Өлең, жыр, ақындар

Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру — ұзақ және көп жоспарлы үрдіс

 Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі онлайн режимінде сәбилер бақшасы мен шағын орталықтардың тәрбиешілеріне арналған “Ерте жастағы балаларды дамыту мен әлеуметтендірудің ерекшеліктері” тақырыбында дөңгелік үстел өткізді Дөңгелек үстелге қатысушылар жас балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың өзекті мәселелерін және оларды әртүрлі іс-шаралар арқылы шешу жолдарын қарастырды. Железин ауданының “Балауса” орталығының тәрбиешісі Б.Ж. Нурахметова және Павлодар ауданының «Аяла» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Г.М. Рахимбекова қазіргі қоғамда ерте жастағы балалардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Шарбақты ауданының «Балдәурен» сәбилер бақшасының тәрбиешісі Т.А. Лобанова және Алғабас ауылының К. Камзин атындағы ЖОББМ жанындағы шағын орталығының тәрбиешісі С.Т. Айтуғанова өз баяндамаларында балаларды әлеуметтендіру үдерісінде ұсақ моториканы дамытудың рөлін ашты. Успен ауданының “Балапан” сәбилер бақшасының тәрбиешісі Ш. И. Молдагазинова ойын технологиясы және ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды ерте әлеуметтендіру жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар белсенді әдістерді қолдану және ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру жолдарын «Железин ауданының №1 НОББМ» жанындағы «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Ш. Д. Зайкенова мен Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиешісі Г.К. Ақпаеваның жұмысынан көре алды. Дөңгелек үстелге қатысушылар семинардың практикалық бағыттылығын атап өтті, ол өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдәулет НҰРМАТ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз