Он бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып, бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады. Жиренше жұртқа қарап тұрып:
— Мынау үйде екі қатын бар екен.
Екінші үйдің жұртына қарап:
— Мынау үйде екі сұлу қыз бар екен.
Үшінші жұртқа қарап тұрып:
— Мынау үйдің иті көп екен, — дейді. Сонда түйеші:
— Қайдан білдің? — дегенде,
— Екі күндес қатыны ұрысып отырып, көсеумен оттың басын қазып тастапты. Екі қыздың барлығы, сұлу болу үшін белдерін жіңішкелеу үшін екі талмен арқан түсетіп жатқандағынан білдім. Үшінші иттің көбін шұңқиып тұрған құйрығын орнымен таласып, қазған аяқтарының орнынан
білдім, — депті. Түйешінің өз аулының жұрты болады. Жолаушы баланың айтқаны дәл келгеніне таңдана қарап:
— Шырағым балам, қайда барасың, кім боласың? — депті.
— Атым — Жиренше, нағашыма барам, — дейді.
— Өмірлі болып ер жетсең, тегін адам болмассың. Күн кешкіріп қалды. Ана белдің астында ауыл бар. Баласы жоқ бір адамның әйелі бүгін босанып, әйел бала тапты. Бүгін соның шілдеқанасы болады. Сол қыз ойнаққа кір, ешкім қумас. Мына білімің тұрғанда, — дейді. Түйеші айтқандай әлгі ауылға келсе, қызойнақ қазақтың қарт мәжілісіне қатысып, түнімен ойын-сауықта болған Жиренше ұйықтап кетсе, түс көреді. Түсінде: «Жаңа туған осы қызды он бес жасқа келгенде сен әйелдікке аласың», — дейді. Бала қуана оянып, өз жөніне жүріп кетеді.
Екінші рет нағашысына келе жатқанда жолшыбай ауылдың сыртынан өтіп, күн жауады. Бұзау жамырайды. Тезек әкеле жатқан балалар жауыннан қашып, тезектерін төгіп, үйіне кеткенде бір қыз екі бұзауын ұстап жамыратпай, тезегін қабын ықтап отырып қалады. Мұны көрген Жиренше келіп:
— Жауынның астында неге отырсың? — дейді. Сонда қыз:
— Ақымақ балалар бұзауын жамыратып, тезегін тастап кетті. Көйлегім су болса кебеді, — депті. Осы қыз Қарашаш болады. Жиренше үйленеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі