Өлең, жыр, ақындар

Тұңғиықтың тұрғындары туралы жұмбақтар

Өзі алып кемедей,
Дауылдап ықпайды.
Су шашып,телегей
Мұхиттан шықпайды.
(Кит)

Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апаңдай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.
(Жайын)

Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Шақырады қорегін.
(Қармақшы балық)

Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен
Оңай ұстар қалқалап.
(Қарабауыр жайын)

Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.
(Желкенді балық)

Тұмсығы – қайықтың күрегі,
Аузымен шөп сүзіп жүреді.
(Ескектұмсық)

Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.
(Белбеубалық)

Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай – ақ асайды – ай.
(Сауыттыбалық)

Тула бойы толы ине,
Жауын көрсе ол неме,
Едірейіп бүртігі.
Тұрған түсі көз көріп,
Шыға келер өзгеріп.
Қарнын үрлеп алады,
Допқа ұқсай қалады.
(Тікенқұрсақ)

Жалтыраған бауыры,
Құдды көмір түтігі.
Өзінің бар тәуірі,
Сәуле шашар түтігі.
(Үтікбалық)

Қошқыл жолақты,
Еріні сағақты.
Бүкіл денесі-
Терек теңгесі.
(Жапырақбалық)

Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.
(Балық)

Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.
(Сазан)

Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
(Шортан)

Сұрқы бір қарыс,
Итбалыққа ұқсайды.
Ұмтылғанда – жолбарыс,
Сүңгіп шабақ ұстайды.
(Сушылқара)

Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз –қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.
(Пингвин)

Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секендеп,
Шыбын – шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.
(Бақа)

Қанаты жоқ ұшпайды,
Су түбінде қыстайды.
(Балық)

Аяғы бар басы бар,
Арқалаған басы бар.
(Тасбақа)

Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап иенсін.
(Кірпі)

Жерді мекен етеді,
Көлді де мекен етеді.
(Бақа)

Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:

Сайттағы барлық жұмбақтар

Cуретті жұмбақтар

Логикалық жұмбақтар

Метаграммалар

Алфавит, әріптер жұмбақтар

Жануарлар мен құстар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Айдос Айше

Жерді де мекен етеді,
Көлді де мекен етеді.
Не ол

Әсем

Мені тіркенші

Әсем

Керемет

Myrza

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар