Өлең, жыр, ақындар

Бақытсыз халық

Жамбылдың жебеуші жолбарысы болған дейді .Мағжан отқа табынған.Абай өлең жазса ауызына насыбайын салып алуды ұмытпапты.Қасымның жырлары Сақыпжамaлына қарап отырып жазылған.Мұқағалидың Музасы- махаббат ,сырласы- ішімдік. М.Шахановтың шабыты- жоғалтып алған шындығы. Ал, бізде... Демек ақын емеспіз...Ел айта береді.Ел не демейді?                      

Қасым досының əйеліне үйленген.Төлегеннің (Айбергенов) жарын Шəмші алған. Абайдан да ,Мағжаннан да ,Қасым,Мұқағали,Төлегеннен де тұяқ қалмаған.Ал, атағы алты құрлыққа мəлім Шаханов əлі күнге шейін пəтер ақысын төлей алмай жүргенін айтты.Бұл  қасірет емей немене?!

Бір ақын досымыздың жырының соңы :"Ақындыққа синоним- бақытсыздық" деп аяқталушы еді.Тегін айтылмаған.Демек, ол да бақытсыз... Демек, барлық "қияли халық" өкілдерінің соры қалың болғаны. Өкінішті-ақ!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз