Өлеңдер Бөлімі

Дархандық әлде дарахылық…

Қазіргі күнігі түсінігімізде бұл сөздің түпкі мағынасы-қуанышты жағдайға байланысты ел шақырылып өткізілетін жиын, ойын-сауық ортасы дегенді білдіреді. Әр қазақ үшін той - мақтаныш, жетістік, ақ дастархан басында туған-туыспен бас қосу. Аталып өтіп жатқан қуанышымызға орай ізгі тілектерді естіп, жанымыз жадырап, жақсылардың батасын алу десекте қате емес. «Осы ұлымды аман-есен үйлендіріп, қызығын көрсем арманым жоқ», «Қызымды құтты жеріне абыроймен ұзатайық», «Әр баланың өз несібесі бар, бұлда өтерде кетер» деген сөздер біз үшін үйреншікті жағдай-ақ. Себебі той жасай алмау - қазақ үшін намыс. Бұған дәлел ретінде мына бір ән мәтіні «Баласына бір той жасап бере алмай,
Өмірден өтіп кетті қанша адам» сайма сай келгендей. Дей тұрғанымен өмірде бір болатын той деп бар жиған тергенімізді жарата саламыз. Оған да көңіліміз көншімей, еш ықтиярсыз банк  қызметкерінің есігін қағамыз. Той шығынынан бөлек арнайы шақыртумен келетін эстрада жұлдыздарының әңгімесі бір бөлек. Қойылған талабына сай тұлғалардың  келісі мен кетуімен қатар жатын орындары сынды шығындары тағы бар. Күндер зулап, ай басы көріне бастаған кезде қарыздың өтелер уақыты таяп, жанұядан береке қашады. Арты  айхай-шуға ұласып, соңы жас отбасының ажырасу мәселесімен аяқталады.

Дегенменде адам санасына ләм-мим деуге ешкімнің жоқ хақысы! Ойланыңыз, көрпеңізге қарай көселіңіз!


Атырау қаласы
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті
Ғарифолла Шырын
Журналистика мамандығы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×