Өлеңдер Бөлімі

Той — халықтың қазынасы

Тумақ бар жерде өлмек бар екенін түсінетін қазекең қуанышты арттыруға,қайғыны  жеңілдетуге асығатын халық. Содан болар көптен көріспеген жандар табысатын, мал-жанның амандығын сұрасып,бір жағадан бас бір жеңінен қол болып бірігетін сәті өлім-жітім  мен той. Басқаға асықпаса да, бұл екі хабарды естіген бойда жол қамына кірісетін халықпыз.

Той — халықтың қазынасы.Халыққа берері не және  қаупі қандай?

Бүгінде той халықтың әл-ауқатының анық көрінісі.Қалтасы жетпегендер «жұрттан қалмайын» — деп шығындалады.Ал,қалтасы қалың жұрт ең қымбат орындарда ең бағалы әртістерді шақырып,бәсекемен өткізеді.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше,қазақстандықтардың несие қарызы 4,4 триллион теңгеге жеткен.Сарапшылар негізінен халықтың  той-томалақ жасау үшін алуымен байланыстырады. «Үйлену оңай,үй болу қиын».Демек, бес сағаттық қуаныш бес жыл кредит төлеумен аяқталмауы тиіс.

«Бүгінгі той ұлттық дәстүрді ұлықтайтын жалғыз орын»-деп ақтап алатындар жетерлік.Ежелде тойда өткізілетін ат жарыс,көкпар тарту,ақындар айтысы,балуан күрес сияқты халықтың ұлттық ерекшелігін  көрсететін ұлттық ойындар бүгінгі тойдан көрініс тауып жатқан жоқ.Гүл лақтыру үрдісін толығымен алмастыра алмасақта,емсін-емсін әулеттің тұрмыс құрмаған сұлуларына, «жолымды берсін»-деп ырымдап,үкі тарату салтын насихаттап келетініміз қуантады.Бірақ,ұлттық өнерді ұлықтау  қымбат ресторан мен ысырапшылдыққа тәуелді болмауы тиіс.

«Жақсылықта жолыққанша» — дейтін халықпыз.Дегенмен, «чип-чиптеп», «аспанға қарайтын» тойларда емес, кәсіп ашып бастаған сүйінші тойларда жолығайық. Той тойлауды тоқтатайық деуден аулауқпын. Келесі ұрпақ үшін той тойлау қарызға кірумен тең дәрежеге жетпесін, «той тойға ұлассын» десеңіз,көрпемізге қарай көсілейік дегім келеді.                                                                  

«Тұран»Университеті «журналистика» мамандығының 2 курс студенті: Дурия Қыдырбекова 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×