбылыс ретінде нақты шындыққа айналып, нәтижелерін бере бастағанын байқаймыз. Қазақ ағартушылығының ұраны ретінде Абай сөзін алғанидеологияның мақсаты қазақ мәдениетін ылғи да үйренуші шәкірт және еліктеуші мәдениет дәрежесінде ұстау болатын. Бұл ұстанымдағы қазақ мәдениеті өзінің түпнұсқалық (оригинал) мазмұнын күн өткен сайын жоғалтып, ең соңында көшірме мәдениет дәрежесіне түсуге тиіс еді. Мұндай тағдырдан бізді 1991жылы келген мемлекеттік тәуелсіздік сақтап қалды. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекеттік Тәуелсіздік бірнеше ғасырлардан бері халқымыздың ең озық, ойлы азаматтары аңсаған басты құндылық екендігі айқын. Қазақ ағартушылығының мынадай бір ерекшелігіне тоқталған жөн. Қазақ ағартушылығы ұстаным және көзқарас ретінде міндетті түрде қазақ ұлтшылдығының қалыптасуына ықпал етпей қоймайтын еді. Ал қазақ ұлтшылдығы қоғамдық ойдағы ағым ретінде «Айқап» және «Қазақ» басылымдары арқылы толық көрініс тапты. Бұл ретте «Айқаптың» орны мен рөлі (1911-1915) қазақ ұлтшылдығының бастапқы қалыптасу кезеңіне тура келсе, ал «Қазақ» газетінің қызметі оның, яғни қазақ ұлтшылдығының қоғамдық ойдағы қалыптасқан ағым ретінде орнығуына тұс келді. Академик С.Зиманов, Қ.Ыдырысовпен авторлық бірлікте жазған еңбегінде: «Ұлттық қозғалыстар кезеңінде жалпыұлттық мүдделер мен ұрандар ілгері шығып уақытша болса да басқа қоғамдық мүдделер мен идеяларды кейінге ығыстырып, әлеуметтік мүдделер жүйесінде басымдылық алмақ. Бұл дамудың белгілі бір кезеңінде барлық елдерге тән құбылыс, бірақ бұл жағдай жеке әлеуметтік топтар мен таптардың мүддесі шайылып, жоқ болады дегенді білдірмейді», [24] - деген негізді тұжырымға келеді. Басқаша айтқанда, ұлтшылдық (ағым, ұстаным ретінде) - бұл жалғыз қазақ зиялыларына ғана емес, жалпы барлық отар елдеріне ортақ қоғамдық құбылыс болатын. Сондықтан болса керек, Дж. Нерру осы тарихи кезеңде ұлтшылдық «бүкіл Азия елдерінде үстемдік құрған прогресшіл күш болды», [25] - деп көрсетті.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы жағдайында білімді және саналы азаматтың ұлтшылдық ұстанымында болмау мүмкін емес-тін. Міржақып Дулатұлы айтқандай сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамында «шын ұлтшылдың өзі аз еді. Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәрежеқұмар, парашыл, шағымшыл, зорлықшыл еді» [26]. Бұл мезгілдегі қазақ ұлтшылдығының өзі ағартушылық сипат алды. Бұл тұрғыдан алғанда ол Абай мектебінен шыққан ұлтшылдық, яғни өз ұлты-қазақ елінің кемшілігін ашық сынға алып, онымен ымырасыз күреске шыққан сыншыл (өз ішінде) әрі қорғаныс ұлтшылдық (сырттан төнген қауіпке байланысты) болатын. 12 Сонымен бірге, өткен ғасырдың басындағы қазақ қоғамын, оның рухани әлемін билеген екі құдіретті күштің болғанын бөліп айтқан жөн. Оның бірі сөз, **М.Дулатұлының «Оян қазағы!» 1909 және 1911 жылдары басылып шыққан соң, араға сексен жыл салып 1911 жылы қайтадан жарық көрді. Яғни шыға салысыменақ, патшалық билік тарапынан тиым салынған бұл кітап, кеңестік билік жағдайында баспа көрген жоқ және оны оқуға тағы да рұқсат берілмеді. яғни қазақ тілінде білімдінің аузымен айтылған орынды пікір, екіншісі қоғам өмірінің сахнасына әлгінде ғана көтерілген әлеуметтік күш, елдің жоғын жоқтаған зиялылар шоғыры еді. Ал «Айқап» және «Қазақ» сияқты басылымдар осы екі құдіретті күшті халықпен жалғастырушы көпір міндетін атқарды. Қазақ қоғамы бұрын білмеген «зиялылар» аталған әлеуметтік топ жалпыұлттық басылымдар арқылы, түрлі баспа орындарынан шамамен 2 миллион тиражбен жарық көрген кітаптары арқылы сөзге, сөз арқылы қазақ тіліне жаңа күш, қуат, салмақ берді, оны халыққа жақын ете түсті. Өз ретінде сөз, зиялылар тобының ел өміріндегі орынын анықтады. Міне осы үш қуатты күш - сөз, зиялылар, мерзімді басылым - ұлт өмірін өзгертті. Ұлт өміріне жаңа мазмұн, жаңа сапа берді. Қазақ аталатын жұрт осы күштің қызметі арқылы өзін ортақ мақсат-мұрат төңірегіне біріккен біртұтас қауым ретінде сезінді, адамзат қауымдастығындағы өз орнын іздеу жолына түсті. Кезінде кеңестік идеология ХХ ғасыр басындағы алғашқы зиялылар буынын қазақ қоғамын ілгері емес, кейін сүйрейтін күш ретінде көрсетуге тырысты. Бұл тарихи шындыққа, ұлттық руханиятқа жасалған қиянат еді. ХХ ғасырдың басындағы алғашқы буын ұлт зиялылары өздеріне аса зор да жауапты тарихи міндет жүктеді, қазақ деген «халқын ұлт деңгейіне көтеру», осы мұратқа жету жолында халық бұқарасымен арада ортақ сана қалыптастыруға күш салды. «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ» басылымдары осы ұлы мақсатқа жету жолында негізгі күрес құралы міндетін атқаруға тиіс болды. «Айқаптың» Троицкіде, «Қазақстан» газетінің Оралда, «Қазақ» газетінің Орынборда жарық көруі, әрине, кездейсоқ құбылыс емес-тін. Патшалық билік аталған қала орталықтарында татар сауда және іс адамдарына біраз еркіндік беріп, солар арқылы қазақ қоғамына тереңдеп енуді көздеді. Өз кезегінде мұндай мүмкіншілікті татар сауда адамдары мен ағартушы-зиялылары текке жібермей, түрік-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына жаңа өріс және қуат беру мақсатында баспа ісін жолға қоя білді. Деректердің көрсетуіне қарағанда «Айқап» журналының жарық көруіне Троицкілік татар көпесі Яушев пен оның приказчигі Ф. Ганиевтің қазақ мұғалімі Мұхамеджан Сералинмен қазақ және орыс тілдерінде газет шығару жөнінде жүргізген келіссөздері негіз болған еді. 1910 жылдың соңына қарай өкімет орындары М. Сералинге «Айқап» журналын шығаруға келісім береді. Журналды шығаруға қажет алғашқы қаржыны жоғарыда аталған көпес Яушев бөледі. Кейінірек 13 журналды қаржыландырушылар қатарына қазақ ауқаттылары Тәңірберген Тұрысбеков, Сәдуақас Шорманов, Ғабділрахман Жүсіпов сынды азаматтар қосылды. Журналды шығаруға қажет қаржының белгілі бір бөлігі жазылушылардың есебінен де болғандығы байқалады. Дегенмен, журналды қаржылай қолдау ісінің жоғары деңгейде болмауы, түптеп келгенде оның жабылып қалуына соқтырғандығы белгілі. Бес жылдың ішінде (1911-1915) журналдың 88 саны жарық көрді. Тура осындай күнді «Қазақстан» газеті де басынан кешірді. Газеттің ашылуына негіз болған Әзірбайжандағы Баку қаласының байы Зейнелғабиден Тағиев деген азамат еді. Ол газетті шығаруға қажет 1 мың сом қаржы бөледі. Осы фактіге байланысты М. Дулатұлы: «Мыңды айдаған қазақ байларының қолынан мұндай орынға 5-10 сомнан шығуы қиын болып тұрғанда, әлдеқайдағы бір шеркестің мың сом суырып беруі қалай! Сол «Қазақстан» газеті ақырында қазақтан мыңдап жәрдем алмақ түгіл жылына 3 сом төлеп алушының кемдігінен тоқтап қалды» [27], - деп жазды. Бұл екі басылым да мемлекеттің есебінен бір тиын да алған емес. Ескеретін жағдай, кеңестік кезеңге дейін жарық көрген қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар (өкіметтік емес) мен кітаптардың ешқайсысы да мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тапқан жоқ. Ал бірақ Ресейлік билік орындары қазақ тіліндегі басылымдардың үстінен цензорлық бақылау орнатуды ұмытқан емес. Орынбордағы генерал-губернатор кеңсесі жанынан бұл істі атқаратын арнайы штат бөлініп, ол міндетті 1906-1917 жылдары аралығында Мұхамедияр Тұнғачин атқарды [28]. Ал Қазандағы баспа ісі бойынша уақытша комитет Ресей империясы көлемінде жарық көрген қазақ авторларының кітаптарын саяси тұрғыдан талдауға алып, сезік тудырғандарын айналымнан шығарып отырды. Міне осы келтірілген фактілерден-ақ кезінде Ресей билігінің қазақ қоғамындағы «ағартушылық» миссиясы жөніндегі тұжырымның қаншалықты негізді екендігін аңғару қиынға түспейді. Өз ретіне қарай айта кетелік, кеңестік билік тұсында да «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа» сияқты ұлттық мерзімді басылымдарды, «Оян, қазақ!», «Маса» сияқты ондаған кітаптарды оқуға тыйым салынды. Басқаша айтқанда, патшалық билік орындары сияқты кеңестік жүйе де қазақ елінің интеллектуалдық өмірін бақылауда ұстауға көп күш жұмсады. Революциялық өзгерістерге дейінгі қазақ басылымдары қырағы цензураның болуына қарамастан ұлт өміріне қатысты қоғамдық мәселелерді батыл көтерді. Мәселен, «Айқап» авторлары алғаш рет ашық, көпшілік алдында «Қазақ халқы жоғала ма, жоғалмай ма?» [29], - деген мәселе қойып, оған қауым болып жауап іздеді. Әрине, бұл сауалға жауап біркелкі болған жоқ, дегенмен мәселенің қойылуының өзі қазақ қоғамына ой салды, сілкініс туғызды. Қазақ ағартушылығы әрине халықты білім алуға үндегені рас, дегенмен оның түсінігіндегі білім қазақ елін мүлдем жаңа сападағы өмірге бастауға тиіс еді. Ал жаңа сападағы өмірге, мәселен, А. Байтұрсынұлының тура айтып 14 көрсеткеніндей, өміршең мәдениет қана алып бара алады. Сол сияқты дамуда ілгері кеткен елдермен теңдікке қуатты мәдениет арқылы ғана жетуге болады. Ал білімі мен ғылымы төмен елдер мәдениеті кемел елдерге кіріптарлыққа ұшырамақ, олардың шикізат көзі мен арзан жұмыс күшіне айналмақ. Басқаша айтқанда, өмір сұранысына лайық мәдениет пен білім қазақ қоғамын әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен және отарлық тәуелділіктен құтқара алатын басты құралға айналуға тиіс-тін. «Айқап» журналының, әсіресе «Қазақ» газетінің бар мүмкіншілігін ағартушылық мақсатта кең пайдалана отырып, қазақ зиялылары сонымен бірге ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының негізін жасады. Анығырақ айтқанда, ол идеологиялық принциптер отаршыл әкімшіліктің өктем саясатына қарсы демократиялық зиялы қауым өкілдерінің күнделікті әрекеті нәтижесінде өмірге келіп, біртіндеп өмір талқысынан өтіп, қоғамдық қозғалыстың бағытбағдарын айқындаушы негізге айналды. 1913—1918 жылдар аралығында «Қазақ» газеті іске асырған бұл қызмет негізінен мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, бұл мезгілде ұлттық белсенді зиялы қауымның алдында тұрған ең басты міндет отарлық езгіге қарсы ұлттық бостандық үшін күрестің бағытбағдарын және күрес әдістерін айқындау болды. Екіншіден, саяси бостандыққа жету үшін күрес ішкі феодалдық тәртіптер мен қатынастарға, күні өткен салтдәстүрге, қоғамдық мерездерге карсы бітіспес күреспен қатар жүруге тиіс еді. Жаңа сұраныс және сындарға шыдас бере алатын ұлтты қалыптастыру міндетін көздеген ағартушылық қызметінің отарлық тәуелділіктегі қазақ қоғамы жағдайында ұлтшылдық ұстанымын айналып өтуі мүмкін емес-тін. Өз ретінде ұлтшылдық көзқарастың күш алуы нәтижесінде ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту мәселесінің күн тәртібіне қойылуы да толық табиғи құбылыс болатын. Қазақ жерін тұтас күйінде сақтау, оның мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрі мен мінезін жаңа сұраныстарға бейімдеу сияқты міндеттердің ұлттық мемлекеттік құрылымсыз іске асуы, әрине, мүмкін емес-тін. Мемлекетшілдік - зиялылық белгісі. Соңғы жылдары дәстүрлі тарих ғылымының барған сайын саясаттана түсуі байқалады. Бұл үрдіс, мәселен, Мәскеудегі РОССПЭН баспасы арқылы жарық көрген көптомдық «Сталинизм тарихы» сериясынан да көрініс тапты. Осы ретте XX ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысы бар «Государство наций: Империя и национальное строительство в эпоху Ленина и Сталина» атты жинаққа және америкалық автор Терри Мартиннің «Империя «положительной деятельности». Нации и национализм в СССР. 1923-1939» [30] монографиялық еңбегіне көңіл аудармау мүмкін емес. Жинақта жариялаған мақаласында және көлемді монографиялық зерттеуінде Гарвард университетінің профессоры Т.Мартин «Кеңестер Одағын әлемдегі ең алғашқы жағымды қызмет империясы» ретінде бағалап, Ресей еуропалық көпұлтты мемлекеттердің арасынан бірінші болып «бас көтере бастаған ұлтшылдыққа қарсылық көрсетті», сондай-ақ оның одан ары өріс алуына жол бермеу үшін «орыс емес азшылықтарға ұлттық санасын дамытуға 15 қолдау жасап, олардың біразына жалпыұлттық мемлекеттілікке тән институционалдық ошақтарды құрып берді» деген тұжырым жасайды. Оның пікірінше И. Сталин 1923-1932 жылдар аралығында Кеңестер Одағының ұлт саясатын басқару ісінде «басты қауіп ұстанымын» басшылыққа алған. Т.Мартинге Кеңестер Одағын оның құрамындағы шығыс, мұсылман халықтары тарихында жарылқаушы мемлекет рөлінде көрсету ұнайды, сондайақ мұндай ұстанымның оның ғылыми объективті ізденісінен гөрі, субъективті саяси мүддесіне жақындығы байқалады [31]. Т.Мартин мұндай тұжырымға келген жалғыз зерттеуші емес. Соңғы жылдары мұндай пікір батыс және Ресей зерттеушілері арасында қолдаушыларын табуда. Қазақстан тарихына байланысты мұндай тұжырым жөнінде не айтуға болады? Қойылған мәселе тым ауқымды, ал оған мақала көлемінде егжейтегжейлі жауап беру мүмкін болмағандықтан, біз бұл тақырыпқа кеңестік империяның бастапқы жылдарына байланысты талдау жасап көрейік. Бүкіл империя көлемін қамтыған азаматтық соғыс жағдайында 1919 жылдың көктемінде Кеңес үкметінің басшылығымен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге қызыл комиссар Әліби Жангелдинмен бірге қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы аттанды. Осы мезгілден бастап Қазақ Кеңестік автономиялық билігі орнағанға дейінгі (1920) уақытта А. Байтұрсынұлы Мәскеудегі орталық билік алдында қазақ азаттық қозғалысы ұстанымын білдіруші саяси тұлға міндетін атқарды. Оның 1920 жылы Лениннің атына жолдаған хаттарын осы тұрғыдан ғана тура түсінуге болады. Өмірде орын алған оқиғалардың маңыздылығын ескеріп бұл тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне қысқаша болса да тоқталып өтейік. Бұл кезең (1919-1920 ж.ж.) Кеңестік жоғарғы билік пен қазақ ұлтазаттық қозғалысы басшыларының алғаш рет бетпе-бет келіп, мемлекеттік құрылыс мәселесінде өздерінің ұстанымын анықтау сәті болды және ол нені байқатты? Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жаңа қалыптасқан саяси жағдайда өзінің толық табиғи тарихи арнасында, яғни өзін-өзі билеу құқына қол жеткізу (национальное самоопределение -авт.), осы негізде қорланып қалған ішкі әлеуметтік-саяси мәселелерін шешу әрекетіне көшу платформасында тұрғандығын анық көрсетті. Ал марксистік теорияға сүйенген Советтік басшылық империя кұрамындағы ұлттардың өзін-өзі билеу мәселесінде революциялық империялық диктат (қазақша «революциялық зорлау»-авт.), яғни ұлттық азшылықтарға өздеріне қолайлы билік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беру орнына советтік билік жүйесін күштеп енгізу ұстанымында тұрғандығын бүкпесіз ашық аңғартты. Сәл кейінгі уақытта бұл ұстаным советтік ғылымда «капиталистік емес жол» концепциясы түрінде негізделді. Осы тарихи мезгілге тиесілі тарихи фактілерге сүйеніп аталған ұстанымдарды талдауға алып көрейік. Жаңадан билікке келген большевиктер партиясының ұлт мәселесінде өмірлік шындыққа негізделген нақты бағдарламасы болған емес. Большевиктер партиясының басшылары пролетариат диктатурасы әлеуметтік теңсіздіктің кез-келген көрінісіне карсы, сондықтан да осы ұстанымға сәйкес ол ұлт мәселесін бірден және түбегейлі 16 шешетін болады деп түсіндірді. Ия, рас, олар отарлық тәуелділіктегі елдердің өз еркіндігі үшін күресін заңды да табиғи кұбылыс ретінде мойындады. Сонымен бірге большевиктер партиясы империяның Қазақстан сияқты шет аймақтарындағы азаттық қозғалыстарға бар болғаны метрополиядағы пролетарлық революцияның қосымша күш қоры (резерві) ретінде қарады. Жаңа биліктің ұлт мәселесі бойынша бас теоретигі және комиссары И.Сталин өзінің белгілі «Ленинизм негіздері жөнінде» атты лекциясында ұлттардың құқығы туралы мәселе «оқшау және дербес мәнге ие мәселе емес, пролетарлық революция туралы мәселенің бөлігі, яғни бүтінге тәуелді және өзіне осы бүтін тұрғысынан қарауды талап етеді» [32], - деп көрсетті. И.Сталин өз ретінде В.И. Лениннің «демократияның кейбір талаптары, соның ішінде өзін-өзі билеу мәселесі шексіз нәрсе емес, бар болғаны әлемдік жалпыдемократиялық (қазіргі: жалпысоциалистік) қозғалыстың бөлігі ғана, мүмкін, кейбір нақты жағдайларда бүл бөліктің жалпыға қайшы келуі ықтимал, ондай жағдайда бөліктің талабы орындалмақ емес», - деген тұжырымына сілтеме жасайды. Басқаша айтқанда, большевизмнің теориялық негізін қалаушылар үлтазаттық қозғалыстарды әлемдік революциялық процестің бөлігі, сондай-ақ оған тәуелді резервтік күш ретінде қарастырды. Яғни олар пролетарлық революцияның әлемдік деңгейде жеңіске жетуін отар елдердің өз тәуелсіздігін алуының алғышарты ретінде түсіндірді. Ал енді Совет үкіметі басшыларының бұл ұстанымына байланысты қазақ ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілері қандай көзқараста болды? Мәскеуге 1919 жылдың көктемінде келген А.Байтұрсынұлы Кеңес ұкіметінің басшысы В.И. Ленинмен және ұлт істері бойынша комиссар И.Сталинмен келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесінде ақгвардияшылардан қол үзген алаштықтарға кешірім (амнистия) жарияланып [33], сондай-ақ осы жылдың 10 шілдесінде В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ-авт.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қояды. 1919 жылдың сәуір айынан бастап шілде айының алғашқы күндеріне дейін Мәскеуде Ұлт істері бойынша комиссариаттың Қазақ бөлімінде қызметте болып, ал осы жылдың шілдесінен бастап Қазақ Революциялық Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған А.Байтұрсынұлы үшін жауабы жоқ сұраулар аз емес-тін. Солардьщ бірі, мүмкін ең негізгісі - ол жаңа Советтік биліктің қазақ сияқты ұлттардың пісуі жеткен қоғамдық мәселелерін шешуге байланысты белгілі бір бағдарламалық ұстанымының жоқ екендігі еді. Билікке келген большевиктер партиясының ұлт мәселесінде «ұлттар өзін-өзі билеуге құқылы!» сияқты ұраннан басқа белгілі бір бағдарламалық ұстанымының жоқ болғандығын Т.Мартин сияқты батыстық зерттеушілердің өздері де мойындайды [34]. Кеңес үкіметінің ұлт мәселесінде бағдарламалық ұстанымының жоқ екендігін сырттай емес, Мәскеудегі ұлт істері бойынша комиссариат аппаратының және Қазақ революциялық комитеті қызметіне тікелей араласа жүріп байкаған А.Байтұрсынұлы 1920 жылы 17 мамырда В.И. Ленинге жолдаған хатында: «1) Қазак өлкесін басқаруға қойылған орталықтың өкілінің белгілі бір ұстанымы болған емес, соның салдарынан нақты жұмыс жоспары да жоқ; мұндай жағдайды орталықтың өзінің «Ресей халықтарының құқық декларациясы мен РК(б)П бағдарламасындағы принциптік нұсқауларынан басқа Қазақ өлкесінің әлеуметтік өмірінің ерекшеліктерін есепке алған қазақ мәселесіне қатысты нақты көзқарасының жоқтығымен түсіндіруге болады және 2) орталық өкілдері мен жергілікті халықтың арасында өзара сенім де болған жоқ» [35], - деп көрсетті. А.Байтұрсынұлы хатында Орталық билік қызметіндегі оның кемшіліктерді көрсетіп сынаумен шектелмей, күрделі жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін жолды да айтқан еді. Оның түсінігінде бұл жол ескі патшалық билік тұсында қазақ ұлтының мүддесі үшін күресте біршама тәжірибе жинап, халықтың сеніміне кірген ұлттық зиялылар тобын жаңа билікке қызметке тарту еді. «... Қазақтарда елдің сеніміне ие болған зиялылар тобы бар, - деп көрсетті ол, - олардың қателесуі немесе адасуы мүмкін, ал бірақ олар өз халқын саналы түрде ешқандай да жеке бас мүддесі және пайдасы үшін сатпайды» [36]. Бұл, басқаша айтқанда, социалистік революцияның жетекшісі және Кеңестік биліктің негізін қалаушы В.И. Лениннен ұлттардың өзін-өзі билеуі туралы мәселені декларация түрінде қалдырмай, нақты шындыққа айналдыруга мумкіндік туғызуды талап етудің өзі еді. Яғни сөз бен істің арасындағы алшақтыққа жол бермеу, олардың тұтастығы туралы мәселенің қойылуы болатын. А.Байтұрсынұлының В.И. Ленинге жолданған келесі екі хаты маусым айына тиесілі. Бұл екі хат та В.И. Лениннің 1920 жылы III Коммунистік Интернационалдың II съезінде жасамақ болған «Первоначальный набросок тезисов по национальному и колониальному вопросам» атты баяндамасына орай жазылған. В.И. Ленин аталған тезистерін даярлап, осы жылдың 5 маусымында бірнеше партиялық және советтік қызметкерлерге таратып, олардан «өте қысқа көлемде (2-3 беттен артық емес) өз пікірлерін, түзетулерін немесе қосымшаларын, немесе нақты түсініктерін берулерін» өтінеді. Лениннің әсіресе, мынадай пункттер бойынша деп бөліп корсеткендерінің арасында «Башкирская и Татарская Республики. Киргизстан. Туркестан, его опыт» деген пунктте бар еді [37]. Екі жауап хаттың біріне А.Байтұрсынұлы озі жеке, ал екіншісіне түркістандық қайраткерлермен бірге қол қойған [38]. А.Байтұрсынұлы өзі жеке қол қойған 4 пункттен тұратын хатында Ресей империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен орталық большевиктік биліктің ара қатынасына қатысты В.И. Лениннің тезистеріндегі тұжырымдармен үйлесе бермейтін өте маңызды пікірлер айтылып, тұжырымдар жасалған [39] Сондықтан да ол хатқа бөлек тоқталған жөн. Бұл құжатта большевиктік басшылықтың ұстанымымен үйлеспейтін А.Байтұрсынұлы білдірген бірінші пікірі мынау: «Осы уақытқа дейін Еуропадағы капитализмнің күш алуына қызмет жасап келген Шығысқа ендігі уақытта Еуропадағы революцияны жасауға және оны күшейте түсу үшін 18 пайдалануға болатын отар ретінде қарауға болмайды, ал оны еуропалық капитализм және империализм езгісінен азат ету коммунистік ұйымдардың дербес міндеті мен мақсаты болуға тиіс». Яғни, А.Байтұрсынұлының пікірінше, Коммунистік Интернационал, Кеңес үкіметі ұлт-азаттық қозғалыстарға бар болғаны әлемдік пролетарлық революцияның қосымша күш қоры (резерві) ретінде қараудан бас тартып, оларды дербес мәнге ие қозғалыс ретінде мойындауға міндетті. Бұл, әрине мәселені мүлдем басқа негізде қарауға шақырған батыл ұсыныс болатын. Бұл хатта А.Байтұрсынұлы жасаған келесі тұжырым ол билікке келген коммунистік партияның шығыс елдеріне тән әлеуметтік жағдайдың ерекшелігін, күрделілігін және әртүрлілігін тура есепке ала отырып, соған лайықтап өз саясатын жүргізе алуы жөнінде. «РКП және Коминтерннің міндеті, - деп көрсетті А. Байтұрсынов өз хатында, - бұл қозғалыстың (ұлтазаттық деп оқыңыз - авт.) доңғалағына кедергілер қою емес, керісінше оны бақылай және басқара отырып, мүмкін болғанша оған қолдау жасау, сөйтіп оның таза ұлттық немесе буржуазиялық сипат алып кетуіне жол бермеу». Басқаша айтқанда, коммунистік партиялар ұлт-азаттық қозғалыстардың таза ұлтшылдық немесе капиталистік сипат алып кетпеуіне ықпал жасағаны жөн. Ресейдегі революциялық өзгерістерден соң қалыптасқан жаңа жағдайда орталык билік пен орыс емес ұлттардың жаңадан құрылған өзін-өзі басқару, ұйымдарының өзара қатынасының шиеленісіп кетуі байқалды. Тіптен, анығырақ айтқанда, совет үкіметі жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңесінен басқа ұлттық негізде құрылған ұйымдарды мойындаудан үзілдікесілді бас тартып, оларды күш қолдану арқылы таратып жіберуге көшті.
1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісінің қазақ жеріндегі алғашқы нәтижесі, сондай-ақ қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі – бұл бүкіл қазақ облыстары мен уездерінде қазақтардың өздерін-өзі басқару органдары ретінде Қазақ Комитеттерінің өмірге келуі болды. Қазақ Комитеттері, біріншіден, халықтың және оның бастаушы саяси тобының мемлекеттік еркіндікке ұмтылысы жолындағы шығармашылық еңбегінің жемісі болатын. Ақпан революциясынан соң қалыптасқан саяси жағдайда ол тек осындай қоғамдық ұйымдасу арқылы ғана өз мүддесін қорғай алатын еді. Екіншіден, қазақ саяси тобы Қазақ Комитеттеріне болашақ ұлттық мемлекеттік жүйенің алғашқы үлгісі, осы мұратқа жету, жолындағы мақсатты әрекетінің, бастапқы кезеңі есебінде қарады, сондықтан да олардың қалыптасуы мен қызметінің мазмұнына аса үлкен көңіл аударды. Қазақ қоғамындағы табиғи өзгерістер толқынында және ұлтзиялыларының мақсатты қызметінің нәтижесінде осы жылы өмірге келген құрылымдар Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі еді. Алаш партиясы сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ ұлтының ортақ мақсат-мұраттарын білдіретін қоғамдық саяси ұйым ретінде өмірге келсе, Алашорда үкіметі қазақ жерінің тұтастығы мен қазақ ұлтының еркін дамуын қамтамасыз ете алатын 19 мемлекеттік құрылым, яғни қазақ мемлекеттігін жаңғырту ісін белгілі бір арнаға салу міндетін атқаруға тиіс еді. Бүкіл империя көлеміндегі күрделі қоғамдық өмірді бір ғана тапаралық күрес тұрғысынан түсіндіріп, оны бір қалыпқа салу әрекетіне көшкен большевиктік билік Қазақ Комитеттерін советтерге, Алаш партиясын большевиктер партиясына, ал Алашорда үкіметін Кеңес үкіметіне балама құрылымдар ретінде қарастырып, ешқандай да өзара түсінісуге, ымыраға бармастан оларды «буржуазиялық құрылымдар» ретінде жою жолына түсті. Бұл, әрине, билік партиясы тарапынан көрсетілген революциялық тәкәппарлықтың нақты көрінісі болатын және ол ұлттық демократиялық күштер тарапынан нағыз зорлықтың көрінісі ретінде бағаланды. Міне осы жағдайға байланысты А.Байтұрсынұлы «билік құрушы ұлттың пролетарлық және соған жақын күштерінің» «ұлыдержавалық, бонапартистік» «менмендікпен және тәкаппарлықпен қанаудағы ұлттардың революциялық ұйымдарын» жоюына байланысты өзінің және серіктерінің шексіз наразылығын білдіріп, бұдан былай да шығыс республикаларының ішкі өміріне жөнсіз араласа беру жақсылыққа апармайтындығын ескертуі әбден орынды еді. Хат авторының астарлы ойын түсіну оны мұқият оқыған кісіге, әрине, қиынға түспейтін. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының атынан айтылған осы және басқа пікірлерді Ресей революциясының көсемі түсінушілікпен қабыл алды ма? Жоқ. Бұл ретте В.И. Лениннің тезистеріне жауап ретінде жазылған екінші хат авторларының бірі Заки Валиди Тоғанның естелігінде айтылған мына жолдарға назар аударған артық емес: «Лениннің шығармалар жинағында жарияланған бұл тезистер 12 баптан тұратын. Біз оларды түркістандық жолдастарымызбен бірге оқыдық ... Араға екі күн салып мен оған өз ойларымды еркін тезистер түрінде жазып жеткіздім», - деп көрсетіп, мынадай тұжырымға келеді: «Ол біздің көзқарасымызды қабылдауға ниетті емес-тін. Бұрынғы отар елдерде олар енді тек орыс пролетариатына ғана сенетін болады, ал бізге сенім деңгейі олардың басшыларын тыңдап, айтқандарын бұлжытпай орындап отыруымызға байланысты, сондай-ақ социализм Ресейде және әлемде біржола орныққанда ғана бізге сенуге болады. Соған дейін Шығысты метрополия пролетариаты басқаратын болады ... Мен бұл пікірді өз құлағыммен естідім» [40]. Кеңестік орталық биліктің біз қарап отырған мезгілде Қазақстанда жүргізген саясатында А. Байтұрсынов қабылдай алмаған, соған байланысты қарсылық та көрсеткен келесі мәселе, әрине, ол кадр мәселесі еді. Жаңа орнаған Кеңес үкіметі бастапқы 1-2 айда сол уақытқа дейін империялық кеңістікте өзін толық танытып үлгірген қазақ ұлт-азаттық қозғалысы басшыларымен өзара бәтуаға келуге ынта танытқандай болғанымен көп ұзамай-ақ бұл саясатынан жеңіл түрде бас тартып, белгілі дәрежеде, ұлттык қозғалыстан шалғай тұрған, тіптен оған қарсы әрекеттерімен көзге түскен кісілермен ымыраға келіп, оларды жоғары билік орындарына қызыметке тартуы еді. 20 Бұл ретте ең алдымен ауызға ілінер тұлға, әрине Әліби Жангелдин. Әліби Жангелдиннің кеңестік саясат сахнасына көтеріліп, танылуы 1917 жылға тиесілі. Бұл уақытқа дейін ол қазақ қоғамында белгілі бір қызметімен танылмаған, беймәлім адам еді. Қазақ қоғамы арасында көзге түсуге тырысқан жеке тұлғалар жөнінде мәліметтер беру ісінде мейлінше әділ болған. «Қазақ» газеті Ә.Жангелдин туралы да жазған. Солардың бірінде (1917, қараша) [41]. Бөкейханов наурыз айында Петроград жұмысшы және солдат депутаттары советінің жіберуімен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа тек социал-демократтардың өкілдерін ғана сайлауға үгіттеуге Торғай уезіне «миссионер» Ә.Жангелдиннің келгенін, бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе шықпағандығын айтып, сайлау нәтижесінде Торғай уезі бойынша «1- нші нөмір Алаш партиясы 54 мың 978 дауыс, ал 3-нші нөмір социалдемократтардың 41 дауыс» ғана алғандағын жазды. Ал оның халық үшін атқарған ешқандай да ісінің жоқ екендігін баяндап, соған байланысты «жіберген адамы мынадай болды, онда үкіметі қандай болғаны» деген ойды білдірді. «Қазақ» газеті және оның төңірегіне жиналған ұлт зиялыларымен ара қатынасы жағымсыз болған Ә.Жангелдин бұл көңіл-күйін бүкіл ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты байқатып отырды. 1918-1919 жылдары Кеңес үкметінің ұлт істері бойынша комиссары И. Сталинмен тығыз байланыста қызмет атқарған ол қазақ қоғамына алаш қайраткерлерінің ықпалын әлсірету мақсатында билікке алаштықтарға қарсы тұлғаларды тарту ұстанымында болды. Мәселен, ол кеңес өкіметінің Торғай облысы бойынша халық комиссары қызметіне кіріскендігі жөнінде И. Сталинге жолдаған телеграммасында «көмекшілік қызметке өзіме таныс және жергілікті тұрғындар» арасында еңбекші бұкараның мүддесін қорғаушы ретінде кең танымал Тунғачинді белгіледім, оны телеграф арқылы бекітуіңізді өтінемін», - деп жазды [42]. 1918 жылы 11 мамырда Ұлт істері бойынша Халық Комиссариаты жанынан қазақ бөлімін құру туралы шешім қабылданады. Мәскеудегі Кеңес үкіметі жанындағы қазақ өкілдігі міндетін атқарған бұл бөлімің меңгерушісі қызметіне Ә.Жангелдин тағы да өзінің пікірлес серігі Мұхамедияр Тұнғачинді ұсынып, Кремльде оның бұл ұсынысы қабыл алынды [43] Ал осы Ә.Жангелдин қамқорлығына алған М.Тұнғачин кім еді? 1888 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз қаласында өмірге келіп, 1905 жылы Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясын аяқтаған Мұхамедияр Хангерейұлы Тұнғачин 1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейін ұзақ мерзім Орынбордағы татар және қазақ басылымдарының цензоры қызметін атқарып, ұлт-азаттық ұстанымындағы қазақ зиялыларына қарсы патшалық билікке қызмет жасаған адам ретінде танылған еді [44]. 1917 жылы 1-2 сәуір күндері Орынбор қаласында, болып өткен Торғай облыстық қазақ съезі оған қатынасуға келген М.Тұнғачинді М.Дулатұлының ұсынысы бойынша мәжілістен кетіреді. Кеңестік билік тұсында белсенділік танытқан М.Тұнғачин Ә.Жангелдиннің колдауымен түрлі басшылық қызметтерді атқарады [45]. Кеңестік биліктің Қазақстандағы кадр саясатындағы дүдәмалдық жағдайлар кейінгі кезеңдерде де байқалды. Бұл фактілердің А.Байтұрсынұлы сияқты сезімтал тұлғаның саяси ұстанымы мен көзқарасына жағымсыз әсер еткені, әрине, түсінікті. Міне осы қысқа түрде баяндалған тарихи фактілерден сұранып тұрған тұжырымдарға көңіл аударайық. Біріншіден, В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы таптық партиялық мүддені тым біржақты ұстанғаны соншалық, ол қорланып қалған ұлттық мәселелерді кейінге ығыстырып, оны социализм жеңісі жағдайында өзінен-өзі шешімін табатын мәселе ретінде қарастырды. Ресей сияқты көпұлтты империя жағдайында саяси басшылықтың мұндай біржақты шешімге келуінің аз ұлттар үшін қаншалықты зардапты салдары болуы мүмкін екендігін большевиктік лидерлер сол тарихи кезеңде тура түсіне алмады. Бұл жіберілген қателік И.Сталиннің жеке басшылығы тұсында бірнеше мәрте үлкейіп, орыс емес ұлттар үшін нағыз трагедияға айналды. Екіншіден, большевиктер партиясы бұрынғы патшалық билікті ұлт мәселесіндегі ұлыдержавалық саясаты үшін қаншама сынға алып, ол ұстанымнан кететіндігін мәлімдегенімен өздері де сол саясаттың шеңберінен шыға алмады. Кремльдегі басшылық советтік биліктің алғашқы күндерінен бастап ақ қазақ қоғамынан ойлы, ұлт мәселесінде прогрестік көзқарастағы және берік ұстанымдағы тұлғаларды емес, керісінше Орталықтың курсын көз жұмып, бас шұлғып іске асыруға әзір қызметкерлерді іздеп, соларға қолдау көрсетті.
Басқаша айтқанда, Кремльдің жобасы бойынша Қазақстанда орнауға тиіс саяси жүйе, одақтық мүдделер мен жергілікті мүдделерді үйлестіруші міндетін емес, әрқашанда бірінші кезекте одақтық, ұлыдержавиялық курстың орындалуын қамтамасыз ететін жүйеге айналуға тиіс болды. Бұл жағдай ұлттың интеллектуалдық өсуіне жағымсыз әсер етпей қоймайтын еді. Тұжырымдар Біз мақаламызда А. Байтұрсынұлының басында В.И. Ленин тұрған большевиктер билігінің бүкіл империя ауқымында орнатуға беталған жаңа тәртібіне көрсеткен қарсылыы жөнінде баяндадық. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл нағыз азаматтық әрекеттің және ұстанымның үлгісі еді. Олай болса бұл азамттық қарсылық бүгін біз үшін өзінің қандай мәнімен құнды? Сол тарихи мезгіл ағымында В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы коммунистік идея үшін жүргізген жанкешті күресімен өздерін ең аз дегенде заманының алдыңғы озық ойлы саяси күші ретінде көрсете білді. Ресей империясының сандық және моральдық тұрғыдан басым, сондай-ақ ғасырлар бойы әлеуметтік теңсіздік жағдайда өмір сүріп келген миллиондаған орыс және орыс емес ұлттардың шаруа және жұмысшы халқына араша түсуі соның айғағы болатын. Сырттай қарағанда өз басына соншалықты әділ де биік 22 тарихи жауапкершілікті жүктеген саяси күшке қарсы шығудың өзі де жеңіл емес-тін. Өйткені бұл мезгілде Еуропаның, тіптен әлемнің демократиялық күштері большевиктер күресіне еңбектің капиталға қарсы әділетті күресі есебінде үлкен үмітпен қарады. Шын мәнінде большевиктер революциясы Джон Рид айтқандай «әлемді дүр сілкіндірген» оқиға еді. Міне осы контексте алғанда Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялаларының большевиктер билігіне көрсеткен қарсылығын қандай мағынада түсінгеніміз жөн? Бұл ретте бізге мынадай тарихи жағдайға көңіл аудару тарихи ойдың міндеті көрінеді. Ең әуелде қазақ белгілі бір географиялық кеңестікте өз орнын анықтаған, тарихи жолы қалыптасқан күн - көріс шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі бар, басқаша айтқанда өзін - өзі сыйлауға негіз боларлық құндылықтар жүйесіне ие ел болатын. Өзін өркениеттік дамудың жоғарғы сатысында тұрған күш ретінде сезінген (тарихи шындық солай болатын) патшалық Ресей гуманизм принциптерін тәрік етіп қазақ жерін еркін иемдену, ал оның өзін қанау жолына түсті.
Ғасырлар бойы еркіндікте өмір сүріп келген халық ұлттық кемсіту мен қорлауды басынан кешірді, ел ретінде жоқ болып кету қауіпін ашық та анық сезіне бастады. Ресей билігінің Қазақ қоғамына байланысты 1867 жылы және 1891 жылы және басқа жылдары қабылдаған заңдық құжаттары қазақ халқын ең негізгі құндылықтарынан айырды. Қазақ халқы мешеу феодалдық қатынастар және отарлық езгі жағдайында өмір сүруге мәжбүр болды. Осындай жағдайда ұлт зиялылары бастаған азаттық үшін қозғалыс өмірге келді. 1917 жылға дейін-ақ қазақ топырағында ұлт тарихындағы тұңғыш интеллектуалдық қозғалыстың теориялық негізі, мақсаты, бағыт-бағдары сондай-ақ бастаушы тұлғалары айқындалып қалған еді. Қазақ жерінде қалыптасқан бұл азаматтық қозғалыс Ресейдің ішкі өңірлеріндегі революциялық қозғалыстан мазмұндық тұрғыдан айырмашылығы бар-тын. Егер солшыл партиялар бастаған ресейлік революциялық қозғалыс таптық мүдделерді негізге алса, қазақ азаттық қозғалысы жалпы ұлттық мүдделерді ту етіп көтереді. Басқаша айтқанда қазақ азаттық қозғалысы қазақ жерінің тұтастығын сақтау, қазақ қоғамында экономикалық және мәдени шараларды іске асыру сияқты міндеттерге басымдылық берді.
Революциялық әдіс-құралдар мен шараларды қозғалыс басшылары қабыл алған жоқ. В.И. Ленин бастаған большевиктер билігі қазақ азаттық қозғалысының өмірлік қажеттіліктен туған мұндай табиғи ерекшеліктерін мойындаудан бас тартты. Олар біріншіден, қазақ қоғамында күштеп тап күресі идеясын таңды, қазақ қоғамын таптық негізде жіктерге бөлді, сол арқылы империялық үстемдікке қарсы көтерілген жалпыұлттық күресті әлсіретті, екіншіден, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде қазақ қоғамында революциялық әдіс-құралдары мойындатты. Осының бәрі революциялық тәкаппарлықтың жаңаимпериялық зорлықтың көрінісі болатын. Империя көлемінде қалыптасқан осындай жағдайда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы және Т.Рысқұлұлы бастаған ұлттық басқарушы топтың ұлттық азшылықтардың қоғамдық өміріне қатысты ұсыныстары бұл 23 халықтардың этникалық ерекшеліктері мен құндылықтарын шайылып кетуден сақтау, қазақ халқының дара тұлғалық сипатына араша түсу әрекеті болатын. Өйткені қазақ саяси тобы бір ақиқатты жақсы түсініп, берік ұстанды. Кез келген ұлттың нәтижелі өсіп-өнуі бірінші кезекте сол тарихи мезгілдегі оның ішкі сұраныстарын қанағаттандырудан, сондай-ақ осы жолдағы кедергілерді жойып, ұлттың ішкі потенциалының (мүмкіндіктерінің) ашылуына жағдай туғызудан басталмақ. Ал ұлттың заман талабына сай ішкі сұраныстары мен мұқтаждықтарын анықтау бұл оның интеллектуалдық күштерінің қызметіне тәуелді, ең алдымен солар арқылы жүретін процесс.
Мұндай жағдайды мойындамаған және оны есепке алмған шешімдердің дұрыс нәтиже беруі өте даулы. Жарайды, бұл жағдайлардың бәрі де империя құрамындағы үлкендікішілі халықтардың өмірінде көрініс тапты делік. Дегенмен, большевиктер билігі жасаған қиянаттың мынадай екі көрінісі қазақ халқы ешуақытта ұмыта алмайды. Олар біріншіден, жиырмасыншы ғасыр басында патшалық саяси жүйе және ішкі феодалдық мешеулікпен күрес барысында қуатты серпін алған қазақ ағартушылығы қоғамдық процесс ретінде өзінің табиғи арнасында еркін өріс ала алмай, бастапқы кезеңінде-ақ шектеуге ұшырады. Қазақ ағартушылығының төл құжаты орнында жүрген «Оян қазақ!», «Қырық мысал», «Маса» сияқты кітаптарға цензуралық тиым салынды, «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа» сияқты басылымдардың еркін жарық көруі қауіпті деп танылды, ұлттық ағартушылық ұстанымындағы зиялылар саяси қуғынсүргінге ұшырады. Сөйтіп қазақ ағартушылығының ең соңғы және ең маңызды кезеңі бар болғаны 10-15 жылға ғана созылды. Бұл жағдай ұлттық сананың өсуіне, ұлттың даму процессіне теріс жағымсыз әсері болды. Империялық билік қазақ мәдениетін өз тамыры бар тәуелсіз де еркін қуатты мәдениеттен әлсіз де көшірме мәдениетке айналдыруға көп күш жұмсады.
Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылығы басқа елдердегідей барлық даму сатысынан еркін жүріп өтіп, ұлттық мінез бен болмыстың жаңа сапаға өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылды. Билік тарапынан тура осындай шектеу және құғын-сүргінге қазақ ұлтшылдығы да ұшырады. Большевиктік идеология қорғаныстық мазмұнындағы қазақ ұлтшылдығын, агрессивті прогреске қарсы ұстанымдағы көзқарас есебінде көрсетті. Халықтар достығы және интернационализмді негізгі ұраны ретінде көтерген билік, шын мәнінде өмірде пәрменді орыстандыру саясатын жүргізді. Бар болғаны 20-30 жылдың ішінде ғана бірнеше мәрте сұрапыл аштықты (1921-22, 1931-33) екі бірдей зиялылар және саясаткерлер буынын жұтқан саяси репрессияны, азамат соғысы мен фашизмге қарсы соғыстарды, қуатты орыстандыру процесін басынан өткізген қазақ қоғамы терең рухани күйзелістерден соң өрдер мінезді, азатшыл халықтан жасық та жалтақ, жетекшіл халыққа айналды. Ең негізгісі ХХ ғасыр басында барлық Азия елдерінде көрініс тапқан ұлтшылдық идеясы қазақ қоғамында өзінің табиғи сөресі – ұлттық мемлекеттік құрумен аяқталған жоқ. Қазақ азаттық қозғалысын теориялық тұрғыдан негіздеп, саяси күрес сахнасына алып щыққан мемлекетшіл тұлғалар түгелдей «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе жапон, неміс агенттері ретінде саяси 24 репрессия құрбаны болды.
Басқаша айтқанда, өмірлік негізі бар толық табиғи құбылыс қазақ ұлтшылдығы саяси қозғалыс ретінде өзінің көздеген мұраты ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту ісіне қол жеткізе алмады. Мұндай финалды қоғамнан жеткілікті белсенді қолдау таба алмаған қазақ азаттық қозғалысының әлсіздігі ретінде қарастыру мәселенің басқа екінші қырына яғни социалистік идеяға берілгендей сыңай танытқан большевиктік басшылықтың түптеп келгенде империялық биліктен бас тарта алмағандығына жете назар аудармағандық болар еді. Ғасыр соңында кеңестік империяның ыдырауы мұндай тұжырымға негіздің жеткілікті екендігінің айғағы. Ұлтаралық теңдікті сөз жүзінде емес шынайы өмірде жалпыадамзаттық гуманизм тұрғысынан шеше алмаған билік ертелі-кеш өзін ыдыраудан сақтап қалуы мүмкін емес.
Мажитханова Диана , жетекші Ноянов Еділ Ноянұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі