Өлең, жыр, ақындар

Менің сүйікті білім ордам!

Адам баласының  білім алу сатысында екі жауапты кезең бар. Әрине олар мектеп және университет. Балалық шағың, негізгі білімің мектепте өтсе, оның дамуы екінші кезеңде жалғаспақ. Бұл сенің жаңа ортаға, жаңа жеңістерге жетер жолың. Бұл университет. Бүгінгі мақалада менің айтар сөздерім тікелей университетке байланысты. 

Сөз сарасын Еуразия ұлттық университетінің 24 жыл толуынан бастайын. Бұл Л.Н.Гумилев атындағы үздік оқу орындарының бірі, жетекші лидер десем артық кетпеспін. Тарихқа көз жүгіртсек…

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.

2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз «Бiрiккен Еуропа» мәртебелi халықаралық медальіне лайық деп танылды. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд) Халықаралық наградасына ие болды.

2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған.

2010 жылы QS World Universities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша қазақстандық ЖОО арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012 жылы аталмыш рейтингіде 369-шы орынға табан тіреді.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты (2012 ж.).

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.

Университет құрамына 13 факультет кіреді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, тарих факультеті және көлік-энергетика факультеті).

Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.

Міне осындай керемет жетістігі бар университет тек біліммен ғана шектелмейді. Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік, саналы ұрпақтың кепілі осыда. ЕНУ жай университет емес, бұл  бір отбасы, бір махаббат, таза білім, мумкіндіктер мен шексіздіктің мекені. Бұл университеттің ұзақ уақыт кошбасшы болып қалуыда осыдан. Мүмкін бір күні төменде түсер, бірақ бүгін емес… 

Қазір тек айтатыным Университетімізге 24 жыл толуына орай құттықтағым келеді. 

Университет жайлы www.enu.kz сайтынан біле аласыз.

Шаяхмет Нуриддин


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз