Сен ғанасың құлыным сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын,сен қаласың.
Ойран болған ордаңның орнына кеп
Отау тігіп, оттарын сен жағасың.
Міне, ықылым заманнан бері біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына осылай сенімдерін білдіріп, үзілмес үміт артатын.Әсіресе, жаугершілік заман келбетінде,жұрт еңіреп, көш ауып жүрген кезде өзінен аман қалған жалғыз тұяқтарының уәдесін алып,аманат тапсыратын болған.<<Ер елі үшін туып, елі үшін өледі>> демекші, қорғасындай ауыр аманат арқалаған, ел ертеңіне айналған текті ұрпақ өркені өсе келе, еліне тірек болар айбынды батыр, елінің кегін алар, елі үшін жанын пида етер намысқой ұлан болып шығады.Аманатты қалай түсінеміз?
Жалпы, мен аманат ұғымын қазақ тарихына байланысты үшке бөлдім. Алғашқы көш басы осы жаугершілік заманындағы халық аманаты болса, көш ортасы алаш зиялылары кезіндегі білім аманаты. Елінің біртуар азаматтары бес арыстардың, үш бәйтеректердің, қазақ үшін жаны оқ құшқан талай боздақтардың аманаты. Олар енді бізден не күтеді? Аманат бұйымтайы қандай? Менің ойымша, біз көзі ашық,білімді болсақ, өз құқықтарымызды қорғай алсақ, рухани мәңгүрттіктен ада болып,тарихта хатымыз қалса, бұл, аманаттың орындалғаны деп білемін. Көш соңындағы аманат көштің барлық бөлігін қамтитын, бүкіл қазақ қазақ болып құрылғалы бері аңсағаны-тәуелсіздік.<<Тәуелсіздік-тәңірден келген тәтті сый!>> Бұл көштің қатары жастармен толықты.Жастарымыз да қарап қалмай қазақты тек қазақ билеуін ту етіп шегеледі,Колбинге қарсы шықты,олар тар жол тайғақ кешті,сонда да өз алған беттерінен ешқайсысы тайған жоқ,олар көз көрмес азап шекті,сонда да тәуелсіз таңды аңсауын доғарған жоқ,олар жауына да тілемес күнді бастан кешті,сонда да қайсарлық танытты,олардың әр күні қорқынышпен басталды,сондада ерлері ер,өр мінезінен тайған жоқ,қыздары ер мінез қалыптастырды.Ақыры олар азаттық таңын көрмесе де ұрпағының болашағын жарқын қылып,тәуелсіздік жалауын көкке самғатты,бізге аманатқа табыстады. Ал біз не істейміз? Міржақып Дулатұлы жырлағандай,оянамыз, көзімізді білімге қаратамыз,ойымызды ақыл мен жүрекке билетеміз,тың идеялармен елімізді дамытамыз. Тәуелсіздік,жер,білім атты аманаттарымызды жоғалтпай, алақанымызда сақтап,келешек қаны қазақ ұрпақтарымызға аманат етіп табыстап, кете барамыз.
Еңлік Жұмаш
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі