Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады — министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.
Материал — министр, мектеп формасы, мектеп, 2020-2021 оқу жылы — осы тақырыптарға байланысты.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп формасын оқушыларға міндеттемеу туралы шешімге не себеп болғанын түсіндірді, мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы.

«Егер біз дәл қазіргі уақытта бұл шешімді қабылдасақ, ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескеріп отырмыз. Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы — дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.
Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді.
«Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады. Ал егер оқушылардың кейбірінде мектеп формасы болса, онда киюіне мархабат», — деді ол.
Еске сала кетсек Асхат Аймағамбетов Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін хабарлаған еді.
Бұл бетте Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады — министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады — министр мектеп формасының міндеттелмеуі жайлы материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Бексултан
Мен колдаймын
Алия
Өте дұрыс айттыңыз.
Оразкул
Өте тамаша халық жағдайына қарау керек
Оразкул
Халық жағдайына қарау керек
Myrza
керемет
Дулат
Керемет
Асем
Керемет, өте дұрыс
Нургали
Дұрыс аитасыз енді көп балалы отбасы ларға көмек берсе жақсы болар еді
Эльвира
өте дұрыс шешім, қолдаймыз
Элмира
Жоқ білмим