Өлең, жыр, ақындар

"Топпен деңгейлеп оқыту" тақырыбындағы әдістемелік мақала

ТОППЕН   ДЕҢГЕЙЛЕП   ОҚЫТУ   -САЯХАТ  САБАҒЫ

География пәнінен 6-сыныпта "Биосфера туралы ұғым" тақырыбын топпен деңгейлеп оқыту саяхат сабағы түрінде өткіздім. Сабақта тақырыптың мазмұнын терең ашып беру мақсаты көздел-

Ді.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Негізгі бөлім.

 

  1. Өткен тақырыпты қайталау.
  2. Деңгейлеп тапсырмамен жүмыс істеу.
  3. Осы тапсырманы тексеру.
  4. Тапсырма негізінде мүғалімнің жаңа тақырыпты пысық-
    тауы.
  5. Видеопроектордағы жер сызбасына сүйеніп, оқушыларға
    түсіндіру.

 

  1. Бекіту. Пысықтау "Биосфера" сөзжүмбағын шешу.
  2. Бағалау.
  3. Үйге тапсырма.

Бес оқушыны тақтаға шығару.

1-оқушы. Мен жер қабығымын, менің маңымда бірнеше қабық-тар өмір сүреді, мен шар тәріздімін.

2-оқушы. Мен жердің литосфера деп аталатын қатты қабығымын. Менің ортамда тау, жазық, қырат, үстірт, т.б.мекендейді.

3-оқушы. Мен жердің су қоршаған гидросфера қабығы боламын. Менің мекенімде өзен, көл, мүхит, теңіз, батпақ, бүлақ, т.б. тіршілік етеді.

4-оқушы. Мен белгісізбін.

5-оқушы. Мен жердің ауа қоршаған атмосфера қабығы боламын. Менсіз тіршілік ортасы, яғни адамдар да, өсімдіктер де, жануарлар да тыныс ала алмайды. Жылу мен жарық, таза ауа беремін.

Мұғалім сөзі: - Ал, балалар, бүгін әр өткен тақырыпты қайталау кезінде, бізге бір қабықтың сыры белгісіз екендігін байқадық. Сонымен, біз бүгінгі деңгейлеп оқыту - саяхат сабағында үлкен тау басына шығып тақырыбымызға жетуіміз керек. Біз ол үшін сыныпты мынадай үш топқа бөлеміз.

- Ойшылдар" тобы.
а) Биосфера деген не?

ә) Оқулықтың 46-шы бетіне сүйене отырып, 34-ші суретті пайдаланып, жер қабығының моделін сызу.

- "Алғырлар" тобы.

а) Табиғат неше топқа жіктеледі? ә) Тірі табиғатқа не жатады?

- "Білімділер" тобы.

а) Мына суретке қарап не айтасың?

ә) Ағаштың гүлдеуі нені білдіреді?

Яғни үш топтың бір-біріне сүрақ-жауабының нәтижесін бағалау комитеті сараптайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мультимедиа проекторға сүйене отырып, жердің сызбасы көрсетіледі. Яғни онда әр қабық жасыл, қоңыр, т.б. түстерімен көрсетілсе, тағы жануарлар, өсімдіктердің суреттері көрсетіледі. Сонда бізге бір қабықтың түсі ақ түспен көрсетілсе, сол - белгісіз. Ал, балалар, біз бүгін осы қабыққа саяхат жасаймыз.

Біздің тақырыбымыз - биосфера. Негізінен, бізге жануарлардың түрлері белгілі. Олардан басқа жер бетінде тек микроскоппен қарағанда ғана көрінетін әртүрлі ұсақ организмдер тіршілік етеді. Бүл тақырып сендерге дүниетану сабағынан белгілі.

Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдердің түрлері. Видеопроектордан өсімдіктер, жануарлар, ұсақ организмдер, т.б. көрсетіледі. Жердің тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос -тіршілік, сфера - шар).

Тірі организмдердің басты ерекшелігі - көбейгіштігі. Бір ғана бактерияның үрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда

 108 сағатта дүниежүзілік мұхитты толтырар еді. Ал бір клеткалы балдыр-диатомея көлемі жерге пара-пар шарды толтырып шығуы үшін 8 тәулік жетеді. Организм неғұрлым майда болса ол тез көбейеді.

Тірі организмдердің екінші қасиеті - тіршілік етуге икемділігі. Микроорганизмдер жердің мәңгі тоң қабатында –t +100С-тан асатын гейзерде де тіршілік ете алады. Олардың кейбір түрі тұзды суда 3 млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездеседі.

Әртүрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі организмдер ауада, суда және жер қыртысында таралған. Организмдер жердің қатты қабығында тереңдікке ғана өтеді. Олардың сол қабатқа таралуына тау жыныстары мен жер асты суы, жоғары температура кедергі жасайды. Температура жер қыртысында, тереңдікте артып, 1,5-15 шқ аралығында 100С-қа асып кетеді. Сондықтан, бактериялар 4 шқ тереңдіктен табылған. Мүндай бұрғы үңғымасында олар 2-2,5 шқ тереңдікте көптеп кездеседі. Мүхиттағы тіршілік үлкен тереңдікке дейін таралады. Олар ең терең шүңғымалардан да табылған. Тіршіліктің таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады. Озон қабатының тіршілікте маңызы зор. Бүл қабат күннен таралатын "әсіре күлгін" деп аталатын сәулелерді ұстап қалады. Ал ол тірі организмдерге, оның ішінде адам өміріне өте қауіпті. Ол көп мөлшерде түссе, адам денесі күй-іп, рак ауруына шалдығады және бактериялар қырылып қалады.

Тіршілік гидросфераның 200 м тереңдікке дейінгі қабатында шоғырланған. Сонда тіршілік литосфераны түгел қамтиды. Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер қүрлықтың немесе судың белгілі бір алқабына шоғырланады. Олар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланысты тіршілік етеді. Осы байланыстың негізі -жасыл өсімдік.

Өсімдік өлі табиғаттың затынан, минералды тұздан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілікке керек зат түзіп, ол оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктерді, шөпті жануарлар жейді.' Өсімдіктер және жануарлардың қалдығы майда организмдерге ыдырап, өңдеп оны қайтадан өсімдікке сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады. Жыл сайын өсіп жетілетін өсімдік көлемінің оннан бір бөлігін ғана ірі шөп қоректі жануарлар жейді. Қалған 1/ 10-ін қүрттар, бунақденелілер, бактериялар және саңырауқұлақтар жеп, ыдыратып шірітеді. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тіршілік бірлестігін қүрайды. Жер бетінің табиғат жағдайларында мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және үсақ организмдер бірлестігін биоценоз деп атайды. (Грек тілінде био - тіршілік, ценоз - ортақ.)

Мысалы, батпақ, көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор, т.б.

 

Сабақты бекіту

.

Біз бүгін жаңа тарауда биосфера қабығымен таныс болдық. Сонымен белгісіз қабықпен де таныстық. Ол - биосфера. Ал ол тірі организмдер мекендеген, олардың әсерінен өзгерген жер қабығы екендігіне көз жеткіздік. (Грекше биос - тіршілік, сфера - шар.) Олардың ерекшелігі көбейгіштігі, ал қасиеті тіршілік жағдайына икемділігі, мүхитта тіршілік үлкен тереңдікке дейін таралған, оның таралуына әсер етуші озон қабаты екендігін байқадық. 20-22 шқ биікте бактериялар, 6 шқ биікте өрмекшілер мен көбелектер тіршілік етеді. Тіршілік гидросфера, атмосфера, литосфераны түгел қамтитындығы анықталды.

Үйге тапсырма беру. §49. Жер моделіне биосферадағы жануарларды түсіру.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар