(повесть)
О шіркін, той болғанда қандай той еді бұл! Асқардың өміріндегі нағыз үлкен той, бірінші топ болатын. Жасыл таудың етегіндегі қызғалдақ тұнған көкпеңбек алқапқа осы өңірдегі ауыл біткеннің кәрі-жасы тегіс Жиналған. Жеңіс хабарын естіген халық жаяу-жалпылап, атқа, түйеге, өгізге, тіпті кейбіреулері сиырға мініп, жан-жақтан ағылған еді осында. Жұрт бұрынғы тасаттық беретін дәстүрді еске алып, қуаныштың құрметіне бір-біріне су шашып жүр.
Тау иегінен күн де көтерілді. Теп-тегіс боп сәл буалдыр көктеніп жатқан күздік бидайдың үстінен ақ бу көтеріле бастады.
Бүкіл алқапты бойлап асығыс киіз үйлер тігілді. Басқарманың үстелінен сыпырып алынған, әр жеріне сия тамған алқызыл сәтен жалау желпілдеп, сүмбіл сабын майыстырып тұрды. Түйелердің бақырғаны, шық тұнған көк майсаға домаланған балалардың шуылы, қыздардың әні, күмбірлеген домбыра үні және абыр - дабырға есі кете құтырынған иттердің үргені — осының бәрі бір ғана той дүбіріне үндесті. Киізден сырыған шарығы шықтан дымқыл тартып, төбе басындағы жалаудың қасында Асқар тұр. Аяғын алма-кезек көтеріп қойып, ол гу-гу еткен қалың топтарға қарайды. Жылқышылар жарау аттарды киіз үйдің іргесіне қаумалап кеп, лып өткізіп құрық сап жүр.
Шөбі тапталған бір кішкене ойпаңда қызылды - жасыл киінген қыздар тобы. Орамалдарын шешіп, тоқпақтай бұрымдарын бұлғаңдатып қоя берген, үлкендер көзінен именбестен, сымбаттарын өздері қызықтағандай, тақия тастамақ ойнап, жігіттерді қуып жүр. Одан берірек ойпаңда күрес болып жатыр. Көрші ауылдың екі жігіті күш сынасуда. Бұлар бірін-бірі жығыса алмай тоқтады. Жұрт кеу-кеулеп, бұлардың жығыса алмағандарына разы болмай жатыр.
Осы тұста жас жігіттерді қақ жарып, ортаға Ақтұманың, қарт шопаны Күрекең шықты.
— Әй, төңкерісшілер, шығарыңдар балуандарыңды! — - деп айқай салды ол, ескі шолақ тоным шетке қарай лақтырып тастап. Бас киімі мен аяғын қоса шешіп, басы жалтырап, кеудесін жалаңаштап ортаға тұра қалды.
— Егер мен белбеуімді буынғанша ешкім шықпайтын болса, бәйгі біздікі, — деп саңқ етті де, ұзын орамалмен белін буа бастады. Көрші ауылдың жас жігіттері қапелімде естері шығып, өз ақсақалдарына жалтақтап қарай береді.
— Уа, Күреке, бізде азамат бітті деп пе ең? Кәрі теке, өзіңді мына сазға біраз аунатып алайыншы, — деп кенет ортаға Ақшал шыға келді.
— Таста, онда анау үстіңдегі жалбағайыңды. Ешкімнен сөз сұрамайтын тілмар екеніңді білеміз, бірақ жауырынын, жерге тигенде не дер екенсің, соны көрелік.
— Ау, сен өзің жас кезіңдегіңді ұмытқан сияқтысың ғой. Есіңе түсірейін бе? — деп күлді Ақшал. Асқардың естуінше, жас кездерінде бұл екі шопан осы өңірдің бұрынғы иесі — Төрегелді байдың бұйыруымен күреске түскен екен. Ол кезде Күрекең жығылып қалатын көрінеді. Ақшалдың қазіргі меңзеп тұрғаны сол.
— Ә, қорыққаныңнан баяғыны еске алдың ба? Ол кездегі менің жығылуым сенің жыққаныңнан артық еді, — деді Күрекең мысқылдап.
— Бай саған есі бар тебетіндей ғып үстелінің үстіндегі майлы сүйектерді тастайтын.
— Ә, кәрі мылжың... — деп Ақшал Күрекеңнің белбеуінен шап етіп ұстай алды.
Екі қарт бірін-бірі балаша жұлмалай жөнелді. Жанкүйер жас жігіттер әуелгіде әдеп сақтап күлмеуге тырысқандарымен, артынша - ақ күрестің қызығына елігіп, екі қартты тұс-тұстан кеу-кеулеп әкетті.
— Ата, жақынырақ, жақынырақ! Тарта түсіңіз. Аяқтан қағып қалыңыз! Әй, қартым -ай, — десіп жан-жақтан шуылдасып тұр.
Бір сәт екі қарт та шөп үстіне ұмар-жұмар домалап түсті де, қайта тұрып кетті. Ақшалды белінен мықтап қысып алған Күрекең шірене тұрып жерге көтеріп ұрмақ еді. Ақшал бұлт -өтіп шығып кетті де оңтайланып ап Күрекеңді тік көтерді.
— Әй, қарғыс атқан кәрілік-ай, — деп қынжылды тәлтіректеп қалған Ақшал.
— О алла, мына шалдар құтырған ба ей! Ұялу дегенді де қойыпты, түге, — деді бір кемпір дауыстап.
Енді бір оңына келгенде Күрекең тартыншақтай берген Ақшалды жерден іле көтеріп алды. Бірақ сол кезде оның белбеуі босап, бауы үзіліп кеткен дамбалы сыпырыла берді.
— Ақтұмалықтар, жұмыңдар көздеріңді! — деді ышқынған Күрекең з ауылдастарына, онан соң «әуп» деп Ақшалды жерге алып ұрды. Әйелдер жаулықтарының ұшымен беттерін басып, шуылдаса бытырап, тым - тырағай қашты да, еркектер іштерін басып, қыран-топан күлкіге батты.
— Күліңдер, күліңдер! Ұятсыздар! Күлкі жеңістің нәшін келтіреді, — деп күңкілдеді, қалың күлкінің ортасында абырын жаба берген Күрекең.
— Екі ақсақалға да сый-құрмет көрсетілсін. Ақ үйге кіргізіп, төрге отырғызыңдар, жігіттер! — деп айқай салды Сапар ағай.
Асқар Сапар ағайды жақсы көретін. Батылдығын, мейірімділігін ұнататын. Бірде Сапар ағайдың:
— Сен әкеңе тартқан жақсы жігіт боласың, — деген сөзі үшін де ұнататын.
Сапар ағаймен кездескен сайын Асқардың есіне әкесі туралы буалдыр ойлар оралатын. Әкесін 1937 жылы, Асқардың кішкентай кезінде бейтаныс адамдар алып кеткен еді. Анасы онан бұрынырақта қайтыс болған-ды. Сонда Сапар ағай Асқарды үйіне әкеліп, өз баласы, Асқардың құрбыласы Қайсарға: — ендігі жерде ол Асқарды өз бауырындай көру керек, — дегенді айтқан.
Асқардың әкесі қырқыншы жылы шашы аппақ қудай, екі кезінен айрылып, су қараңғы соқыр боп оралды. Оны тек Сапар ағай ғана алдынан шығып қарсы алды, көзі жасаурап қайта-қайта:
— Мен айтпап па ем, — бұл бір қате деп. Өзің ойлап көрші: сен қайдан халық жауы боласың. Апырмау, екеуміз черкас партизандырының аттарын бағып, атаман Анненковтың обозынан оқ-дәрі ұрлап, ақтарға қарсы аттандық. Төрегелдіні қудық, колхозды өзіміз ұйымдастырдық... Сонда сен қалайша жау болмақсың... — дей берді.
— Пәлендей деу ертерек... Ол әлі ақталған жоқ, — деді бірде колхоз есепшісі Әмірбек зәрлене.
Әкесі жұдырығын тас қып түйген күйі боп-боз боп кетті, бірақ ләм деп үн қатқан жоқ. Асқардың әкесі, үндемейтін адам, алайда ұлына аса мейірбан еді. Ол өз үйін етікші шеберханасына айналдырды. Енді Асқар колхозшылардың аяқ киімін тігуге әкесіне жәрдемші болды. Күнде кешке қарай бұлардың үйіне ауылдық құрметті адамдары жиналатын. Олар Асқардың әкесімен ұзақ отырып әңгімелесетін, әртүрлі шаруа жайын кеңесетін, бірақ бірде-біреуі неліктен мұның айдауда болғанын, неліктен мұны қиыр өлкелерге алып кеткенін сұрамаушы еді. Бұл туралы бірде Асқардың өзі сұрады.
- — Әке, сенің шашың осынша неге ағарған? Сен әлі қартайған жоқсың ғой, алып кеткен кезде жап-жас, қайратты едің ғой...
— Мен тайгада болдым, балам. Бір ретте ағаш кесіп жүргенімізде байқаусызда қарағайдың астында қалдым. Бұтақтары көзіме тиіп, басымды қар басып қалды. Сонан бері екі көзімнен айрылып, басым аппақ қудай болды, балам, — деген әкесі, ақырын ғана күрсіне отырып. Оның жып-жылы, бұжыр алақаны ұлының басынан ұзақ сипады. Қырық бірінші жылы январь айынын, бір таңында оянған Асқар әкесінің әлі ұйықтап жатқанын байқады. Әдетте әкесі өте ерте тұратын-ды. Әкесінің осы уақытқа дейін ұйықтап жатқаны Асқарға біртүрлі көрінді. Ол әке төсегіне жақындап кеп қалшиып қатты да қалды. Әкесінің өңі балауыздай боп сарғайып кетіпті.
Есі шыққан бала далаға атып шықты. Жұрт жиналған кезде қарттардың бірі:
— Уу, — дей беріп кесіліп қалған. Сапар ағай оған шаншыла қарады. Онан кейін бұрылып, өз әйеліне Асқарды алып кет дегенді айтты.
Көбік қар басқан жолменен әкесінің сүйегін жұрт алып бара жатқан кезде Қайсардың:
— Сен енді жалғыз қалдың ә? Енді сен жетім болдың, — деп көңіл білдіре айтқан сездері Асқарды өртеп өткендей болды. «Ендігі жерде жұрт маған дірдек қаққан аш күшікке қарағандай қарайтын болады. «Жетімек» — деп аяушылық білдіреді». Ол киім-кешегін жұлқына киініп, өзіне аяушылықпен ғана қарайтын Сапардың үйінен, бүкіл ауылдан қашты... Сүйектен еткен суықты елең қылмастан, үкідей ұшып отырып «Төңкеріске» жетті, сондағы мектептің таныс күзетшісін тауып ап, оған жылы күркеде қалдыра көр деп жалынды. Ізінше атпен құйғытып Сапар ағай да жеткен еді.
Үшеуі тіс жармастан таң атқанша отырды. Онан соң Асқарды он екі шақырым жердегі үлкен ауылға апарып, жетім балаларға арналған интернатқа орналастырды. Бірнеше айдан кейін соғыс басталып кетті. Интернат жабылып қалды. Осыдан бастап...
Асқарды панасыз балалар жиналған балалар үйіне жіберген. Алғашқы күні-ақ бұзақы балалар оған «халық жауының баласы» деген айдар тағып, өзін ұрып-соғып, алдындағы тамағын тартып жеді, ал түнде үстіне жамылған көрпесін жұлып әкетті. Асқар өзін жәбірлеушілерден қорғанып бақты, қолдарын тістеді, беттерінен тырнады, ақыры терезені сындырып, көшеге секіріп шықты. Басы ауған жаққа қарай қаша берді...
Оған енді ешуақытта балалық шақ деген болмастай көрінді, әркім-ақ оны қағып жібергісі кеп тұратындай, оның ар намысын жәбірлеуге әзір тұратындай боп көрінді. Өзі сияқты қашып-пысқан жетім балалармен достасып, ол қалаға келді, осында базардан қарбыз ұрлаған кезінде қолға түсіп, онан балалар тиелген эшелонмен, — сол ауыр күндері — қырық екінші жылы жұлым-жұлым, аш-жалаңаш балалардың тоғысқан жеріне айналған ФЗО- ға жөнелтілді. Мейрімді адамдардың көмегімен Асқар тағы да қашты, поезға билетсіз мінген, мұны мұртты теміржолшы іші бос жүк вагонына жасырып қойды, шашын ақ шалған әйел бір кило картоп берсе, жаралы солдат машинаға отырғызды, — сөйтіп туған ауылына жеткен. Сапар ағай оны күштеп мектепке кіргізіп, өз құрбыларын қуып жеткізу үшін екі класқа бірден емтихан тапсыртты. Сабақтан кейін Асқар жұмыс істеді...
Сол кезде Асқардың иығына біреу қолын салып, ойын бөліп жіберді. Қараса, Сапар ағай екен.
— Көрдің бе, балам, біздің Күрекеңнің Ақшал қарияны алып ұрғанын, — деп қойды. Әлдеқайдан Қайсар атып шықты да әкесіне жүгіріп келді.
— Біз бүгін бәрін жеңіп жатырмыз. Тіпті қыздарымызға дейін көрші ауылдың жігіттеріне жер сүздірді, ұқтың ба? — деді Сапар, күлімсірей кез қысып. — Қысқасы, бүгін Жеңіс күні. Сен де жеңуін, керек.
— Қалай? — деп сұрады таңданған Асқар.
— Әй, Қалтай, Аққасқаны бері әкелші. Бәйгеге шабатын адам міне, — деп Сапар ағай Асқарды иығынан қақты.
— Әке, сіз мен шабады деп едіңіз ғой, — деді Қайсар бұртиып.
— Асқарға бер жолыңды, балам, ол сенің бауырың ғой. Сен Аққасқамен тағы бірде шабарсың.
— Қалай, ұятқа қалдырмайсың ба, Асқар? Байқа, жігіт екеніңді таныт өзіңнің.
Мұндай бақыттан есі шыққан Асқар:
— Аға... — деп күбірлей берді.
Маңдайында қасқасы бар, бота тірсек құнанға міну ауыл балаларының арманы болатын. Аққасқа жүні жалт-жұлт етіп, шиыршық атып тұрғанда үстіне шыбын қонақтай алмайтындай көрінетін. Жатаған қазақы ерді, шашақты жүгенді Аққасқаға арнап ауылдың ең шебер қариялары жасаған.
— Неғып аңқиып тұрсын, енді сен. Жүгір, бар, ыстық бірдеңені жеп ал да, бір аяқ қымыз іше сап, тез атқа қон. Етін қыздыра бер. Көрдің бе, басқалар шыға бастады...
— Тоқта, онан да тамақты осы жерге әкелсін. Әй, анау қазан-ошақ басында жүрген қайсың. Дәмеш, сенбісің! Мына Асқарға қойдың бір сирағы мен бір аяқ қымыз беріп жіберші.
— Қазір Зәуреш апарып береді, — деп дауыстады Дәмеш апай.
Зәуреш ауылдағы Асқар құралпы қыздардың ен, сүйкімдісі. Асқар онымен кездескен сайын әлденеге қысылып қалатын. Енді міне, Зәуреш ағаш табақпен ет, тостағанмен қымыз әкеп беріп тұр. Басқа балалар көрсейші осыны. Бүгін кім болса да, Асқарға қызыға, қызғана қарайды.
— Бәйгеге сенімен таласатын анау болады, — деді Сапар, ақ жал шабдар атқа шіреме отырған қараторы баланы нұсқап.
— Аққасқаның қиқу шыққаннан еліре шабатыны бар, сондықтан басын тежеп ұста, ә дегеннен қарқынын жайып алып жүрме. Шаңға көмілмей, жел жақты ала шап. Ақжалды көзіңнен таса қылма, тек жер ортасынан өттім - ау деген кезде басып озуға тырыс, онда да тек оң жағынан ғана ет. Жер ортасынан Қызыл шоқының өрінде өтесің. Ал ол тұста оң жағыңнан жол тегістеу келеді, қарағай мен теріскен бұталары болмайды. Сонау ретөкпеден түскен кезде аттың басын тартушы болма. Қарақшының тұсынан Аққасқа құстай ұшып өтуі керек. Елдің бәрі осы арадан қарап тұрады саған. Бұлт ете қап жүрме!
Аққасқа — осы өлкеге атағы шыққан, алдыңғы жылғы қыстың жұтында колхоздың бір табын жылқысын үйірлі аш қасқырдан қорғап қалған, бірақ өзі денесіне түскен сондағы жарақаттардан мерт болған Қаражын атанған айғырдың баласы. Аққасқаның шешесі Жұлдызша атанған, сымбатты, сүліктей қара бие.
Аққасқа орталықтағы ат қорада өсті. Ол кезде шөп, майданға жөнелтілетін астықты теміржол станциясына жеткізетін жұмыс көліктеріне ғана қатаң тәртіппен берілсе де, ауыл балалары Аққасқаға деп бір уыс шөпті қайдан да болса табатын. Қайсардың Асқарға айтуынша, ауыл балалары: бор — құлының сүйегін бекітеді екен, дегенді естіп ап, Аққасқаға жасырын беріп отыру үшін көрші ауылдың мектебіне түнде аттаныс жасап, мұғалімдер бөлмесіндегі борды тегіс алып кетіпті.
Құлын тез өсті, балаларға үйренгені сонша, қашан табынға қосып жібергенге дейін, олардың соңынан итше еріп жүретін.
Апрель айында колхоз жылқысы құмнан тауға қарай көшкенде, Аққасқаны ауылға алып қалып, алдағы үлкен мерекеде бәйгіге қосуға дайындай бастады. Алғаш қосқан кездерінде - ақ ол көзге түсіп жүрді.
Жұмыстан бос уақыттарында Асқар оны сылап-сипап кетіп жүретін. Сондықтан да болар, Сапар ағайдың бүгін Асқарды бақытқа кенелтіп отырғаны. Жер түпке жеткенше Асқар аттың қамыс құлағынан өзге ештеңені көрмеді. Аққасқаның құлақ қайшылауына қарап, шапқан кезде оның, қандай күйде болатынын топшылаумен келеді. Ат, Асқардың әуселесін байқағысы келгендей, тізгінді созып, ауыздықты тістеп алып, басымен сүзіп ала жөнеледі. Баланың тақымында ойнап, екі жағына кезек-кезек ұйтқиды. Тізгінді сәл қағып қалсаң, бір орында ойнақшып, ойқастай береді. Сыралғы болған жүйрік әккі баланың ырқына әбден жаттығып алғандай.
— Осы араға қаз-қатар тұрамыз, — деді алда келе жатқан ат айдаушы. Бәйгешілер иіріле тоқтап, аттарының басып кейін бұрып, қатар түзеп тұра бастады.
Асқар басқаларға зер салған. Атқа шапқандардың ішіндегі ересегі өзі екен. Жастары ондар шамасындағы балалар, тақымдары атқа жабысып қапты. Әдетте, ескі дәстүр бойынша мұндай ұзаққа жіберілген бәйгеде атқа өте жас балалар шабатын.
Ауыл балалары болса, шетінен аттың құлағында ойнайды. Бәйгеге шапқан кезде қарсы соққан желден атқа күш түсірмеудің әдісін де олар жақсы біледі, ол үшін аттың жалына жабысып қалады. Салмақтары қаңбақтай, атқа ауырлықтары жоққа тән. Ондайда ат үстінде адам барын сезбей, емін-еркін көсіледі. Асқардың құрбыласы бір ғана қара бала боп шықты. Оның астындағы ақжал ат та Аққасқадан кем соқпайтын тәрізді.
Ат айдаушы сапқа тұрған балаларды бір айналып, ер-тұрмандарын, байқап, аттарды бір шолып өтті де:
— Дайынсыңдар ма? — деп сұрады.
— Бәріміз де дайынбыз.
— Онда тыңдаңдар. Шапқан кезде бір - біріңе соқтықпаңдар, үзеңгі қағыспаңдар. Жол кең, жер тегіс, ұра - жыра жоқ, жазық дала бәріңе де жетеді. Біржарым - екі шақырым өткен сайын қарауыл тұр. Тәртіп бұзбаңдар. Егер ат болдырғандай болса, жарыстан шығып кетуге болады...
— Тыңдаңдар!
Асқар демін ішіне тартып, тізгінді қыса түсті. Аққасқа да құлағын тіге қалды.
— Қайтыңдар!
Дүлей желдің екпіні осып жібергендей, аттар алға қарай лап қойды, сатыр-сұтыр еткен тұяқтардан кесек-кесек шаң ұшты.
Әуелгі бетте Асқар қалың топырдың ішінде қалды, көз алдында алдағы аттардың құйрығы ғана желбірейді, олардың тұяқтарынан ұшқан кесектер Аққасқаға тиіп жатыр. Аққасқа болса, еркіме қоя бер дегендей, басымен алысады, құлағын жымырып, алға ұмтылады. Алдағы көп топырдың арасынан сытылып шығар саңлау іздейді. Біртіндеп, қайыстай созылып, бәйге аттар бір-бірінен бөлінейін деді, сырт қарағанда бірқалыпты шабыспен кергітіп барады бәрі де. Асқардың арт жағынан бір аттың бырылдаған демі қуып жетіп қалды, алдында қара сәйгүлікке мінген кішкене бала кетіп барады, оның алдында тағы төрт ат көрінеді. Аққасқа алтыншы боп келе жатыр. Барлығы қанша ат еді, — он бес пе, әлде жиырма ма еді? — деп еске алды Асқар. Бәрібір әзірге қуанатын ештеңе жоқ. Қарақшы әлі алыс, асықпау керек.
Жалға жабыса түсіп, аттың тынысын аңдайын деп тізгінді ірке ұстады. Аққасқа ырсылдай дем алады. Құлақтан гулеген жел екпініне қарап Асқар оның біртіндеп аршындап келе жатқанын аңдады. Аққасқаның еті қызып, тізгінді босат дегендей, еліре екпіндеп, қара сәйгүлікке жетіп те қалды. Аттың ойнақ салған елірме қайсарлығы шабандоз балаға да оңай ауды. Асқар тізгінді босата берді. «Бір сәтке: ақырына дейін арыны жетер ме екен. Сапар ағаның ең соңғы кезеңге дейін ауыздығына сүйей шап деген аманатын бұзғаным дұрыс па?» — деген ой келді де дереу ұмыт болды.
Құлағын жымырып, қарышы жазыла түскен Аққасқа құстай ұшып келе жатты. Жалпақ таспадай даңғыл жол зымырай дөңгеленіп, аяқ астында зуылдап қалып барады. Қарсы соққан жел бетке ұрады. Бірақ ол суықты сезген жоқ, есі-дерті жанұшырған ат екпініне ауған еді...
Аққасқа алға ентелеп келеді. Бала өзін тау мен тастың төңірісіндей, жойқын күштің несіндей, зуылдаған қанаты бардай сезінді. Оның айқай салғысы келді, көрсін жұрт мұның қазіргі күйін, естісін, білсін мұның қуанышын...
Аттың ақ көбік болған омырауына, үзік-үзік алқына шыққан деміне қарап, Асқар дөңестің басталғанын ұқты. Алда тек бір ғана ақжал аттың құйрығы көрінеді. Аққасқа соның соңынан құтырына өршеленіп келеді. Міне ол таяп та қалды, тағы бір ұмтылса, тағы бір, тағы бір... Аққасқаның басы қара баланын, ер тоқымының деңгейіне де жетті. Дөңнің басы да жақын, онан әрі адамға толы сары жазық, онда Сапар аға бар, онда бағана аттандырып саларда: «Озып келетін бол», — деп ақырын ғана сыбыр еткен Зәуреш бар. Олар Асқардың озып - келетініне кәміл сенеді, көз талдыра күтіп тұр.
«Айналайын, жануарым! Айналайын Аққасқа, озып шық!»
Ден, басы таяу. Аққасқаның басы оза берді. Асқар бар даусымен атойлап тебініп қалды, қуаныштан ышқына шыңғырып, қара баланын, бетіне қарап айқай салды:
— Е-е-е-ей! Сақтан, достым! Астыңдағы атын, борта - борта болар! Атың кім өзі?
— Жомарт! — деді қара бала, ызалана дауыстап. — Панасыз қаңғыбас, халық жауының баласы!
Аққасқа дөңнің басына шыққан. Алдағы гүл мен адамға толы алқаптан қуанышты шу гу ете түсті. Салт аттылар қиқулап Асқарға қарсы шапты. Бірақ Асқар оларды керген де жоқ, естіген де жоқ.
Аққасқа ылдиға қарай құлдырап келеді. Асқар құйындай ұшқан аттың басын ойыстыра бұрып, өзін жәбірлеген қара баланы қамшымен тартып жіберейін деп көтеріле берді. Күрт бұрылған Аққасқа жолдан шығып, сүрініп кетті. Асқар қолын көтерген бетте аттың басынан асып, әлдеқандай шыңырауға ұшып түсті.
... Жерге дүрс етіп құлаған бала қиялай домалады, шөптің жұмсақ тікені мен тобылғы бұталарының осып еткенін сезігі жатты.
Көзін ашқанда ол өз төбесінен төніп тұрған аспанды көрді, шырқау көкте биікте құс қалқып жүр. «Қыран әр уақытта да биік ұшады» — дейтін Сапардың сүйікті сөзін есіне алды. Қыран екіге бөлініп барып жоғалып кетті, Асқардың басы айналды. Лоқсық қысқан соң тұруға әрекеттенді, бірақ кеудесі сырқырап бақырып жіберді де қайтадан құлап түсті.
— Не болды саған, балам - ау, а? — деген Сапардың даусы әлдеқайдан, алыстан жетті.
— Ештеңе етпейді, Сапеке, өмірінде бір аттан жығылмайтын ол қандай жігіт сонша? Қазір біз оның есін жиғызамыз.
Асқар төбесіне төніп тұрған Қалтайды керді.
— Ә, міне, есін жиды, — деді, ыңыранған Асқарды еппен көтере берген Қалтай. — О оу, сенін, қолын, шығып кетіпті ғой. Ештеңе етпейді, шыда енді, әйтеуір сүйегін, аман екен.
— Жаны сірі - ақ өзінің, мысық сияқты. Паровозды көрді ғой, әкесінің, соңынан Сібірге де барып қайтты, өлетін түрі жоқ, — деді әлдекім мысқылдай сөйлеп. Қолының ауырғаны жанына батқан Асқар қатты тістенген күйі көзімен әлгі сөйлеген адамды іздеді. Тағы да жәбірден жүрегі қыстығып кетті, орнынан тұрды, Сапар мен Қалтайдың жәрдемінсіз өзі тұрды. Сол қолы жансыз заттай салбырап, шаң мен азаптан қарайған жүзінен баттасқан тер тамшылап тұрды.
— Міне жігіт, міне жігіт, өзі тұрды ғой, — деп Қалтай абыржып қайталай берді. Ол ақсаңдай жүріп, баланы бір айналып шықты, қолын көріп, абайлап қана иығынан қозғап қойды.
— Сем сәл шыда, Асқаржан. Азырақ қана шыда. Қазір. біз сенің қолыңды орнына саламыз, бәрі де жөніне келеді. Қайда айдаса қайтпайтын жігіттің өзі боласың...
Жанына батқан ауруға берілмей, аяғын шақ басып тұрған бала Қалтайға күдікпен қарады. Ол жуырда ғана майданнан қайтқан осы бір ақсақ адамды онша біліңкіремейтін, сондықтан одан қорқатын да. Әдетте Қалтай үндемейтін тұйық адам, өзі жалғыз тұратын. Ауылда ол көшеде көп көрінбейтін, қашан да әлденені істеп, жұмыссыз отыра алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, он саусағынан өнері тамған шебер еңбеккер еді. Ал істейтін ісі болмаса жабығып, жұрттан қашқақтай бастайтын. Ауылдағы жесір келіншектер мен қыздардың Қалтайға ынтыға көз салатынын да Асқар керген. Бірақ Қалтай оларды байқамайтын сияқты еді.
— Сапар аға, маған көмектесіп жіберіңізші. Мықтап ұстаңыз мұны, жібермеңіз, — деді Қалтай.
— Шыда, балам, әйтпесе кем боп қаласың. — Сапар Асқарды қаусыра құшақтады. Бала төңірегіне қарап еді, өзім қоршап тұрғандардың ішінен Зәурешті көріп қалды, соған қарап езу тартып күлгісі келгенмен, күле алмады.
— Ә-ә-упп! — Қалтай мұның шыққан қолын жұлқа тар¬тып қалды. Асқардың шырқыраған жан даусы шығып кетті. Сапардың жүзі кіржің етті, ол әлдекімнің пальтосына есінен танып қалған баланы абайлап әкеп жатқызды да, су әкелуді өтінді.
— Бәрі де жөніне келді, қолы орнына түсті, енді бір-екі күннен кейін шайтанға мініп шапса да жығылмайтын болады, — деді күлімсіреген Қалтай, жеңімен терін сүртіп тұрып.
— Мен кінәлімін бұған, менің кесірімнен, — деді жұрт көзіне тура қарауға қаймыққан Жомарт ақырын ғана. Оған ешкім назар аударған жоқ. Тек Сапар жақын келді де:
— Ондай болса, сен Зәуреш екеуің жеңіл арбамен мұны ауылға жеткізесіңдер. Шөпті қалың ғып салыңдар, селкілдемесін, атты ақырын айдаңдар. Жолда татуласып, кешірім сұрағайсың, — деді.
* * *
Жұрт мерекені кепке дейін еске алып жүрді. Рас, тойдан кейін шаруа шектелген жоқ, ішер ас молайған жоқ, қайта керісінше колхоз қоймасында не бір уыс ұн, не бір жапырақ ет қалмады.
Пішен басталды. Пішеншілерге берер азық жоқ еді. Әйелдер рауаш, тау жуасын және шуындықтың түбін жинады. Рауаштан көже жасап, шуындықтың түбін картоп құсатып шоққа пісірді. Әйелдер қолдары тілім-тілім боп жарыла жүріп, қырмандағы өткен жылдан қалған масақты терді, қыстай қар астында жатып ісінген, өне бастаған дәнді жинады. Әрбір семья үмітпен, қуанумен өмір кешті, есіктің сәл тықырына елең етіп дыбыс беріп, ұзақты күнге ауданнан келетін жолға телміре қарады. Біртіндеп майдандағылар қайта бастады, бір семьяның қуанышы бүкіл ауылдың қуанышына айналды. Тіпті қара қағаз алғандарға дейін үміттерін үзген жоқ.
Көктем гүл атты. Күн шуағын мол төгіп, егін көтеріліп өсе бастады, осы бір шақта бірде -біреу өлім дегеннің бар екеніне сене алмады.
Жұрт дәл бір ұзаққа созылған, ауыр ұйқыдан оянғандай боп, таудың, шабындықтың әсемдігін, сондай-ақ үйлердің төбесінің құлауға таянғанын, мал арықтап, арбалардың ашық - шашық қалғанын аңғарды. Бәрін асығыс жөнге келтірді. Бірақ аштық күшті ала берді.
— Осы мені ауылға не сордың айдап келгенін өзім де білмеймін? Қалалардың бірінде қалып, жұмыс тауып ап, тұрып қалғанымда ғой. Кесікті жалақың, бар. Ал мұнда болса еңбеккүн, оған да тек күзде бірдеңе алған боласың, онда да астық жөнді болса. Әйтпесе бүкіл жыл бойына күн демей, түн демей ырсылдап жұмыс істейсің, азығың қу шөптің сабағы ғана.
Асқар бұл сездерді аудан орталығындағы базардан сатып әкелінген жарма толы қаптарды кірдің үстіне ызалана лақтырып жүрген Қалтайдан естіді. Жарманы колхоздың екі бригадасы тең бөліп алды.
— Бұл айтқанын, дұрыс емес! Жігіт а дам қайда жүрсе де, өзін - өзі асырайды. Ал балаларды, кемпір-шалды, жетім-жесір әйелдерді кім асырайды? Қашқың келді ме, — бар, ұстамаймыз. Бүгіннен бастап кет! — деп Сапар Қалтайға тап берді.
— О не дегеніңіз, Сапеке, түсінбейді дейсіз бе? Менің айтып тұрғаным ол емес қой... — деп күрсінді Қалтай. — Шөп шабуды қай жерден бастаймыз, айтыңыз. Жігіттерді жинаймын да — әйда. Күтетін кез емес — шеп қуарып барады.
— Сауын сиырларды ауылға таяу қондырыңдар деп бұйырдым. Пішеншілерге сүт береміз. Ораққа дейін жетсек болғаны, — деді енді сабырлы сөйлеген Сапар. — Айтпақшы, Acқар сен фермаға есепші боласың. Сауыншыларға жәрдемдес. Ер жеттің енді. Екі аяқты арба береміз, сүтті «Төңкеріске» сеператорға апарып тұрасың, ал обратын бригаділерге тасып бересің. Соның бәрін есепке алып отыр...
Колхоз фермасы ауылдан біржарым шақырым жердегі Терең тау қуысына кіре беріске орналасты. Сауыншылар үшін екі жерүй жасалып, бұзаулар қамайтын жер қора қазылды. Мамырбай бақташы, Кенехан ұста — екеуі жерүй мен қораға есік жасап, ілездің арасында Асқарға екі аяқты арба да шауып берді. Ұста дүкенінің ауласында жатқан жуан бөренеден арамен доңғалақ қиып ап, оған шентемір қағып тастады.
— Ал, бала, сенін, танкін де дайын. Флягтерді салып ал да тарт жұмысқа. Жайлап жүрсең, мұндай доңғалақ ұзаққа барады, ал уақытымен майлап тұрсаң, бейіштің төріне дейін де жетесің, — деді Кенехан.
«Төңкеріске» сүт тарту онша қиын жұмыс емес екен. Асқар тез төселіп алды. Сауылған сүтті өлшеп, ескі дәптерге жазып қояды. Майы алынған сүтті бригада қостарының тай қазандарына құйып беріп, аспаздарға дәптеріне қол қойғызып алады. Әр жетінің аяғында ведомості счетовод Әмірбекке әкеп тапсырады. Міне, осы бір Әмірбекке жолығатын кез — балаға ұнамайды - ақ. Әмірбек Асқарды жек көретін және онысын жасырмайтын. Ол әрбір санды күдікпен қитыға отырып тексеретін.
Біртіндеп Асқар оған да үйренді. Ол тексеруге дәптерді үнсіз беріп, үнсіз қайтып алатын да, Әмірбектің сөзі мен тесірейе сынаған көз қарасына көңіл бөлместен кетіп қалатын.
Зәуреш фермадағы Айсұлу деген, күйеуі майданнан оралмаған жеңгесіне жиі-жиі келіп тұратын. Үлкен қой тастың үстіне отырып алып, ол Асқарды сырттай бақылайтын. Асқар ыңғайсыз күйге түсіп қатты қысылатын, қораның ішінен бұзауды әрең тауып, сиырды иітуге алып шығатын.
— Сен немене, Асқаржан, Зәурештен қорқасың ба? Соны көрсең болды, ебің қашып, бұзауға шамаң келмей қалады ғой, — десіп сауыншылар қағытып қоятын. Ештеңе емес, әлі - ақ колхоз байып, арқан алған кезде бұл әуреден сені құтқарамыз. Ал әзірше күшенуге тура келеді.
... Кіп-кішкентай сары бұзау енесінің емшегінен бас алғысы келмейді. Асқар оны құлағынан тартқан еді, көзі шадырайған бұзау оны сүзіп қалды, ол отыра кетті. Зәуреш сақылдап күліп жіберді.
— Әй, жігіт! Әкел көмектесейін, — деп кеп, ол лып еткізіп бұзауды емшектен айырып алды да, жіңішке шыбықпен шықпыртып, қораға қарай қуып берді. Ал есіктің алдына жеткенде бұзау ойнақ сап, секіріп-секіріп, мөңіреп енесіне қарай қашты.
— Қайда кеттің, сар сапалақ?! — Зәуреш пен Асқар оны соңынан қосарлана қуды. Бұзау кілт кері айналып қораға қарай қашты. Асқар мен Зәуреш бірімен-бірі соғылысып қалды.
— Асқар, сен менің Зәурешімді неге құшақтайсың? Әуелі қалың малыңды әкел! — деді Айсұлу көңілді дауыстап.
— Ұяатпасаңшы оларды, қу қалжақ, — деп Дәмеш апай езу тартты.
— Әй, осы сенің тілің - ай. Ағам болса қалжақтатар еді-ау сені, — деді ұялып қалған Зәуреш Айсұлу жаққа ойнақылана көз тастап қойып.
Осы көріністің айыпкері осыдан бастап «Сарсапалақ» атанып кетті. Бұзау да тез үйренді. Басқа бұзаулар мен сиырларға да ат қойыла бастады. Әуелгіде Асқар атақты адамдардың аттарын таңдап жүрді. Шыңғысхан, Наполеон, Ақсақ Темір... деп. Сауыншылар әр сиырдың мінез-құлқына қарап, соған орайлас ауылдағы әйелдердің атымен атауға тырысты. Нағыз түк ұқпас, өзін қотыр басқан, сүйкімсіз қиқар бұзауды Асқар «Әмірбек» деп атады.
Ауыл балалары ат қойылған бұзауларды көруге фермаға келіп тұратын болды.
— Әне қараңдар, әне қараңдар, әне бір сиыр керіліп - созылып Сәруардан аумайды екен. Ал бұзауы құйып қойған Әмірбек қой, тіпті тұмсығы да сондай жексұрын екен, — десіп күледі балалар.
Бір фляг майы алынған сүтті төгіп алған күні Асқарды Әмірбек кеңсеге шақыртты. «Төңкерістен» қайтып келе жатқан жолда егізге оқыра тиіп, Ақтұмаға қарап ала жөнелген. Екі аяқты арба тасқа соғылып, доңғалағы жарылып кетті, отыз сегіз литрлік фляг арыққа аударылып түскен.
— Обратты қайда құрттың? Кімге саттың? Міне, халық жауының баласына жақсылық етіп, есіркеудің аяғы. Бөрінің күшігін адам ішер аспен қаншама асырасаң да бәрібір, бәрі, болып өседі де! Сен өзің менің қытығыма тиіп, мазақ еткің келген екен, ә?! Бұзаумен салыстырасың, ә?! — Әмірбектің жып-жылтыр майлы кескіні ашудан күреңітіп, қап-қара мұрты тікірейіп кетті. «Бұл бұзаудан гөрі мысыққа қатты ұқсайды екен,» — деп ойлады Асқар. Әмірбек балаға қарай атылып кеп, оны бетінен сызғышпен салып қалды.
— Тарт қолыңды! — деген Сапардың даусы шықты.
— Ә-ә, басқарма. Ара түсесіз. Мынау сұмның баласын есіркейсіз...
Сапар оның сөзін аяқтатпады. Оның салалы үлкен, күшті қолы Әмірбектің кеңірдегіне жабысты.
- — Кім жау, кәне, айт? — Сапардың даусы дірілдеп кетті. — Сен оның бақайына да татымайсың ұқтың ба? Оның әкесі емес, сенсің, мына сенсің...
Сапар өзін-өзі әзер тежеп қалды, өңі қашып кеткен Әмірбекті босатып жіберді де өзі қалжыраған күйде орындыққа отыра берді.
— Сапеке, сен мұндайыңды қой, қой. Мен коммунистпін, мен шағым жасаймын...
— Шағымдан, мен де коммунистпін. Мен білемін, сенен шеккендей зиянды колхоз басқа бірде-бір адамнан шекпейді. Қалтай да коммунист. Мынаның әкесі де коммунист болатын, екеуміздей емес, нағыз коммунист еді, — деді Сапар Асқарды нұсқап. — Әзірге мен тірі тұрғанда мұны ешкім де жәбірлей алмайды!
— Ал, сен, балам, жұмысыңа бара ғой. Мен ендігәрі бірде-бір жан сен туралы жаман айтпауы үшін бәрін істеп бағам. Бара ғой, Асқаржан, Қалтайды шақырып жіберші. Басқарманың жиналысы болады де.
Көшеде Асқарды Зәуреш, Жомарт және су тасушы Бәукен қарсы алды.
— Немене, бұртия қалғаның? Ол қаныпезерге түкір де жүре бер. Сапар аға оны дымын шығармастай ғып пәре-пәре қылады. Ал одан қалғанына, бізге сем, — деп қулана кез қысты Бәукен, — өзіміз - ақ жәркемдейміз оны.
Кешкісін фермаға Сапар келген. Ол сауыншылардың жұмысына мұңая жымиып қарап тұрды. Онан соң бұзаулардың аттарын естігенде қарқылдап күліп жіберді.
- — Жарайсыңдар, ақыл тапқансыңдар. Енді сендерге бас жіптің де керегі жоқ. Біз біраз орам арқан тапқан едік. Ол мәлөкеш үшін өте қажет боп отыр. Байиықшы әлі, сонда сен¬дерге арқан сатып әпергенді қойып, үй де салып береміз.
Сапар фермада түн жарымына дейін болды. Отқа жақын кеп отырды.
— Е-е, Асқаржан - ай, қиындық жалғыз ғана сенің басыңда дейсің бе, кейде мен өзімнің өрем жетпеген көп нәрсені түсінуім үшін барымды аямас едім-ау деймін, адамның білетіні қандай аз десеңші... Әттен, аз да болса оқыған болсам, — деді Асқарды иығынан құшақтап, еркелеткен жұмсақ үнмен, жалын шарпыған көсеу ағашпен отты аударысытырып қойды.
— Тобылғының түбіртегі қандай жақсы жанады. Көмір сияқты тура... Түтіні аз, ал ыстығы — темір балқытарлық...
— Өзі мен не деп мылжыңдап кеттім, — деді Сапар дереу селт етіп. — Менің айтпағым бұл емес еді. Ертең сенің басқа жұмысқа ауысуыңа тура келеді. Басқарма ұн, картоп, лобогрейкалар мен самосбросоктарға запас бөлшектер айырбастап алу үшін әк тас дайындаумен шұғылдануға шешім жасады. Біздің тауларымызда әк жағатын тас көп қой. Ертең Қалтай бригада іріктеп алады, сен солармен бірге барасың. Бүрсігүні жүресіңдер. Еңбеккүнің есебін жүргізесің, тілмаш боласың. Ол жақта, тауда орыс селолары бар. Қалтаймен бірге соларды аралап өтесіңдер. Мүмкін, әк керек дейтіндер болса, алдын ала заказ қабылдайсың.
Біздің кәриялардың, әк тасын тауып, оны қалай өңдейтінін көзіңмен керіп үйрен. Жігіттің көп нәрсені білгені жөн. Білер кәсібін, жүзден асса да артық болмайды.
Қысқасы, істер іс жетеді. Тек аяғыңнан нық тұрып кетуің керек. Егер биыл астық жақсы боп, колхоз аз да болса ақша жинай алса, онда келесі көктемнен кірпіш құюды бастап, үйлерді жөндейміз...
Ертеңгісін Бәукен келді. Жұмбақтап жымиған ол Асқардың ескі дәптерін алды және одан үш бос флягті қабылдады. Оның ізінше ауылдан Айсұлу келді.
— Өткен түнде біреу Әмірбектің өлердей зәресін алыпты. Атын суғарып келе жатқанда, тонын айналдырып киген біреу қарсы алдынан жалп етіп шыға кепті. Ат жалт берген. Үрейі ұшқан Әмірбек орға домалап түсіпті, — деді Айсұлу. — Балалардың қылжағы болса керек. Әй, өркендерің өскір-ай!
Асқар Бәукенге қараған.
— Сен емеспісің?
Бәукен жауап қатқан жоқ, жымиып қана қойды.
— Кедергі жасама жұмысқа. Көріп тұрсың ғой: сүт өлшеп жатқанымды.
— Асқар, сен Қалтаймен бірге кетесің бе? Қап, сендермен бірге барар ма едім шіркін, — деді Айсұлу сөз арасы. Шелегін шайып тастап, сиыр саууға беттеді.
... Ұзақты күн бос еді. Ауылға барғысы келмеген Асқар тауға қарай кетті. Қалың өскен бұталарды жарып өтіп күнгейге шықты да қой бүлдірген теруге кірісті. Жас долана ағашынан көп долана тауып алды.
Бір уыс тау жуасын, бір қолтық етіп солқылдаған саумалдық теріп ап, терең шатқалды бойлап төмен қарай ирелеңдеп кететін жалғыз аяқ жолға шыққан кішірек бір жартастың жайпақ төбесіне демалып отырмақ болды. Балалар бұл жартасты «қарақшы» деп атайтын.
Осы жартастың үстіне жатып ап, ешкімнің көзіне түспестен шатқал ішінде не боп, не қойып жатқанын бақылауға болатын.
Төменде, бұлақтың арғы қарсысында, қалың шөп басқан сүрлеумен екі адам бара жатыр. Олар кішкентай қуыршақ сияқты еді. Алыстан білінер-білінбес белгілеріне қарап, жаулықты әйелді Айсұлу болар деп түйді Асқар. Оған ілесіп келе жатқан Қалтай.
Олар со бойда, дөп-дөңгелек, кішкене тәрелкедей ғана жасыл алаңға шықты да, сол жерде әлденеге керісіп қалды. Қалтай Айсұлуды ренжіткен болу керек. Өйткені Айсұлу жаулығының ұшын бетіне басып, кейін қарап жүгірді. Қалтай қуа ұмтылды, ұстап ап, әлденені қызына айтып жатыр, айтып жатыр. Асқардың да жүрегі алып ұшты, екеуі татуласса екен деп тіледі ол. Осы көріністі өзінен басқа ешкім кермесе екен деп, дереу төңірекке көз жіберді.
Қалтай Айсұлуды еркелете құшақтады да, екеуі сүрлеуді көрмегендей қалың шөптің арасымен жүре бастады. Кәрі жабайы алма ағаштың тұсына кеп, жерге тізе бүкті. Асқар олардың төбелері мен иықтарын ғана керіп отырды. Екеуі әлдене жайлы бір-біріне жарыса айтады. Айсұлу ақырын ғана басындағы ақ жаулығын алды, қос бұрымы екі иығынан төгіліп төмен түсті. Қалтай келіншекті өзіне қарай тартты...
Асқар орнынан атып тұрды да, Абайдың махаббат туралы бір әнін ыңылдай айтып, сүрлеумен төмен қарай жүгіре жөнелді. Көңілінде осы кезге дейін бұйығы жатқан жарқын да нәзік сезім оянды. Ол өзін табиғаттың өзі бұған сеніп берген махаббат құпиясы, таңғажайып сезім сырынын, иесі ретінде сезінді.
Таудан түсіп келе жатып, Асқар Зәурешті алыстан таныды. Қыздың үстінде жаңа көйлек, әдемілеп ерген қос бұрымы кеудесінен төмен түсіп тұр.
— Сен қайда жүрсің? — деп сұрады Зәуреш тіпті амандаспастан.
— Міне, — деді Асқар оған бір уыс саумалдықты беріп. — Тауда болдым.
— Сен Айсұлуды көрмедің бе?
— Жоқ, — деді Асқар көзін тайдырып. Ол өзінің қызара бастағанын сезіп, қыздың сүйкімді жүзіне тура қараудан жасқанды.
— Сөйтіп, тауға жалғыз барған екенсің ғой! Неғып тұрсың енді? Жүр, су алып келейік. Әйтпесе сендерде су да жоқ екен, — қылт етіп ашулана қалған Зәуреш бос шелекті алып тұмаға қарай жүгіре жөнелді, Асқар артынан ерді.
Башпақтарын шетке тастай салған Зәуреш суық суды кешіп барып, тұманың дәл көзінен шелекті толтырып алды да Асқарға берді.
— Ұста!
Жерүйге қайтып келген кезде Зәуреш:
— Кешкісін балалар ақсүйек ойнамақ. Келесің, бе? — деп сұрады.
— Жоқ, мен ертең ерте жол жүрем.
— Мен сенен жол жүресін, бе, жоқ па? — деп сұрап тұрғам жоқ. Келгің келмесе - — келме! — айқайлап жіберген Зәуреш жалғыз аяқ жолмен ауылға қарай жүгіре жөнелді.
Асқар оның соңынан қарап қалған. Күннің көзі шақырайып тұр. Әлдеқайдан әнші құс сайрап қоя берді, көлбей жатқан жасыл далада сүйкімді, сұлу Зәуреш лақша секіріп бара жатты...
Өгіздер өрге қарай әзер шығып келеді. Қалтай мен, кәдімгі мереке кезінде Күрекеңмен күресетін, Ақшал екеуі алда салт келе жатты. Қалтай бригадаға берілген бұзаулы сиырды айдап келеді. Ақкөңіл, бала мінезді Ақшал жер жағдайын білгір саналады. Бір өзіне ғана аян белгілер бойынша ол тауда әк тасының ең мол орнын, ал құмда судың қай жерде екенін табатын еді.
Қалтай Ақшалды сый көңілмен «инженер» деп атады.
— Инженер емес, геолог, — деп Асқар Қалтайды түзетпек болған, бірақ мұндай қиын сөзді бірде-бірі дұрыс айта алмады.
Жалпақ жатқан тау аңғарын жанап өтіп, күн кешкіре Қоғалы деген тау өзенінің жағасына, құлама жардың түбіне кеп тоқтаған бұлар. «Инженер» қолына кішкентай күрек пен темір сүймен алып төңіректі ұзақ шарлады. Жерді шұқылап, әлдеқандай тастарды қазып ап, дәл бір сиқырлағандай ұзақ қарайды. Ақыры жер астынан қылтиып шығып тұрған, ақ жолақтары бар ашық көгілдір тас тауып алды. Әлгі жерді айналып шықты да, бір кесекті сындырып ап қуана дауыстады:
— Осы ара!
Ыңғайлы орын тауып, жұрт қос тігуге кірісті.
Түнде барлығы от басына жиналып, ішінде кесек еті бар қара бидайдың талқанынан жасалған тәтті аталаны ішті.
— Бұл біздің жер емес. Пәле боп жүрмесе, — деп мазасызданды Жекен көсе. Ол таңертең Ақтұмаға қайтып, Қалтайдың орын тепкен жері туралы Сапарға айтпақ.
— Бөтен елдің жері емес қой. Бәрі де езіміздікі. Ұқтың, ба? Егер осы жерді иемденіп отырған колхоздың адамдары келсе, оларға түсіндіріп айт. Мұнда біз мәңгі-бақи тұрып қалмаймыз ғой. Бір-екі жетіден кейін шаруамызды оңдап аламыз да кетеміз.
Жұмысшылар күніне үш уақыт қара бидайдың талқанынан істелген сүт қатқан аталаны соғып ап, бүлдірген, саумалдық жейді, шәй ішіп онан кейін жұмысқа кіріседі. Жұмыста бел жазу дегенді білмейді. Тік жарқабақтың үстінен үлкен пеш қазып, соны әк тасымен толтыра бастады. Ірі-ірі кесектерді балғамен, сүйменмен сындырып алып, зорға деп арбаға тиеп, пешке тасыды. Пештің түбіне «инженердің» бақылауымен ең үлкен кесектер қаланып, кең доғал саңылау жасалды. Оның үстінен ұсақтау кесектер толтырылды. Сонымен қатар отын дайындау да жүріп жатты. Қураған қарағай, ақтерек, итмұрынның бұталары, тобылғы — әйтеуір қолға іліккенін, бәрі шабылды. Отын таудай боп үйілді, ал Ақшал болса: «аз, аз» — деп бой бермейді.
Азық-түлік таусылған кезде Жомарт келді. Ол бір шелек бидай, бір арық қой және бір кило май әкелген екен.
— Сапар аға енді ештеңе де жоқ деп айтты, — деді.
Сол күні Қалтайға екі орыс келген. Соның біреуі Қалтайға:
— Бұл жер «Заря» колхозының жері. Сендер біздің ағашты кесіп жатырсыңдар, — деді қазақша.
— Қосқа кіріңіздер, ақсақалдар, — деп жауап қатты Қалтай. Оман соң қонақтар ішке кіріп жайғасып отырғаннан кейін: — Бүкіл ауылдың көз сүзген үміті біз боп отырмыз. Известь дайындап, соны азық-түлікке айырбастауымыз керек, — деді ол. — Ал ағаш деген әлі-ақ өсіп кетеді, бұл жердің топырағы жомарт қой. Бізді ренжітпеңіздер...
— Әй, жігіттер, тез қойды сойсаңдаршы. Қонақтар күтіп отыр ғой. Ішек-қарнынан ауыз тиіп кетсін.
Қонақтар, жадау өңді, алма - жұлма киінген адамдарға ойлана көз тастап отырды. Кешкі тамақтан кейін олар сәт тілеп, қош айтысты.
— Ертең осында біздің колхоздың бригадасы келеді. Пар жыртсақ дейміз, әйтпесе ояңдағы бар жақсы жерге шөп пен жоңышқа себілген...
Олар таяу кеп орналасты. Төрт ат жегілген кішкене плугпен жер жыртуға кірісті. Буы бұрқырап төңкеріліп жатады.
Қара парға дала кептерлері қонып шылаушын теріп, қызық бір тірлік басталды.
Жомарт пен Асқар бірде бос уақыт тауып жер жыртқандарға келген. Борозда іргесіндегі палаткада бір қарт адам отыр екен.
Ә-ә, қонаққа келдіңдер ме. Хош келіпсіздер! — деді түстік әзірлеп отырған әлгі қарт. Онан соң балаларды жұлма көжеге әбден тойғызды.
— Қолдарың босай қалған кезде келе қойыңдар. Құс аулауға шыға қояйық, — деп қарт балаларға көңілдене көз қысып қойды.
Келесі күні олар қырғауыл іздеп Қоғалыны жағалап жүрген. Ойламаған жерден, бұта мен қамыс арасынан күмбезіне араб сездері, иероглифтер, таңғажайып суреттер салынған мазарға тап болды.
Жомарт ішіне кіріп, тап бір сиқырлы дүниеге кез болғандай жазуларды, қабырғаларды сипап қарс бастады. Ол бұл зираттың кімдікі екенін, қашан салынғанын білуге асық болды.
Кешкісін Жомарт мазар жайын Ақшалдан сұрай бастаған, бірақ қарт ештеңе білмейтін боп шықты. Қағаз тауып алып Жомарт мазарға қайрыла барды, өзіне ұнаған жазулар мен суреттерді мұғаліміне көрсету үшін көшіріп алды...
— Кешкі астан кейін пешті маздатамыз, — деп хабарлады Ақшал салтанатты түрде. Қолында айырықша ұзын ашасы бар еді. — Тек байқаңдар, онан кейін отты азайтып алмаңдар. Әк құриды, әйтпесе.
Отты өртей жағу басталды. Төрт тәулік бойы жанды от, жүмысшылар пештің жанынан кеткен жоқ. Таудай отын кез алдыда жоғалайын деді. Отын жетпей қала ма деп қорыққан Қалтай, еткен жылдары біреулер тастап кеткен бір мая шөпті тасып жеткізуді бұйырды.
Біртіндеп әк тасының үстіңгі қабаты қыза бастады. Әрбір тас қып-қызыл шоққа ұсайын деді. Ақшал дереу лай әзірлеуді бұйырды. Онан кейін лайға сабан араластырып әбден піскенше айдатып, өзі күрекпен пештің үстіне лақтыруға кірісті. Пештің төбесі әбден бітеліп болған кезде:
— Болды! Кетіңдер енді, оттан! Қақпақ әзірлеңдер! Астыңғы тесігін тез сылап тастау керек, — деді.
Жұмысты аяқтаған соң, шаршап қалжыраған, сонда да жүздерінде бақыт нұры ойнаған жұмысшылар қосқа жиналды.
— Үш тәуліктен кейін пешті ашып, әкті түсіруге де болады, — деді Ақшал кішкене шоқша сақалын сипай отырып.
— Біз Қоғалының жоғарғы сағасына ағаш кемірін дайындауға барамыз. Ал сен, Асқар, қалған адамдармен ауылға қайт.
— Бұл біздің жер емес. Пәле боп жүрмесе, — деп мазасызданды Жекен көсе. Ол таңертең Ақтұмаға қайтып, Қалтайдың орын тепкен жері туралы Сапарға айтпақ.
— Бөтен елдің жері емес қой. Бәрі де өзіміздікі.Ұқтың ба? Егер осы жерді иемденіп отырған колхоздың адамдары келсе, оларға түсіндіріп айт. Мұнда біз мәңгі-бақи тұрып қалмаймыз ғой. Бір-екі жетіден кейін шаруамызды оңдап аламыз да кетеміз.
— Кешкі астан кейін пешті маздатамыз, — деп хабарлады Ақшал салтанатты түрде. Қолында айырықша ұзын ашасы бар еді. — Тек байқаңдар, онан кейін отты азайтып алмаңдар. Әк құриды, әйтпесе.
Отты өртей жағу басталды. Төрт тәулік бойы жанды от, жұмысшылар пештің жанынан кеткен жоқ. Таудай отын көз алдыда жоғалайын деді. Отын жетпей қала ма деп қорыққан Қалтай, өткен жылдары біреулер тастап кеткен бір мая шепті тасып жеткізуді бұйырды.
Біртіндеп әк тасының үстіңгі қабаты қыза бастады. Әрбір тас қып-қызыл шоққа ұсайын деді. Ақшал дереу лай әзірлеуді бұйырды. Онан кейін лайға сабан араластырып әбден піскенше айдатып, өзі күрекпен пештің үстіне лақтыруға кірісті. Пештің төбесі әбден бітеліп болған кезде:
— Болды! Кетіңдер енді, оттан! Қақпақ әзірлеңдер! Астыңғы тесігін тез сылап тастау керек, — деді.
Жұмысты аяқтаған соң, шаршап қалжыраған, сонда да жүздерінде бақыт нұры ойнаған жұмысшылар қосқа жиналды.
— Үш тәуліктен кейін пешті ашып, әкті түсіруге де болады, — деді Ақшал кішкене шоқша сақалын сипай отырып.
— Біз Қоғалының жоғарғы сағасына ағаш көмірін дайындауға барамыз. Ал сен, Асқар, қалған адамдармен ауылға қайтатын бол. Сапарға айта бар, жәшікті арбалар жіберетін болсын. Бір көлік әкті ауылға жіберіп, әйелдерге бөліп береміз. Қалғанын тура базарға тартамыз. Өзіміз апарамыз. Бұл араға біз көлік келетін қарсаңда, яғни екі күннен кейін ораламыз. Көмірді тез-ақ дайындаймыз.
Жүрерінің алдында Қалтай Асқарды шетке шақырып ап, оған мұқияттап шүберекке оралған алма ағаштың түбірінен жасаған кішкене қасықты ұстатты.
— Айсұлуға берерсің. Оңашада. Ұқтың ба? — деп езу тартты.
... Асқар Қалтайдың түйіншегін Айсұлуға тапсырған кезде келіншек нарттай қызарып, жан-жағына ұрлана қарап қойды, онан соң қуанышын жасыра алмағандай, абдырап тұрған Асқардың ернінен шөп еткізді.
— Бұзасың баланы! Әлде сен оны жігіт көріп, ноқталағың кеп тұр ма? Байқап сүй, әйтпесе оның тілін тістеп ап, сақау қыларсың, — деді арт жақтан күле шыққан ашық дауыс. Айсұлуды итеріп қалған Асқар Зәурешті керді. Оның мұнда қашан келгенін Асқар байқамаған. Қыз жанарында бір жарқыл бар еді. Оның мазақ екенін, әлде кінәлау, болмаса әзіл екенін Асқар түсіне алмады. Ернін қолымен баса беріп:
— Сәлеметсіз бе? — деді ол. Зәуреш жауап қатқан жоқ. Асқар жерүйге кіріп кетті. Кіріп бара жатып Айсұлудың:
— Кішкене қыз, саған не болған, қызғанып тұрсың ба? Бәлі саған, мен сені әлі бала санап жүрсем, — деген даусын естіді. — Бұртима. Кезі келеді әлі, сонда бәрін де білетін боласың. Тіпті жасыратын несі бар, мен қазір де айта аламын. Мынау Қалтайдың беріп жіберген сыйы маған. Мен сенің бауырыңды адал жаныммен күттім ғой. Енді мен де адам емеспін бе, әйелмін ғой, уақыт өтіп барады! Әкім деген мынау, көрдің бе?..
Мұнан әрі Асқар ештеңе ести алмады. Жерүйге Айсұлудың өзі ғана кірді, Қалтай беріп жіберген қасықты не істерін білмегендей ойлы күйде қолында айналдыра ұстап тұр.
- — Зәуреш ауылға кетті. Бәрін ақтарып айттым. Баяғыда - ақ өстуім керек еді. Батылым жетпеген. Оңай ғана бет ашып алғаным қандай көрім болды, — деп күрсініп қойды ол. — Мүмкін осының бәрі ақымақшылық та шығар? Қайдам. Сұрап көрген емес едім өзімнен. — Айсұлу ауыр ойға батып ұзақ уақыт үнсіз отырды. Осы бір мұңлы шақтарында ол бұрынғысынан да сұлу, көрікті еді. Қою қара қасы, көзін жапқан ұзын кірпіктері, алтын шуақты ақсары жүзі оны қазақ ертегілеріндегі сұлуларға ұқсатып тұрды. Соған қарай отырып Асқар Зәуреш туралы ойлады. Оның көкірегінде Зәуреш туралы ой қозғайтын әлдеқандай бір бұлыңғыр, қатерлі сезім оянды.
— Неғып біз сонша жетімсіреп отырмыз, бүйтіп. Іске кіріселік те, — деп Айсұлу ұшып тұрып жаулығын байлады басына.
— Асқаржан, кішкене бидонды алшы. Тұманын, басында тығулы жатыр еді. Ішінде сүт бар. Сол сүтті ауылға, Қатипа тәтемдікіне апарып бере салшы. Өзін, білесің ғой, алты бірдей баласы бар. Екеуі ауру. Байғұстарда қотыр ешкі де жоқ. Ал балаларға сүт керек. Мен кеше үйлеріне кіріп едім. Тақыр жерде ұйықтайды екен. Балалары ұсақ, күйеуі қайтыс болған. Сапар оларға ең соңғы қалған етті берді. Ал мен сауын кезінде осы сүтті тығып алып қап ем.Апарып берші, айналайын.
Түстен кейін ауылға бара жатып, жолда Асқар күтпеген жерден Әмірбекке кездесті.
— Әй, тоқташы кәне. Қайдан келдің? Таудағы жұмыс бітіп пе еді, әлде?
— Әк дайын. Енді тек тиеп алу ғана қалды.
— Бұл жақсы екен. Ал мына биданыңдағы не? Тағы да сүт, болмаса қаймақ ұрлап келесің бе?
Әмірбектің астындағы ат Асқарды таптап кете жаздады.
— Мен ұры емеспін.
— Кәне, қақпағын ашшы.
— Мә! — - Асқар бас бармағым шығарып аттың тұмсығынан түртіп қалды.
— Сен немене! Мұны маған көрсетіп тұрсың, ба? — деп қиқылдаған Әмірбек, аттан секіріп түсіп, Асқарды қамшымен тартып - тартып жіберді. Бидонға жармасты. Асқар оны бар пәрменімен көкіректен қойып жіберіп, бидонды кері тартып алды. Сүт төгілді.
— Өй, тексіз қарақшы! Бөріден де сұм хайуан. Мә, саған! — Асқар босаған ыдысты Әмірбектің аяғына қарай лақтырып тастады.
— Ә, жаудың тұқымы! — Әмірбек темірдей қолымен кеп Асқардың желкесінен бүре ұстады да тізесімен итере - митере кеңсеге қарай сүйреді. Асқар қорғаныш күткендей төңірекке қарады, бірақ кешеде жан жоқ екен, бір кішкене бала ұста дүкеніне қарай жүгіріп бара жатты.
Атын көшеге тастап, Әмірбек Асқарды кеңсеге сүйреп кірді. Есіктің ілгегін салып ап, Асқарды бұрышқа қарай теуіп жіберді. Бар күшін жиып шиыршық атқан Асқар атылып кеп оның кеудесіне жабысты, басымен иектің астынан соқты, Әмірбек аттан салды. Онан соң ол Асқарды бүктеп салып жұдырығымен де соқты, аяғымен де тепкіледі.
Асқар тым-тырыс жатты, ол ләм деп үн шығарған жоқ, соққыны да сезген жоқ, тек ыза мем долылық, кереметтей қорлану көкірегін буып жіберді. Әмірбек, баланың денесіне дақ түсірмей, бір жерін сындырып алмайтындай етіп соқты. Онан соң ол жайлап бойым түзеп, киімін жөндеп, қолын сүртті.
— Жыланның баласы басқа баларға ұқсасашы. Қара, тістесуін. Мен әлі сенімен жөндеп есеп айырысармын. Кердегі әкең аунап түсетін болар. Талай айтқам оған, Әмірбекпен ойының келмесін деп. Осыдан былай, өз желкеңді қалай көре алмасаң, мектепті де солай кере алмайсың. Мен сенің мұғалімдеріңді бір аяғымен билетермін. Сені кімнің арқасы қалқалап жүргенін де білемін. Ендігі жерде ол күнің бітті. Құмға қуамын. Анау жолы түнде атты үркітіп, мені жарымжан қыла жаздаған да сен ғой? А? Айт кәне, қанша сүт ұрладық, кім берді, кімге апара жатыр ең? — Асқар тіл қатқан жоқ.
— Мен айтқызамын саған, — деп ол Асқарға тағы да тап берген. Әлдекім есікті жұлқи тартып қалды. Зәресі ұшқан Әмірбек кейін, столға жүгіріп барды. Ілгек шетке ұшып кетті, босағада Кенехан ұста тұрды. Жеңін түріп тастаған, қап-қара шойындай, тілім-тілім жұдырығы түюлі. Түксиген қасынын, астынан от қызуынан оңған көзі Әмірбекке оқтана қарайды. Әмірбек сұры қашып, қибыжықтап, дірілдеген қолымен столдың шетінен ұстай берді. Асқар белінің қатты ауырғанын сезіп, орнынан тұрды.
— Міне, мынау бала... Колхоздың ырысын ұрлап жүр. Мен одан жөнін сұрасам, жауап орнына жұдырығын ала жүгіргені. Мен оның әкесіндеймін ғой. Совет өкіметі оны мектепте оқытады, оның әкесі... ал ол ұрлық жасайды. Біз бұған бәрін беріп жүрміз ғой...
— Біздің үкіметіміз советтік қой, бірақ сен оған қол тигізбе, әкесі туралы да сөз қылма. Жүр, балам, — деді Кенехан Асқарға. Енді оның даусы жұмсақ шықты. — Қана болма, Асқаржан. Ары таза, ержүрек азамат халық үшін туады және халық үшін пида болады, ол туралы халық ұзақ уақыт айтып жүреді дейді халық даналығы. Әкең туралы Әмірбектің айтқандарына сенуші болма. Адам өлсе, қуаныштан ит-құс қана үреді. Және сенің өзің де кінәлі екенсің. Үлкенмен жағаласуға болмайды ғой...
Асқар Сапарға ештеңе деген жоқ. Бірнеше күннен кейін ол колхоз басқармасының мәжілісі болғанын, сонда Қатипа тәтейдің семьясына, әк дайындау кезінде Қалтайдың бригадасында болған сауын сиырды беру туралы қаулы қабылданғанын білді. Әмірбек болса, председательдің дұрыс басқара алмауынан колхоз сүт пен май тапсырудың жоспарын орындай алмай отырғандығы туралы аудандық партия комитетіне хабарлаймын деп қорқытыпты.
Бұл Сапардың қаперіне де кірген жоқ, оның көңілі көтеріңкі еді. Әк сатқаннан түскен ақшаға ұн, астық алыпты... Ауыл әйелдері үйлерін ағарта бастады. Ауылдың әрі кіріп, әсемденіп қалды. Орақ мерзімі де жақындады, санаулы күндер қалды. Сапар күнде барып арпаның пісуін қадағалап жүрді...
Соғыстан кейінгі алғашқы ораққа бүкіл ауыл болып шықты. Әркім-ақ басқадан бұрын алғашқы он бауды байлап, оларды әр түсті шүберекпен, ленталармен безендіріп қоюға асықты. Бәрінің де жұмысқа мықтап берілгендері сонша, Жекен көсенің алқына жүгіріп жеткенін де ешкім байқамапты. Есі шыққан ол:
— Сапекең қайда, Сапекең қайда? — деп біреуден біреуге қарай жүгіріп сұраумен болды.
— Жүгіре бергенше, орақ алып жұмысқа кіріссең етті, — деп дауыстады әйелдердің бірі.
— Әй, қатындар - ай, бір сұмдық болды ғой! Милиция және бір тұлан тұтқан ашулы біреу келді. Сапекеңді, келсін деп жатыр...
— Сақтай көр, алла! Не деп тұрсың сен, Жекен-ау?! — деді Дәмеш апай.
— Мүмкін, жай ғана көре кету үшін келген шығар, — деді де Сапар Аққасқамен ауылға кетті. Әзіл - оспақ сөздер тыйылды. Жұрт өз істерін зейін сала, үнсіз жалғастыра берді, орақ жүзінің сыңғырлап піскен арпаны сырылдатып орғаны әр тұстан естіліп тұрды. Орақшылар ауыл жақтан келетін жолға үрейлене кез тастап қояды. Бүкең қаққан Жекен көсе тағы да керінді. Жұрт жұмыстарын тастап, бел жазып, оның келуін үнсіз күтті.
Жекен жайшылықтағы елгезек жүрдектігінен айрылғандай ақырын ілбіп келеді. Оның артынан Аққасқаға мінген Әмірбек шықты. Жұрт бір жаманшылықты сезген тәрізді.
— Не боп қалды, айтсаңшы тез! — деп дауыстады әйелдер.
— Алып кетті, — деді Жекен даусы дірілдей шығып, әжімді жүзін жас жуып кетті...
— Жұртым-ау, мұнысы қалай... — деп аңырады Сапардың әйелі. Қалтай орағын лақтырып тастап, Әмірбекке тап берді.
— Бұл сенің істеп отырғаның! — деп, ол Әмірбекті Аққасқаның үстінен жұлып тастады. Атқа қарғып мініп, жолсызбен аудан орталығына қарай төтелей тартты. Не бас киімі, не үстінде пиджагы жоқ еді, жел кеулеген ақ көйлегі көпке дейін көз ұшында бұлдырап бара жатты.
— Құсағашты ластаса сұңқардан да үміт үз, — деді, Әмірбектің колхозға председатель болған хабарын естігенде Дәмеш апа. — Өзінің ғана ар-намысын ластап қойған жоқ, ол біздің ақ жанымызға да қаяу салды ғой, Сапардың үстінен арыз жазыпты...
— Айтқаның жөн ғой, қарындасым, — деді Кенехан, — бірақ біздің қолдан не келер? Кімге барып, кімге айтармыз мұны? Кім ұғар бізді? Тұлпар үйірін сағынса жер тарпыр, адам дос-жарын сағынса атын ерттеп, айыл-тұрманын мықтап тартып, жолға шығар. Сол айтпақшы, менің де анау төбенің үстінде жатқан дос-жарларыма барғым кеп отыр... — Кенехан зираттар көрінген төбені нұсқады.
— Тфәй-тфәй, тіліңе теріскен шықсын сенін,. Не деп отырсың. Молаға қашатындай кімнен қорыққаның?
— Қорыққаным емес, қарындасым, удай ашып барады көкірегім, Сапар үшін ашиды. Ол өз басының қамы үшін істеген жоқ қой, Ал енді қалай боп отыр. Заңды бұзған дейді. Ауыл шаруашылық артелінің Уставына қарсы, үкіметтің қаулысына қарсы келді деседі. Сапар колхоз өндірісінің өркендеуіне кедергі жасамақ болды дейді әлгі ауданнан келген нәшәндік. Оның айтуынша әк тас қайнатқан, кірпіш дайындамақ болған, сүтті жұртқа таратқан...
Ал сонда сол кім үшін шала бүлініп, шарқ ұрды? Өзі үшін бе еді: сүтті ашыққандарға берді, әкке айырбастан түскен азық-түлікті колхозшыларға таратты... Аз да болса біздің қарнымыздың тоқ болғанын, ауылдың аяғынан тұрғанын ойлады ғой. Сол үшін сөгіс берді, басқа ауылға ауыстырып отыр...
— Сөйтіп кімдікі жөн? Шынымен-ақ Әмірбек пе?
— Сапардың, үстінен арыз жазған сол ма өзі? Айтшы маған анығын! — деп Кенехан Қалтайдың қолынан шап беріп ұстады. — Осы шын ба, айтшы? Егер солай болса, Әмірбекпен мен өзім сөйлесемін. — Кенехан өзінің батпандай жұдырығым көрсетті.
— Керегі не, Кенеке, бәрібір ештеңе шықпайды, — деді Қалтай. — Ол бір зұлым жан ғой. Мен ештеңе істей алмадым. Сенбейсің бе? Әмірбекті аудан баяғыдан біледі, сенеді оған. Және заң бойынша да біздікі жөн емес екен. Бізге әк қайнатсын, кірпіш дайындасын деген уставта пункт те жоқ екен...
— Міне, сен ғой тағы да «заң» дейсің. Сол заңың кімнің жағында? Бір кездерде малшылар біріне-бірі: «Ей, қазақ көрпеңе қарап көсіл», — деуші еді. Ал сондағы көрпесі өз жыртық, шолақ тоны. Онан үлкенді ойлауға шама болмайтын. Қазір де солай болғаны ма... — деді, мая салушы әйелге үлкен бір бау бидайды алып беріп тұрған Кенехан.
Асқар қырманда істеп жүрді. Есекпен су тасып, әкеп, шөп - шаламнан тазартылған ашық алға шашатын. Астық төгілетін жерді тегістейтін. Есек болдырған кезде, Асқар бау әперушілерге қолқабыс ететін.
Қалтай мен Кенеханның сөздерін ол маяның түбінде жыртық қамытты жамап отырып естіді. Соңғы күндерде Асқар бұрынғыға қарағанда тұйықталып алған. Өзіне не тапсырылса да ол тіл қайтармастан, үнсіз атқаратын. Ол Сапар ағай үшін қатты қайғырды. Айналада не болып жатқанына түсіне алмайды. Жұрттың бәрі де Сапар ағаны жақсы көретін, сыйлайтын. Алайда ешкім оған ара түсе алмады, тіпті Қалтай да дәрменсіз боп шықты. Әмірбекті ешкім жақсы көрмейтін, жан адам ұнатпайтын, бірақ жұрт тегіс одан қорқатын. Асқар да қорқатын. Ол Сапар ағаның неден кінәлі болғанына тіптен түсіне алмайды.
Соңғы күндерде Асқар ауылға қайтуды қойған, бірде шөмеле шөптің түбінде, енді бірде ат қораның төбесінде — кез келген жерге ұйықтап жүрген. Бүгін оны, қырманда мая салушыға көмекші боп істеп жүрген Дәмеш апай үйіне шақырды.
Жұмыс түн жарымында тоқтаған. Өзі шаршаған Дәмеш апа май шамның жарығында Асқардың киімдерін жамауға отырды. Үйге Жомарт кірген.
— Мұның түнде безіп жүргенін қарай көр. Немене, ұйқың келмей жүр ме? — деп сұрады Дәмеш апай.
— Мен Асқарға кеп ем.
— Кір енді, оған келген болсаң. Тек оның ұйықысынан қалмағаны жөн де.
Жомарт отырып, тырнағын тістелей бастады. Асқар оны бүйірінен ақырын түртіп қойды.
— Созба. Айтсаңшы.
— Мен «Төңкеріске», мектепке барып қайттым.
— Ә-ә, тауып алғандарыңды көрсеттің бе, ал қалай, кімнің мазары екен? Шамасы, жаңалық ашқан шығарсың? — деп қағыта күлімсіреді Асқар.
— Жоқ. Мен басқа жайлы... Әлгі физикадан беретін қыли көз директорды білуші ме ең?
— Бір рет кергенім бар.
— Сол айтады, сені мектептен шығарылды деп...
— Неге шығарылады? — деді Дәмеш апай елең етіп.
— Оған оқуға болмайды дейді, әкесі туралы айтты...
— Олардың мектебіне түкірдім мен! Менің енді оқығым да келмейді, ештеңенің де керегі жоқ! — Асқардың өңі өзгеріп сала берді. Ол қабырғаға қарай теріс қарап кетті. Жомарт оның иығының діріл қаққанын байқады...
— Сабыр ет, балам! — деді Дәмеш қатал үнмен.- — Сен енді кішкентай емессің жылайтын. Көз жасына ерік беру — әйелдің ісі... Құдайға шүкір, енді сен жігітсің, ешкімнің тәлкегіне кәне қоймассың... — Дәмеш апай ойлы қалыпта ақырын сөйлеп отырды. — Біраз жерді араладың, қайда болса да жол таба аласың. Әзірге сені ешкім қуған жоқ қой, жұмысыңды істей бер. Ал күзге қарай белгілі болады ғой. Дұрыс жолды табу қиынға түседі, Асқаржан. Ана байғұс, әз баласына кішкентайынан нанның қоқымын жинауды сараңдығынан үйретпейді, өйткені әрбір дәнге адам еңбегі сіңген. Кімде-кім еңбекке дағдыланса, ол адал өмір кешеді... Әрине, өмірде жалғыз адамның мұратқа жетуі оңайға түспес. Алайда, жолыңнан әрқашан қайырымды адам кезігеді... — Дәмеш апа ұзақ сөйледі, Асқарды ғана емес, өз сөзімен өзін де жұбатқысы келген еді. Соғыста қайтыс болған ұлына деген сағыныш, жастайынан айрылған күйеуіне деген сағыныш жанын жегідей жеп барады, сөйлеген сайын шері тарқайтын сияқты.
Шам жылтылдап жанып тұр. Жомарт бағана кетіп қалған, Асқар да ұйқыға батқан. Ал бұл болса Асқардың көйлегіне жамау сала отырып өз өмірі туралы ойға кетті. Ол еш уақытта үйде жалғыз қалып, қол қусырып отыра алмайтын.
Ақтұмалықтар осы бір егде әйелдің төзімділігіне, сабырлылығына қайран болатын, оны құрметтеп сыйлайтын. Соғыс жылдарында мұның үйімде жетімсіреген балалардан жататын орын болмаушы еді, барлық көрші-қолаңдарының балалары осы үйде жүретін. Ол өзі далада да, үйде де бірдей аянбай жұмыс істейтін, балаларға да, абысын-ажындарына да күлкісі мен жақсы сөзін аямайтын. Тек, көзінің алдындағы қаралы кіреуке мен шашына кірген ақ қана ананың қасіреті туралы баян етіп тұрушы еді.
Санар оның замандасы, күйеуі марқұмның досы еді, сондықтан да Дәмеш апай оны өзіне тірек санап, ақыл-кеңес сұрарында соған баратын, оның үйімен бірге туғандай боп кеткен еді. Енді Сапар да жоқ, басқа ауылға ауыстырып жіберді... Ендігі күй қалай болады.
Әмірбек Асқарды құмға, қой қоралардың қиын оюға жіберді. Бір айдан кейін Асқар ауылға қайтып келді, Қалтайды төңіректеп, Әмірбектің көзіне түспеуге тырысты. Әмірбектің тағы да құмға жіберуінен қашты. Ол үнемі ойға батып жүретін, кекшіл боп алды. Басқалардан нашар киінгеніне ұялатын да. Оның көкірегінде бозбалаға тән тәкаббар менмендік ояна бастады...
Бірде жұмыс басында ұшырасқан Зәуреш бұған:
— Сен неғып жүнжіп кеткенсің? — деген.
Асқар қыз жанарынан өзіне деген аяушылықты көргендей болған, осының өзі оған қатты батқан еді. Бірінші рет ол өзін, осы бір жақсы киінген, сұлу қыздың жанында тұрған алым - жұлым адам аярлық күйінде айнадан көргендей болуы...
Енді бірде ол Зәурешті қырман басында кездестірді. Қыздың өңі қашып, боп-боз боп, абыржып, үрейленіп тұр екен.
— Не болды саған, Зәуреш? — деді Асқар еріксіз.
— Естіген жоқсың ба, әлде? Тағы да соғыс.
— Соғыс емес, бомбылау, — деді әлдеқайдан шыға келген Жомарт. — Жапон қаласының үстінен атом бомбасын тастапты. Мың мыңдаған адам қас қаққанша қырылған көрінеді.
— О, алла-ау, адамзатқа неліктен осынша кәріңді төктің? — деп күбірледі Дәмеш апай. Дәл сол сәтте Хиросимадағы аналардың қасірет - қайғысы өзіне де батқан сияқты еді. — Сол қаланын, тірі қалғандары қырылғандарды көмуге жетер ме екен? — деген сөз оның көкірегінен айтып жеткізгісіз азалы боп шықты.
Оған ешкім жауап қатпады.
— Бұ неғылған жиын? Сендердің аһылап-үһілегендерің ешкімге дәрі емес. Соғыстың аты соғыс. Ал Жапондарға келетін болсақ, олар да немістер сияқты. Айырмалары жоқ. Неге жұмысты тастағансыңдар, кәне орын - орындарыңа барыңдар.
— Ей, Әмірбек, адамның бәрі бірдей. Ананың бәрі де өз балаларын сүйеді. Адамның қайғы-қасіретіне олай деуге болмайды. Сірә, өзің бастан кешіп көрмегенсің ғой, — деді Дәмеш апай қатал үнмен.
— Кәрі неме, жынданғансың ба, неғыл деп қақсап тұрсың?
— Мен ақылымнан алжасқам жоқ, Әмірбек. Қамшы мен зәрлі тілден елдің бәрі қорқа бермейді. Онан да өз ісіңе сақ бол.
— Немене, сен маған ақылшы ма ең? Әлде мен сені ренжіттім бе? Жұмыс тоқтап тұр. Сондықтан сөйлеймін, — деді міңгірлеген Әмірбек шетке шыға беріп. Асқарды көріп, соған қарай жүрді.
— Ал сен дайындал. Тағы да құмға, қой қораға барасың, жұмысты сонда істейсің, — деп, Асқарға дүрсе қоя берді.
— Ол құмда болып қайтты ғой. Жетеді! Жақында оқуы басталады, — деп сөзге Қалтай араласқан.
— Қайдағы оқу? Оны шығарып тастаған... — Әмірбек атын қамшымен борбайлата тартып жіберіп, күзетшінің үйіне қарай беттеді.
Қалтай ақсаңдай басып Асқардың қасына келді. Оған тіктеп қарап тұрып:
— Естідің бе? — деп сұрады.
Асқар басын изеді.
— Онда таста жұмысты. Біздің үйге бар да, менің шинелімді ал. Міне, мыналар да саған, — деп ол галифесінің қалтасынан бір уыс ақшаны шығарып ап, баланың қолына ұстатты. — Бұл да саған. Қажет болады. Әмірбек барлық мектепке қожа емес қой. Бұл жерден шығарғанмен, басқа жерде қабылдайды. Сені оқудан айырғанымыз бізге күнә. Сенін, әкеңнің аруағының алдында күнә, бауырым, — Қалтайдың даусы дірілдеп кетті...
— Дәмеш! — деп дауыстады ол. — Кладовщиктен үн алып, мынаған жолына оны-мұны пісіріп бер. Қазір мен саған қағаз жазып берейін. Ертең бұл жол жүруге дайын болсын. Е-ей, заман деген қалай боп барады. Бұл бала туған ұям еді деп бізге келді, ал біз болсақ оны сирағынан тартып шетке лақтырамыз. Өзіміз, өзіміз лақтырамыз... — деді ол ызалы кекесінмен. — Жарайды, ештеңе етпейді Асқар. Менің айтқандарымды істе... — Қалтай тез басып күзетшінің үйіне қарай жүрді. Дәл алдына барған кезде Асқарға дауыстап сөйледі.
— Байқа, ақымақ болма. Өзіңді де, жұртты да ұятқа қалдырма. Әкең туралы сұраса — қайтыс болған де. Коммунист болатын де. Ол шындық сөз. Басқа ештеңені шатыстырма, оқитын бол! — Қалтай будкаға кіріп кетті, есік сарт етіп жабылды.
Асқар үн-түнсіз маяның сыртына барды да сабанға кіріп, ұзақ жатты. Ол енді бір күннен кейін қайда бет түзейтінін біле алмай алас ұрады.
Өз бетімен шешімге келуі қиын. Бұрындар ол ертеңгі күннің қамын ойламайтын. Ал енді алдағы күн қалай болар екен деген түйткіл бар көңілінде.
Кешкісін тағы да Жомарт келеді.
— Білесің бе, биыл Ленинскіде педагогтік училище ашылады деген қауесет сөз бар. Мүмкін, сонда тартарсың. Мен де мектептен документтерімді аламын... Биыл училищеде оқушылар жетіспейді, онда түсу оңай болады дейді қыли көз физик...
Училищеде шынында да студенттер жетіспейді екен. Асқар қабылдау емтихандарын еш қиындықсыз - ақ тапсырды. Шағын ғана тар жатақханадан Жомарт екеуіне орын қатар берілді. Жомартты ол сонау бәйге кезіндегі қылығы үшін жақтырмайтын, алайда бірте-бірте ол өкпенің ізі өшейін деді. Екеуі кішкенеден бірге өскен, бір ауылдың баласы еді. Жомарт өзінің бала кездегі әдеті көне белгілер мен көне заттарды жинастырып зерттеуін мұнда да қойған жоқ. Ұзақты күнге тау кезіп, тас мүсіндерді, мазарларды іздестіріп, ескі кітаптарды ақтарыстырудан жалықпайтын. Бір көрімі, осына^ ертеректе уездік қала болған ескі орыс селосының кітапханасында көне ескерткіштер туралы тозығы жетіп сарғайған әртүрлі ескі кітаптар мен журналдар көптеп сақталыпты. Солардың ішінен Жомарт селоның орталығындағы үлкен мешітті суреттеген, шетін тышқан кемірген бірнеше бет парақтар тауып алды. Ол жазуға қарағанда мешіт үйі ете ертеде салынған екен. Бір кездерде оның қабырғалары түрлі бояулы қыш кесектермен өрнектелген көрінеді. Оның әсемдігіне талай мұсылман сүйсініпті. Қытай мен Монғолдан келген саудагерлер осында тоқтайды екен. Жомарт мешіттің сол алғашқы сыйпатын қағазға салып, оның осынау шекарадағы жан-жағын алып жартасты Жоңғар тауының шыңдары қоршаған шағын алқаптағы орыс селосының орталығында қалай пайда болғандығы туралы өз ойынан әртүрлі аңыздар шығарып жүрді.
* * *
Жомарттың осындай түкке қажетсіз топшылаулары Асқарды әбден мезі ғып жібертіп, сондықтан да Жомарт Ақтұмаға кеткен кездерде ол қуанып қалушы еді. Оның үстіне Жомарт қайтқан сайын Дәмеш апай жіберген сәлем-сауқатпен қоса Ақтұмада болып жатқан көптеген жаңалықтарды ала келетін. Асқар Қалтайдың Айсұлуға үйленіп, қалаға кешіп кеткенін де осы Жомарттан естіді. «Әмірбектің кесірінен кеткен шығар», — деп түйді Асқар. Ол Жомарттың жанын қоймай отырып ауылдағы өзгерістер туралы, Дәмеш апай, Бәукен, Сапарлар жайлы тәптіштеп ұзақ сұрайтын... Ал Зәуреш жәйін бір де рет сұраған емес. Ол жәйлі Жомарттың өзі айтса екен деп тілейтін. Бірақ қырсыққанда Жомарт ол туралы ләм деп аузын ашпай қор қылатын, тек бірде сөз арасында байқаусызда келесі жылы Ленинскіге Зәуреш те келгелі жүр екен деп қалды. Асқар одан неменеге, не шаруамен келеді екен деп сұраған жоқ. Тек сол күннен бастап ол Зәурешті зарыға күтетін болды. Тіпті бір ретте оны түсінде де көрді. Екеуі гүл бәйшешек кең далада қатар келе жатыр екен. Асқар қыздың жұп-жұмсақ қолынан тартып, шашынан шыққан әсем бір жұпарды дәл өңіндегідей сезіп - біліп келеді. Бірақ қыздың жүзін көре алмады, өзінің сұлулығынан қымсынғандай Зәуреш сәл алға озыңқырап бетін көлегейлеңкіреп отырды.
Зәуреш туралы қалың ойға шомған Асқар сабақта отырғанын да ұмытып кеткен еді. Ол оқытушының өзін тақтаға шақырғанын да ести алмай қалған.
— Қалғып отыр, болмаса тәтті ойға сүңгіген ғой, — деді студенттердің бірі әзілдеп.
— Олай болса тағы бір екілікті қоямыз енді, — деді оқытушы қаламын алып. — Жағдайың қиын, Сембин. Сабаққа дайындалып келмейсің, оның үстіне класта ұйықтап отырасың.
Асқар ұяттан жанып кете жаздады.
— Оның тұрмысы ауыр. Артынан келер ешқандай көмегі жоқ, жұмыс істей жүріп оқиды. Кеше отын жаруға жалданды, — деді класс старостасы Люда деген қыз.
— Сіз қайдан келген қамқоршысыз? Сембиннің жұмыс істейтінін мен де білем, сондықтан да оқысын деп талап қоямын, — деді оқытушы еш зілсіз үнмен.
— Кешіріңіз, мен сізге айтқаным жоқ, мына мәз боп күліп отырғандарға айтам. Ұялсаңдаршы күлгенше, — деп Люда ыржақтасып отырған студенттерге кейістік білдірді. Асқар болса намысы қозып қызға ызалана қараған. Қабағын шытып, томсырайған қыз дәптеріне еңкейе берді. Қыздың лап етіп тұтана қызарған жүзіне қызыға көз салған Асқар оның Зәурешпен ұқсастығын іздей бастаған...
Училище үйінің іргесіндегі ескі шіркеу бағынын, қалтарыс бұрыштарында қыздарымен сырласып тұрған таныс балаларды көргенде Асқардың көкірегінде Зәурешке деген бір ыстық сағыныш оянатын. Біртіндеп өз қиялында сұлулықтың құдіретті көркіне малынған қыз бейнесі Асқарға ерекше бір күш - қуат бітіріп, өз ойында бұрын болып көрмеген небір жаңа сезімдерді оятуға себеп болды.
Жарқын да аяулы ойлар көкірегіне терең ұялап, кернейді. Өзі сүйген сол бір күн бейнелі көрікті қызға деген ыстық та нәзік сезім оянды. Зәуреш туралы ойдың өзі Асқардың ауыр тұрмысын жеңілдетіп, жаңғыртқандай болушы еді. Жасөспірім бозбаланың мінез-құлқы біртіндеп өзгеріп, сабырлы, ойлы күйге түсе бастады.
Ол енді сурет салумен, музыкамен әуестенетін болды. Сурет салу мен музыканың соншалық оңайға түскеніне Асқардың өзі де таңданатын... Мүмкін жастық деген осы шығар. Өйткені жастық өзінің алғаш түйсінгеніне — мейлі ол енерге деген құштарлық болсын, әлде қызға деген махаббат болсын, бар жаратылысымен құлай беріледі.
Он алты жас өмірінің ішінде Асқар басынан нені кешірмеді. Жас шағындағы қайғы-қасірет адамды тез кекшіл ғып жібереді. Асқар ер балалардың кез келгенімен кездесе кетіп күш сынасуға бар. Ал бірақ қыздардың алдында ебі кетіп, берекесі қашатын. Сондықтан да ол Зәурешпен кездесер сәтті тағаты таусылып, сарыла күтсе де, сол бір сәттен өзі қорқатын да.
Зәуреш күздің бір күндерінде келді. Ленинскіде оның бір ағайы тұрады екен, сол үйге кеп түсіпті. Жексембі күні ол ертеңгісін ойда жоқта училище ауласынан кіріп келе жатты. Есі шыққаннан Асқардың сұп-сұр боп кеткенін ол байқаған жоқ, қуана кеп амандасып, студенттік тұрмыс - жағдайлары жайлы сұрай бастады, өз ағасының мұның училищеге түсуіне мүлдем қарсы екенін де айтып үлгірді.
— Педагог болғаныңның маған керегі жоқ. Мен өзім де педагогпын. Онан да оныншыны орысша бітіріп шық, — деп ол Зәурешті орта мектепке беріпті.
Бірде кешкісін училищеге келген Зәуреш Асқарды музыка үйірмесінің сабағы өтетін шағын кластың ішінен тапты. Сәлемдескен соң Зәуреш тақтайы сынған ескі роялға келіп әлдеқандай бір әуенді салмақ боп ақырындап ойнай бастады.
— Бұл қай ән? — деп сұрады үнсіздікті бұзған Асқар.
Ол қыздың қатарына кеп тұрды.
Күн ұясына әлдеқашан қонған. Бөлме іші ала көлеңке еді.
- — Қайдағы ән дейсің, пианиноны бірінші керуім осы.
— Әлі-ақ үйреніп кетесің, — деді Асқар оның клавишаларды санай басып тұрған саусақтарына қолын тигізіп, Зәуреш үндеген жоқ. Асқар да үнсіз қалды, бірақ дәл осындай сәтте айтсам дейтін сөздері көп еді. Ол өзінін, Зәурешті қалай зарыта күткенін, оны сүйетінін айтсам дейтін, алайда аузына сөз түсер емес. Клавишаны қатты бір басып қалған Зәуреш еппен ғана жігіт қолы ұстаған саусақтарын кейін тартып алды. Сөйтті де тұрып кетті. Асқар енді оның иығына қолын тигізді.
— Сен жақсы қызсың, Зәуреш... — деді ол қырылдаған үнмен қызды өзіне қарай тарта беріп.
— Оның не, қойшы... — деп қыз Асқарды жәй ғана кейін итерді. Үні соншалықты ақырын әрі жұмсақ естілді. Асқар бойын кернеген кереметтей бір күш оны Зәурешке қарай Итере түсетін сияқты, бірақ ол өзін-өзі тоқтатты. Кішкентай кезінен бастап-ақ ол әлде біреуге жақпай қалам ба, әлде жек көрінішті болам ба деген қорқынышты әдеті бойынша балалық елжірегіштік пен тентектіктен туып жататын албырт сәттерді лезде өз ішінде сөндіріп, тұншықтырып отыратын. Тым ерте көрген шет қақпай, еркелетер ананың жоқтығы, тағдырдың қатыгездігі, — оның бойындағы ең басты қасиет — сенімді, мен де осы біреуге ұнармын - ау, мені де біреу сүйетін болар-ау деген сенімді өшірген еді. Енді міне оны өзінін, осынау алғашқы махаббатынан айрылам ба, мына қызға ұнамай қалам ба де¬ген үрей билеп тұр. Зәурештің «оның не» деген сөзі еш зілсіз жұмсақ айтылса да ол қызды жібере салды. Енді қимылдаса кешірілмес қателік жасардай қорқып тас боп қатты да тұрды.
Сәл терезеге бұрылған Зәуреш оның жақындауын күтіп тұрған. Әйнектен енген айдың солғын қиғаш сәулесі оның бетіне түсіп, шашынын, арасын кеулеген тәрізді. Ол жүрегі лүпілдеп бүкіл дүниені ұмытқандай жігіттің өзіне таяп келгенін, сүйгенін, алғашқы сүюді күтіп тұрды. Ал жігіттің оған жақындауға батылы жетер емес. Қыз оны ақырын ғана шақырды...
Жас жігіт қаймыға таяп келді. Зәуреш басын көтеріп оған тіктей қараған. Асқар оның жаудыраған қоп-қоңыр көзін, албыраған астыңғы ернін жақыннан керді. —
— Сөйлесеңші, әй сені де жігіт деп... — деген Зәурештің тағатсыз - күйі Асқарға да ауысты. Ол қызды иығынан қапсыра құшып, тұмсығын оның шашына тығып жіберді. Қыз да оның бауырына тығыла түсті.
— Мен саған көптен бері айтсам деп жүруші едім, — деді бақытқа шашалған Асқар қызды маңдайынан, көзінен үсті - үстіне сүйіп, сөйтіп тұрып ол есіктің қалай айтылғанын, шамның қалай жанғанын естіген де, керген де жоқ.
— Ә, сендер ме едіңдер? Кедергі жасадым - ау деймін! — деді таныс дауыс. Жылан шағып алғандай селк ете түскен Зәуреш жігіт құшағынан жұлқынып қап, бөлмеден атып шықты.
Есік көзінде Жомарт тұр. Ыржиып күледі. Осы күлкісінің өзінен Асқар кірерге жер таппай қысылды. Ұят пен ыза бірдей кернеді оны. Жолдасына деген жеккөрініші сұмдық еді. Осы адам оны бір рет той үстіндегі бәйгеден келер қуаныштан да қағып еді. Енді міне, үстеріне сұраусыз кіріп Асқардың өміріндегі ен, асылын қорлағандай боп тұр. Екі адамның ғана есінде мәңгілік қалатын сәтті керді ол.
— Өзің тіпті жабысып қапсың ғой. Араларыңда бірдеңе бар ма еді? Сезсемші соларыңды, — деп Жомарт рояльдің аржағына шығып, орындықтарды қозғастыра бастады. — Енді неғып тұрсын, сілейіп? Қазір мұнда бізге үйірме сабағы болады, бар жүгір, сұлуыңды қуып жетсеңші. Құшақтап қал, — деп ол қулана көз қысқан, Асқар мұнан әрі не істеп, не қойғанын өзі де сезбестен атылып кеп, Жомартты құлақ шекесінен салып жіберді.
— Саған не болған, қой әрі! — деді кейін шегіншектеген Жомарт. — Қой енді! Немене, мен есіктен сығалап, аңдып келді деп пе ең? Байқамай қалдым... Қапаланба, қайтып барсаң, тағы құшақтайсың...
Асқар оның жағасынан ұстай алды.
— Қойсаңшы, ей, жынданғансың ба! Бір қызға бола жолдастықтан кетісесің бе, — деген Жомарт босанбақ боп әрекеттенген. — Жібер енді, әйтпесе сыбағаңды аласың...
— Тілің кесілсін сенің! — деп Асқар оны жағынан тартып қалды. ЬІңырсыған Жомарт бетін басып еңкейе берді де, қапелімде басымен Асқарды иегінің астынан бір-ақ қақты. Бірақ Асқар қолын оның жағасынан сонда да жіберген жоқ еді, екеуі ұмар-жұмар боп еденге бірдей құлады. Тарих пәнінің үйірмесіне келген балалар екеуін әзер айырды.
Ертеңіне училищедегі студенттер бұл екеуінің төбелескенін, Зәуреш жайлы тегіс құлақтанған еді.
— Бар кінә өзіңнен. Сонша есіңнен танып еліріп. Мен саған ешқандай жаманшылық істегенім жоқ қой, — деп күңкілдеп қойды Жомарт, еріндері күптей боп ісіп түнеріп жүрген Асқарға. Жоқ, Асқар көңілін жабырқатқан Жомарттың да қылығы емес, жұрттың да сөзі емес еді. Оның жүрегіне қанжардай қадалған, бәрінен де қатты батқаны Зәурештің айтқандары болды.
— Бұл қай істегенің, сенің, мұның не? Менің абыройымды төгу үшін бе... Төбелесіп нең бар еді. Қандай тұрпайылық. Біздің үйдің іші де, мектептегілер де тегіс біліп қойды... Неге осынша жүгенсіз едің...
Екеуі таңқурай мен қарақат ағашы қалың өскен ескі бақтың ортасындағы қабығының жұлық - жұлығы шыққан үлкен ақ қайын, бұталарының түбінде жолығысқан еді. Зәурештің көзінен ыстық жасы ағыл-тегіл парлап тұрды. Асқар болса оны жұбата алмады. Жатақханаға қайтқан соң, ол көрпемен басына дейін қымтап оранып ап, түн ортасы ауғанша өзінің алғашқы махаббатын, өзінің әмірден көрген тағы бір зәбірін шағынып ұзақ өксіді...
* * *
Асқар қыз алдында өзін кешірілместей кінәлі санады. Жұрт көзінше оған көрінуден қашатын болды, балалар екеуін келеке етіп күлер деп қорықты, ал Зәурешті көрмей жүруден асқан қорлық және жоқ еді. Сабаққа даярланған адамша қолына кітап алып, Зәуреш өтетін жалғыз аяқ сүрлеуге таяу шие ағашының көлеңкесіне кеп отыратынды шығарды. Әлгі сүрлеумен қыз жүгіріп өткем кезде, Асқар демін алмастан қалың шөпке тығылып жататын. Болған оқиғаны Зәурештің ұмытып кеткенін ол қайдан білсін. Жаңа таныстар, мектептегі ересек балалар мен студенттердің күнделікті ілтипаты қызды еліктіріп әкеткен. Биді жақсы билейтін Зәуреш училищедегі бірде - бір сауық кешін, концертті құр жібермей жүрді. Оған қала балаларының, ықыласы ұнады, Жомарт әңгімелерін қызыға тыңдайтын болды.
Бұрын, ауылда жүргенде Асқар оған басқа балаларға ұқсамайтын, ерекше сияқты еді. Өйткені ауыл балаларының ішінде бірінші рет алыс сапарға шыққан, қалада болған, орыс тілін білетін сол ғана еді. Енді ол қыз көзіне күлкі-мазаққа жем болған, жапа шеккен қорғансыз біреу ғана боп көрінді. Тек Асқар тағдырына деген аяныш және екеуінің арасындағы көптен етене болған қарым-қатыс жігітті қыз көңілінен өшіре алмады. Қыз жүрегінің түкпірінде жігіттің мұны жан-тәнімен сүйетінін ұғатын, сондықтан ол туралы өзі де жиі ойға қап жүрді.
Кездескен жерде екеуінің ойына да сонау өкінішті кеш, айтылмай қалған сөздер, төбелес оралатын. Сол-ақ екен екеуі де қалыпты жайдарылықтан айрылып сөздері байланыспайтын. Зәуреш ыңғайсыз күйге түсетін, Асқар болса есі шығып, үндемейді, кеп жайды айтқысы келеді, айта алмайды, тіпті қыздық қасында жайдан-жай тұра бергісі келеді, тұра алмайды.
Мұндай кездесулердің қызға ұнамайтынын Асқар сезеді, бірақ оны кінәламайды да. Ол көбіне өзін кінәлады, өзін жігерсіз санады, қыз алдында қайткенде де басқалардан сәл де болса асып, артық көрінуге бар күйін салып бақты. Тау арасындағы ең ауыр шаңғы жорықтарына қатысты, әбден шіріп, құлауға жақындап, жел шайқап тұрған шіркеу үйінің ұшар төбесіндегі кресті алуға өрмелеп шықты, духовой оркестрдің баритон исі, қабырға газетінің суретшісі болды. Ал Зәурештің алдында сол бұрынғысынша есі шығып, бір ауыз сөз айта алмайды.
— Өліп-өшетіндей, сол қыздың несі бар? Одан да әдемі қыздар жүр ғой. Сөйлессеңші солармен, — деп әзілдеген бірде Жомарт, бірақ Асқардың түсіп кеткен қабағын көріп, тілін тістей қойды.
Жексенбі күндері оркестр құрамында баритон трубамен «Дунай толқындары», «Ақ қайың» тәрізді сазды вальстерді ойнай тұрып Асқар зал ішінде Жомартпен, яки басқа біреулермен ырғала билеп жүрген Зәурешке торыға қарайтын. Қыз болса мұны байқамайды да, көрмейді де.
— Зәуреш биге келгеннен бері сен аспабыңды жақсы ойнайтын боп жүрсің. Рас, кейде бұзып жіберетін жерлерің бар, бірақ ол ештеңе етпейді, — дейтін балалар оспақтап. Мұндай әзілдер Асқарды безе қашардай қылған. Ақыры ол оркестрге де қатыспай қойды. Осылайша әуес болған бір ісінен шеттеді. Музыкант болсам деп көксейтін, — болмады. Ол бала кезінде: ән салатын, музыкалық аспаптарда ойнай алатын қабілеті бар адамдарды бақыты жанған жандар ғой деп ойлайтын. Бұлардың ауылындағы ең даусы әсем қыз Ғайни болатын, бірақ сол бір бағы ашылмаған қызға әннен келген қуаныштың шамалы екенін де білетін.
Арман, арман... Үлпілдеген сұлусың... Балалық шақта таңғажайып ертегісің, қиялсың. Өмірмен беттескен алғашқы сәтте-ақ күйреп түсер нәзіктігін, де сондықтан шығар?!
Оркестрден кеткеннен кейін Асқар Зәурешті бұрынғыдан да сирек керетін болды. Енді ол үндемейтін тұйық боп алды, ұзақты күнге училищеден шықпайды, біресе су тасушыға, біресе кілтшіге жәрдемдесіп зыр жүгірумен жүреді, немесе бөлмені іштен жауып алып қабырға газетін ернектейді, соған арнап өзі өлең жазады. Сондай кездерде жанында ылғи да класс старостасы — ақсары шашты, ашық жүзді Люда болады. Өзінің икемсіздігімен, дөрекілеу жүріс-тұрысымен Люда қыздан гөрі ер балаға көбірек ұқсайтын. Не жайлы сөйлесе де ойындағысын еш бүкпесіз ашық айтатын тек Асқардың көңіліне қаяу салар, қытығына тиер әңгімелерге еш уақыт баспайтын. Асқар қандай ауыр сөздер айтса да үнсіз кешіретін.
Балғын көкіректегі ішқұсталықтан кеп туған әлдеқандай белгісіз бір кекті сезімге берілген Асқар бірде мүлдем бейкүнә Люданы жазықсыз тілдеп, қасында отыруға тиым салды. Люда үн-түнсіз шығып кетті.
Асқар жалғыз қалған. Стол үстінде шашылған қарындаштар, журналдардан Люда қиып алған суреттер жатты. Оларды Люда қабырға газетіне жапсыру үшін қиған. Солай еткенде газет әрлі шығатын. Терезе алдында желім қалбыры және Люданың ұмыт қалдырған кітаптары жатыр.
Ашық терезеден Асқар бақ ішіндегі жалғыз аяқ жолмен қыздың ренішті кетіп бара жатқанын керді. Жалаңаштана бастаған қайың бұтақтары сыбдырлап, жол үстіне қалықтап айналып жапырақтар түсіп жатты. Қоңыр күздің жаймашуақ күні еді.
Осы тұста ғана Асқар Люданың өзін ұнататынын сезді. Біреуді ұнатқаныңда ол сені ұнатпаса қандай болатынын Acқар білетін. Сондықтан мына жай бұл үшін аса ауыр жаңалық еді. Үнемі қайғы-мұң иықтан баса берген адамның басқаға қиянатшыл келетінін ұқты.
Асқар басын қос қолдап ұстай алды. Осынша қағылез болғандығы үшін өзін жерлеуге әзір. Ойша өзінің қазіргі дөрекі тұрпайылыққа толы мүсәпір болған кейпін көз алдына елестетіп керді. «Адам сүйер қылығым жоқ-ау», — деп ойлады. Кейде бүкіл өткен-кеткеніңді, айналаңды жаңаша бір ой сарабына салуың үшін, өзіңе езің есеп беруін, үшін осындай іштей лап еткен жалғыз жалын жеткілікті.
Асқар терезеден бақ ішіне қарғып түсіп, жолындағы бұталарды сындыра - мындыра күзгі қалың жапырақ үстімен жүріп кетті.
Ол тағы да Зәурешті есіне алды. Жоқ, қыз мұны сүймейді екен, енді ол туралы ойлап керегі жоқ. Нағыз жігерсіз, пақыр адамның өзінде де намыс деген болады емес пе?
Жомарт үшін бәрі де айдай айқын, анық көрінетін. Махаббат жайлы ол ешуақытта пәлендей мән беріп, жөн сөйлеген емес.
— Табиғаттың өз заңы. Неғұрлым әйел сұлу болса, соғұрлым оған ынтызар боласың. Әдебиет, сурет - сәулет өнерінде жақсы шығармаға қандай құштар болсаң, сұлу әйелге деген құштарлығын, да сондай, — дейтін Жомарт.
Мұндай теңеу Асқарды ептеп тіксіндіріп тастайтын, іштей бұған қарсы болатын. Алайда ләм деп дау айтпайтын, қайта өз ісіне Жомарт сөзінен жұбаныш тапқысы кеп оны қостап! қоятын.
Балалардың, әзіл-оспақтары жанына қанша батса да, Асқар Жомарттың, кінәсінің бәрін кешті. Оның мінез-құлқына үйреніп алды, кейде тіпті оның дегеніне бағынатын да болды. Енді екеуі жұптарын жазбайды. Қыста шаңғы спортымен әуестеніп, тауға, алыс сапарларға бірге шығып жүрді.
Асқар көңілінің шырғалан, күйін Зәуреш сырттай бақылап, жақсы ұғатын. Кейде оған жақындағысы кеп тұратын. Бірақ балалар тағы да музыка бөлмесіндегі оқиғаны еске алып, екеуін мазақ етіп күлер деп қорықты.
Уақыт зымырап етіп жатты. Асқар үшінші курсты бітіріп, енді Жомарт екеуі Алматыға оқуға аттануға жолға жиналып жүрді. Ол со бұрынғысынша Зәурешті көрсе қашақтап, үнсіз кететін. Училище бітірген күнгі сауық кешіне де шақырған жоқ. Дәл Асқар Алматыға жүретін күні, Зәуреш шыдай алмады, жүгіре басып училищеге келді.
Басқалардан оқшау, шеткерірек бір қайыңның көлеңкесінде тұрып ол Асқарға қарай берген. Асқар өзін байқаса екен, көрсе екен, қасына келсе екен деп тілеген. Бірақ кеш қалыпты. Балалар Асқарды қоршап алып, жеңіл арбаға отырғызды да, аттар ала жөнелді.
Училище студенттері жазғы демалысқа шығып, Асқар мен Жомарт кеткеннен кейін Зәуреш Ақтұмаға келген. Алайда аз күннің ішінде іші пысып, ауылдан зеріге бастады. Онан соң Ленинскіге қайтып келіп, күн ұзаққа бақ ішін аралап жүріп уақыт өткізетін болды. Кейде дос қыздарымен бірге киноға барады, бірақ көбіне-көп жалғыз қалады. Жазғы демалыс кезінде Ақтұма сияқты Ленинскі де тым-тырыс, көңілсіз еді. Село тек балалар оқуға қайтқан кезде ғана дуылдайтын.
Ағасының үйіндегі радиоқабылдағышты бұрап Зәуреш музыка ұстайтын. Ол ішін пыстырған кезде, бақ ішінде ұзақ аунап жатып кітап оқуға кірісетін, онан соң көк аспанға сүзіле қарап, әлдеқандай ой қиялына шоматын, ауылды есіне алатын.
Өзінің тұлымы желкілдеген бала кезінде Асқармен бірге бұлақ басында жүгіріп ойнағаны, екеуінің гүл терген кездері, Асқардың мұны «танкіге» отырғызып сүйреткені, онан екеуінің сары бұзауды жабыла қуып ұстағандары — бәрі көз алдына келетін. Енді бірде Зәуреш Асқар бойында ылғи да бұл түсінбеген бір жұмбақтың болғанын ойлады. Асқар ылғи да мұнан именуші еді, ұялшақтап тұратын. Зәуреш оны басқа балалармен салыстырып көрген, бірақ кімнің артық екенін ажырата алмады: Жомарт па, әлде Асқар ма? Бір ретте Жомарттың мұны шөп еткізіп сүйіп алғанын есіне түсірді. Зәуреш оны көргенсіздік деп есептеді, бірақ Жомартқа онша ашуланбап еді.
Неліктен Асқар басқалар сияқты емес, неліктен ол сонша бұйығы? Әлде жалғыздықтың, жетімдіктің салдары ма? Асқардың, қолы жұмыстан босамайды. Бұрын да істегені сол жұмыс еді ғой, бірақ ол кезде мінезі мұндай күрт болмайтын.
Асқарға деген бір кездегі аяныш пен мүсіркеу сезімі қыз көкірегінде қайта оянды. Енді ол жігітке бірінші боп өзі хат жазып, қош айтыспай кеткені үшін кінәлап өкпе білдірді. Онан соқ өзінің Ақтұмаға барып қайтқанын, қазір Ленинскіге келгенін, ауа райының жақсы екенін, өзінін, жоғарғы оқу орындарына түскен студенттерге қызығатынын, оқуда табысты болуларына тілектестік білдіретінін тегіс жазды. Келесі жылы институтқа түсуге баратынын да айтты.
Зәурештің хаты Асқар үшін күтпеген қуаныш болды. Ол дереу жауап жазуға отырған, бірақ бір жазғанын бір, екі жазғанын екі жырта берді. Жөнді сөз таба алмай дал болды. Өлеңмен жазып еді, ол да дәрменсіз көрінді. Ақыры мүлдем жауап жазбауға бекінді. Бәрібір жөнді ештеңе шықпайтын түрі бар. Ең дұрысы Ленинскіге барып, Зәурешті көріп қайтқан. Алда демалыс таяп қалды.
Ендігі жерде Асқарда дегбір қалмады, қолына түскен тиын-тебен болса жинастырып, жолға әзірленді. Ол өзі армандап келген фильфактың студент! болатын да, ал Жомарт тарих факультетінде оқитын.
Екеуі бір жатақханада, бір бөлмеде бірге тұратын.
Асқардың қара нан мен суды талшық етіп жүргенін байқаған жолдастары жаңа жыл қарсаңында жасырын ғана ақша жинап, конвертке салып сыртына: «Болашақ ұлы филологқа Аяз Атадан» деген жазумен оның жастығының астына қойған.
— Мұны кім қойды? — деді, конвертті ашып, ақшаны көрген Асқар сұп-сұр боп. Жомарт бөлмеде жоқ еді.
— Конвертте жазулы тұр ғой, — деді қатарлас төсекте жататын көршісі.
— Мен қайыршы емеспін! — деп Асқар пакетті столға лақтырып тастады. Қатты ашудан қолы дір-дір етіп, көзі от шаша қарайды, бір ауыз сөз айтар адам болса атылып кеп бас салуға дайын.
— Қызық жігіт екенсің, — деді әлгі қатарлас жататын көршісі тіптен ақырын сыбырлай сөйлеп, — біз сені қайыршы деп емес, жолдас деп жинадық. Текке шамданасың.
Басқа жігіттер әрқайсысы өз орындарында кітап оқыған боп жатыр, тырс еткен ешқайсысы жоқ. Жолдастарының осынша жайбарақаттығы Асқардың ашуын еріксіз тежеді. Ол сабасына түсіп, шаршаған кейіппен төсегіне отыра кетті.
— Жігіттер, кешіріңдер... бірақ ақшаларыңды алмаймын, — деді күрсініп. — Мен ешкімнен өзімді кем санамаймын, бар-жоғына қанағат етем. Киімім нашар шығар, бірақ қазір жұмыс істеп жүрмін ғой, әлі-ақ жаңадан сатып алам. Рас, кішкене кезімде қаңғып жүрдім, қайыр сұрадым. Бірақ енді олай бола қоймас. Сондықтан маған аяушылық білдіргендеріңе рахмет, тек ақшаларыңды қайтып алыңдар. Әйтпесе ренжимін...
Асқар тұрып кітаптарын алды да университет баспасына кетуге жиналды: ол сонда студенттердің көп тиражды газетінде әріп теруші болып істейтін.
— Тоқташы Асқар, осы саған неге стипендия бермей қойды? Қабылдау емтихандарын сен бізден нашар тапсырған жоқсың ғой? — деп сұраған көршісі.
«Осы шынымен-ақ білмей сұрап тұр ма, болмаса мазақ еткені ме?» — дегендей Асқар оған шаншыла қараған. Осы тұста басқа жігіттер де тегіс бастарын көтеріп, әлгі әңгүдік жігітке жеп қоярдай кіжіне кез тікті.
— Өйткені менің әкем халық жауы! — деп Асқар әлгі абыржып қалған көршісінің бетіне төніп айқай салды да, есікті тарс еткізіп шығып кетті.
Алматының кәдімгі тікенекше қадалған түйіртпек қары себелеп тұр. Жартылай бос, тасыр-тұсыр еткен трамвай іші азынаған суық. Асқар ашуын басып ойға батты. Өзінің ұстамсыздығына күйінді. Жолдасым ғой, маған стипендияның не себепті берілмейтінін шын ниетімен білмей сұрады ғой, деп ойлады ол, Джек Лондон томын аша тұрып.
Әрбір бос минутын ол кітап оқумен өткізетін. Қала балаларына қарағанда өте аз оқығанын жақсы сезетін. Олардың жанында өзі көп нәрседен бейхабар қалғандай боп тұратын. Жомарттың да күндіз-түні кітапханадан шықпайтынына қызығатын еді Асқар.
Соңғы зачетті тапсырып бола сала Асқар еш аялдамастан Ленинскіге тартты. Станцияда поездан түсе сап бензин тасушы машинаға отырды. Аудан орталығына дейін жол құм арасымен өтетін. Кабина сыртында ызғырық жел гуілдеп, қиыршық құм мен қар әйнекке тысырлап соғып тұрды. Құмға отырып қалу қаупінен қорыққан шофер машинаны ұшырта айдап, аудан орталығына тез жеткен. Мұнан әрі қарай Ленинскіге Асқар Ақтұма арқылы жүруге бекінді, Өйткені Ақтұмадан әрі қиын да болса тете ететін биік асу бар, шаңғымен бір-ақ күндік жол.
Туған ауылына түнделете кеш жетті. Дәмеш апай үйінде жоқ екен, жиналысқа кетіпті.
Жолдан ұлтарған пимасы мұз боп қатып сықырлап, шолақ тоны су-су боп, өзі аш, қалтырай тоңып, іші лықылдаған адамға толы, шылым түтінінен тұмантқан, аласа, тар бөлмеге кірген. Түпкір бұрышта кішкене стол тұр. Үстінде май шам елусірей жанады. Жұрт қысылысып жерде отыр.
Стол басында жаңадан тігілген түлкі тым көріңкіреген бір адам қолындағы газетін құсап арасынан Асқар оның Әмірбек екенін әрең құлақ түрді.
— ...Міне, көріңдер ғой, менің айтқанымның он тоғызыншы съездің не деп жазғанын деген сөздері Асқарға да жетті. — Ал сендер ғой Зәурештің хаты Асқар үшін күтпеген қуаныш болды. Ол дереу жауап жазуға отырған, бірақ бір жазғанын бір, екі жазғанын екі жырта берді. Жөнді сөз таба алмай дал болды. Өлеңмен жазып еді, ол да дәрменсіз көрінді. Ақыры мүлдем жауап жазбауға бекінді. Бәрібір жөнді ештеңе шықпайтын түрі бар. Ең дұрысы Ленинскіге барып, Зәурешті көріп қайтқан. Алда демалыс таяп қалды.
Ендігі жерде Асқарда дегбір қалмады, қолына түскен тиын-тебен болса жинастырып, жолға әзірленді. Ол өзі армандап келген фильфактың студенті болатын да, ал Жомарт тарих факультетінде оқитын.
Екеуі бір жатақханада, бір бөлмеде бірге тұратын.
Асқардың қара нан мен суды талшық етіп жүргенін байқаған жолдастары жаңа жыл қарсаңында жасырын ғана ақша жинап, конвертке салып сыртына: «Болашақ ұлы филологқа Аяз Атадан» деген жазумен оның жастығының астына қойған.
— Мұны кім қойды? — деді, конвертті ашып, ақшаны көрген Асқар сұп-сұр боп. Жомарт бөлмеде жоқ еді.
— Конвертте жазулы тұр ғой, — деді қатарлас төсекте жататын көршісі.
— Мен қайыршы емеспін! — деп Асқар пакетті столға лақтырып тастады. Қатты ашудан қолы дір-дір етіп, көзі от шаша қарайды, бір ауыз сөз айтар адам болса атылып кеп бас салуға дайын.
— Қызық жігіт екенсің, — деді әлгі қатарлас жататын көршісі тіптен ақырын сыбырлай сөйлеп, — біз сені қайыршы деп емес, жолдас деп жинадық. Текке шамданасың.
Басқа жігіттер әрқайсысы өз орындарында кітап оқыған боп жатыр, тырс еткен ешқайсысы жоқ. Жолдастарының осынша жайбарақаттығы Асқардың ашуын еріксіз тежеді. Ол сабасына түсіп, шаршаған кейіппен төсегіне отыра кетті.
— Жігіттер, кешіріңдер... бірақ ақшаларыңды алмаймын, — деді күрсініп. — Мен ешкімнен өзімді кем санамаймын, бар-жоғына қанағат етем. Киімім нашар шығар, бірақ қазір жұмыс істеп жүрмін ғой, әлі-ақ жаңадан сатып алам. Рас, кішкене кезімде қаңғып жүрдім, қайыр сұрадым. Бірақ енді олай бола қоймас. Сондықтан маған аяушылық білдіргендеріңе рахмет, тек ақшаларыңды қайтып алыңдар. Әйтпесе ренжимін...
Асқар тұрып кітаптарын алды да университет баспасына кетуге жиналды: ол сонда студентердің көп тиражды газетінде әріп теруші болып істейтін.
— Тоқташы Асқар, осы саған неге стипендия бермей қойды? Қабылдау емтихандарын сен бізден нашар тапсырған жоқсың ғой? — деп сұраған көршісі.
«Осы шынымен-ақ білмей сұрап тұр ма, болмаса мазақ еткені ме?» — дегендей Асқар оған шаншыла қараған. Осы тұста басқа жігіттер де тегіс бастарын көтеріп, әлгі әңгүдік жігітке жеп қоярдай кіжіне көз тікті.
— Өйткені менің әкем халық жауы! — деп Асқар әлгі абыржып қалған көршісінің бетіне төніп айқай салды да, есікті тарс еткізіп шығып кетті.
Алматының кәдімгі тікенекше қадалған түйіртпек қары себелеп тұр. Жартылай бос, тасыр-тұсыр еткен трамвай іші азынаған суық. Асқар ашуын басып ойға батты. Өзінің ұстамсыздығына күйінді. Жолдасым ғой, маған стипендияның не себепті берілмейтінін шын ниетімен білмей сұрады ғой, деп ойлады ол, Джек Лондон томын аша тұрып.
Әрбір бос минутін ол кітап оқумен өткізетін. Қала балаларына қарағанда ете аз оқығанын жақсы сезетін. Олардың жанында өзі көп нәрседен бейхабар қалғандай боп тұратын. Жомарттың да күндіз-түні кітапханадан шықпайтынына қызығатын еді Асқар.
Соңғы зачетті тапсырып бола сала Асқар еш аялдамастан Ленинскіге тартты. Станцияда поездан түсе сап бензин тасушы машинаға отырды. Аудан орталығына дейін жол құм арасымен өтетін. Кабина сыртында ызғырық жел гуілдеп, қиыршық құм мен қар әйнекке тысырлап соғып тұрды. Құмға отырып қалу қаупінен қорыққан шофер машинаны ұшырта айдап, аудан орталығына тез жеткен. Мұнан әрі қарай Ленинскіге Асқар Ақтұма арқылы жүруге бекінді, Өйткені Ақтұманнан әрі қиын да болса төте өтетін биік асу бар, шаңғымен бір-ақ күндік жол.
Туған ауылына түнделете кеш жетті. Дәмеш апай үйінде жоқ екен, жиналысқа кетіпті.
Жолдан ұлтарған пимасы мұз боп қатып сықырлап, шолақ тоны су-су боп, өзі аш, қалтырай тоңып, іші лықылдаған адамға толы, шылым түтінінен тұмантқан, аласа, тар бөлмеге кірген. Түпкір бұрышта кішкене стол тұр. Үстінде май шам өлусірей жанады. Жұрт қысылысып жерде отыр.
Стол басында жаңадан тігілген түлкі тымағын көзіне түсіріңкіреген бір адам қолындағы газетін нұсқап қояды. Түтін арасынан Асқар оның Әмірбек екенін әрең таныды да сөзіне құлақ түрді.
— ...Міне, көріңдер ғой, менің айтқанымның дұрыс екенін, он тоғызыншы съездің не деп жазғанын, — деген Әмірбек сөздері Асқарға да жетті. — Ал сендер ғой, Сапарды сонша жақтап едіңдер. Сол жолы оны өз бетінше басшылық еткені үшін бекерге жазалаған жоқ. Ол өзі барған жерінде де құрылыс материалдарын өндіремін деп әуреге түспек болған көрінеді. Ал мұнда, колхоз ондай ештеңені істемесін деп айқын жазылған.- — Әмірбек газетті жоғары көтеріп көрсетіп қойды. — Сапар деген шала сауатты ғана адам. Қайдан ұқсын мұны.
— Жә, бәрін Сапарға жаба бермейік те, онан бері де талай жыл етті ғой, — деді біреу бұрыш жақтан дауыстап.
— Енді кім кінәлі деп ойлайсың?! — деді күңгірт бұрышқа сұстана қараған Әмірбек.
— Әйтеуір сен емессің. Құрылыс жайын ойлап жүрген сен жоқсың ғой. Үйіңді салып алдың, мал-жаның аман.
Бұ сөйлеген адамның Кенехан ұста екенін Асқар даусынан таныды, бірақ ала көлеңкеде бет-жүзін анық көре алмады. Осы кезде Асқардың жанына Дәмеш апай да сытылып шыққан еді.
— Айналайын, қол-аяғын, аман сау келдің бе?! — деп кезі жасқа тола сыбырлай сөйлеп, Асқарды сыртқа қарай жетелей жөнелді. — Жүр кетелік, кетелік. Әбден тоңып, қарның ашып келген шығарсың.
Біреу арт жағынан кеп бас салып құшақтай алды. Жалт қараған Асқар Бәукенді керді. Екеуі де қуанғаннан бірін-бірі бүйірлей түрткілеп, қарға аунай құлады.
— Балалықтарың әлі қалмаған - ау, ә, — деп күлді Дәмеш апай.
— Қашан келдің, қанша боласың? — деп Бәукен де алқымға ала бастады.
— Таңертең кетем, шаңғы бере аласың ба?
— О, құдай-ау, сонша асығыс келгенің қалай, Асқаржан - ау?- — деп Дәмеш апай да тіксініп қалды. — Бір-екі күн аунап-қунап кетпейсің бе? Ел-жұртыңды аралап дегендейін. Ертең естісе бүкіл ауыл боп келеді саған.
Дәмеш апайдың шағын бөлмесінде бір кездегідей бұл түні бұлар ұзақ отырды, өткен-кеткенді еске алды, бір-біріне бастан кешкендерін әңгімеледі, ақыры Бәукен Асқарға ен, болмаса бір күнге аялда дегенді айтқан. Асқар көнбеді, өйткені демалыстың бітуіне санаулы-ақ күн қалған еді.
Ертеңіне таң ата Асқар аяғына шаңғы байлап, бір кездерде әк тас қайнатуға барғанда жүрген өзіне таныс ескі жолмен асуға қарай бет алды.
Көз шағылысар аппақ жазық өңір, әр тұстан бір нәзік ақшарбы бұлттар оюлап өрнек салған көк теңбіл аспан, ақ мәрмәрдан қашап жасалғандай үшкілдеген тау шыңдары — барлығы да«тан,ғажайып сұлу көріністер еді. Зәуреш қыз туралы ескі мұңды әуенді ыңырси айтқан Асқар шаңғымен лыпып келе жатты.
Бұл өзі көңілді торықтырар мұңды әуен. Ән арқауы да аянышты. Бала деп өксіген өз әке өзінің жалғыз қызын іздеп шығады. Жол бойы жапырағы қалтыраған жас қайың да, есіліп жатқан ақ шағыл құм да ызыңдаған мұңлы әуезбен жас аруды еске алады, әке көңілінде ыстық сағыныш оянады. Ол сол жолда қаншық қасқырдың өз күшіктерін қалай еркелетіп ойнатқанын кереді, назды самал желдің бал құраққа махаббатты сыр шерткенін естиді. Сөйтіп сағынышы кемерінен асып келе жатқан әкені мәңгі ұйқыға кеткен қызының қара топырақ қабірі қарсы алады. Жаугершілік ұрыста он алты ұлынан тегіс айрылып, көңілінің сүйеуі бол қалған жалғыз қызы екен. Енді сол жалғызынан да айрылыпты, Зәурешін бір көре алмай шерменде қалыпты. Аңыраған азалы әке тау мен тасқа, орман-тоғай, ну жынысқа, бүкіл жарық дүниеге арманын айтып аһ ұрып, жалғыз қызына жоқтау айтыпты.
Асқар ән сездерін өзінше өзгертіп алған, ол оның қуаныш, сүйінішін, перизаттай сұлу Зәурешке деген өзінің махаббатын білдіреді. Анда-санда қарсы алдынан жалт етіп алтайы қызыл түлкі, ақ қояндар қашады. Асқар оларды біраз жерге дейін қиқулап қуып барады.
Асудың биік үстіне шыққан Асқар, ұзақ кез сала тұрып төменге, етекке қараған. Төменде, тау шыңдарының ортасындағы шұңғыл ойпаңда іркілген боз тұман жатыр. Сол боз тұманның арасында, шие бағының шетінде Зәуреш тұратын ағаш үй бар. Анадай жерден, тік қиядан ырши секіріп, Асқардан үріккен елік көрінді. Бұта - бұтаның арасымен қарды ақ шаңдақ етіп, кішірек жартастың тасасына қарай кетті.
Асқар өзін тау әміршісіндей сезінді. Бала кезінде бұл араларды талай рет жалан, аяқ кезген. Қазіргі мынау етекте жатқан боз тұман жазда жеңілдеп жоғары көтеріледі. Ал сонау биіктегі ақ шарбы бұлттар ауырлап төмен түседі.
— Кеттік! — деді өзіне-өзі Асқар. Төмен қарай зулай жөнелді, қарсы алдынан ескен шыңылтыр тымық ауадан кезі жасаурап, шашала тыныстады. Ол бір кездегі Аққасқамен шапқандай ұшып келеді. Қар астында көрінбей жатқан шойқы тастарға соғылып қалмау үшін қатты жүрістен іркіліп, бұлтақтай, бұралаңдай жүрді.
* * *
Асқар өзіне таныс педучилище завхозының үйіне кеп түсті. Дереу сол үйдің кішкене баласын Зәурешке жүгіртіп жіберген.
— Ағасы мен жеңгесі қонаққа кетіпті: Зәуреш үйде жалғыз екен, — деп келді бала.
... Алқынған Асқар бас киімін қолына алып есікті жұлқи ашты да, өзімен бірге бір құшақ суық ауаны үйге ала кірді. Суық сорған беті дуылдап, шолақ тонының түймелерін ағытып тастаған, пимасы қонышына дейін қар-қар еді.
— Түу, қаншама суық әкелдің! — деген Зәурештің даусы шықты. Ол қызға қарай атылып барып, аюша бас салып құшағына қысып алды.
— У-у, қандай суықсың өзің! — деп, қыз үсті-үстіне сүйе берген жігіттен сәл қымсына тартынды, онан соң байқатпай оп-оңай қолын босатып алды да, өзі кеп жігіттің маңдайынан сүйді.
— Түу, аяғың, қар екен ғой, — деді енді кінәлаған үнмен.
Асқар ебедейсіз қимылмен сыпыртқы іздей бастады. Кілем үстімде еріген қардың кір суы іркілді. Асқар мүлдем қысылды.
— Ештеңе етпейді, мен сүртіп алам ғой, — деп Зәуреш еден сүртетін шүберек әкелді. — Әлгілер де енді келіп қалар.
Зәуреш «әлгілер» деген сөзді нықтай айтып, сағатқа қарап қойған.
— Мен қазір кетем. Сені бір көріп шығуға келдім. Шыдап отыра алмадым... Сөйлесейін деп...
— Ал хат жазуға ғой қолың тимеген болар, — деп езу тартты Зәуреш. — Шыныңды айтшы — қаланың қызымен таныстың ба? Дегенмен өзін, қала адамына ойша ұқсамайсың.
Қыз оған бастан-аяқ тесіле қарағам. Асқар оның көзқарасын байқап қалды.
— Сол да сөз бе екен, Зәуреш, — деп ол шолақ тонын қаусырына берді.
Әлгінде Зәурешке келе жатқанда Асқар өзінің үсті-басының қандай екенін ойламаған. Енді міне сүйікті қызының осы бір сәттік кез тастасы оған шаншудай қадалды. Тағдырдан жазықсыз жапа шеккен жандар қашан да кекшіл болады. Олар бір сүйсе өліп-өшіп құлай сүйеді. Және сонысынан өздері қасірет шегіп, азап тартады. Асқар Зәурештің әрбір сөзіне, әрбір қимыл-қозғалысына мән беріп тұрды.
— Ал, қалай жүріп жатырсыңдар? Айтсаңшы. Мен шәйнекті қарайыншы. Қазір келіп қалар, — деп Зәуреш ас бөлмеге шығып кеткен.
Асқар терезе алдында жатқан кітапты алып, ашқан. Алғашқы бетінде: «Заурешке Ұмытпа» деп жазылған жазу бар екен. Асқар кітапты орнына тастай салды да, этажерканың шетінде тұрған суретті керді. Қолына соны алды.
- — Неге үндемейсің... — деп ас бөлмеден Зәуреш шыққан.
Асқар лып еткізіп суретті қойнына тыға салды. Зәуреш онысын байқаған жоқ, тағы да сағатқа қарап қойды, Асқармен отырғанында үстеріне ағасы келіп қалудан қорқатын сияқты. Менімен бірге отырудан қорланатын шығар, деген ой келді Асқарға. Ол есікке беттеді.
— Қайда барасың? — деп дегбірсізденген Зәуреш жүгіріп барып, оны құшақтай алды. Алайда сыздай ауырған Асқар кеңілі әлгі бір жылт еткен ойды өршіте үрлеп ала жөнелген еді. Ол өз көкірегіндегі қыз қолын кейін ысырды.
— Саған не болған сонша, Асқар! Қашан қайтасың? — деді Зәуреш соңынан дауыстап.
— Ертең, — деді оппа қармен адымдай жөнелген жігіт.
* * *
Ауылға барып қайтқан сапарын есіне алған сайын Асқардың көз алдына ылғи да: Зәурештің жарқыраған ақ білегі, кілем үстінде іркілген кір қардың суы және шылым түтіні тұмандаған тар бөлменің ішінде ақтұмалықтардың жиналысы, сомдағы Әмірбектің газетті нұсқай тұрып Сапарды даттағаны келетін. Әсіресе Әмірбектің айтқан сездерін қайта-қайта есіне алатын. «Сапардың кінәсі не сонда?» Туған ауылы туралы ойлай бастаған сәтте есіне Зәуреш оралатын. Біртіндеп қызға деген екпесі ұмытыла бастады. Ал ауылдағы кергендері жиі-жиі есіне келе берді. Өз көңіліндегі ойларым айтып, сырласқысы келді. Бірақ Жомарттан өзге Ақтұма жайын білетін кім бар? Онымен ашық сөйлесуге болар еді, әттен, қолы бір босамайды - ау. Өзімен-өзі мұрнынан шаншылады да жүреді. Асқар ауылдан келген күні Зәуреш туралы ғана сұрады, ал Ақтұма жайын аузына да алған жоқ. Рим мен Хиуаның сәулет сәнімен шұғылданып кетті. Оның көкейіндегі Ақтұма тағдыры емес, Венециядағы Дожей сарайының, Ленинградтағы қысқы Сарайдың әсем пропорциялары еді.
Ол Ленинград пен Ригаға барып қайтуға жиналып жүрген. Ленинград көпірлерінің арқаларын өзінше пайымдап, Монферран, Росси және Воронихин өнерлеріне қайран болатын. Бұқардағы гүлді қышпен әшекейленген Исмаил Самани мавзолейінің сұлулығы туралы айтып Асқарды мезі қылатын. Калян мен Серахстың, Санжар және Шахи Зиндтың өрнек оюларын зерттеп, қағазға Регистан алаңы мен Хожа Ахмед Яссауи мавзолейін сызып салатын. Ол осы күнгі Алматының орнында болған, кейбір деректерге қарағанда қатты жер сілкінісі мен тасқынның салдарынан апатқа ұшыраған бір кездегі — Ағасы мен жеңгесі қонаққа кетіпті. Зәуреш үйде жалғыз екен, — деп келді бала.
... Алқынған Асқар бас киімін қолына алып есікті жұлқи ашты да, өзімен бірге бір құшақ суық ауаны үйге ала кірді. Суық сорған беті дуылдап, шолақ тонының түймелерін ағытып тастаған, пимасы қонышына дейін қар-қар еді.
— Түу, қаншама суық әкелдің! — деген Зәурештің даусы шықты. Ол қызға қарай атылып барып, аюша бас салып құшағына қысып алды.
— У-у, қандай суықсың өзің! — - деп, қыз үсті-үстіне сүйе берген жігіттен сәл қымсына тартынды, онан соң байқатпай оп-оңай қолын босатып алды да, өзі кеп жігіттің маңдайынан сүйді.
— Туу, аяғын, қар екен ғой, — деді енді кінәлаған үнмен.
Асқар ебедейсіз қимылмен сыпыртқы іздей бастады. Кілем үстінде еріген қардың, кір суы іркілді. Асқар мүлдем қысылды.
— Ештеңе етпейді, мен сүртіп алам ғой, — деп Зәуреш еден сүртетін шүберек әкелді. — Әлгілер де енді келіп қалар.
Зәуреш «әлгілер» деген сөзді нықтай айтып, сағатқа қарап қойған.
— Мен қазір кетем. Сені бір көріп шығуға келдім. Шыдап отыра алмадым... Сөйлесейін деп...
— Ал хат жазуға ғой қолың тимеген болар, — деп езу тартты Зәуреш. — Шыныңды айтшы — қаланың қызымен таныстың ба? Дегенмен өзің қала адамына онша ұқсамайсың.
Қыз оған бастан-аяқ тесіле қараған. Асқар оның көзқарасын байқап қалды.
— Сол да сөз бе екен, Зәуреш, — деп ол шолақ тонын қаусырына берді.
Әлгінде Зәурешке келе жатқанда Асқар өзінің үсті-басының қандай екенін ойламаған. Енді міне сүйікті - қызының осы бір сәттік көз тастасы оған шандай қадалды. Тағдырдан жазықсыз жапа шеккен жандар қашан да кекшіл болады. Олар бір сүйсе өліп-өшіп құлай сүйеді. Және сонысынан өздері қасірет шегіп, азап тартады. Асқар Зәурештің әрбір сөзіне, әрбір қимыл-қозғалысына мән беріп тұрды.
— Ал, қалай жүріп жатырсыңдар? Айтсаңшы. Мен шәйнекті қарайыншы. Қазір келіп қалар, — деп Зәуреш ас бөлмеге шығып кеткен.
— Неге үндемейсің... — деп ас бөлмеден Зәуреш шыққан.
Асқар лып еткізіп суретті қойнына тыға салды. Зәуреш онысын байқаған жоқ, тағы да сағатқа қарап қойды, Асқармен отырғанында үстеріне ағасы келіп қалудан қорқатын сияқты. Менімен бірге отырудан қорланатын шығар, деген ой келді Асқарға. Ол есікке беттеді.
— Қайда барасың? — деп дегбірсізденген Зәуреш жүгіріп барып, оны құшақтай алды. Алайда сыздай ауырған Асқар көңілі әлгі бір жылт еткен ойды өршіте үрлеп ала жөнелген еді. Ол өз көкірегіндегі қыз қолын кейін ысырды.
— Саған не болған сонша, Асқар! Қашан қайтасың? — деді Зәуреш соңынан дауыстап.
— Ертең, — деді оппа қармен адымдай жөнелген жігіт.
Жомарттың өз мақсаты жолындағы табандылығы, туған жерінін, тарихы туралы неғұрлым кеп білсем деген биік мұрат, талабы Асқарды таң қалдыратын. Жомарт өзінің жан жарасын Асқарша тырналай бермейтін. Ол неге болса да жайдары қарайтын. Тек әңгіме өзінің сүйікті тақырыбына ойысқан кезде, ол ешкімнің қарсылығына құлақ аспай, мүлдем қызынып кетуші еді.
— Біздің даламызды ертеде мекен еткен халық үлкен мәдениеттің иесі болған, — -дейтін ол қызынып, — олар небір тамаша каналдар, қалалар, қорғандар, сарайлар салған. Біздің жерімізде ұлы қалалар болған. Қазақтың көне қаласы Отырарда Азиядағы ең бір бай кітапхананың бірі болған, бұл қалада біздің ұлы бабамыз Әбунәсір Мұхамед әл Фәрәби өмір сүріп, еңбек еткен. Ол Отырарда 870 жылы туған — сондықтан да арабтар бұл қаланы Фәрәбә деп атаған. Фәрәбәнің кітапханасы Александрияның кітапханасынан кем түспеген. Мұхамед әл Фәрәби біздің жеріміздің данышпан ғұламасы, философы, ақыны, астрономы болған және көзінің тірісінде «Дүниедегі екінші Аристотель» деп атанған адам. Бұл жайлы шығыс ғалымдары біледі. Олар ол туралы жазып жүр, ал өзіміздің тарихшыларымыз оны ұмытып отыр...
Орта Азия мен Қазақстан қалаларының қышқа салынғам ою өрнектерімен, әшекейлерімен даңқы шыққан. Шапқыншылық соғыстар Отырарды талқандап, біздің көне мәдениетімізді жоқ қылды. Мүмкін біздің сол қаламызды гректердің Акрополі сияқты түріктер құртқан болар.
Орта Азияның көне қалалары туралы айтқан кезде Жомарт басқа дүниені тегіс ұмытатын, қызыа айқайлап, орнынан ұшып тұрып, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүріп алатын. Қолын сілтеп қойып, ауық-ауық қарашығы ойнақшып жалт - жұлт еткен ойлы көздеріне қарай түсе беретін қою қара шашын артына қарай сілісіп тастайтын.
— Егер біреу біздің жерімізде мәдени құрылыс болған емес, өнерпаз шыққан емес, ұлы қалалар салынған емес. біз атам заманнан келе жатқан көшпелілерміз деп жазса сенуші болма. Қызыл құмдағы, Батыс және Оңтүстік Қазақстандағы төбешіктер астында жатқан көне қалалар қалдығының ою - өрнегіне зер сал, сонда түсінесің. Мәселен, Түркістандағы Ахмет Яссауи мавзолейінің әшекей өрнегін қара. Бұл деген біздің ұлттық мәдениетіміздің, еткен дәуірдегі өнерпаздарымыздың артына қалдырған тамаша ескерткіштерінің бірі ғой. Қайталанбас әсемдігі, көркі бар ғаламат құрылыс. Математикалық дәл есеп, өнерпаздың таңғажайып шеберлігі — еріксіз таңдандырады. Мавзолей бес жыл ішінде салыныпты, ал сонан бері алты ғасыр өтті, — деп онан әрмен қызына сөйлеп кетті Жомарт. — Қазақстанның оңтүстігінде, бұрынғы Әулиеата, қазіргі Жамбыл қаласының шығыс жағында үлкен құрылыстың қалдығы бар — бұл феодалдық заманның қорғаны. Қорған тұрғындары қыпшақтар оны тастан қашап салған. Бұл құрылыс ертедегі Греция мен Египет құрылыстарынан кем соқпайды. Қорған ішінде әсемдігі таңдай қаққызар сарайлар мен залдар бар. Ал біз сол өнерлі бабаларымыздың аты-жөндерін білеміз бе? Жоқ! — деп ол дереу өз сұрағына өзі жауап берді. Біз тек осы мавзолейді салуға жарлық берген Темірдің ғана атын білеміз, ал Ақсақ Темірдің туы күні бүгінге дейін мавзолей қабырғасында тұр. Ал оны салғандардың аты-жөні беймәлім. Тіпті замандастары да білмеген оларды.
— Несі бар. Ескінің орнын жаңа басады. Және ол әдемірек болады, — ескерткіштер орнайды. Онан соң Алматының табиғатының өзі қандай әсем, — деген бірде Асқар жәй ғана, Жомартты тоқтатпақ болып. Алайда Жомарт лап ете тусті.
— Тек табиғаттың өзі берген сұлулығы алма бақтары мен гүлдерді мақтан етумен шектелу сорлылық екеніне келісерсің деп ойлаймын, — деді ол төндіре сөйлеп. — Қаланың құрылыс жағынан да сәулетті сұлу болғаны керек. Біздің оқытушымыз айтады, — болашақтағы қалалар қазіргі сәулет өнерінің ең озық қасиеттерін пайдалана отырып, адам тіршілігі үшін ең қолайлы жағдайда салынуы керек дейді. Өзіндік қайталанбас сұлулығы болу керек.
— Қалалар сұлу болады ғой, ал ауылдарымыз қандай болар екен, өзгере ме, жоқ па? Болашақта қандай күйде болмақ? Соны айтшы. Сен бәрін де көргенсің ғой, — деді Асқар ызаланып.
Жомарт досына аңтарыла қарады.
— Ақтұманның жағдайы, біздің шопандардың тұрмыс - қәлдері қандай болмақ? — деді Асқар тақымдап, ол шындап ыза болған еді, өзі сұрланып, қабағын түйіп алған. — Әзірге Ақтұмаға қарапайым ғана құрылысшылар және Әмірбек сияқтылардың орнын ауыстыратын, білімді жөн-жосық түсінетін интеллигенттер қажет. Ал сен сияқты өз қиялына кеуіп - піскендер қажет емес. Дұрыстап өмір сүру парыз. Әуестік деген жақсы нәрсе, тек оның шегі болсын. Әуейілікке салынба. Ақтұма жайын да ойла. Меніңше мәдениетті көтеруді ауылдан бастаған жөн. Ал ол үшін Сапар ағай айтқандай өз кірпішің болсын...
— Сен тағы өз дегеніңе бастың ба. Он тоғызыншы съездің материалдарын оқыдың ба? Біз семинарда талдау жасағанбыз. Сонда анық айтылған, колхоз үшін черепица, яки кірпіш өндіреміз деудің қажеті жоқ деп. Астық өсіруі тиіс. Он тоғызыншы съезд бойынша бізде үш семинар өтті. Соны қарап, оқып ал. Әйтпесе шатастырып жүрсің.
— Мен сенен ауылда құрылысты неден және қалай саламыз деп сұрап тұрмын.
— Комплексті әдіспен, мемлекеттік тәртіппен.
— Ол қандай әдіс?
— Есімде жоқ, ол үшін съездерді тағы бір оқып шығу керек.
— Онда жауап жоқ. Өзіміз ойлауымыз керек. Мазарларды сөз қыла бергенше, соны ойлауымыз керек...
Асқардың есіне Әмірбектің газет нұсқағаны тағы оралды.
— Сонда сеніңше ана жақтағылар дұрыс шешім қабылдамай отыр дейсің бе?.. — деп Жомарт саусағымен төбені мегзеді. — Байқа, басқа біреудің алдында оттап жүрме.
— Қорқытпа, мен қорқып болғам! — деді Асқар қызарақтап. — Таудың басында тұрып етегінде не боп Жатқанын әмсе көре бермейсің. Мен мұны жуырда Ақтұмада болып, Әмірбекті көріп келгендіктен айтамын. Сапар ағай мен Әмірбек екеуіне қарай отырып мен жақсы - жаманның не екенін айыра алам, кімнің Ақтұма үшін құрақ ұшып жүргенін, кімнің өз қара басының қамын ойлайтынын білем. Сол Ақтұмадан университетке алғаш кеп түскен екеуміз ғой. Сапар ағайға жәрдем беруді біз ойламай кім ойлайды.
— Сенің айтқандарыңның жаны бар, — деді ойға қалған Жомарт. — Бірақ біз не істей аламыз? Оны түзеу біздің қолымыздан келмейді. Айтпақшы, газетке, облыстық, не аудандық газетке жазуымызға болады ғой. Ақтұмадағы жағдайлардың бәрін айтып, Әмірбек туралы, онан соң Ақтұмадағы жұрттың - ақ таңертеңнен қара кешке дейін жұмыс істейтінін, ал еңбеккүнге болар-болмас бірдеңе алып, там-тұмдап әзер жеткізетіндерін түгел жазайық. Жер үйде тұратындарын, жарық, радио, кітап дегендердің жоқ екенін де жазамыз. Аудан басшылары оқып, бар жағдайды білетін болады, көңіл аударады.
— Сенің басың толы идея ғой, — деді басылған Асқар. —
Жазып көрейік. Тек уақыт өткізбей, тездету керек, — деді стол үстіндегі кітаптарын жинастырып.
Бұлар бос аудиторияда семинарияға даярланып отырған. Асқар да бұрынғыдай сабақты түнде оқитын әдетін қойған. Екінші жарты жылдықтан бастап оған стипендия берілетін болып еді. Асқар өзі жоқта бүкіл группасы жиналып ол туралы: «өзіміз сияқты студент, комсомол мүшесі, үштігі, жоқ», — деп университеттің ректоратына, парткомына және профкомына коллектив боп хат жазғанын білмейтін.
— Құр сөз боп қалмасын, келісіп алайықшы, мақаланы жазуға қашан отырамыз? — деп сұрады Асқар.
— Тек бүгін емес. Әдебиет кешіне асығып отырмын, «Игорь полкі туралы сөзді» талқыламақшы едік. Мүмкін сен де барарсың. Қызық болатын түрі бар. Меніңше сондағы «косог жасағы» деген қазақ жасақтары ғой деп ойлаймын. Ескі сөздіктер мен энциклопедияларда оны таулы аймақтың тайпалары деп түсіндіреді. Ал сол кезде «қазақ» деген сөздің «косог» боп айтылуы да ықтимал ғой. Және осы шығармада Гза, Гзач яки Гзак деген ханның аты жиі аталады. Меніңше осы үш сөздің төркіні біреу: «хан қазақ» болар деймін. Біздің ата-бабаларымыз — қыпшақтар сол далаларды ерте заманнан мекен еткен жауынгер халық болған. Грузин тарихшылары өз еңбектерінде 1256 жылы Хулагу хандығының әскерлерімен айқасқа, иран Газан шахының жорықтарында кавказдықтар отрядтарының құрамына қыпшақтар да қосылып жорықтарда ерен ерлік көрсетті деп жазады.
— Жә, косогыңды қоя тұршы. Мен сенен маңызы бар іс жайлы сұрап тұрмын, — деді Асқар оның сөзін бөліп.
— Немене, менің айтып тұрғаным маңызы бар іс емес пе?, Өзін, филологсың, әдебиет кешіне мен сені емес, сен мені шақыруың тиіс еді ғой. Өзін, халқыңның тарихын білгің келмей ме? Оны білу қажет қой.
— Әй, патриотым-ай! Әлгінде ғана не жайлы сөйлестік? Ал сен өзін, философияңнан танбайсың. Ол философия кімге қажет, ақтұмалықтарға ма? Онан да кел, ұзын сөздің қысқасы, ертең іске кірісейік, редакцияға хат жазайық. Ал косог пен қыпшақтар жайлы диссертация жазуыңа болады, егер жазғың келсе, тек алдымен университетті бітіріп алуың керек.
— Мақұл, ертең-ақ жазайық. Бірақ философия жайлы сенің ойың қате. Ол бос сөз емес. Оны да бас қатырып ойлау керек, құр кітапта жазылғанды жаттап алған болмайды.
— Ендеше сол ақиқат шындық үшін айқасайық та. Ақтұма жайлы білетініміздің бәрін айтайық та, — деп Асқар осымен әңгіменің тұжырымдалғанын білдірді.
Жомартты әдебиет кешіне шығарып салды да өзі бірінші рет опера театрына Күләш Байсейітованы тыңдауға бет алды.
...Кейіндеу орындықта отырған Асқар сахнаға қараған күйде қыбыр етер емес, бала жасынан құлағына сіңген махаббат жайлы таныс аңыз көз алдында тіріліп кеп өтіп жатыр.
Күләш даусында осынау үлкен залдың ішіндегі қайғы-қасіреті жоқ жұртты, Асқардың ойынша тоқмейіл жандарды басқа бір әсем дүниеге жетелеп әкетер зор күш бары сезіледі. Күләш әндерін тыңдай отырып Асқар бірде жыласа, бірде күлді. Ол басқалардың да көз жасын байқап қалды, алда отырған бір әйел Қыз Жібектің қоштасар әнін тыңдаған кезде солқылдап жылап жіберді.
Антракт кезінде, сахнада көргендерінің әсерінен арыла алмай, өзінің жұрт көзінше жылағанын аңдаған, бірақ онысына ұялған жоқ. Өмірінде тұңғыш рет театрға келген жас жігітке мұның бәрі таң көрінді. Бала кезінен қандай қиын ауыртпалық болса да көзіне жас алып мойыған емес. Ал енді кеп ән тыңдаған кезде, кәдімгі ауылда талай рет айтылып жүрген әндер мына сахнадан тыңдағанда мүлдем басқаша боп, егілтіп жіберді. Күләш үні өткен өмірдің небір сырлы, жүрек тебірентер көріністерін еске түсіргендей еді.
Театрда бір рет болып, Күләш даусына қайран қалды. Енді оның радиодан айтқан әндерін тыңдап, ол қатынасатын концерттерді құр жібермейтін болды. Театрға деген құштарлық пайда болды, бүкіл қолы бос уақытында театр мен киноларды аралап, әншілер мен композиторлар туралы' жазылған кітаптарды қалдырмай оқуға кірісті.
— Сен толқымалысың. Белгілі бір тұрақтар тірегің жоқ. Әуелде сурет салумен әуестендің, онан кейін мен сені музыкант яки ақын болатын шығар деп ойлайтынмын. Ал енді театрал болып алыпсың, Эстетсің... бүйтіп жүріп тағы Ақтұма жайын сөз қыласың, — деді бірде таңданған Жомарт. — Біреуімен ғана шұғылдану керек қой.
Асқар жауап орнына жымиды да қойды. Ол өзінің әр нәрсеге әуестенгіштігі жайлы, өзінің не нәрсеге бейімделуі керек екенін оңаша ойламайтын. Студенттік өмір аласапыран, қызыққа толы, ұсақ-түйек тірлігі көп. Ойланып отыруға мұрсат бермейтін. Бұл шақта адам ертеңгі күннің қамын ойлауға онша тереңдемей жалпы дүрмектің шылауында болады.
Өмірдің сан қилы екенін ұққан Асқар да бірдеңеге әуестене, Жомарт құсап басқаны тегіс естен шығаратын.
Оқудың әрбір айы ол үшін жаңалыққа толы. Егер бұрын оның әдебиет жайлы түсінігі Абай мен Сұлтанмахмұттан әрі аспаған болса, ендігі жерде ол Шекспир мен Шиллер, Байрон мен Гюго, Тургенев пен Толстой шығармаларын құныға оқитын болды.
Өзін-өзі сарапқа сап ойланатындай уақыты және жоқ. Зәурешті де өте сирек еске алатын. Бұрын өзінің ол туралы ұзақты күнге ойлағанына кейде тан, қалатын.
Мүмкін ол уақытша ғана болған құштарлық шығар, ал кітаптарда жазылатындай үлкен махаббат мен үшін әлі алда болар деп жұбататын Асқар өзін. Әрбір жаңа әуестіктің алғашқы сезімді аз уақытқа тұмшалап тастайтынын, бірақ күндердің күнінде сол сезімнің қайта оянып, адам жадынан еш уақыт кетпейтінін Асқар білген жоқ.
Екінші семестрдің басында Жомарт өз факультетінің балаларымен бірге жатуға басқа бөлмеге ауысты. Бірде ол сенбі күнгі кешке Асқарды езінін, жаңа достарымен бірге болуға, Қайнардың пәтеріне шақырды.
Сыйдан, бойлы, бұйра шашты, жұқалтақ ернін жымқырып, былқ-сылқ етіп, тоқмейілсіп жүретін осынау жас жігітті Асқар сырттай танитын. Жомартпен бірге жүргенін жиі көретін. Асқар онымен жақын таныссам дейтін, бірақ ешбір реті келген емес. Оның үстіне ол жігіттің өзін әлдеқандай ерек ұстап, тоқмейілсіп жүретіні Асқарға ұнамайтын.
Жомарттың айтуына қарағанда Қайнардың, әкесі шаршаған көрінеді, сонан жаз келуін күтпестен демалысқа шығып әйелімен екеуі Гаграға кетіпті. Үйлерінде қазір Қайнардан өзге ешкім жоқ екен.
— Қайнар қыздарды да шақырды. Әй, бір кереметтей сауық-сайран құратын болдық, — деді Жомарт өрекпіп, — Ішімдік жағы жетерлік. Әлі көресің, олардың үйінде не тілегеніңнің бәрі бар, — деп Жомарт алақанын тамсана ысып қойды. Асқар оған таңырқай қарады. Бұл Ақтұма мен Ленинскідегі Жомарт емес, мүлдем басқа Жомарт еді. Мінез-құлқы өзгерген, ойы да, қызығар жәйі де басқа жан сияқты.
Кешкісін Жомарт өз достарына Асқарды қызыл сөздермен лепірте тұрып таныстырды: «Болашақ ұлы филолог, тіл маманы Марр сияқты кәкір-шүкірлердің қас жауы», «музыка әлемінің әлі танылмаған данышпаны», «ақын, әрі қыл қалам шебері» деген тәріздес сөздерді бората жаудырды.
Асқар қызараңдап ыза боп қалды. Әуелде ол бір түрлі ыңғайсызданып қысылған. Кейіннен ешкімге жақындаспай, мынау жаңа ортада өзін қалай ұстарын білмей, шетте үн-түнсіз отырды да қойды.
Жомарт болса бірден кірісіп кеткен. Асқар сырттай бақылай отырып, оның мінез -құлқындағы, сөйлеген сөзі мен жүріс - тұрысындағы, қимыл-қозғалысындағы жасандылықты аңғарды. Жаңа достарына мықтап еліктейді екен.
Бес бөлмелі кең пәтердің барлық есіктерін аша тұрып, Қайнар қонақтарына әр бөлмені мақтанышпен көрсетіп өтті: мынау жататын бөлме, мынау ас бөлме, кабинет, менің бөлмем, қонақ күтетін бөлме. Асқарға бәрінен де гөрі әсер еткен кітапхана болды. Әттең, шіркін, осы кабинетте қалып, кітапқа рахаттана бас қояр ма еді деп ойлады ол.
Радиоланы ойнатты. Жеңсіз көйлек киген аққұба қыз пианино ойнауға отырды. Би басталған.
— Балақайлар, биді сонан соң билерміз. Әуелі тамағымызды жіпсітіп алайық та. Көрдіңдер ме, сап түзеп тұрғандарын, — деді Қайнар ішімдіктерді нұсқап. — Кәне екі-екіден жұптасып отырыңдар. Табиғатта плюс, минус заңы бар ғой. Аттас денелер бірін-бірі сыртқа тебуі тиіс. Олар бір-бірімен қатар отырушы болмасын.
Ненің не екенін Асқар ойлап та үлгіре алмай қалды, өйткені пианино ойнап отырған қыз өзі кеп мұны әй жоқ, шәй жоқ қолтығынан ұстады да:
— Мен ұялшақ жігіттерді ұнатам. Олар хәуіпсіз, — деп жымия күліп, столға қарай тартты.
— Мүләйімси қалуын, — деп Қайнар қарқылдай күлді. — Өзінше сес бұзғысы келмейді. Асқар, жігіттігіңді бір көрсетіп қал, әйтпесе ол қыз сені шайнап-шайнап түкіріп тастайды.
Ашуға түтіккен Асқардың өңі бұзылып кетті, ұшып тұрып қызды қорлаған сөзі үшін Қайнарды жақтап салып жібергісі келген, алайда басқаларға қосылып әлгі «қорланған» қыздың да қарқылдай күліп отырғанын көріп, абдырап қалды. Ол жұрттың қызды емес, өзін мазақтап күліп отырғанын ұқты. Бәрінен де жанына батқаны өзінің осынау сүйкімсіз, жат жандардың алдында күлкі болғаны еді. Оның осы күйін сезіп қалған Жомарт:
— Асқар, қыз мезіретін жігітше қабыл алды, — деп досын қолдай сөйледі. — Келіңдер көтеріп қоялық...
Молдаван коньягі өңешін сәл күйдіре өртеп өткен Асқар біртіндеп бүкіл бойының балбырап, рахат бір күйге түскенін аңғарды. Сәл қызулық билеген ол, әлгіндегі ренішті ұмытып, сөзшең бола бастады. Қасындағы қыздың жалт еткен көз қиығын, жартылай жалан, иығын көрігі, тізесімен тізесінің түйіскенін, қолына қолының тигенін сезген сайын, оның үстіне естен тандырар әтір иісі басын айналдырып, ол енді дамыл таппастан сөйлей берді, әлден кейін айналасын тегіс ұмытты.
— Брудершафт етіп ішеміз! — деп айқай салды қыз. Асқар бұл сөздің мәнін түсінбесе де қызды қостай қайталады.
Ендігі жерде ол ештеңенің байыбына барудан қалып еді. Мынау парықсыз шу, қатар отырған қыздың сыңғырлаған күлкісі оны мүлдем еліртіп, мас қылған. Стол басында қанша уақыт отырғандарын да білген жоқ. Әлдекімнің, мүмкін Жомарт болар, өзіне көз айырмай қарап отырғанын еміс-еміс сезді. Стол басында отырғандардың сөзі алыстан талып естіледі. Алдындағы шіпілдеген бокалдан өзге ештеңені көрер де, естір де емес.
— - Брудершафтан кейін сүю керек, — деген сезін естіді қасындағы қыздың. Оның ыстық демі бетін шарпыды. Асқар тұрмақ болған, бірақ бүкіл денесі зіл қорғасын тәрізді.
— Тиіспе балаға! Сенен қорқып отыр, — деген сөз естілді де, жұрт қыран-топан күлді. Асқар ұмтыла көтеріліп, алдындағы стаканды төңкеріп тастады, онан соң бөлме ішін көзімен шүйіле қарап шықты.
Музыка ойнап, масайған жұрт биге кірісті.
— Жүр, жүр, — деп қасындағы қыз оны қолынан асықтыра тартты. Шайқалақтаған ол қыз соңынан сүйретіле еріп, күңгірт шам жанған көрші бөлмеге енді.
Қыз есікті мықтап жапты да, Асқарды итеріп диванға отырғызды, онан соң өзі шолтиған көйлегінің етегінен тізесі жарқырап бүйірлей кеп шалқая жатты.
— Енді сүйетін шығарсың? — деді қыз ақырын ғана. Асқар көтерілген. Қыз көзін жұмып апты. Жігіт оны иығынан қапсыра ұстаған. Жұп-жұмсақ қыз денесі былқ-сылқ етіп, илеуіне көніп, қозғалар емес...
Асқар қолын босатып ап, орнына отырды. Бір сәт есін жиғандай болды. Қыз болса құшағы ашылған, кеудесі жалаңаш, көзін жұмып жатыр.
— Ақымақ - ау, мен өзім ғой... — дейді.
Асқарға талай заман өткен сияқты боп көрінген. Қыз даусы оған ес жиғызғандай болды. Енді ол үстінде еш лыпасы жоқ, жалаңаш жатқан қызды анық көрді. Көз алдындағы бұлдыр тұман сейіліп, құлағына Зәуреш ұнататын «Көгілдір Дунай» әуені жетті.
Есік алдында жұқалтаң еріндерін қисаңдата жымиып Қайнар тұр. Қолында бір бокал шарабы бар. Қатты адымдап Асқардың жанына жетіп келді де:
— Құттықтаймын, мсье! — деді.
Асқар бүкіл денесімен ұмтылып кеп оны жақтан салып қалған, Қайнар ұшып түсті, шашылған шарап қыздың бүктеулі жатқан көйлегіне төгілді. Қыз шыңғырып жіберген. Улап - шулаған мас жұрт топырлап кеп, төбелескендерді ажырата бастады.
— Сұмдар! Сен де сұмсың — деп Асқар Жомарттың бетіне түкіріп, қолын қағып тастады, онан соң тәлтіректеп шығып кетті.
— Есуас! Жиырмасыншы ғасырдың жартысында періште бола қалуын. Біліп қой, біздің арамызда рыцар жоқ. Рыцарлықтың заманы өткен. Қазір әркім өз жанының рахатын ойлап, күйін күйттейді, өмірдің ләззатын қамтып қалғысы келеді, өртенер күнге дейін өмір сүріп қалу керек... — деді Жомарт, көшеде тәлтіректеп келе жатқан Асқарды қуып жетіп. Онан соң, пальтосының жағасынан ұстай алды:
— Сен ұқтың ба мені?! Өзіңді данышпан санағаныңды қой. Олар сенін, өзіңе де, сөзіңе де түкірмейді, білдің бе? Олар біз екеумізден әлдеқайда артық тұрады, артық ішіп -жейді, сондықтан не істеп, не қою керек екенін де жақсы біледі. Ал сен болсаң өзіңше жәбір-жапа шеккеніңді бұлдайсың.
— Кет жолымнан! — Асқар үйге тартты. Ол енді сабасына түскен, көңілінде құлазыған бей-жай күй бар еді. Тікенекше қадалған қар түйіртпектері бетін осқылай бастады, оның үстіне аяғын суға тығып алып, бәтіңкесі шылқылдап, онан әрмен күйзелтіп келе жатты.
Төңірегі самаладай жарқыраған театр тұсынан өтіп бара жатып, сәнді киінген адамдарға көз салды, кеше ғана кереметтей әсем көрінген қалада, жирентер жәйдің де бар екенін осы тұста есіне алған.
— Анау жолы рыцарлар мен жиырмасыншы ғасырды неғып аузыңа алдың? Қорыққаннан түсті ме есіңе? Әлде жаңа тапқан достарыңның философиялық тезистерін қайталағың келді ме? — деді арада бірнеше күн өткен соң Асқар Жомартқа, — Өзің оптимист едің...
— Осы сен айтқанның бәрін саф алтынша қабылдайсың. Өйтіп өмір сүруге болмайды ғой. Кемшілік кімде жоқ!? Адам болған соң, елігу деген, қызығу деген болмай ма. Ал дүниеге деген көзқарас жайына келетін болсақ, мен өз дегенімнен қайтып көрген емеспін. Менің көзқарасым — еш уақыт алынбас қамал Карфагендей.
— Егер сенің өз сөзіңмен айтатын болсақ, сен бір кезде Карфагенді жер-көкке сыйғызбай мадақтап, кейіннен Рим сенаторларын сол қалайы талқандауға үндеген, ертедегі Рим жазушысы сияқтысың. Тарихты, өткен заманның қолтумаларын зерттеу керек деп даурығасың да, тағы да өзің күйкі ләззаттың, құлы болуды үгіттейсің. Сеніңше әйел деген — бір сіңбіріп тастар қол орамал сияқты.
— Бр-р-р. Адамның табиғи құштарлығын теңемейтін нәрсеге теңейді екенсің. Кез келген нәрседен осындай жамандық іздеген әдетіңді қашан қоясың? Әркім өз еркінін, қалауынша жүріп-тұрмай ма?
— Жүріп-тұр. Тек ол тұңғиығына басқаны тартушы болма. Және жақсылықты ондай лас жерден іздеме, — - деді сөз таластыра беруден мезі болғандай шаршаған Асқар. — Ал біздің әлгі уәделескен сөзімізді ұмытып та кеткен шығарсың? Әрине, профессордың баласымен қосылып сауық-сайран құрып жүрген адам Ақтұманы ойлап қайтсын.
— Ақтұма жайлы хат жазуды айтасың ба? Кел, отырып жазайық. Ал әлгі кешті емді сөз етуді қоялық. Бітті осымен.
Біртіндеп Асқар күйзелткен ойдан арылайын деді. Күндер етіп жатты. Көктем лебі сезіле бастады. Көше бойлаған арықтардан сарқырап сулар ақты. Қала қыстайғы лас қоқырсықтардан тазарып, сірескен мұз - қардан аршылды. Көше бұрыштарында алғашқы бәйшешек гүлдер сатылатын болды.
Көктемнің алғашқы күндерінде Алматы лас болады. Қысы да онша таза емес. Ақтұмадағыдай ақ түтек боп, кез шағылыстырып жатар кіршіксіз ақ қар мұнда болмайды. Қала мұржаларынан көтерілген қою қара көмір түтіндері, сан мыңдаған машиналардың иіс-қоңысы қыс реңін кетіріп, тұмантып, үнемі иықтан басып тұрады. Көктем шығып, от жағу тоқтаған кезде, қала өзгеріп сала береді. Су жуып өткен көшелер жарқырап, қиқы-жиқы ескі үйлер бүр жарған ағаштардың тасасында қалады. Сонан кейін-ақ Алматы бақ көмкерген ертегі қалаға айналып, көктемде, жазда, күзде келген туристерді сұлулығымен тамсандыра таңырқатады.
Биылғы көктем айырықша жылы, жаймашуақ еді. Гүүл алаңдары тез дегдіп, көк дендеп шыға бастады, көше бойы абыр-сабыр шуға толып, кешке қарай жұп - жұп болған ғашықтар көбейді. Көктем қашаннан келе жатқан дәстүрі бойынша, әбігерге толы жаңа қуаныштар әкелді. Бұл шақта жастар оңаша кеткенді, тымық кешті оңаша өткізгенді ұнатады, қыстай ойын-сауық, би концерттің ортасы болған залдар мен оқу корпусының фойелері қаңырап бос қалады. Бірде әдеттегі қала тіршілігі күрт өзгерді. Сталин өлді. Университеттің залы мен фойесінде бірнеше күн бойына Чайковскийдің, Бахтың, Бетховеннің азалы күйлері күңіреніп тұрды. Есімі әркімнің аузынан түспеген, үлкен-кіші тегіс бар ыстық сүйіспеншілігін бір өзіне бағыштаған адамның суретінің алдында студенттер күндіз - түн құрметті қарауылда тұрды. Жұрт көңілінде азалы қайғы, үлкен үрей бар еді.
Булыға тұрып оқытушылар жылады, студенттер жылады. Қабағын қайғы жаққан жұрт көкіректеріне қаралы лента қадап, білектеріне қаралы шүберек байлап үн-түнсіз жүретін болды, алқызыл тулар қаралы шүберектен ауыр тартты. Митинг болды. Өз курсанттарының атынан Асқар сөйледі.
- — Дана адам өлмейді. Ол мәңгі тірі, — деді ауыр қайғы батып көз жасына булыққан жас жігіт.
Сол бір сәтте Асқар көкейіне, ұлылық пен даналықтың, белгісі болған адамды суық елім құшағына алады деген ой мүлдем қонған жоқ. Ол мыңдаған жандардың көз жасы мен қасіретті жүздерін керіп тұрды. Ол халық өміріндегі таңғажайып ұлы істерді, жұрт осы бір адамның атына бағыштаған заманда туып, ескен болатын. Сондықтан да Асқар халық үшін мұнан асқан қайғы-қасірет болмас деп ойлады.
Ал көктем болса өз әуенімен жасарған табиғат сұлулығын паш етіп құлпыра берді. Ағаш бұталарындағы ісінген бүршіктер кішкентай, нәзік жапырақтарға айналды. Енді бәйшешектерді тек ентелеп көктем өрмелеген Алатау шыңдарынан ғана табуға болады. Ал қалада қыздар құшағында қызғалдақтар жұпар шашты. Дүниенің үнемі жаңғыруы, жаңаруы туралы ертеден айтылып келе жатқан қағиданы дәлелдей түскісі келгендей көктем бар табиғатқа, адамзатқа өз әмірін көрсетті. Мәңгі бақи түнеріп тұрардай көрінген жұрт қайғысы тез сейілді.
Бау-бақша гүлдеп, түрлі түсті гүлге оранды. Қалың шөптің арасына отырып ап, Асқар емтиханға әзірленді.
Күнде кешкісін жатақханаға қайтқан сайын Асқар есік алдындағы столда жатқан сол күнгі почтаны қарап өтеді. Өйткені ол Ақтұма жайлы жазған хатына облыстық газеттен тағатсыздана жауап күтуде болатын. Тек ай жарым өткеннен кейін: «Сіздің хатыңыз тексеру үшін аудандық партия комитетіне жіберілді», деген қысқа ғапа хат алды. Бұл жауап Асқарды қуантқан да жоқ, жабырқатпады да. Тексеру болса Ақтұмаға пайдасы тиер, деп түйді ол.
Ал ол тексерудің қалай болғанын, кейін күзде Алматыға Зәуреш келгенде, содан естіді Асқар.
— Ақтұмаға аупарткомның қызметкері келіп, ертеңіне жұртты жинап, жиналыс ашты да, колхоз барлық көрсеткіштері жағынан аудандағы алдыңғы қатардағы шаруашылық дегенді айтты. Әлдеқандай жалақорлар Әмірбекті мұқату үшін облыстық газетке арыз жазған екен, оларыңа қосылмаймыз депті. Бар болғаны осы, — деді Зәуреш. — Ал тағы не жайлы айт дейсің?
Зәуреш ағасы екеуі келген еді. Оның көзінше Асқар бөтен ештеңені сөз ете алмады. Асқар басқа студенттермен бірге республиканың оңтүстік аудандарына мақта жинауға кеткенде, ағасы Зәурешті пәтерге орналастырды.
Университеттегі лекция әдеттегіден кеш басталған. Енді университет студенттерінің жексембіден өзге күндерде мүлдем бос уақыттары қалмады.
Медицина институтына түскен Зәуреш университеттегі жерлестеріне анда-санда өзі келіп тұрды. Асқардың байқағаны Ленинскідегі екеуінің соңғы кездескенінен кейінгі жерде қыз көп өзгерген тәрізді. Бұрынғы балалық шәлкестіктің орнына көзінде тұңғиық бір мұң орнаған, жүріс-тұрысы да байсалды. Тыңдағаны болмаса, өзі шешіліп көп сөйлемейді. Acқардың тағы бір аңғарғаны Зәуреш Жомарт әңгімелерін тыңдағанды ұнатады. Енді Асқар оны келсе — Жомартқа бола келіп жүрген болар деп ойлады, кейде Асқармен сырласатын себебі балалық шақтағы достықты еске алғаны болар. Қыз Асқардың қысқы демалыста өзіне арнайы барғанын бір рет есіне алған емес. Бірде Асқар онымен бақ ішінде кездесіп қалған, қыз шығарып салуын өтінді.
Екеуі қараңғылау көшеге түсіп, ауа райын, алдағы емтихан жайын сөз етіп келе жатты. Зәуреш қала шетіндегі біреудің үйінде пәтерде тұратын. Үй иелері жоқ екен.
— Командировкаға кеткен, — деді Зәуреш, онан соң асықпай жүріп шай қайнатты. — Асығып қайда барасың, отырайық. Әйтпесе мен жалғыз елегізем, — деді.
Тамақ ішті. Онан Асқар ескі журналдарды ақтарыстырды, Зәуреш пластинка ойнатты.
— Сен Огинскийдің полонезін тыңдадың ба? — деп сұрады Асқар.
— Бізде ол пластинка бар. Қазір ойнатам. Маған оны алғызған Жомарт болатын. Ендігі жерде бәрін білу керек. Ауылдан не біліп, не көріп келдік. Жомарттың бізге қарағанда оқығаны кеп. Соның ақылымен осы күні күнделік жазып жүрмін, — деп қойды Зәуреш.
— Саған ол ұнай ма?
— Кім? — деді пластинканы алып, столға таяған Зәуреш.
— Жомарт, — деді, журналдағы суретке үңіле түскендей болған Асқар. Зәуреш қарсы орындыққа отырып, стол үстіндегі кішкене кесені қолына алды да, соны айналдыра бастады, онан соң ойлы күйде:
— Әрине, — деп Асқарға тіктей қарап, кесені орнына қойды. — Оны неге сұрадың?
— Жәй. Әншейін... — - деп Асқар радиоланы ойнатты.
— Сен басқа бір жайды сұрағың келген болар?
— Мүмкін...
- — Не керегін кейде мен өзім де білмеймін. Мүмкін ауылды жерде өсіп, басқа әдеп, басқа түсінікте тәрбиеленгендікі болар. Ал бұл қалада бәрі де мүлдем басқаша.
— Сонда нені айтпақсың, Зәуреш?
— Сен сұрамақ болған жәйді айтам да. Сен өзің біреуді сүйесін, бе?
Асқар үндеген жоқ. Өйткені бұл жерде ешбір сөз қажетсіз еді. Өйткені қыз жігіттің өзін сүйетінін біледі ғой. Екеуі де ұзақ уақыт үнсіз отырды. Зәуреш стол үстінде жатқан заттарды қозғастыра берді.
— Дегенмен де айтарсың, — деді ол әр сөзін бөліп-бөліп ақырын ғана.
— Жоқ, — деді Асқар.
— Мұныңды қалай түсінуге болады?
— Түсінетін түгі жоқ. Қазір сенің сұрағыңа жауап беру мен үшін ете қиын. Оның үстіне екеуміз бір-бірімізді кішкентайымыздан білеміз ғой, ендеше қинап қайтесің мені.
— Түсінсем бұйырмасын.
— Сен менің жауабымды білесін, ғой...
— Сен тым бұлыңғыр сөйлеп отырсың, Асқар, — деп Зәуреш оған қадала қарады. Асқар тамағына әлде не кептеліп қалғандай сәл мүдіріп отырды да, онан соң ақырын ғана:
— Мен сені ғана... сүйемін ғой, Зәуреш. Оны өзін, де білесің. Неге сұрай бересің? — деді.
— Әйел заты осы сезді ести беруге құштар ғой.
— Мен сенің бұл сезді бұрын естігеніңді білгем жоқ.
— Сендер, жігіттер жаттап алғандай етіп оп-оңай айтасыңдар ғой.
— Бұл сенің өз айтқаның емес, Зәуреш, басқаның айтқаны. Қайталап қайтесің.
— Менің басқадан асып тұрған ештеңем жоқ. Жұрт қандай болса мен де сондаймын, — деді орнынан тұрған Зәуреш терезе тұсына барып. — Мені бір ерекше екен деп ойлама. Жұрт сияқты ғана жүріп-тұрғым, өмір сүргім келеді. Ал өз ішіңдегіңді маған ойлап тап дегеніңе түсінбеймін. — Зәуреш терезе перделерін жапты. — Неге мен өзгелерден ерекше болуым керек сонда? Сеніңше мен тек сені ғана сүйіп, сені ғана тыңдауым керек пе?
— Мен саған өйдеп талап қойғаным жоқ, — деп Асқар бас киімін алды. — Ал мен кеттім...
Зәуреш үнсіз күйде терезеге қарады. Асқар көтерілді.
— Сенің айтып отырғаның дұрыс емес, сен өзгелер сияқты емессің.
«Өзгелер» деген сөз Асқардың есіне профессордың үйінде кездестірген жеңсіз көйлекті аққұба қызды түсірді. Зәуреш өзін дәл сондайлардың санына қосып отыр-ау, деген қорқынышты ой ұйтқып өтті.
— Кеш қалдың, — - деді Зәуреш әлдеқандай жасанды үнмен. — Өте кеш, — деп жалт бұрылды, — дала тастай қараңғы, ел аяғы басылған кез, қалсаңшы осында. Сен кетсең мен ұйықтай алмаймын. Қорқамын.
Асқар оған үнсіз қараған.
— Мен туралы не ойласаң да өзің біл, тек бұлай қарамашы. Қон осында! — деді, үнінде бұйырумен қатар күйіну, назалану бар еді. Енді ол Асқарға қарамастан, төсек -орынды салды да, астыңғы ернін тістеген күйде басқа бөлмеге шығып. есікті жауып қойды. Ілезде тым-тырыс бола қалды.
Бүкіл бір үйде екеуі ғана жатыр. Араларын жұқа қабырға мен есік қана бөліп тұр. Көрші бөлмеде Зәуреш, мүмкін бұл да анадағы аққұба қыз құсап кеудесін жалаңаштап, мұнын, келуін күтіп жатқан болар. Әлгінде ғана өзі айтты ғой: өзгелерден еш айырмашылығы жоқ екенін және жігіттердің өзіне «сүйемін» деген сөзді жаттап алғандай етіп оп-оңай айтатынын. Шынымен-ақ Зәурештің де Қайнардың үйіндегі қыз сияқты болғаны ма? Жоқ, жоқ. Асқарды ызаландыру үшін, әзілдеп айтқан болар...
Асқардың бұл түнгі ұйқысы ауыр да азапты болды. Түсінде Зәурешті әлдеқандай бір дәу қараның құшақтап тұрғанын көрді, қыз болса одан қашар емес, Асқарға ерегісе қарап, сықылықтай күледі, үстіндегі жұқа кофтасының омырауын жырта бастады. Асқар өне бойын суық тер басып оянды. Мұнан кейін төңбекшіп жатып қайта ұйықтап кеткен; Зәуреш ақ көйлек киіп бұған күйеуге шықпақ екен дейді, өзі бұрынғысынан да сұлу, сүйкімді, екеуі қол ұстасып, Ақтұма тауларындағы мөлдір бұлақ суын жағалап, қалың гүлдің ортасында келе жатыр. Бір кезде ақ сүйек ойнап, Қарлығаш ауылының жастары жеңіп шығатын алқап екен дейді. Асқар қыз қолының жұмсақ табын сезіп келеді.
Оянып кеткен Асқар, бұл жолы ақырындап киіне бастады.
Көрші бөлменің есігі ашылып, Зәуреш шықты. Қыздың сұрланған түріне қарап оның ұйықтамағанын білді. Екеуі сыртқа шыққан.
— Ал, жақсы... — деп Асқар қақпаға беттеді. Зәуреш есік жақтауына сүйеніп үнсіз тұрды. Жігіт соңынан кінәлаған, жазғырған, күйзелген кейіпте қарайды. Асқар өзінің түзелмес қателік жібергенін, қыз көңілінің қорланған күйде қалғанын, бүгіннен бастап мұны жек көретінін іштей сезгендей болды.
Көшеге шығысымен ол омырауының түймесін ағытқан, суық ауа кеудесін қарып жіберді. Артына бұрылып қарамастан, лас көшелерге түсіп ап, өзін масқара етер жайдан безген адамдай, зытып жөнелді.
— Сен қайда жүрсің? — деді жатақхана коридорында кездесе кеткен Жомарт. — Түнде іздеп бөлмеңе екі рет бардым.
— Саған бәрібір емес пе, қайда жүрсем де, колхозға барып алма жинадым, — деді Асқар ызаланып, онан төсегіне барып сылқ етіп жата кетті.
* * *
Зәуреш университетке сирек келетін болды. Көшеде Асқармен кездесіп қалған кезде, жігіттің сөйлесуінен қорыққандай басын төмен салбыратып, тез өте шығатын.
Бір ай өтті, екі ай өтті, үшінші айда Асқардың шыдамы таусылды да, ақыры Зәурешпен шындап сөйлесуге бекінді. Бірақ қыз бұл шақырып барғанда шықпай қойды.
Зәурешпен бірге жататын қыз есік алдына шығып: «Оның сізді кергісі де, білгісі де келмейді», — деді.
Сол күннен бастап Асқар уақытша болса да бәрін ұмыту үшін кітапқа мықтап ден қойып, көпшілік кітапханасынан шықпайтын боп алды. Енді Зәурешке тек Жомарт қана барып жүрді, медицина институтындағы би кештерінен қалмайтын болды.
— Біздің Зәурешке не болғанын қайдам, мүлдем өзгеріп кетті, — деді бірде Жомарт.
— Е, маған неғыл дейсің?! — деп Асқар шап ете түсті.
— Жә, жә, ақырын. Пардон, Асқаржан. Шаптықпа. Сен де ашушаң боп барасың - ау. Не болған сонша... Сені қуантам ба деп отырсам. Міне, хат бар саған.
Асқар конвертіне қарамастан хатты қалтасына тыға салды да, емтиханға кетті.
Билетті алдына жайып қойып, жауап жазып дайындалу үшін қағаз іздестіре бастаған кезде ғана әлгіндегі хат есіне түскен. Хатты ашып оқи бастаған. «Тұрысбек Сембин өлгеннен кейін, коммунист ретінде ақталды...» — деп жазылыпты. Асқар қайталай оқыды, қолы дірілдеп, көзін жас басып кетті. Ештеңені көрместен, емтихан алушы оқытушының таңырқай айтқан сұрауларын естіместен, есік алдында топырлап тұрған студенттерді байқамастан, қағазды қолына тас қып қысқан күйде сыртқа беттеді. Көкірегі удай ашыды. Әкесінің ақталғандығы туралы хабар оны қуантқан жоқ. Өйткені ол әкесін ешуақытта жау деп білген емес. Ал жетімдік керген балалық шағы, қайғы-қасірет, реніш — бәрі баяғыда -ақ ұмыт болған. Енді міне, машинамен жазылған мынау, бір жапырақ қағаз бүкіл жан дүниесін астан-кестен етті.
«Жақсы кісі еді, марқұм» — деген Кенехан ұстаның даусы естілді.
Ақтұма гүлденсе екен, біздің тұрмысымыз жақсарса екен деп армандап еді. Нағыз коммунист еді-ау...» — деген Сапар сөздері де анық жетті.
Есіне, әкесі өлгеннен кейін қаңырап бос қалған жер үй, ақпанның аяз қысқан таңы оралды. Сол таңда әкесін жерлеген еді... Онан соң, вагон есігіне тырмыса жармасқан, қолы жырымдалған қан-қан кездер, аштық пен суық қысқан күндер, Жетісу өлкесін шарлап қаңғып жүрген қайыршы бала кейпі келді көз алдына. Әмірбектің көрсеткен қорлығы, Аққасқадан ұшып түскен сәт — бірінен кейін бірі тізбектелді.
Асқар умаждалған бір жапырақ қағазға қайта үңілді.
Бұл не сонда? Әке өлімінің құны ма, әлде балалық шағынан ада етіп, қорлағаны үшін сұралған кешірім бе? Сұрап алар жан көрінбейді маңайда. Тым-тырыс тыныштық. Жапырақтар ғана сыбырласады. Әлде қайдан торғайлар шырылдайды. Ағаш көлеңкелерінде ауыздарын ашып, қанаттарын салбырата қомдап тауықтар жүр.
Көңілі ептеп саябыр тапқандай болған соң ол, қағазды тағы бір оқып шықты, конверт ішіне үңілген, бүктеулі хат бар екен, Асқар Сапардың қолын бірден таныды.
«Сәлеметсің бе, Асқаржан!
Саған әкеңнің ақталған қағазын жіберіп отырмын. Марқұм, өлерінде, айдауда жүргенінде көрген небір сұмдық азаптары туралы саған ешуақытта айтпа деп өтініш еткен еді. Ауылға мүгедек боп оралды ғой. Ол кезде оған кір келтірер ешбір дәлелді жала болмағанмен — ақталмаған. Әттең, дүние, әділеттің жеңер күніне жете алмай кетті. Өлген қайтып тірілмейді. Алайда, артындағы ұрпағы әкесінің ақ екенін, адал екенін білуі тиіс. Сол себепті осы қағазды өзіңе салып отырмын. Бұрынғыдай емеспін, қажыр-қайрат қайта бастады. Осы күні айналада не боп, не қойып жатқанын түсінудің өзі қиын. Партияның кейінгі съезінде әңгіме не жайлы болғанын сен менен жақсы білесін, ғой. Жеке адамға табынушылық дейді. Ал мен үшін қым-қиғаш түсініксіз жәй. Жақсылық пен жамандықтың қалай астасқанына таңданам. Өмір деген қиян - кескі күрделі ғой. Ол жағын өзге білмесе де, өз басыңнан өткерген сен жақсы білесің, ұлым. Әкеңді әрқашан да мақтан етуіңе болады. Сенің жақсы жігіт боп есетініңе кәміл сенем. Егер әкең марқұм тірі болса, сенін, азамат болғаныңды көріп бір жасар еді ғой. Ол ылғи жұрттың қамын ойлайтын, туған өлкесінің, Ақтұмасының гүлденгенін, көркейгенін тілейтін. Өзің білесін, менің әуелі жылқы бағып, кейіннен басқарма болғанымды. Бірақ Әмірбек маған қарағанда білімді еді. Ауданда оның таныс - тамырлары да көп болатын, соларды айтқанына сендіріп мені қамауға айдатты. Абиыр болғанда, аудандағы бір-екі қарт коммунист ара түсіп, солардың көмегімен босатылдым. Онан соң басқа колхозға көшіріп жіберді. Бірақ Ақтұмадан басқа жерді жерсінбедім. Ақыры қайта көшіп келіп отырмын. Енді кеп бір кездегі менің істеген істерімді дұрыс деседі.
Міне, бар жағдайым осы. Жас болса келіп қалды, енді сені бір көрсем деймін. Келіп қайт, ұлым. Екеуміз бірге барып сенің әкеңнің, менің досымның қабіріне бас иелік.
Қайсар сәлем айтып жатыр. Ол ауыл шаруашылық техникумын бітіріп келген, қазір МТС-та механик боп істеп жүр».
Сапар ағай жабайы алманың түбірінен жонғандай төртбақ, қайратты кісі еді. Асқарға оның жайдары, кескінді тұр - тұлғасы, қалың қабағы, жымқыра тістеніп жүретін ернін көмкерген көмірдей қара мұрты, күлкі шаша қарайтын өткір көзі — бәрі ұнайтын. Таза киініп, сымдай тартылып тұратын. Қыста шолақ етек қасқыр ішік пен түлкі тұмақ киетін, ал жазда тақия мен ала барқыттан костюм киюші еді. Аяғынан ұзын қонышты етігін тастамайтын. Асқардың есінде сол күйінде қалған. Уақыт деген қалай тез зымырап өтеді, деген ой келді Асқарға, кеше ғана ауылда жалаң аяқ, жалаң бас жүгіріп жүрген, Сапар ағайдың әңгімелерін таңырқай тыңдаған қара сирақ бала едік. Ал енді оқудың да соңы таяп қалған, алдағы жолды бағдарлау керек.
Асқар алғаш рет болашақ жәйін ойлады. Университетті бітірген соң қайда баруы керек? Сапар ағай ғой, мұны Ақтұмаға қайтып оралар деп сенеді. Ал өзіне салса Ақтұма не, яки құм арасындағы, тың жердегі кез келген ауылдың бірі не, — бәрібір сияқты. Қайда барса да алдынан елжірей күтіп алар ет бауыр жақыны жоқ.
Ол енді әкесі туралы, онан анасы туралы ойлай бастады. Қанша ойлағанмен анасының кескін - кейпін көз алдына келтіре алмады. Тіпті «ана» деген сөздің өзі оған бір түрлі жат боп естілді. Өйткені анасы жайлы ештеңе білмейтін. Тек Дәмеш апайдың айтқан әңгімелеріне қарап, анасын өзінше іштей жорамалдайтын.
Дәмеш апайдың сезіне қарағанда анасы көрікті, жұмсақ мінезді, ақылды жан болған көрінеді.
Ой, қайран апам - ай... Асқар өмірінде бірінші рет «апа» деген сөзді дауыстай айтты. Кішкене балаша елжірей айтты. Кенет, дәрменсіз, кішкене жас балаша жұп-жұмсақ ана қолын, аялап аймалағанын сағына аңсады, айналып-толғанған үнін естіп, ыстық демін сезінгісі келді.
Ол жұрттың өзін аяп, мүсіркегенін жек көретін, бірақ әрқашан да елжіреген ықыласты көңіл болуын тілейтін. Махаббаты аңсайтын, кәдімгі ана көкірегінен сәбиіне деп жарып шығатын ардақты махаббатты аңсайтын.
Зәурешті ынтыға құлай сүйіп, оған сырттай тәңірдей табынғанымен, махаббаттың шымдап етек алуы үшін еш әрекет етеді. Қыз соңынан қорғаншақтап телміре қараудан әрі аса алмады. Зәурештің не істеп, не ойлап жүргені, толғаныс - тебіреністері оны еш уақыт қызықтырған емес. Бар есі-дерті мұның іс әрекеті мен сөзіне қыз қайтер екен деу болды. Ал махаббат үшін алысып, күрескеннен гөрі, іш құста боп қайғыға бату әрқашан да жеңіл ғой.
Асқар тыныш көшені бойлап, ойға шомып келеді. Зәурешке келе жатқан беті. Қазір ол жаңалыққа ортақтасар, өткенді тегіс еске түсіріп, шер тарқатар адамның қасында болуын тілеп келеді.
Әуелде ол бөтен бір жігітпен қарсы жүріп келе жатқан Зәурешті байқаған жоқ. Қыз болса Асқар жаққа қарамауға тырысып өте берген, дәл осы сәтте жігіт оны көріп қалды.
— Зәуреш, мен сені іздеп келем! — деп қуана дауыстап жіберді. Зәурешті қолтықтап тұрған жігітке көңіл де аударған жоқ.
Қысылып қалған қыз сыр бермеу үшін, салқын ғана саябыр үнмен:
— Сонша не боп қалды? — деп сұрады.
— Ештеңе де емес. Жәй әншейін... — деді өңі өзгеріп сала берген Асқар. Біреу бетіне мұздай су шашып жібергендей қуанышы сөніп қалды.
— Онда кешір, біз киноға асығып бара жатыр ек.
— Ертең келейін бе?
— Ертең бе? Ертең біздің группа тегіс астық жинауға тыңға жүреді. Октябрь айында бір-ақ қайтамыз. Мен емтихандарымды баяғыда тапсырып болғам, — деп қойды.
— Құттықтап қойсаңыз етті, — деді Асқарға жоғарыдан тәкаппар кейіпте мысқылдай қараған жігіт.
— Сау бол! — деп саусағын қулана шошайтқан ол, Асқарға көзін қысып қойды да, Зәурешті қолтығынан қайта ұстады. Қыз сәл қарсылық етіп қолын босатпақ болып еді, бірақ анау жіберген жоқ.
Кейін бұрылуға дәті шыдамағандай, басын тұқыртқан Зәуреш өзінің жаңа тапқан досымен кете барды. Асқар болса соңынан көпке дейін мелшие қарап қатты да тұрды.
Кешкісін жатақханаға өте кеш, шаршап, түнеріп қайтқан.
— Не боп қалды, емтиханнан неге кетіп қалдың? Сен бір хат алған дей ме, немене? Жомарт әлденеше рет іздеп келіп кетті, — десіп балалар ортаға алған.
Асқар жауап орнына, стол үстіне бүгерленген қағазды тастай салған. Бір жігіт алып оқыды да, үн-түнсіз Асқардың өзіне қайтып берді.
— Тығып қой. Қажет болады.
— Не дедің? — деді Асқар оянғандай.
— Бұл документ, сақтап қой деймін...
— Оны неменесін сақтаймын? Кімге керек ол? Бәрі келмеске кетті емес пе. Еске алудан өзге не қалды, ең болмаса әкемнің суреті де сақталған жоқ, — деді шиыршық атып, ызалана сөйлеген Асқар сұп-сұр болып.
Қатарлас төсекте жататын жігіт, жағын таяна отырған күйде, Асқардың әлі де ширығуын әкесінің ақталғаны жайлы хабарының әсерінен болар деп ойлады.
— Түсіну қиын... Сұмдық жайлардың болып жатқаным жұрттың бәрі көріп-біліп отырған... Сөйте отырып оны «данышпан», «ақылдың кені» деп даурығысты. Сен бұл қағазды сақтап қой. Сол бір кезеңнен ескерткіш болсын. Жұрт ол жылдарды ұмытпауы тиіс.
Бірақ Асқар оның айтқандарын тыңдаған жоқ. Бұрыштағы тумбочкаға отырып, асығыс жаза бастады.
Долылық буып, ашуын кімнен аларын білмей күйінді. Бар ызасын төгіп, жанына тигізіп Зәурешке хат жазды. Қыздың кемшіліктерін бетіне басып, тұрақсыздығы, көрсеқызар, жеңілтектігі үшін жазғырды, «менің де басқалардан еш айырмашылығым жоқ» деген өзінін, сөзін есіне салды.
Пәлендей еш жазығы болмаса да қызды жер-жебіріне жете сөкті. Өзі іштей күйзеле отырып сөкті. Әлгі бір сәл реніш көкірегінде қызғаныш деген пасық сезімді оятқан.
Асқар оған іш тартып, ен, қадірлі, жақын адамым деп келді-ау. Бірге отырып, сыр шертіспек еді. Қуаныш - қайғысына ортақтасар деп ойлаған. Бірақ бәрі керісінше боп шықты. Ол Зәурешке басқа жігітпен қолтықтасып қыдырып келе жатқан жерінде тап болды. Және Асқармен сөйлескісі келмей, кездесуден бас тартты.
Қыздың қалай қабыл аларын ойламастан, Асқар небір ауыр-ауыр сездерді батыра жазды.
Шөлейт далада есетін тобылғы бұталарында кейде әдеттен тыс өскен үлкен бүршіктер болады. Олар көп жылдар бойына ашылмайды, егер күндердің күнінде сол бүршіктердің сыртқы қабыршағын бір құс тұмсығымен төсетіп болса, әлгі мүлгіген бүршік сыздай ауырып ішінен көптеген ұсақ, тез қурайтын жапырақшалар шығады. Сол сияқты бүгінгі оқиғадан да Асқар жүрегінің бітелген жарасын қайта тырнағандай болды. Ал Зәурешке жазған хаты арқылы көкірегіне кептелген барлық ашу-ызасын, жәбір-жапасын сыртқа төккені еді.
Жазғандарын қайтып оқымастан, өзінің бұл ісінің дұрыс - бұрыстығын ойланбастан, Асқар хатты сол күні Зәурештің үйіне апарып тастады.
Зәуреш кеш қайтқан. Жастығының үстінде хат жатыр екен. Ол Асқардың қолын бірден таныды. Хатты оқып түні бойы жылады. Ертеңіне, астық жинауға жүрердің алдында асығыс жүгіре басып Асқардың жатағына кіріп шықты. Ләм деп үн қатпастан, есікті де қақпастан, бірден сарт еткізіп ашты да, Асқардың төсегіне хат лақтырып тастай салды. Қош айтыспастан қайта жүгіріп кетті.
«Мен туралы бұлай жазуға қалай дәтің барды? Қандай жазығым бар еді? Мұның не? Мен туралы бұлай жазуға қандай хақың бар еді? Кім ерік берді? Мұнан бұлай көрмегенім сен бол. Көргім келмейді бетіңді, білдің бе! Ал мен ғой сені талай рет зарыға күттім. Келер деп күттім. Бірақ сен адам сияқты сүйе де білмедің ғой. Енді менің басқа адамым бар. Сені жек көрем, білдің бе? Көргім де, естігім де келмейді. Қош бол».
Осыдан кейін Асқар онымен кездескен жоқ. Қыз жұмыстан қайтқан кезде, ол қала маңындағы аудандық мектепте педагогикалық практикада болып, диплом жұмысына материал жинап жүрген. Ал онан кейін мемлекеттік емтихан тапсырып, туған ауылына аттануға жолға жиналып жүргенінде, Зәуреш өзінің дәрігерлік тұңғыш практикасына кеткен еді.
Шылымын тартып болған соң Асқар пиджагінің ішкі қалтасынан аудандық халық ағарту бөлімі берген жолдаманы алып: Асқар Сембин Ақтұма мектебіне директор боп тағайындалды, деген жолдарға тағы бір көз жүгіртіп өтті.
«Директор» деген сөзге тағы да жымиды. Аудандық оқу бөлімінін, мәліметі бойынша мектепте небәрі отыз екі оқушы бар екен. Асқар төрт класқа бірдей сабақ беруі тиіс, түске дейін — бірінші және үшінші кластарды, түстен кейін — екінші және төртінші кластарды оқытады. Штат бойынша тағы бір қызметші — үй сыпырушы - күзетші болуы керек. Сондықтан да «директор» деген сөз онша қонымды емес еді.
— Қайтеміз енді, бол десе директор - ақ болайық. Екі адам екі қызметтен атқарады екенбіз, ол да жаман емес, — деді ол пиджагын иығына асқан күйде, өз-өзіне дауыстай сөйлеп. Кітап толы чемоданын көтеріп, табан астындағы түйе қоңызды аяғымен шөпке қарай итеріп жіберіп, жалғыз аяқ соқпақ жолмен жүріп кетті.
Туған ауылына жетуге асық. Жақындаған сайын көңілі алып ұшады. Әлгінде шофермен қош айтысып, өзі машинадан түсіп қалған тас жолдан бастап бері қарай жүргенде, әрбір соқпақ, әрбір бұлақ бұған бала жасынан таныс. Бұл араның әрбір ой-қырын бір кездерде талай жаяу кезіп өткен.
Жаздың нөсерлі күндерінде достарымен бірге, анау, үлкен лапас іргесіндегі ескі кірпіш тамға талай тығылған. Ол бригаданың дала қосы еді. Қазір де сол бір кездердегідей қыңырайып тұр. Тамның үстінде отырған адам, сондағы Әмірбек кешіріп әкелген Жекен көсе шығар, бәлкім, ол болмауы да мүмкін. Асқар училищені бітіріп, университетке түскеніне де талай жыл болды ғой.
Жоқ мынау сол Жекен көсенің өзі-ақ. Енді қалай? Ешкімге залалы жоқ, жаны мейірімді, үлкендерден гөрі балаларға үйір, жасының қаншаға келгенін жан білмейтін, ақкөңіл, адал көсе Жекенінсіз Ақтұма қалай болмақ.
Жекеннің семьясы жоқ, жалғыз басты еді. Бұл аймақта оны білмейтін ел кем де кем болатын, тіпті әуелі Ақтұманы көсе Жекеннің, ауылы деп атайтын. Жұрт Жекенді қуаныш жаршысы деп жақсы керетін, өйткені соғыс жылдарында ол, осыдан он бес шақырым жердегі селолық почтада күндіз-түні бірдей күтіп отырып, ауылға майданнан келген әрбір қуанышты хабарды, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, киіз байпағын сым темірмен шандып алып, жаяу жеткізетін. Ол кезде жұрт оған жел аяқ Жекен деген қосалқы атты және тақты. Асқардың есіне, егін орағы кезінде Жекеннің үрейлене кеп Сапарды шақырғаны түсті.
Асқар там үстінде отырған адамға тағы да бір қарады да, қолын көтеріп сәлемдесті. Әлгі адам орнынан қозғалған жоқ, тек талаураған қолы жайлап төмен салбырап, таяғы сәл шайқалып қойды.
Әбден кәртейген шығар, көзі де онша кермес, деген аянышты ой келді Асқарға.
Дөңнен асқанда ойда жатқан ауылға көзі түсті. Қос өркеш тау шыңдарының түбінен шыққан қос бұлақ ояңға қарай сарқырап ағып жатыр. Сол екі бұлақты қуалай, қалың шөптің арасында, көзге қораш кішкене кірпіш тамдар шашылып жатыр. Бірі — тауды бөктерлеп кеткен, екіншісі — солтүстіктен оңтүстікке, тауға қарай көлбей салынған ескі қара жол ауылды. Екі тұсынан жарып өткен. Бір жолмен қос атты арба шаңда барады, екінші жолдың үстінде бір қыз бала лақтарды қуып жүр. Бәрі де со бір кездегі қалпы, бәрі де со бала жастан таныс көрініс: ауылдың орта тұсындағы анау үш кәрі алма ағаш, олардың іргесіндегі құлап, мүжілген қабырғалар, ағаштан салынған, тот басқан қаңылтыр төбелі, кішкентай мектеп үйі, — бәрі со күйлері. Бөгде адамға бұл ауыл мүлдем тым-тырыс, ұмыт қалғандай көрініп, бір күнге аялдаудың өзіне дәті бармас еді.
Ал Асқар үшін бұл ауылдың әр бұтасы, әр тасы қымбат та қадірлі.
Қалың ойға шомған күйде ол қалын, топырақты ауыл көшесіне қалай кіргенін де сезбей қалды. Сәл жүрген соң жол жиегіндегі жарлауыт, шұңғыл тәріздес ойға түсті. Шұңғыл түбінде бұрқылдап қайнап мол сулы бұлақ сыртқа теуіп жатыр. Тастай суық, мөлдір су неше түрлі мүжілген ақ кіріш, сарғыш тас қиыршықтарын сыртқа тебеді. Бұлақ көзінде қайнаған сол ұсақ тас қиыршықтарымен ойнау үшін осы Ақтұманың басына бала атаулы баяғыдан жиналатын. Ауылдың Ақтұма аталуы да осы бұлаққа байланысты еді.
Ауылдың әр тұсындағы ойдым - оят, тұма деген көп болатын, алайда солардың ішіндегі ең мол сұлысы да, мөлдірі де — Ақтұма, қыз-келіншек шәй қайнатар суды осынан кеп алады, жігіттер атты осында әкеп суғарады.
Асқар тұма суынан қолымен бір іліп алды да, саусақтарының арасынан сорғалаған күміс тамшыларға сүйсіне қарап, аспандата өз үстіне қарай шашып жіберді, онан соң тағы бір іліп ап ернін тигізген. Суық су тісін сырқыратып өтті. Шөлін қандырған соң, балаша ақ кіріш тас қиыршықтарын жинауға кірісті. Жотасынан әлдеқандай жұмсақ бірдеңе түртпектеген кезде ғана Асқар басын көтерген.
— Тұманның көзіне жалпия отырып алған кім бұл? Тұр былай, ат су ішсін...
Жайдақ атқа мінген, жалаң аяқ, жалан, бас қара домалақ бала, тізгінді шірене тартып төніп тұр екен.
Асқар тұрып кетті де, ат бірден басын суға қойды.
— Кімсің, өзің? — деп сұрады, ат үстіне бір жамбастай отырған бала, қысық кездерін онан әрмен сығырайта қарап.
— Өзің, кім боласың? — деді Асқар күлкісін әзер басып.
— Мен осы ауылдың адамымын.
- — Мен де осы ауылдікімін. Кімнің баласысың?
— Кімнің баласы екенімдегі шаруаң қанша, — деді бала наразы үнмен. — Осы ауылдың Ақтұманың баласымын дедім ғой.
— Ақтұманың деймісің? — деді түсінбеген Асқар.
— Иә. Осы ауылдың баласымын. Атым Қодар. Кімнің, үйі жақсы қараса, ұнаса сол үйдің баласымын. Енді түсіндің бе? — деді бала тәкаппар үнмен.
— Менің атым Асқар. Мұнда қайдан келдің?
— Ешқайдан келгем жоқ. Мен осы ауылдағы Садық дегеннің баласымын. Әкем, мен туған жылы, соғыстан келген жарақаты ашылып кетіп қайтыс болған. Шешем көрші ауылға барып, қой бағам деп жүргенде, суық тиіп, ауырып өлді. Онан соң Ақтұмадағы ағайындарымыз ортамызда болсын деп мені осында алып келген — деп бала үлкен кісіше өз жайын баяндап өткен.
— Өзің азамат боп қапсын, ғой!
Ұзақ жылдардан кейін сағынып келген туған ауылы Асқарды толқытып жіберді.
Пішен кезі, әдеттегідей, ауылда адам қалмапты. Асқар балалық шағын есіне түсіріп, көше ортасымен жүріп келеді. Ол қазір бала кезіндегісіндей кез келген есікті қағып, ешкімнің тынышын алғысы келмеді, тіке мектепке қарай тартты.
— Сіздің кім екеніңізді мен енді таптым. Осы ауылға жаңадан келген мұғалімсіз. Кенехан атамның ұста дүкенінде сіз туралы естігем, — деді, Асқарды қуып жеткен Қодар Даурыға сөйлеп. Онан соң жалаң аяғының өкшесімен атты бүйірдей тебініп қалды да, кешенін, шағын көтеріп, ат қораға қарай шаба жөнелді.
Мектеп үйі ауылдың оңтүстік жағындағы дөңестің үстінде еді.
Тік салынған, тар баспалдақпен Асқар ауызғы бөлмеге кipген, көлеңке саялап кірген. серкешік жатыр екен. Асқардан ығар емес, мұнын, келгенін жақтырмағандай күтір-күтір күйіс қайырған күйінен танбастан пысқырынып қойды. Ішкі есікте қолдан жасалған зілдей ауыр құлпы тұр. Қабырғаның әр тұсынан сылағы түсіп, құрт үңгіген бөренелер көрінеді. Терезелерге жартысына дейін кірпіш қалап, сылап тастапты. Асқардың бірден сол кірпіштерді алып тастағысы келді.
— Ең әуелі терезелерді жөндеу керек. Класс жарық болсын, солай ма, — деп Асқар серкешке қарап, сөйлеп қойды. Серкеш орнынан тұрды да, жаңа директорға пысқырып қайырылмастан, табалдырықтан сыртқа қарай секіріп түсті.
— Құдай-ау, қандай боп кеткен! — деген сөзге, Асқар жалт бұрылған. Есік алдында белі сәл еңкіш тартып бүгілген, бірақ әлі де қайраты қайтпаған, үстінде етегі салбыраған көнетоз ұзын көйлегі бар кемпір тұр екен. Қолында кілті бар.
— - Сәлеметсіз бе,- — дей берген Асқар, енді бірде кемпірді тани кетіп, жүгіре ұмтылды.
— Дәмеш апа! Сізбісіз? Әлі осы мектепте істеуші ме едіңіз. Мені танисыз ба? Асқармын ғой.
— Неге танымайын, таныдым ғой, қалқам. Таныдым. — деді даусы қалтырап. — Сізге мектептің кілтін әкеліп едім, міне...
— Маған «сіз» деп тұрсыз ба, Дәмеш апа - ау. О не дегеніңіз. Мен сіздің немереңіз құралпы емес пе едім, — деді ыңғайсызданып қалған Асқар.
— Солайы солай ғой, жаным, бірақ енді сен мұнда деректір боп келдің емес пе. Әне, ескі деректір де келе жатыр осында, — деді даусында үрей, әлде қобалжу бар еді. Кілтті Асқарға ұстатты да өзі былай кетті. Асқардың қасына, көп ішіп ұйықтағандықтан бет-аузы күлдіреп ісініп кеткен, үстінде теріден жылтыр тартқан кителі бар, галифе шалбармен етік киген жасы қырық бестер шамасындағы еңгезердей адам таяп келді. Салқын амандасты.
— Тез келдің ғой. Қызметтен босағаным туралы қағазды алғаным кеше ғана еді, бүгін сен де жетіпсің. Дұрыс, дұрыс. Шалдың орнын тартып алдым де. Енді біздің жарамсыз болғанымыз ғой. Университет бітірген адам мұнан гөрі биіктеу қызметке жарайтын болар деп ойлаушы ем. Сөйтсек, оны бітіргендердің де кежегесі кейін кеткендері болады екен-ау, жорғалағанның бәрі ұша білмейді деген сөз осыдан кеп айтылған - ау, ә. Жарқанат ұшқанымен қыран болмас деген де бар еді-ау. Айналып кеп қараңғы бұрыштан шыға алмайтын... Ал келген екенсің, ісіңді қабылдап ал. Әй, Дәмеш, әлгі кілтіңді мына жігітке бердің бе? Ендігі директорың осы болады сенің. Есікті өзін, кеп ашсаңшы! Парталарды санайық, актіге. қол қою керек...
Асқар өзіне жеп қоярдай боп тесірейе қараған әлгі адамға тіктеп көз салған. Оның есіне айтыс-талас кезіндегі Жомарттың: «Сен ендігі жерде ауылға жат бауыр тарттың. Олардың көбісі сенің асқақ сезіміңе, игі іс жолындағы мақсат-мұратыңа түсінбейді. Университетті бітіріп, жер үйге қайтып барғаныңды бері айтқанда есерлік, әйтпесе топастық, — деп білетін болады», — деген сөздері түсті. Бір сәтке бойын ызалы ашу кернеді. Кекесінге кекесінмен, қорлау сөзге қорлау сезбен жауап қатқысы келді де, өзін іркіп қалды. Онан соң, сабырлы үнмен:
— Жүріңіз, кластарды көрелік... — деді.
Фанермен жаман - жасаған ескі парталар, жартылай кірпіш қаланған, немесе картон қағаздар қағылған терезелер, ырсиған еден тақтайлары, бастауыш мектептің сабақтарын өткізуге қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы, бұрынғы директор арадағы жағымсыз әңгіме, — ауылға оралғандағы алғашқы қуанышын су сепкендей басты.
Асқар Дәмеш апайдың шағын бөлмесіне орналасқан. Алғашқы күні кешкісін бұған бала шақтан бірге өскен досы, мығым денелі, жалпақ бет, бадырақ көз Бәукен кірген. Ауылдың басқа шалдарымен бірге Сапар ағай да келді.
— Алты жасар бала алыс сапардан оралса, алпыстағы қария алдынан шығар демекші, өзіңе сәлем бере келдік, балам, — деп бастады өзін табалдырықтан аттаған Сапар. — Қайран досым, осы бір қуанышты көре алмай, арманда кетті ғой. Қазір төбесі көкке жеткендей болар еді де. Ал балам, әңгімеңді айтшы, кәне, қалай жүріп, қалай тұрдың, қалай оқыдың, не көріп, не тоқыдың?
— Ал Асқаржан, бұ тұрысын, не, қонақтарыңды отырғыз. Дәмешке несіне жалтақтайсың, қысылма, үйі тар, қараңғылау болғанмен, апаңның пейілі кең ғой. Пай-пай, бұл апаң жас кезінде әйелдің сұлтаны еді-ау. Талай жігітті дертке шалдықтырған.
— Жә, балалардан ұялсаң етті, — деді қысылған Дәмеш апай сыртқа шығып кетті.
— Әй, қаштың ба, енді, кәрі сайтан, тез шәйіңді қамдап жіберші, шөлдеп отырмын. Сенің іше бергенің біздің кемпірдің бал бергенінен тәтті болушы еді, — деді, әзілін дауыстай жалғастырған Сапар ағай. — Сен, Асқар, Қадыр бабаны көрдің бе, осы?
— Көргем, есімде, — деді Асқар.
— Топырағы торқа болғыр, жарықтық, сол Қадыр баба, біздің өлкеден алғаш рет алыс жолға шығып, Меккеге барып қайтқан кісі еді. Кейінде қартайып, көзі көрмейтін, құлағы мүкіс тартқан кезінде, төңіректегі ел: «қажы бабаны» көреміз, деп ағылып кеп жататын. Біз болсақ, айналып ауылдың төңірегінен шықпайтынбыз. Біліміміз жоқ болған соң боз торғайша бір орында шыр көбелек айналып, тау мен құмды ғана жағалап үйден ұзап кетуге қорқатын едік. Ал бүгінгі балаларға қарап отырсақ, бірі анау Алматыда, бірі сонау Новосибирские, бірі мынау Семейде жүріп жатыр. Әлгі Жомарт алыс бір сапарға аттанады екен деп естідік. Сол рас па, Асқаржан? О не қылған сапар, сонда? Айта отыршы, соны.
— Жоқ. Ол аспирантурада қалды, әрі қарай оқығысы келеді.
Бұрынғылар айтқан ғой, көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра деп, — деді, сезге араласқан Кенехан.
Асқар қарттар алдында әдеп сақтап, шошаңдай қойған жоқ.
— Рас, айтасың, Сапеке, шүкіршілік, балалар қанаттанды ғой, — деді Кенехан сөзін жалғап. — Алайда, қанаттың да қанаты бар емес пе, қыранның қанаты бір басқа да, торғайдың қанаты бір басқа. Әлгінде сен боз торғайды мысал ғып айттың. Ал со боз торғай шымшықтан гөрі қырағы да тез ғой, тіпті қарлығаштан да кем ұшпайды, ал енді ол қыста неге алыс өлкелерге кетпейді десек, оның себебі, мына өзіміз туып - өскен қазақ даласын айрықша жақсы көруінде ме деймін, даланың тек гүлдеп құлпырған шағын ғана емес, азынаған боранды қысын да қимайтындығы болар. Сол бір жұдырықтай кішкене құс осы дала төсінде шырылдап ән боп туып, ән боп өтпей ме. Қарлығаш та дуалы құс, оның қыста басқа жаққа кететін себебі, жазға салым осы өлкеге жаңа әнмен оралғысы келеді.
Мына Асқаржан біздің ортамызда қанша болар? Жарық дүниені бір көрген адамның қараңғы ұясына қайтып оралуы өте қиын ғой. Балалардың қанатының қатайғаны біз үшін қуаныш та, күйініш те емес пе, Сапеке. Біз болсақ жұртта қалған қоламтаны қорыған төбеттей қала береміз де.
— Кенеке, сонда, баламды оқуға жібермей қойған менің ісім дұрыс па? — деп сұрады, Сапардың оң жағында отырған, бригада күзетшісі Мамырбай.
Осы кезде Дәмеш апай бауырсақ пен конфет толы дастарқанды алып кіріп, жая бастады. Тағы бір әйел кеселер мен арақ алып келді. Самаурын да кіргізілді.
Арақты көрген Асқар мұны кім ішеді дегендей Дәмеш апайға қарай берген.
— Балам, қазір мұнсыз дастарқанның әрі кірмейтін әдет болды ғой, — деп сыбыр етті Дәмеш апай. — Сыр білдірмей ептеп ішкен боп отыр. Әйтпесе қарияларды ренжітіп аласың.
Қонақтар әңгімелерін үзбестен, шайға бас қойды.
— Жоқ. Сенің ісін, дұрыс болмаған, — деп жауап қайырды Кенехан Мамырбайға. — Баланын, бетінен бекер қаққансың. Ұшпай жатып қанатын бекер қайырғансың.
— Әке баласын жаман болса екен дей ме. Балам қазір аяқтанған, белсене. жұмыс істеп жүр. Өзінін, қай құрбы - қатарынан кем қалды кәне? Комсомолдық жолдамамен шопан боп істеп жатыр, — деді Мамырбай қарсы дау айтып. — Міне, мына ақсақалмен бірге бір отар малға ие боп отыр, — деп, Мамырбай төрдің төбесінде отырған ақсақалды қадірмен шопанды меңзеді.
— Екі жыл болды ғой, мына көрші ауылда жеті жылдықты және оныншы класты бітірген балаларды шопан боп істесін деп Бесқопаға жіберіп жатыр, — деп сөзге Дәмеш апай да араласып қойды.
Асқар Бәукенге қараған, анау рас дегендей басын изеді. Онан соң Бәукен бірдеңе айтпақ боп оқталды да, бірақ үлкендердің сөзіне қыстырылуға иба сақтады.
— Өмір дегеннің өзі қайтып айналып келе береді екен, қарындасым, — деді осы уақытқа дейін үнсіз отырған шопан қария. — Кейде отырам да ойға қалам: осы немеремді оқуға неменесіне берем, текке басын қатырып деп.
— Сөзіңізге түсіне алмадым, ата? Сонда немереңізді мектепке бергіңіз келмей ме?- — деп сұрады Асқар.
— Жоқ, бергім келмейді, — деді қабағын шытынып, күрсінген қария қолындағы кесесін дастарқанға қойып жатып. — Бергім келмейді, балам. Қажет болса үйде жүріп-ақ қол қойып, хат танитын болады. Әзінен үлкен бауырлары үйретеді. Онан арғы оқудың керегі жоқ. Әне, Әмірбек те білімді, ал осы ауылды көгерту үшін сол не істеді, кәне? Тек жұрттың басына әңгір таяқ ойнатқаннан басқа. Енді, әне, ауданда бастық боп жүр.
Үй іші жым-жырт бола қалды.
- — Мына мен жиырма жыл үзбей мал баққан екем, сонан бері бір айға демалысты енді алып отырмын. Онда да ауырып алған соң амалсыздан берді. Жасым болса кеп қалды, әліпті таяқ деп танымайтын қараңғымын, алайда мені ақылсыз деп осы отырғандарыңның ешқайсың айта алмайсың. Мен оқудың адам көзін ашатынын да білем, білімді адамның өмірден алары да, берері көп екені аян. Ал ондай адам мына біз құсап өмір сүре алмайды, көндікпейді. Біз сияқты кәрі көздер күн өткен сайын азайып келеді, сондықтан да соңғы екі-үш жылдан бері жастарды бізге көмекке жіберетін боп жүр. Олар он жыл бойы мектепте оқыған, қой бағам деу ойларына келмеген балалар, енді кеп қиналады. Және олардан қайбір жетіскен қойшы шығады дейсің. Егер біздің тұқымның маңдайына қойшылық жазылған болса, онда немерем кішкентайынан сол іске бейіл салып, бейім өссін. Жер жағдайын, мал жағдайын, ауа райының құбылысын оған езім үйретем. Сөйтіп өз ісін әбден жетіліп білгенін, нағыз таяғы құтты қойшы болғанын көрсем, марқұм әкесінің атына, менің атыма дақ түсірмейтініне кезім жетсе болды. Бұ адамның өзі сүймей істеген ісінен без.
Шал қалтасынан оңа бастаған орамалын алып, маңдайын және сақалын сипап сүртіп қойды.
Қойшы болуы үшін пәлендей бір оқу қажет емес, балам. Немеремді оқуға бермейтін себебім сол. Екі жыл болды, мектеп бітірген балаларды, бәрібір, бізге жіберіп жатыр. Тамыры сөнген кәрі ағаштай, ауылдың күйі мынау, не өсер емес, не қалпынан аумайды. Жанға сая болар гүл бақ және жоқ.
Шал сөзін аяқтағам. Алдарындағы құюлы араққа ешкім қол созар емес. Қолдарына кеселерін ұстаған күйде қарттар Асқарға қарайды. Сынай қарайтын тәрізді.
Қазақтың, ертеден келе жатқан дәстүрі бойынша үлкенді сыйлап әдеп сақтап, алдына түспеу керек. Жас адам мен үлкен адамның сөз қақтығысы өте сирек кездесетін жәйт. Соған қарамастан, дәл осы сәтте Асқар қарт шопанмен сөз таластыруға бел буды. Өйткені алдағы уақыттағы өз жұмысының жемісті болуына бұл қақтығыстың, кеп пайдасы бар еді.
— Кешіріңіз, ата, мен сізбен келіспеймін. Сөз атасын танымайды дейді емес пе халық.
— Күш атасын танымайды, — деді сәл күлімсіреген Сапар ағай Асқарды түзетіп және оған дем бергендей. — Айт, балам, — деді.
— Ата, оқуға аттанарымның алдында, бір рет Бесқопада болғаным әлі есімде. Әмірбек қи оюға жіберген еді. Сонда біз жатқан киіз үйге кешке қарай барлық шопандар жиналатын. Сонда сіз маған қолдарыңызға түскен кітаптардың бәрін оқытушы едіңіз ғой. Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуын», Бейімбеттің «Мырқымбайын», Сәбиттің «Сұлушашын» және Батырлар жырын неше қайтара оқытатынсыздар. Бір тыңдағандарыңызды сан қайыра тыңдаған сайын, жаңа естігендей қобалжып, арты немен тынар екен дегендей, демдеріңізді тартып, ұйып отырмаушы ма едіңіздер. Сонда сіздер жақсы оқи білген, жаза білген адамнан бақытты адам бар ма екен, деп тамсанып, білімді адамды дәріптемейтін бе едіңіздер. Сонда осы сіздер емес пе едіңіздер, маған көзі ашық, көкірегі ояу адам боп шығуым үшін, ел-жұртқа аз да болса пайдам тиер адам болуым үшін оқуым керек екенін айтқан.
Сіздер сонда Абайдың білегі бар бірді жығады, білімі бар мыңды жығады деген сөзін де сан рет қайталаған болатынсыздар. Осы сөздің бәрін мен сізден естіген ем, ата. Ал енді бүгін: білім алған жастан қайбір жетіскен қойшы шығар дейсің, малшы тұрмысына көндіге алмайды деп отырсыз.
Өйткені білімді жас күнделікті газет, журналсыз тұра алмайды. Ал оларды оқу үшін ошақтағы оттың жарығы емес, шамның жарығы қажет. Және қазіргі жастар сіздер ғұсап қысы, жазы бірдей киіз үйде тұрғысы келмейді, еңселі де жарық үйдің салынуын тілейді. Олар күнделікті жаңалықтарды радиодан тыңдап, кино, концерттердің жиі қойылып тұруын талап етеді және бір ортаға топтасып, ұйымдасып еңбек етуге күш салады. Міне, егер ауылымызда сондай білімді, саналы жастар көбейетін болса, жұмыс та жаңаша жанданар еді ғой. Олар тек мал қыстатуды ғана емес, бүкіл ауылымызды, мынау отырған үйлерімізді көркейтер еді... — Аптыға сөйлеген Асқар өзінің көптен бергі көкейіндегі ойын бірден жайып салуға асықты. — Егер сіздің немереңіз білімді боп өссе ауылға тек қой бағып қана емес, басқаша да кеп пайдасын тигізер еді. Ол еңбек ете жүріп те оқуын жалғастыра алады, өзі қалаған мамандығы бойынша, анау Жомарт құсап білім соңына түсіп, ғалым да болады.
— Дұрыс айтасың, Асқаржан, — деді Кенехан оны іле қостап. — Бізде әлі дәрігер де, құрылысшы да жоқ, соның салдарынан ғой мына Сапар да мамандығын өзгертіп отыр.
Ұстаның сөзі жұрттың есіне Сапар ағайдың үйіндегі ауыр қайғылы жәйді түсірген. Ол жәйді Асқар да білетін. Жомарт екеуіне Бәукен бар егжей-тегжейін айтып қат та жазған болатын.
Ақтұмаға қайтып оралған соң, Сапар жас кезіндегіше тары да жылқы бағуға шығады. Бұл кезде Ақ тума алты ауылдан құралған, іріленген колхоздың үлкен бір бригадасы ғана боп қалған еді.
Алдыңғы жылы қыс ете қатты болып, бүкіл облыс бойынша үлкен мал шығыны болған. Киім-кешек, азық-түлігін мол сайлап алған Сапар, ала қыстай жылқыны Бесқопа құмының алыс түкпіріне айдап әкетіп, ит-құспен арпалысумен өткен. Қыс бойына хабар-ошарсыз кетіп, жұрт оны өлдіге санап қойған. Қар кеткен соң Сапар колхоз жылқысын дін аман айдап қайтты.
Егер баласы Қайсар қайғылы өлімге ұшырамаса, қарт коммунист күні бүгінге дейін сол жылқыда жүре берер еді.
Еңбек сүйгіш, алғырлығы әкесіне айнымай тартқан Қайсар техникумді бітірген соң механик боп істеп жүрді. Күзгі жер жыртудың қызу кезінде ол Ақтұмаға келген. Сол күш мұндағы бір трактор бұзылып істен шыққан екен. Соған запас бөлшек әкелу үшін жас жігіт мотоциклге отыра сап МТС- қа тартады. Жолда аварияға ұшырайды. Мотоциклмен ұшыртып келе жатып, көпірден құлап өледі.
Өң-түсінен айрылған, бір-ақ күнде кәрілік меңдеген Сапар ағай баласынын, сүйегін ауылдың дәл ортасында тұрып күтіп алған. Көрші - көлең әйелдер қайғыдан құр сүлдесі қалған кемпірін көрші үйге алып кетіпті.
Баланың сүйегін еппен орап көтерген колхозшылар екінші бір көрші үйге апара жатқан кезде Сапар:
— Тоқтаңдар, — • деп айқай сапты. — -Үйге, өз үйіме кіргізіңдер. Ең соңғы түнін өз босағасында өткізсін...
— Болмайды, Сапар, үйің, тым тар ғой.
— Киіз үй тігіңдер!
— Киіз үй көшіп-қонғанға ғана жақсы. Ал елік қойғанға жарамайды, іші қараңғы болады. Баланың дос-жарандары қоштасуға келгенде қиын ғой.
Сапар бұрынғыдан да әрмен тұқырып кеткен. Қайғы мен ұят бірдей басқан еді еңсесін. Кең отырар өз ошағының жоқтығы жанына қатты батқан. Бұрынғының көшпелі әдетін сақтап, жаз болса киіз үйге шығып кететіні, қыста аядай қуыс жер үйге тығылатыны есіне түсті.
Күздің ұзақ та салқын түнін осынау ер мінезді, қажырлы адам далада, лапастың астына қойылған баласының өлігі жанында аяғынан тік тұрып өткерді. Анадай жерде ағайын-туған, дос жарандары от жағып, алқа-қотан отырды.
Тау шыңдарын жарып шыққан күннің алғашқы сәулесі шашыраған кезде, жұрт Сапардың бір түнде қандай күйге түскенін көрді. Қаны қашып, жүдеп, маңдайында қатпарланған әжімдер пайда болды, көзінде ауыр қасірет тұнып тұрды.
Ұлының қабірінің, басында қараңғы түскенше отырды. Қайтқан бойда, киіз үйге және бас сұққан жоқ. Қолына сүйреп мен сүйменін алып, ауыл шетіндегі бұлақтың қасынан жерді өлшеп, үйдің орнын қазуға кірісті. Таудан тас тасып, әлде қайдан кірпіш, ағаш, шетен тауып әкелді. Сөйтіп үй сала бастады. Ұлының қабірінің басына қарағаш отырғызды, және сондай жас ағаштарды жаңа салған үйінін, жанына да отырғызды.
Енді Сапар құмға барып жылқы бағудан бас тартты. Ауылда қалып, өзі құсаған біраз адамды ұйымдастырып, ескі жер үйлердің орнына жаңа үйлер салуды бастады. Кішкене Қодарды бауырына тартып, өлген баласының, орнына бала қылуды, оны өз фамилиясына көшіруді ойластырып жүрген. Сапардың ұйымдастыруымен талай үйлер жөнделді. Іріленген колхоздың жаңа председателіне барғыштап жүріп, ақыры Ақтұмаға движок сұрап алды. Сөйтіп, енді бір ауық Ақтұмада да электр шамы жанатын болды. Сапардың тікелей айтуымен колхоз басқармасы жуырда Ақтұмаға бригадир етіп Бәукенді бекітті. Тракторшы боп істеп жүрген Бәукен әлі жас, тәжірибесіз еді.
Осынын, бәрін Асқар білетін, және де ол Сапар ағайдың бүкіл ауылға сол бұрынғысынша қадірменді екенін де көріп, танып отыр. Сондықтан да оның сөзін тағатсыздана күтеді.
Не дер екен, қостар ма екен, мұны?
— Қара қарға да балапанын аппағым дейді екен. Ақсақалдың айтып отырғаны да дұрыс, кім өз баласын ынжық, нашар болса екен дейді, — деп Сапар әр сөзін өлшегендей, алыстан орағыта бастады.
— Мына, орнын Асқар алып отырған мұғалім онша білімсіз де адам емес. Колхоздар іріленгенге дейін ол бір колхозда бастықтың орынбасары боп істепті. Рас, біздің Ақтұмадан гөрі шағындау ауыл болса керек. Сонан кейін жұмыссыз қалдырмайық деп ол адамды осында мұғалім етіп жіберді. Бірақ, амал қанша, мұғалімдікке жарамады, — деп езу тартты Сапар. — Сол сияқты, бір кезде мына біздер де әжептеуір әжетке жараушы едік. Енді міне, ол артта қалды. Қазір заман басқа, заң басқа күнделікті тірлікте басқаша. Мына ақсақал өзі айтсын, біздің кезімізде мектеп дегенді білмек түгілі, естіген де емеспіз.
— Заман солай еді ғой, — деп күрсінді қарт шопан.
— Алайда, сіз бен біз Күреке, уақыттың ұлы көшінен кейін қалып қойғамыз жоқ, — деді Сапар тағы да қарт шопанға қарап. — Күрекең қазір атақты шопан, енді ол немересінің де өзіндей болғанын тілейді. Ал, әлгінде мен заман басқа, заң басқа дегенді бекерге айтқаным жоқ. Мәселен, осы Күрекеңнің немересі оқымай, құрбы-құрдастарынан кейін қалып қойса, кейін атақты шопан бола ала ма. Мен айтар ем: бола алмайды деп. Мына, Асқаржан дұрыс айтып отыр, сіз оған ренжімеңіз, ақсақал. Мен сіздің сөзіңіздің де жаны бар дер едім. Өйткені, сол мектеп бітірген балаларды малға жібергенде, олар сонда өмір бақи малшы боп қалсын дегендіктен емес, өмірдің дәмін татсын, ащы - тұщысын білсін, тәжірибе алсын дегеннен, ал осыны әлі ешкім сіздерге жөндеп ұғындырған жоқ. Өзіңіз айтып отырсыз, жас болса кеп қалды, біз өлген соң малды кім бағады деп? Сол жастар бағады. Талабы бары ізденіп, білім қуып оқуға кетеді, малға ыңғайы бары іріктеліп малда қалады.
— Біздің балаларды қойшы, қаршадайынан еңбекке бейім еседі. Он жыл бойы оқып жүріп, үлкеннен қалыспай жұмыс істейді. Сондықтан, әлгі. тәжірибе алу дегенің қаланың баласына ғана қажет, — деп қарсылық білдірді шопан.
— Бұл сөзіңіздің жөні бір басқа. Расында да ауылда өскен бала еңбектен кенже қалмайды, бірақ қалада өскен балаға қарағанда кітаптан алған білімі кенжелеу болады. Олардың қолында кітабы көп, көп оқиды. Күнделікті керетін киносы, артистері және бар. Ендеше ауыл балаларын мектеп бітірген соң іркіп қалу жөн емес. Онысыз да қала балаларынан кеп кейіндеп қалады ғой, — деді Сапар ойлана отырып. — Бұл жәйді ойластырулары тиіс. Ал әзірге ақсақал, немереңізді Асқардың қолына тапсырыңыз. Оқысын, білім алсын, кім болатынын кейін өзі біледі. Сіз немереңізді оқытпаймын дегенде, шынымен оқытпау үшін емес, ішіңізге сыймағандықтан күйініп айтып отырсыз. Бір жерлерде теңіз жасалып, құм игеріліп, заводтар салынып, тың көтеріп жатқанда, біздің ауылдың ұмыт қалғандай болғаны, әрине күйіндіреді, — деді күрсінген Сапар. Қарт шопан мұнан кейін бүкіл кеш бойына ләм деп сөз қатқан жоқ. Қою қара шәйді рахаттана ұрттап, әңгімеге араласпастан өз ойымен өзі боп отырды.
— Сапар аға, сіз әлгінде менің алдымда мұғалім болған кісіні, колхоз председателінің орынбасары боп істегенде тәуір еді, балаларды оқытуға білімі жетпеді дедіңіз. Ал енді мектепті дұрыстап жөндеуге не білім қажет еді.
— Сапеке, естіп отырсыз ба, менің айтқаным тура келді. Осы үйге кірердің алдында мен сізге: «қазір Асқар сөзді мектепті жөндеуден бастайды» демеп пе ем, — деп Бәукең езу тартты. — Сен дұрыс айтып отырсың, Асқар. Тек сәл сабыр етші. Менің бригадир боп істей бастағаным жуырда ғана. Сол мектепті жөндеу керектігі туралы әлгі кеткен мұғалім де, мына Сапар аға да айтқан маған. Енді екі жетіден кейін мен саған адам бөлейін, мектепті жөндеуден өткізудің басшылығын өз мойныңа ал. Сапар аға қолқабыс етеді.
— Айтпақшы, біз бір кездегі Сапар ағаның бастамасын қайта қолға алғалы отырмыз. Әк тас қайнатып, кірпіш құймақ болғанымыз есіңде ме еді. Сол істі қайта бастаймыз. Енді қолға алуымызға болатын шығар... сұрастырып білеміз ғой. Әттең Жомарт болса бізге көп жәрдем берер еді. Өйткені ол құрылыс жәйін жақсы біледі ғой, — деді Бәукең Асқар екеуі қонақтарды шығарып сап, оңаша қалған кезде. — Ол нағып келмей қалды. Ең болмаса жазғы демалысын осында өткізуіне болар еді ғой.
— Жаз бойына ол Қазақстанның өткен замандардағы мәдениеті мен архитектурасын дұрыстап зерттеу үшін кітапханалардағы ескі кітаптар мен архивтерді ақтарыстырып, ескі мавзолейлер мен мешіттерді аралап көріп шығу мақсатымен біраз жерлерге бармақ, — деді Асқар. — Сонан қайтысымен оқуына кіріседі.
— Біраз күнге келіп қайтуына болатын еді ғой. Сірә, сол Жомарттың мұнда келгісі келмеген шығар. Өзін сағынып жүрмін, сол бұрынғы философ қалпы болар?
— Сол қалпы, — деп жымиды, өзінің Жомартпен екеу ара болатын дау - таластарын есіне алған Асқар. Онан соң тау жақтан ескен салқын желден дірілдей тітіренді. — Егер ол болғанда, жаңағы қарттармен басқаша сөйлесетін еді. Әттең құлқы болса ол ауыл үшін көп істер істей алар еді, көп пайдасы тиер еді.
— Сен Күрекеңе ренжіп жүрме, немересін мектепке береді әлі. Қазіргі мына, болып жатқан кеп өзгерістерге түсіне алмайды. Сонан кеп айтқаны ғой, — деді Бәукен бұған ескертіп. — Өзің келдің ғой енді, жақсыға қарай басташы, шама-шарқымыздың келгенінше күш салып көмектесіп бағайық.
* * *
Асқардың соңын ала университетті бітірген басқа жігіттер де кетті. Бір жетіден кейін жатақханада бүкіл бір курстан Жомарт жалғыз өзі ғана қалған. Аудиторияларға асып-сасқан, бір-біріне онша жұғымы жоқ сырттан оқитындар толып, жатақхана коридорында үркектеген, әзірге моп-момақан абитуриенттер пайда болды. Көпшілік кітапханасының залында да бейтаныс адамдар көбейді. Енді мұнда таныс адамнан жан қалмады, орындарына техникумнан келген практиканттарды қалдырып, кітапханашылар да демалысқа кеткен.
Асқар кеткеннен кейін-ақ Жомарт көңілінде елегізу пайда болды Сарғайған папкілердегі қолжазбаларды ақтарудан зерігетінді, іші пысатынды шығарды. Ұзақты күнге «Огонек» журналының ескі тігіндерін көңілсіз ақтарып өтеді. Ал кешкісін қаңғыраған бос бөлмесіііс келіп, іштен жауып алады да, төсегіне құлай кетеді.
Мүлдем өзгеріп, көңілін құлазытқан жалғыздық, мұң торлады. Тек бір ретте, газеттегі кішкентай мақаладан археологиялық зерттеудің жаңа түрі — су астындағы археология туралы оқып, бір ауық өзін-өзі ұмытқандай, сол тақырып жайлы жаңа материалдар іздеп екі күн әлекке түсті.
Теңіздер мен мұхиттар түбінен ондаған корабльдердің әр кездерде қалай көтерілгені туралы ЭПРОН1 хабарларын ынтыға оқып, академик Орбелидің мақалалары мен оның Буг челнін тапқан тарихымен, су түбін зерттеушілердің тапқандарымен танысты. Ыстық көл түбінде шөгіп жатқан Чигучен қаласының тарихына қатысты деректерді көбірек білгісі келді. Джеймс Олдридждың «Су астындағы аңшылық» деген кітапшасын бір деммен оқып шығып, кейбір тұстарын, әсіресе, Олдридждың Сухум қойнауында су асты спортымен шұғылданып жүріп, теңіз түбінде күн сәулесіне шағылысып тұрған адам бейнесін керген тұсын дәптеріне көшіріп алды, жақындап келсе, әлгі бейне «ертедегі грек үйінің төбесіне орнатылған», суға жүзетін адамның тастан ойылған мүсіні екен.
Бірақ бұл қызығушылық та ұзаққа бармады, Жомарт қайта зеріге бастады.
Мұндай жалғыздық пен ішқұсталықты ол еш уақыт басынан кешіп көрмеген. Төс қалтасында аса үздік бітірген дипломы бар, кез келген қалаға барып қызметке орналасуына болады. Алайда оны аспирантураға қалдыру ұйғарылған.
Достары қоштасар сәтте оған маңдайының бағы бар екен деген, және Жомарттың өзі де солай деп білген. Ол қуанышты еді, бірден болашақ диссертациясының тақырыбын таңдап, уақытты текке өткізбей жазуға кіріспек еді. Бірақ достарынан бөлініп, жырақ қалған шақ, ол жоспарын күл-талқан қылды. Әсіресе Асқарды сағынған ол.
Өзінін, сонымен бірге кетпей қалғанына өкінді. Өзін-өзі табалап, жерлеп «кітап кеміруші, фантазер» деп сөкті.
Есіне студенттік жылдарда басынан кешкендері оралды. Әсіресе Зәурешпен бірге өткізген күндері жиі оралады. Қыздың қимыл-қозғалысын, мөлдір тұнық көзін, күлкісін көз алдына келтірді. Бірде балалар тауға бармақ болды. Зәуреш те соларға ермек еді. Алайда Жомарт оған ақыл-кеңес бере тұрып, тауға шыққанда қыз атаулының не болса содан үрейлері ұшып қорқатынын, тауға оларды ертіп жүруді жыны жеккөретінін айтып, кейін қайтарған. Зәуреш көзін мөлдірете төмен қарап, жасын сүртіп, қала берген. Сол сәтті есіне түсірген Жомарт, езу тартты. Онан соң алғаш рет Зәурешпен билеген кезін есіне алған. Көктем айының кеші болатын. Күндіз жаңбыр жауып, қызыл бүлдіргеннің алақандай жапырақтарында мөлдіреген, үлкен тамшылар қонақтап тұрған еді. Зәурештің аяғында жаңа туфли. Тар, аяғымды қысып барады, деп қыз шие ағашының түбіндегі дымқыл тастың үстіне отырған.
— Аяғымды қысып, ауыртып барады. Тоқташы, — деп қыз бір қолымен Жомарттың пиджагінен ұстап, еңкейе берген. Жомарт қыз қолының ыстық табын сезді. Зәурештің шашы бетіне тиіп, қытықтағандай болды. Қыз бойын қайта түзеткен кезде Жомарт ескі фильмдерден көргеніндей еңкейіп, қыздың, қолынан сүйді де, бұл әзіл ғой дегенді айтты.
— Тоғышар әзіл, — деді ыза боп қалған Зәуреш.
Бұл қылығын Зәуреш Асқарға айтып қояр ма екен деп қорыққан еді Жомарт. Ол Асқардың Зәурешті сүйетінін бұрыннан білетін, сондықтан да қызбен жәй ғана құрбылық қарым-қатыста болатын. Алайда араларынан қай сайтанның өткенін кім білсін, әйтеуір екеуі де бір-бірінен алыстап кетті. Бірақ ол жайлы екеуі де бұған ләм деп ештеңе айтқан емес.
Зәуреш Ленинскіде жүргенінде, бірде хат арқылы Жомарт оған күнделік жаз деп кеңес берген. «Орысша жаз. Тілді жақсы меңгеруіңе себі тиеді. Мен де күнделік жазып жүремін. Пайдалы екен. Әлі кездескенде бірімізге біріміз оқуға береміз». Кейіннен Зәуреш Алматыға келген соң екеуі күнделіктерін бір-біріне оқытты, бірінің құпиясын бірі ешкімге айтпауға уәделесті. Бақ ішіндегі көлеңкелі еменнің түбіне отырып, ол қыз күнделігін ынтыға ашқан. Зәуреш көңіліне ұялағанын еш бүкпесіз, ашық жазыпты. Жомарт аяғына дейін оқыған жоқ. Жолында кездескен алғашқы автомат телефоннан Зәурешке телефон соғып, дереу өз күнделігін қайтарып алатынын, Зәурештің күнделігін қайтарып беретінін айтты.
— Кейін аларсың. Қазір нөсер жауын жауғалы тұр ғой, — деген Зәуреш.
— Еріп кетпессің, қорықпай-ақ қой, — деді Жомарт кесіп сөйлеп.
Жомарттың сөз әлпеті қызға ұнаған жоқ. Осынша аяқ асты шарт сынуының себебін айтар деген үмітпен ол жүгіріп жеткен. Бірақ Жомарт ләм деместен дәптерін қолына ұстата салды. Зәуреш аң-таң боп біраз тұрды да, ақыры кетіп қалды.
Мұнын, бар себебі күнделік ішіндегі бір жол ғана сөйлем еді. Жомартқа қарағанда Асқардың бойында адамгершілік басым, егер бұған екеуінің қайыссын таңдар едің десе, әрине, Асқарды таңдар едім деп жазған еді Зәуреш.
Осыдан кейін-ақ ол Зәурешпен бұрынғыдай ашық-жарқын болған емес, рас, оны іздеп жиі келіп тұратын. Ол енді Зәуреш жайлы ойламауға тырысты. Оның алдында өзін емін -еркін ұстау үшін, кейде кешенін, ерке тотай кішкене мылжыңдарына еліктеп не болса соны сөйлейтін, немесе өзінін, кегі білетіндігін, көп оқығандығын білдіргісі кеп кететін.
Ұзақты күнге кітапханадан шықпай, орыс романдарын бас алмай оқитын Зәуреш, бірде он тоғызыншы ғасырдың, әдебиеті туралы сөз қозғаған. Жомарт оны бірден кесіп тастады.
— Басқа әдебиетті сөз ғып қайтесің, әуелі езіңнің қазақ әдебиетіңді жақсы білесін, бе? Он тоғызыншы ғасыр біздің әдебиетіміз бен музыка тарихымыздағы алтын арқау ғой. Исатай — Махамбеттің көтерілісі. Біздің халқымыздың рухы мен дарыны, батырлығы сонда айқын көрінді.
Қызынған Жомарт әдеттегісінше кідіріссіз сөйлей берген, Зәуреш сөзін бөліп жіберді.
— Сенің лекцияларын - ақ мезі ғып бітті. Осы сен тарих археологиядан өзге нәрсені адамша жайлап айта аласын, ба? Ал айта алмасаң, қойшы, үндемеші, лекторлар өз институтымызда да жетерлік. Асқар екеуіңнің әуенің белгілі ғой. Бірің сайрап жөнелесің, бірің міңгірлейсің.
Зәурештің оңтүстіктегі бір қалаға практикаға кеткенін Жомарт білетін. Ол қала Алматыдан онша қашық емес. Енді ол бәрін тастап, қазір дереу Зәурешке барғысы келді.
Ұмыт қалған кітаптар мен дәптерлер еденде шашылып жатыр. Үсті қоқырсыған столда консерві сауыттары, айран мен сырадан босаған құмыралар тұр тізіліп. Осынын, бәрін көргенде көкірегі шынымен сыздап, лықсып кетті. Әлде Зәурешке, әлде Ақтұмаға тартып кетерін білмей дал болып отырғанда, комсомол комитетінен келген бір жас жігіт төтенше мәжіліске шақырып кетті.
Комитетте екі мәселе: қалада қалған студенттерді ұйымдастырып, колхозға астық жинасуға жіберу және ірі завод құрылысының, аяқталу салтанатына делегаттар жіберу қаралды.
Заводқа баратын делегаттар жас құрылысшыларға студенттер жинаған шағын кітапхананы апарып тапсырып, концерт қойып, әртүрлі тақырыпта бірнеше лекциялар оқуы тиіс екен. Лекторлар тізіміне Жомартты да қосыпты.
Бұл күтпеген өзгеріске Жомарт қуанып қалды. Самолетте, төңіректегі кейін қалқып қалып жатқан бұлттарға кез сала отырып, ол тағы да Зәуреш туралы ойлады, бұл жолы Зәуреш практикадан қайтқан соң екеуінің Алматыда қалай кездесетіндерін еске алған. Кей сәт ол назары төменде сұлық жатқан меңіреу Бетпақ далаға ауып, басқа ойға түсіп кетіп отырды. Бірде Балқаш көлінің тереңдігін жоғарыдан көзбен бағдарламақ болса, енді бірде күн шыжғырған, тілсіз құм таулардың арасынан шыға келген, кішкентай сұрықсыз үйлері тізілген ауылдарға жүрегі езіле көз тігеді.
Заводқа ол жаңа цехтардың бірін іске қосатын күні келіпті. Бұл жұмыс оны да бірден еліктіріп әкетті. Құрылысшылар іске қосу әзірлігін аяқтап, жұмысшыларды орын-орнына қойып жатыр екен.
Жомарт үшін мұның бәрі таңсық еді. Ол кешке дейін цехтан шықпай, алғашқы өнімді қабылдауға әзірленген жігіттердің қауырт қамалын қадағалады да жүрді.
Қараңғы түсісімен Жомарт, завод құрылысына басқа pecпубликалардан келген жастардың өтініші бойынша Қазақстан туралы лекция оқу үшін, жатақханаға келген.
— Біздің өлкеміз жайлы неғұрлым көп білгілері келеді, — деді құрылыс комсоргі Жомартқа. — Қызғылықты, оқығайсыз.
Жомарт қысылайын деді. Осынау тепсе темір үзгендей қайратты жас жігіттердің алдында ол өзін сонша бір әлжуаз, әлсіз сезінді, сөзін қалай бастарын білмей састы. Басқа құрылысшылар сияқты бұл заводтың құрылысын да ол газет арқылы білетін, «Ірі завод құрылысы аяқталды» деген сөз бұрын оған баяндама үшін қажет сөйлем еді. Ал бүгін өйтіп жәй айта салуға аузы бармады, ротаторға басылып, лектор бюросы бекітіп берген жаттанды сездерді оқығысы келмеді.
Университет парторгінің «өзімше айтам» дегенге үзілді - кесілді тиым салғанына қарамастан, Жомарт Қазақстан туралы баяндама оқымай, өз сөзімен әңгімелеп беруге бекінді.
Ертеңіне Жомарт тағы да заводқа кетті. Бұрышта тұрып жас жігіт инженер - газовщиктің ісіне сүйсіне қараумен болды. Тер басқан маңдайын сүрткен инженер прибордан приборға жүгіріп, нұсқау берумен жүр. Приборлардағы сандар мен прибордың тілінен өзге, айналасындағы ештеңені көрер емес. Сыртына «№ 1-цехтың жұмыс күнделігі» деп жазылған үлкен кітапты ашып: «18 сағат 17 минут. Цех іске қосылды...» деп жазған кезде инженер жігіттің қолының қалтырап кеткенін Жомарт анық көрді.
«Мұндай кітапқа алғашқы жазғаны - ау, қандай бақытты, — деп қызыға қарады оған Жомарт, — ал өзі ғой тарихтың қалай жасалатынын ойламайтын да шығар».
— Цехқа барыңыз, тез жүгіріңіз цехқа. Мұндай таңғажайып сәттен құр қалуға болмайды. Заводқа жан бітеді! — деп дауыстады инженер жігіт Жомартқа.
Есікке соғыла - моғыла Жомарт адам толы тар өткелмен цехқа қарай жүгірді. Күркіреген гүріл мен темір гүрсілдеріне қоса ол қуанышты айқайлар мен қол шапалақтарын естіді. Жоғарғы қабаттардағы өткелдерде де, үлкен аспалы кранның кабинасында да, екі қаптал тегіс лықылдаған адам. Цехқа көз алдында жан біте бастады. Жомарттың есіне бір кезде Ақтұмада әк тас қайнатқанда «инженер» Ақшал жасаған пештегі оттың қалай гуілдегені түсті. Бірақ ол кішкентай пеш мына алып цехпен салыстыруға келмейтін.
Гуілдеген цех ішін жарқыраған шапаққа бөлеп, от шашып, үлкен шүмектен ақ жалынданып қорыған металл ақты. Цех ішін «уралаған» дүмпулі үн басып кетті, жұрт бірін-бірі құттықтап, абыржып тұрған жас жігіттердің қолын құшырлана қысты.
Жомарт ол жігіттерге қызғана қарады. Енді гуілді де естіген жоқ, қазақтың ою-өрнегі салынған ескерткіш плиталарды да көрген жоқ.
Жомарттың жанында суреті газеттерге жиі шығып жүрген қарт құрылысшы тұрды. Қалың қабағы түксие салбыраған қарт дәл алдынан ағып жатқан еріген металдан көз алмастан, ерні үнсіз қыбырлап тұрды.
— Не деп тұрсыз, ата? — деп сұрады Жомарт айқайлап.
— Ойға қап тұрмын, балам, — деді шал, бір горновойдың ұзын шөмішпен қорыған металдан іліп ап, формаға құйған қимылын бақылай тұрып. — Бала кезімнен осы жерде тұрам. Жас шағымнан кездіктей ғана соқа тісі үшін байға бір жарым жыл жалдандым. Мынадай ғана тот басқан, ескі тіс еді, — деп қарт мүйізденген алақанын көрсетті.- — Ал енді ғой, міне, — деді, сарқырап аққан отты металды нұсқап. — Суша ағып жатыр емес пе?! Бұл өңірде мұндай болар деп кім ойлаған. — Қарт таңдайын қақты. Қасына бір жас жігіт келген. Әлгінде ескерткіш плиталарды құйғандардың бірі. Қарт оны құшағына қалысты. — Жарайсың, ұлым. Цехын, туралы мына қонаққа әңгімелеп берші, — деді Жомартты меңзеп.
— Сіз Ақтұмаданбысыз?! Кездескеніміз қандай жақсы болды, — деді, Жомартпен танысқаннан кейін әлгі жігіт қуанып. — Бүгінгі күн мен үшін үлкен мереке күні. Ауылдағыларға айтар болсам, менің бұл қуанышыма сенбес те еді. Мен Төңкерістенмін ғой. Ауылдарымыз өте жақын, көрші тұрады емес пе. Сіз үйге қашан қайтасыз? Сізге айтар бір өтінішім бар еді, — деп жігіт, қолпылдаған пиджагының қалтасына асыға қол салды. — - Төңкерісті басып өткен кезіңізде, біздің үйге соғып, мынаны Ақшал атама табыс етсеңіз. Қазақстан магниткасының жаңа цехындағы тұңғыш металдың бөлшегі, немереңіз құйған деңіз. Айтасыз ғой? Атам бір қуансын.
— Мен сенін, атаңды жақсы білем. Жұрт оны «инженер» деп атайтын. Ашаршылық жылдары ақтұмалықтар үшін әк тас қайнатқан болатын.
— Ендеше, менің болат қорытушы болуыма сол атам себепкер болып еді. Дегенінің орындалғанын сіздің аузыңыздан естісін. Бір жасап қалар-ау, солай емес пе?
— Бәрін айтып барам. Айтамын, — деді Жомарт өзінің ауылға барар, бармасын еш ойланбастан.
Поезд үстінде Жомарт, ауық-ауық қалтасына қолын салып, қағазға оралған зілдей шойын кесегін сипап жымия күліп қойып отырды.
«Осының бәрін айтып Асқарға хат жазайын да, мына сыйды соған жіберейін, «Төңкеріске барып», Ақшалға сол тапсырсын», — деп түйді Жомарт.
Осы оймен келген ол жатақханада кілтпен қоса швейцар тапсырған Асқардың хатын ашты.
«Ақыры, саған бір-екі ауыз сөз жазуға уақыт тауып отырмын. Әрине, осы уақытқа дейін бір ауыз сәлем жолдауға мойның жар бермеген саған хат жолдап та қажеті жоқ еді, — деп бастапты Асқар. — Тағы да қиял қанатында шарықтап, каталка көміліп отырған шығарсың. Енді соларыңды бір минутқа тыйып таста да, менің хатыма көңіл қой. Шер тарқатар бір адам жоқ. Сондықтан осы хат арқылы саған біраз ақтарылмақпын. Оқып жүргенімізде Ақтұма жәйін жиі еске алып, жақсыны да, жаманды да айтушы ек. Сөйтіп мен, балалық шағымда өзіме қамқорлық еткен қайырымды жандардың ортасына қайтып оралдым. Жасыратыны жоқ, мұндағы хал мен күткеннен де нашар боп шықты. Өзі тар, іші-сырты лас там үйлерге кіргеніңде отыруға орын таппайсың. Безе қашқың келеді. Бірақ қаша алмаймын. Жұмысты да тындырып жатқаным шамалы. Қимыл-әрекет керек. Ескінің бәрін қиратып, жаңадан салу қажет. Ал ондай іскерлік менде жоқ. Бұл жерге сөзбен емес, іспен жәрдем еткен жөн. Кеше үй-үйді аралап жүріп мектеп жасындағы балалардың тізімін жасағам, сонда сегіз баланы, мектепке тартылмағанын анықтадым. Жұрт қалаға оқуға кет¬кен баласының жоғары оқу орнын, яки училищені бітірген соң ауылға қайтып оралмайтынынан қорқады екен. Егер, мүмкіндігің болса, келіп қайт. Бәрін өз көзіңмен көріп, ақыл-кеңес бер бізге».
Жомарт со күйі шешінбестен, бөлме кілтін швейцарға кері тапсырды да, Ақтұмаға билет алды.
* * *
Мектепті жөндеуге Бәукен Сапар ағай мен ағаш ұстасы Егор екеуін жіберіпті.
Өңі сарғыш тартқан, ұзын бойлы шалға тесіле ұзақ қарай тұрып Асқар, бір кезде тауда әк тас қайнатқан жылы өзін жұлма көжеге тойғызған көрші колхоздағы жайдары орыс шалы Егор ағайды таныды. Кейіннен Бәукеннен естіп білді, Егор мұнда осыдан біраз жыл бұрын кешіп кепті, колхоздың бақшасын қараған көрінеді, көк шалғын ортасындағы шағын кірпіш тамда тұрады екен. Екі баласының үлкені соғыста қайтыс бопты да, ал кішісі әскери қызметі біткен соң сол жақта үйленіп, Воронеж облысының бір жерінде тұрып қалыпты.
Егор мен Сапар парталарды тез арада жөндеп, онан сырлап қойды. Ал еденді, есікті және төбені жөндеу үшін тақтай керек еді. Әлдекім: Қоғалы өзенінің жағасында құрылған жаңа совхоздан тақтай тауып алуға болады дегенді айтты.
Егор мен Сапар сол совхозға аттанды. Бірақ совхоз оларға тақтай бермей жіберіпті, екеуі де қатулы, үнсіз оралды.
— Жұртқа телмеңдейтін тук те жоқ. Бізге біреу тақтан тауып берер дейсің бе, өзіміз әзірлеуіміз керек, — деді Сапар Бәукенге.
— Адамды қайдан алам? — деді Бәукен күрсініп. — Екі шал ездерін, бармасаңдар, елдің бәрі егін орағында. Болмаса күте тұрыңыздар, басқарма мәжілісінде құрылыс материалдары туралы мәселе қойып, аудан мекемелерінен өтініш еткен дұрыс шығар.
— Әй, сол мәжілістерің мен қаулыларыңды қоян - қойсаң, — деді Сапар қолын сілтеп. — Өйтіп ендігі жылғы осы кезге дейін де ағаш ала алмайсың. Ал уақыт болса өтіп барады, кеп ұзамай күзгі жаңбыр келеді. Соған дейін ең болмаса төбені жөндеу керек. Ағаш қиып әкеп, қолмен аралап тақтай жасаймыз. Анау Асқарға көмек етпесек, баланың тауы шағылатын түрі бар.
Асқар шынында да өзгерген еді. Екпіні бәсеңсіп, екі иінi салбырап, шаршаған күйге түскен. Достарымен қоштасып, қаладан, театрлар мен кинолардан қол үзгеніне екі ғана ай емес, ұзақ жыл еткендей көрінді оған. Біртіндеп оның да күнделікті тіршілігі а.уыл адамдарындай сүреңсіз бола бастады. Ол енді жалғыз отырудан, аз уақыт жұмыссыз бос отырып қалудан қорқатын болды. Егер бұрын жұмысты өз ықыласымен ләззат алып істейтін болса, енді көкірегін қарс айырған ішқұсталықты басу үшін істейтін болды. Екі рет аудан орталығына барып қайтты. Бірінші барғанында Ақтұмаға газет неліктен екі жеті кешігіп келетінін білу үшін аудандық байланыс бөлімінің бастығына кірген.
Байланыс бөлімінің бастығы бұған таңырқай қарады да:
— Немене, жігітім, көктен түстің бе өзің? Әзірге Москвадан Ақтүмаға «ТУ» ұшпайды. Газеттерді біз дер кезінде жеткізіп тұрамыз. Бұл шағымыңыз орынсыз, — деді.
Онан соң ол Асқарға газет, журналдардың қайда, қалай басылып шығатынын, жазылушыларға қалай жеткізілетінін тәптіштеп түсіндіре бастады.
— Қалаға самолетпен жеткізіледі, онан аудан орталықтары мен ірі селоларға машинамен, ал онан әрі арбамен, болмаса жаяу тасылады, — деп бітірді сезін.
Екінші барғанында Асқар аудандық мәдениет бөліміне кіріп, Ақтұмаға тұрақты киноқондырғы сатып алуға болмас па, екен деп сұраған. Оның бұл сөзін жұрт тағы да таңырқай қарсы алды.
— Киноқондырғы кем дегенде жүз түтіннен құрылған ірі елді пункттерге ғана беріледі, жігітім. Ал сіздің Ақтұмаңызда бас-аяғы жетпіске жетер-жетпес. Сіз өзі оқыған адам тәріздісіз, ендеше кино қондырғының жеке адамға сатылмайтынын білуге тиіссіз ғой.
Есікті жаба берген Асқар біреудің ту сыртынан сыбырлай айтқан сөздерін естіп қалды.
— Әлгі университетті бітіріп кеп, Ақтұмадағы бастауыш мектепке кеткен осы әңгүдік екен ғой. Шіркіннің дипломын маған берсе.
Көп жұрттың мұны әңгүдік санағанына Асқардың еті үйреніп көңіл аудармайтын болды. Уақыт оздыру үшін оқулық кітаптар жинастырып, көрнекі құралдарды әзірлеп, болашақ шәкірттерімен таныса бастады.
Ауыл тұрмысы жұпыны. Қай үйге кірсең де жер еден, аласа дөңгелек үстел. Кейбіреулердікінде ара-тұра радиоқабылдағыш кездеседі, бірақ батареялары баяғыда таусылған, ешқайсысы сөйлемейді. Қалада тұратындар ғой, қабылдағыш үшін батарея іздеп әлек болмайды, күндіз - түн сөйлетем десе де онда электр бар. Ал Ақтұма болса, қашан Асқар сияқты бір әңгүдік - — радист келіп, қабылдағыштар үшін таусылмас батарея ойлап тапқанға дейін көретін күні осы да.
Бұрындар Асқарға ұнайтын ауыл өмірінің өзгешеліктері мен ерекшеліктері ендігі жерде адам төзгісіз қорлық сияқты көрінді.
Ауыл жастары сол баяғыша бастанғы жасап, көңіл көтереді. Әр жеті сайын бір үйге жиналып ап, ет жеп, шәй ішіп, онан соң темекі түтіні мен бу жайлаған тар бөлмеде отырып, ән салады. Кейде ай жарық түндерде ақ сүйек ойнайды.
Бұл жас жігіттерді Асқар күнде егіс даласында көреді. Олар бұған колхоздағы сәйгүлік аттар туралы, аңшылық жайлы, шопандар мен жылқышылар өмірінен не бір қызғылықты оқиғаларды әңгімелейді. Ауыл тұрмысы жайлы қызу айтысады. Сондайда ұзын сөздің қысқасы: «Алдағы уақытта қайтеміз? Осы Ақтұмада клуб үйі салынып, киноқондырғы орнатылатын күн бола ма, және осы тұрмысты жаңғырта аламыз ба?» — деген түйінге кеп тірелетін. Асқармен бала жастан бірге өскен құрбылары оған құрметпен қарап, қандай істе болмасын оны қолдауға дайын екендіктерін білдіретін. Ал Асқар болса істі неден бастарын білмей дағдарды. Бәрі қолынан келгені — жаңа кітаптар тауып әкелді. Солардан шағым кітапхана құрастырып, әркім өзі қалаған кітапты алып оқысын деген оймен мектеп ішіне сөреге жинастырып қойды. Өзі Сапармен бірге ағаш дайындауға аттанбақ болды. Ондағы ойы ағаш дайындаған бір жетінің ішінде ауыл жайын ой сарабынан өткізіп, шашада Сапармен пікір алысу еді, және таудың таза ауасын жұтып дем алу.
Ағаш дайындауға аттанар топ сәтті жиналды. Сапар мен Асқардан езге Егор ағай және колхоз қоймасының күзетшісі Мамырбай бар.
Құрал-саймандар мен азық-түліктерді сайлап алып, қос атты үш арбамен және ауыстырып жегуге қос атты жетекке байлап, бұлар Ақтұмадан таңертең ерте аттанды.
Алдыңғы арбадағы Асқардың қасына Қодар кеп отырды. Ол Асқарға әбден үйір боп алған еді, ұзақты күнге айналып қасынан шықпайды. Асқармен бірге колхоз орталығына, бригада қосына, ауданға барып қайтып жүрді. Асқар да оған бауыр басып кетті.
Қодар жақсы көмекші еді. Мектеп жөндеу кезінде Асқарға Бәукен бекітіп берген аттың бар күтімін түгелдей осы Қодар мойнына алған.
Асқардың ағаш дайындауға баратынын естіген Қодар түнде Сапарға кеп, мен де барамын деп қиғылықты сап, жылап, ақыры шалды көндірген.
Кәнігі таныс жол. Әуелі он екі шақырымдай тауды бөктерлей жүрді де, Төңкеріс пен Жыландыдан өткеннен кейін шұғыл оңтүстікке қарай бұрылып, жауын суы жырымдап кеткен ескі сүрлеумен жоғары өрлей бастады. Биік ерден жиі - жиі аялдап, арбалардың доңғалағына тас тіреп қойып, аттарды демалдырып шығуға тура келді. Биік шыңнан құлай аққан кішкене бұлақтың жағасына кеп, ат шалдыруға тоқтаған. От жағып, шәй қойды. Жоғары өрмелеп кеткен Қодар сәлден кейін кішкене шелекпен толтырып қара бүлдірген теріп әкелді.
Жоңғар тауының қойны күзде тұнып тұрады. Төменгі етегінде егін мен маяланған пішен. Тау жолының жиегі толы жабайы алма мен долана. Кей тұстарын шырмауық жапқан қара жолға уылжи піскен жабайы алма топ етіп үзіліп түседі де, танауды жарардай иісі аңқып, төмен қарап домалайды. Оларды жинап алып жатқан ешкім жоқ. Жинағанда қайда апармақ. Оны таситын көлік қайда, жол қайда және кім сатып алады.
Асқар бала кезінде Жамантас жайлауындағы қалың ағаштың ішіне, тау бұлақтарын сағалай орын тепкен омарташыларға бару үшін осы арамен жүрген. Алайда сол сапары есінде еміс-еміс қана қапты.
Ол туған жерінің бар сипатын енді ғана аңдап, тау шыңдарына, етектегі жасыл алқапқа еліте қарай берді.
— Сапар аға, анау шың қалай аталады?
— Ал мынау аңғар ше?
— Неге мынау асу Хан қызы атанған? — деп Асқар үсті - үстіне сұрап, бала кезінде естігендерін есіне алды.
— Бұл ара бір кезде атақты ханның жайлауы болыпты. Сол ханның қызы осы асудың арғы жағындағы үстіртте дем алғанды ұнатады екен. Өзі ылғи ақ інгенге мініп жүреді екен. Бірде хан қызы осы асудан асып келе жатқанында нөсер жауын жауады. Ал жауын жауған кезде тауда түйемен жүру өте қауіпті. Түйе шөптен тайғақтап мүлдем жүре алмайды. Міне, сол нөсерде ақ інген тайып жығылып, төмен қарай домалайды.
Малай жігіт ханшаны құтқармақ болып ұмтылғанмен құтқара алмайды. Ақ інген құлама жардың жиегіндегі жай түсіп омырылған алма ағашына барып соғылады. Ал хан қызы терең шыңырауға құлайды, алма ағашы бұтағында көйлегінің тек бір жапырақ жыртындысы ғана ілініп қалады. Хан қаһарынан қорыққан жас жігіт те ат-матымен қыз соңынан құздан құлап кете барады.
Кейін жұрт жиналып кеп жар астынан қызды да, жігітті де таппайды. Таудан құлап аққан күшті тасқын оларды тентек өзеніне ағызып апарса керек, ал Тентек болса Алакөлге әкеткен.
Хан қызының өлген жеріне жыл сайын келіп түру үшін, қазып жол салуды бұйырған. Сонан бастап халық бұл асуды Хан қызы деп атап кеткен.
— Аңыз қандай ескірген болса, мына жол да сондай ескіріпті. Жаңа жол салмаса, өте қауіпті ғой, — деді Асқар шықырауға қарай кез тастап. — Шопандар көші қалай етіп жүр екен бұл арадан?
— Әй, балам - ай, ондай күш қайдан келсін бізге. Пішен мен егіннің өзін өліп-талып әзер жинап жүрміз, кей жылы шөпті де жеткілікті етіп шаба алмаймыз. Жеріміз жомарт болғанмен, ауа райы құбылмалы ғой. Оның үстіне бұл өңірде әлі техника күші де аз. Сарыарқа, яки Торғай, немесе Мырзашөл дейсің бе бұл араны. Әттең, шіркін, Жоңғар тауларын жақсылап зерттеп, жабайы жемістері мен омарталарына көңіл бөлінсе, жағдай басқаша болар еді-ау. Сонда жақсы жол да салынар ма еді. Әйтпесе, қарашы, қаншама байлық босқа ысырап боп жатыр. Іле Алатауынан бастап сонау Тарбағатайға дейінгі таулы алқапта жабайы ескен қалың баққа ешкім көңіл бөлер емес. Бір ғана жеміс-жидегімен бүкіл бір мемлекетті қамтамасыз етуге болар еді ғой. Мал шаруашылығын өркендетуге қандай қолайлы!
— Жаңа совхоздар құрылып жатыр емес пе? Күні кеше ғана өзіңіз тақтай іздеп барып қайттыңыз ғой.
— Қайдағы жаңа. Осы күні сондай бір әдет шықты емес пе, дұрыс па, бұрыс па, ол жағын ойлап жатқан ешкім жоқ, қит етсе совхоз құра қояды. Бұрыннан бар бірнеше колхозды біріктіреді де мал шаруашылығы совхозын құра қойды, «жаңа» деп жүргендері сол. Енді соған ептеп құрылыс жабдықтарын бөліп, мамандар жіберіпті. Әзірге пайдасын көре алмадым. Әнеу күні біз барған жолы сондайлардың бір-екеуі шабадандарын арқалап қайтып бара жатты. Ала кетіңіз дегеннен кейін, мен ақымақ оларды арбама отырғызайын да. Сөзден сөз туа келе ақырында, Егор болмағанда екеуін де қамшының астына ала жаздадым.
— Жә, айтпай-ақ қойшы, соларды, Сапарка. Адам деймісің солар, — деді сөзге Егор қарт араласып.
— Иә, не боп еді? — деді Асқар білгісі келіп.
— Олар бізге қайтар жолымызда жолыққан. Арбаға отырғыздым, сонан біреуі: «ақсақал, бұл арада қашаннан бері тұрасыз?» — деп сұрады. «Осы жерде туып-өстім», — дедім. «Е, онда сіз үйреніп кеткен екенсіз ғой. Ал біз бұл ұранын, ішінде тұра алатын емеспіз», — дейді әлгілер. Әрине, туған жерімді «ұра» дегендері батып кетті олардың.
Егордың ұнатпаған түрін көріп Сапар дереу:
— Ал жақсы, болды, әр қарай айтпаймын, Егорка, — деп қолын сілтеді. — Қысқасы, әлгілердің шабадандарын түсіріп тастап, кете бардық. Егорка да өздерінің жетесіне жеткізді.
Асқар өз ішінен ол жігіттерді кінәлаған жоқ. Бұл жердің оларға ұнамауы да мүмкін деп ойлады ол, ал Сапар болса басқа еш жерді көрген емес қой...
— Алла алдарынан жарылқасын. Мейлі барса барсын, — деді Сапар. — Оу, жер болса диқан табылмай қалған ба...
— Сырын алмаған адамды бірден пәлен деп айыптау да қиын ғой, — деді ойлы күйде отырған Мамырбай.
— Жақсы адам қиындықтан қаша жөнелмес болар, — деп Егор оның сөзін бөліп тастады. — Ондайларды қорғамау керек.
— Мен оларды қорғап отырғам жоқ және сендерді де ақтай алмаймын. Тек кейде адамның көңіліндегіні түсіну қиын деймін. Мүмкін олардың да белгілі себептері бар шығар, — деп Мамырбай өз дегенін нықтай түсті.
— Жақсы арман еңбек сүйген адамның жан серігі, ал өзі өз адамның арманы да өз болады деуші еді, марқұм, менің ескі досым Нұркеш, — деді Сапар. — Асқаржан, Нұркешті білуші ме едің, сен? Әй, білмессің. Өте жассың ғой ол кезде. Нұркеш деген біздің ауылға келген бірінші мұғалім болатын. Балалармен қоса үлкендерді де оқытып, сауатын ашты ғой марқұм.
— Ол кісіні білем мен, бірінші класта оқытқан мені. Өлерінің алдында әкем жетіге толмаған мені жетектеп апарып сол кісіге тапсырған.
Асқар өзінің қарт мұғаліммен алғаш кездескен кезін есіне алам. Баяғыда болатын. Жаймашуақ ашық күндердің бірі еді, Алғаш рет сабақ өткізудің орнына, кіп-кішкентай, ап-арық, жүріс-тұрысы өте тез мұғалім шал балаларды ауылдың төріндегі тауға алып шықты. Осы уақытқа шейін Асқар тауға шығын көрген емес еді. Ауыл сыртындағы қыраттан арғы дүниенің бәрі оған жұмбақ боп көрінетін. Ертеңгісін ұйқыдан ояна сап, көзін уқалап сүртіп, үйден жүгіре шыққан бойда ол тау шыңдарына жиі-жиі үңіле қарайтын. Сондайда оған шын, басына шыққан адам аспанға қол созып бұршақты уыстап алатын болар деген ой келетін.
Ол мұғалімнен адасып қалатындай жан - дәрмен ентелей жүреді. Ал мұғалім шал болса туған ауыл туралы, осынау оқушылар аралап келе жатқан дарқан өлке жайлы әңгімелейді. Әрбір есімдіктің, әрбір құстың атын қалт жібермей тамылжыта баяндайды, ал балалар болса басқа дүниені тегіс ұмытып, тек соның айтқандарын ғана тыңдайды.
Таспа жол биікке бастап арбап келеді. Жабайы өскен қалың таңқурайды жырып өткен балалар жақын шыңдардың біріне іліккен, дәл иектерінің астынан қайталанбас ғаламат сұлулық жарқ етті.
Сонау төменде буалдыр мұнартып ұшы-қиыры жоқ кен, дала жатыр. Ал маңдай алдында көк шалғын бел-белестер, онан әріде шаңқиған аппақ шың құздар көрініп тұр. Алақанымен көзін күннен қалқалай тұрып ол бұлттармен астасқан ақ зеңгір жартастарға қарады...
Қарт мұғалім болса осы таулардың шатқалдарына шашырай орын тепкен селолар мен ауылдар жайлы, мынау мұздардан бастау алатын бұлақтар мен өзендер туралы, қарлы шыңдар туралы және жердің дөңгелек шар тәрізді екендігі туралы әңгіме шертеді. Ол сол сәт балаларға дүниенің ғажайып сырларын жайып сап тұрған сиқыршыдай көрінуші еді. Балалар оның «Мұңлық пен зарлық» туралы тамаша ертегісін демдерін іштеріне тарта тұрып тыңдайтын. Сол жылы көктемде бірінші класс оқушылары қарт мұғалімнің бастауымен мектеп жанына ағаш отырғызған...
Ол ағаштар соғыс кезінде құрыды. Ауылдағылар отыннан қысылған кезде кесіп бітірді. Мектеп үйі болса баяғыда тозып кеткем. Бірақ бәрібір жұрт қарт мұғалімді ұмытқан емес, арқа шан оны құрметпен естеріне алып, әңгімелеп отыратын...
Әрине, ол кездерде мұғалім деген ауылдағы бетке ұстар бірінші адам болушы еді, ол жұрттың бәрінен де көп білетін, пікірінен де көп оқитын және балаларды ғана емес, үлкендерді де оқытатын. Бүкіл ауылдың назарын өзіне қаратып алу үшін, қарға ақылшы болып дегенін істетіп, талап ету үшін мұғалім өз пәнін жақсы білсе жеткілікті еді. Ал қазір олай емес, ауылдастарыңның құрметі мен сеніміне ие болуын, үшін өз мамандығыңды ғана біліп қою жеткіліксіз, деп ойлады арба соңынан ондай ілескен Асқар. Мейлі, кейбір шағын ауылдардың жағдайында мұғалімнің ролін қазір де зор делік. Мәселен ауыл балаларын, шопандардың балаларын тәрбиелеудің әдістері қаладағы немесе үлкен елді пункттерде балалармен салыстырғанда мүлдем өзгеше, деп қойды Асқар. Күрекеңнің сөзінің жаны бар, мұндағы оқушыларға кітаптар, суреттер, фильмдер әмсе ұғынықты бола бермейді және тұрмыстық жағдайлар да түрліше ғой. Сондықтан мұғалім осы айырмашылықтардың орнын қалай еткенде де толықтыруға міндетті. Әйтпесе оның шәкірттері қалада оқыған балалардың білім дәрежесінен кем түсіп жататын болады. Бұл тұста тек мұғалім ғана емес, бүкіл жан-тәнімен өз ісіне берілген іскер, жаңашыл, ұйымдастырғыш жан болуы керек...
Ал сол іскерлік менің өз басымда бар ма? Балаларды шын сүйемін бе, оларға жақсы тәрбиеші бола алам ба? Егерде менің бойымда тәрбиешінің таланты деп аталатын қабілет жоқ, болса, онда университеттік білімімнің не пайдасы болғаны? Педагогтік орта білімі бар кез келген адам бұл жерде менен әлдеқайда тәуір істейтін болады той...
Асқар өзінің аудандық мәдениет бөлімінде болған сәтін, байланыс кеңсесінің бастығына кіргенін және республика Мәдениет Министрлігінің киноқондырғылар тек ірі елді пункттерде ғана орнатылуы керектігі туралы қаулысын тағы да есіне алған.
— Сапар аға, осы колхоздарды ірілендіру неге қағаз жүзінде ғана болып отыр? — деп сұрады ол.
— Қағаз жүзінде қалай?
— Сіздер колхозды ірілендіру жөнінде, яғни шағын – шағын алты ауылдың бірігуі жөнінде қаулы алдыңыздар. Солай ғой?
— Солай делік.
— Ал іс жүзінде әр ауыл сол бұрынғы мекендерінде отыр, айырмасы тек, енді колхоз деп аталмайды, бригада ғана болып қалды. Бірінен бірі үш шақырымнан он сегіз шақырымға дейін шалғай жатқан ауылдар жеке-жеке алғанда өте шағын мекендер. Ендеше солардың бәрін бір орынға көшіріп, үлкен ауыл құрып орталық жасап, сонда орта мектепті де, интернатты да, аурухананы да, клубты да салуға болар еді ғой, киноқондырғы да болар еді. Неге солай етпеске?
— Жұртқа бауыр басып отырып қалған орнын бірден тастап кету оңай емес. Және басты себеп бұл емес. Ең бастысы — - тұрғын жәйдің жоқтығы. Жаңа жерде кім саған үй салып дайындап отыр. Мінекей, мектептің төбесін жөндеу үшін ғана Жолсызбен құзар шыңға өрмелеп келеміз... Егер құрылыс материалдары жеткілікті болса, іс мүлдем басқаша болар еді ғой. Совхоз поселкелері сияқты біздің ауылымыз да ірі орталыққа айналар еді. Әзірше бұл біздің яки аудан басшыларының қолындағы іс емес...
Сапардың сөзіне ешкім қарсы дау айтқан жоқ. Мұнан әрі бәрі де үнсіз жүрді. Аттарды шалдықтырмау үшін өрге қарай жаяу көтеріліп келеді. Ақ көбік тер басқан аттар дымқыл жерге тұяқтарын кірш-кірш қадап жиі тоқтап тыныстайды. Бұлар қыраттың үстіне күн кештете шыққан, қарсы алдарынан көк жазық ашылды.
Батар күннің соңғы сәулесі жазықтан жылжи өрлеп, аппақ сұсты тау шыңдарына барып тірелген. Көк жалын тартып бұлт оранған қарлы жартастар жақтан суық жел соқты. Сондайдан, әлі күзеуге түсіп үлгірмеген шопандардың киіз үйлері көрінді.
— Мына отырғандар біздің ауылдың шопандары. Бүгін осында түнеп, Қара тас қыратына ертең жетеміз, — деді деп бет қағып қойған Сапар.
Қарсы алдарынан арсылдап үріп екі қасқыр төбет шыққан.
— Ой, жатыңдар, әрі! — деп артынша киіз үйден кекселеу боп көрінді. Амандық-саулық айтысқаннан кейін:
. — Дәл кезінде келгендерің жақсы болды ғой, — деді.
Қара суықтан кескіні қарайып тотығып кетіпті. Асқарды әсіресе таңдандырған әйелдің көзі болды. Бір кездерде мөлдіреп тұратын қарақат жанар ұйқысыздықтан қызара жасаурайды. Күйеуінің ескі пенжегін киіп, оның сыртынан қырық шоқпыт жамау салынған шолақ тонды жамылып апты, аяғында шойқиған кирзі етік.
— Не боп қалды? — деді Мамырбай дегбірсізденіп.
— Үйге кіріңіздер, үйге кіріңіздер, — деді әйел жауап орнына.
— Қодаржан; аттарды доғарып, арбаға мықтап байлағайсың. Біраз суынсын, отқа сонсоң жіберерміз, — деп Сапар арбадан түсті.
Аядай киіз үйдің ішінде төрт бүктелген киіздің үстінде қалың көрпемен қымтанып оранған адам жатыр екен. Беті көрінбейді, ыңқылдай түсіп, ары-бері төңбекшиді, қинала ыңыранады.
— Сау болғай, Күреке, не болды? — деді шопанның бас жағына кеп малдас құрған Сапар, оған үңіле түсіп.
Күрекең көрпе астынан қолын созып, терісіндегі қызамықтана күлдіреп тұрған бүршіктерді көрсетті.
— Міне, көрдің бе? Басқа шопандардан кейін қап, малды екі-үш күн болса да көк жайлауға жая түсем ғой дегем, дәл үйді жығып көшеміз деп отырған күні ауырып қалдым. Бір қой өліп еді, улы шөп жеп өлген шығар деп, соның терісін сыпырып алам дегенде қолымды кесіп алғаным, сонан өстіп ұшығып кетті. Жәйім осы. Енді әлгі мал дәрігері кеп тексергенше малымды басқа жұрттан аулақ ұстауым керек. Кім біледі, бүкіл отарға әлгі аты жаман аурулардың бірі келіп жүрмесе.
Ауру шопанның қалын көрген жерде Асқардың бірінші сұрап:
— Дәрігер келді ме? — болды. Бірақ бұл сұраққа ешкім жауап қатпады. Шопанның өзі қинала езу тартты да, әйелі бұған таңырқай қарады.
— Мұнда дәрігер қайдан келсін, Асқаржан-ау, — деп Сапар күңкілдей сөйледі. Асқар қызарып кетті. Оны және мазасыздандырған бір жай ауру жұқпалы емес пе екен деген күдік еді.
Сапар оны көрші үйге жіберді. Алайда бұл үйде де ауру бар екен. Бұлар келместен бірнеше сағат қана бұрын шопанның немересі төсек тартып қулапты.
«Мені ауылға тартқан қандай ғана сайтан екен. Мұнда дәрігер қажет, мал дәрігері қажет, ал мұғалім деген менсіз де табылар еді», — деп ойлады киіз үйді айнала жүріп, салқын түнде жұлдызды аспанға сүзіле қараған Асқар. Ол қасына Сапардың келгенін байқаған жоқ болатын, күтпеген жерден селк ете түсті.
— Таңертең ертемен киіз үйді жығып, жүктерді түйелерге теңдейміз, ал қойды ауылға анау кемпір мен көмекші шопан айдап барады, — деді Сапар. — Ал сен Мамырбай екеуің ауыруларды алып жүресіңдер. Шолпан туа Қодарды жақсы бір атқа мінгізіп, қолына хат жазып беріп Бәукенге жіберелік, ауданнан тез дәрігер алдыртатын болсын. Ертең кешке қарай қалай да ауылға жетулерің керек, асықпай болмайды. Ал ағашқа біз Егор екеуміз бара береміз. Абай бол, ауылға тезірек жетуге тырыс. Біз де тез қайтып қалармыз. Күрекеңнің айтуына қарағанда арба баратын жердің ағашы тегіс кесілген көрінеді, ал Қара тас аңғарынын, түкпірінде, арша арасында жас қайыңдар болушы еді.
Жас қайынды қиып қайтесіңдер? — деді Асқар таңырқап.
— Амал не, — деп күрсінді Сапар. — Қайыңды қойшы, бәрінен де мына Күрекеңді айтсаңшы.
— Нендей науқас өзі?
— Білмеймін балам, білмеймін.
Ол киіз үйге қарай сырт айнала берген, ай жарығында Асқар оның көзіне іркілген жасты байқап қалды.
* * *
Өмірінде ешуақытта Асқар дәл бүгінгідей өзін сонша дәрменсіз әлжуаз сезінген емес. Ол екі бірдей ауыр науқастың — - сабырлы қарт пен өмірдің мән-мағынасын әлі ұғып болмаған жас баланың қасында отыр. Мамырбай болса алда аттарды айдап отыр. Үрейлене жалтақтап кейін қарап қояды. Аурулар жас орылған шөптің үстінде қатарласа жатыр. Екеуі де ыңырана ыңқылдайды, бірақ ләм демейді.
Асқарды баланың төзімділігі қатты таңдандырды. Тас түйінген бет әлпеті мен дөңгеленген жанарына қарап ол баланың қаншалық қиналып жатқанын байқап келеді.
Асқардың есіне сонау кездегі Дәмеш апайдың үйінде қарт шопанның айтқан сөздері түсті. Иә, қарт айтса айтқандай, бала тәрбиелеуді біледі екен. Мына қаршадай немересінің тістенуін қарашы, нағыз ер жігіт боп өсетін түрі бар. Әттең - ай, ауылға жетпей-ақ өліп кетер ме екен. Шіркін-ай, қазір дәрігер болар ма еді, қастарында. Осындай қысылшаң сәттерде қолынан түк келмейтін дәрменсіз болғаннан ауыр жаза бар ма екен.
— Біздің ауылға дәрігер керек-ақ. Әй, керек-ақ, — деп күрсініп қалды Мамырбай. — Науқастанған сайын ауданға шапқылай беру қол емес қой.
— Тура Ақтұмаға апарыңдар! — деген Күрекең.
Жоқтаусыз Жыландыны басып өткен. Төңкеріске кіре берісте Бәукен, Жомарт және ауылға жетіп, науқастар жайлы хабар берген Қодар бала үшеуі қарсы алдарынан шықты.
— Келгенін, мұндай жақсы болар ма! — деді Асқар досын құшақтай тұрып. — Өте бір қиналып жүрген кезім еді.
Жомарттың байқағаны Асқар едәуір жүдеп, сақал-мұрты үрпиіп өсіп кетіпті.
— Мен кеше келгем, сенің Қодардан жіберген хатыңды алысымен Бәукен екеуміз ауданға телефон соқтық. Дәрігер келе жатыр.
Жомарт арбаға таяп кеп Күрекеңе сәлем берді.
— Ассалаумағалейкүм, ата, қалай жеттіңіз? Қазір дәрігер де келіп қалар, әлі-ақ сауығып кетесіз, — деп қарт көңілін жұбата сөйледі.
Сәл басын көтерген Күрекең Жомарттың, сәлемін жымия қабыл алды. Ал бала болса қозғалған жоқ. Ауыр дем алып, су сұрай берді.
— Ойқы-шойқы жол ауыр тиіп келеді. Мүмкін осы арадан бір машина табылмас па екен? — деп сұрады Асқар Бәукеннен. — Он шақты шақырым ғана жер қалды ғой, апарып тастасын.
— Бәукен аға, анау дүкеннің қасында жүк машинасы тұр, сіз сұрасаңыз берер еді, — деді осы тұста Қодар да.
Бәукен машинаға кеткен. Көрім болғанда шофер тез келісті.
— Тек бастығыма ескертуім керек. Өзі жаңадан келген адам еді, менен неге рұқсат алмадың деп қыдыңдап жүрер, — деді шофер.
— Бастығың кім?
— Аудандық тұтынушылар одағының председатель Қазір қонақта отыр еді. Сіздер машина үстіне шөп төсеп ауруларды орналстыра беріңіздер, мен тез барып келе қояйын.
Қартты немересі екеуін жайлап көтеріп машина үстіне жатқызған.
Шофер тез оралды, алайда түрінен бастығымен келісе алмай шыққанын аңғаруға болатын.
— Машина қазынаныкі, ақшасын төлесін дейді. Айтар ауызға ұят екен, — деп күңкілдеді шофер радиаторға су құйып жатып.
— Төлейміз қанша керек болса да, тек тезірек жүрші.
— Менің ақша алар жәйім жоқ. Керек болса өзі алсын. Әне келе жатыр.
— Оу, мынау Әмірбек қой! — деді Бәукен жұлып алғандай.
— Кім дейсің? — деп машина үстіндегі Күрекең көрпені серпіп тастап, басын көтерді. Ыстығы әбден көтерілген еді қарттың. Екі беті албырап, көзі жалт-жұлт етеді. Дірілдеген қолымен машинаның жақтауынан ұстап тізерлей тұрды.
— Сабыр етіңіз, ата. Қазір кетеміз, — деген Асқар. Күрекең оның сөзін есіткен жоқ. Ақырындап машина үстіне түрегеліп тұрды. Ақ көйлек-дамбалды ақ сақалды қарттың екі көзі от шаша қарайды. Бет қаратпастай қатал да қаһарлы еді сұсы.
— Алла - ау, өлерімнің алдында мені кіммен ұшырастырып отырсың? — деді онан соң дірілдеген үнмен. Түкке түсінбеген шофер аң - таң боп тұрып қалған. Асқар мен Жомарт та Әмірбекке үнсіз қадалады.
— Жоқ, ақырет сапарға барар алдындағы жолымды оның машинасымен жүрмеймін. Адамға жамандықтан өзге іс істемеген, бүкіл ауыл болып лағынат айтқан жан еді... Мені қайтадан арбаға отырғызыңдар...
— О, өзіміздің ауылдың адамдары екен ғой. Сендер екендеріңді білсемші. Сәлеметсіздер ме, — деп сөйлей таянған Әмірбек шоферге алара бір қарап қойды.
— Күреке, не боп қалды?
Қарт Әмірбекке оқты көзімен жиіркене қарады да:
— Әй, Әмірбек, бұрынғылар айтушы еді: ұяты жоқтың ар-намысы да болмайды екен деп. Мүмкін менің күнім бітетін де шығар. Бірақ сонда да сенің мүсіркеуіңді қажет етпеймін. Арсыз адамның мүсіркегеніне қорланам. Ал сенде еш уақыт ар-ұят деген болмап еді. Сен қанішерсің. Міне, мына тұрған азаматтың әкесінің түбіне сен жетіп едің, — ширыға сөйлеген қарттың бүкіл денесі селкілдеп кетті. — Сен Сапарды да құртпақ болдың. Мен мұны мына жұрт естісін деп әдейі қатты ай¬тып тұрмын. Сенің мойныңда қарғыс бар... Әттең, егер билік менің қолымда болса, сені өзіммен бірге жер қойнына ала кетер едім, жарық дүниені ластата бермес едім..
— Кет аулақ! — деді ызалы Мамырбай Әмірбекке, өзі Күрекеңе басу айтып, орнына жатқыза бастады.
Ауылдастарының жиренішті көзқарасынан бүктеле иілген Әмірбек жақын үйлердің бірінің тасасына жасырынды.
Жұрт аттарына мініп, арба соңынан жүріп кетті.
— Әлгі әлі күнге бастықтан түспей жүр ме? — деп сұрады Жомарт ақырын ғана Бәукеннен.
— Әлі жүр ғой. Осы итке ерегіскенде аудандық тұтынушылар одағынан құрылыс материалдарын алуға да барғың келмейді. Бәрібір одан адал жолмен ештеңе ала алмайсың.
* * *
Дәрігер келесі күні таңертеңгісін келді. Дереу ауруларды алып жүрген адамдардың бәріне бірдей укол жасады.
— Нендей науқас бұл? — деп сұраған одан Жомарт шыдамсыздана.
— Жігітім, кеш қамданыпсың: бұл өте қауіпті науқас. Тым асқынып кеткен. Ем жасаудың өзі қиын. Әсіресе қарт әбден әлсіреген, ауруханаға апарғанмен енді қайран жоқ. Ал баланы емдеуге аламыз. Егер шопандар үшін қыстау мен жайлауда еңселі үйлер салынған болса, мұндай жағдай болмас еді ғой.
Дәрігер түні бойы науқастың қасында отырды.
Күн кештете аспанды ауыр бұлттар торлап, тау жақтан салқын жел тұрған. Ақтұманың үстінен найзағай жарқылдаған күн күркіреді.
— Ойбай, қырманға жету керек, — деп қараңғыда Бәукен аттарға қарай ұмтылды. — Күн жауайын деді. Ақ жауын басталып кетсе ұзақ жауады. Қырмандағы астық ашық жатыр еді.
Найзағай тағы бір жарқ еткенде Асқар мен Жомарт қырманға қарай асыға шауып бара жатқан Бәукенді көрді.
Екі дос үн-түнсіз Дәмеш апайдың үйіне бұрылды.
— Мынау дозақтың қараңғысы ғой, — деді қатты бірдеңеге сүрініп кеткен Жомарт. — Қалай ғана тұрады осы жерде жұрт.
— Үйреніп кеткен, — деді Асқар.
Ось; кезде жақын маңнан мотор үні тырылдай жөнелді де, баған басындағы шам жана бастады. Бірнеше рет жыпылықтап қойды. Мотор дүрілі күшейіп, баған басындағы шамның жарығы жолға түсті, үйлердің терезелерінен де самаладай жарық керінді. Түнгі қоңыр салқын самал ескен, қайдан түскені белгісіз бір кішкене қураған жапырақ Асқардың бетіне кеп қосылды.
— Үйреніп кеткен дейсің бе, — деп Жомарт өзінің үйреншікті пәлсапасын бастамақ еді. Осы кезде ауру қарт жатқан артқы үйдің есігі шалқая ашылды. Есіктен дәрігер керінді.
— Әй, жігіттер, бері келіңдерші! — деп дауыстады. Бір жамандықтың боларын іштері сезгендей Асқар мен Жомарт қатар ұмтылған.
— Кетпеңдер, осында болсаңдаршы! — деді дәрігер.
Қарт ұзынынан созылып жатыр екен. Көзі мүлдем шүңірейіп, өңі сарғайып кетіпті Үйдің босаға жақ бұрышында сықсыңдап жылап шопанның кемпірі отыр. Онан жоғарырақта бір-екі әйел және бір шал отыр екен, сірә Күрекеңнің ең жақын ағайыны болар.
Дәрігер еңкейе отырып науқастың қолын алып, тамырын тыңдады.
Күрекең жайлап кезін ашып, ең ақырғы күшін жиып басын көтергісі келген, бірақ шамасы келмеді. Кемпірі жылауынан тиылған. Науқастың екі көзі дәрігерде ерні қыбырлап сөйлей бастады, тым-тырыс тыныштықта оның айтқандары барлығына да анық естілді:
— Дәрігер, шырағым, немеремді құтқарып қал. Оқытыңдар, көзі ашыл... — мұнан әрі тілі сөйлеуге келмей күрмеле берді. Көзі сол ашылған күйі мұздай боп жанары өшіп кетті. Дәрігер еппен ғана оның маңдайынан сипап, онан соң көзін жапты.
— Болды, — деген сөзді айтуға ғана аузы барды. Әйелдер дауыс салып үйдің іші азан-қазан боп кетті.
Түні бойы Күрекеңнің, үйіне қарай ауыл-аймақ ағылумен болды. Бұл түні бірде-бір жан ұйықтамаған сияқты, бір үйдің қайғысына бүкіл Ақтұма ауылы болып қайысты. Талай қазаға ара тұра алмай өлім алдында өзінің дәрменсіздігін талай сезінген ақ басты қарт дәрігер де дәл бүгінгідей қорланып, налымаған болар. Әбден қалжыраған, жылап-сықтаған әйелдерге тура қарауға дәті жетпей, екі қолын қайда қоярын білмеген дал күйде.
Халатын шешуді ұмытып сыртқа шыққан. Әлдекім иығына пальто әкеп жапты, бір әйел кесеге қымыз құйып әкеп ұсынып жатыр:
— Сіз әбден шаршадыңыз - ау, доктор, сусын ішіңізші, — дейді.
Басы айналғандай болған дәрігер қараңғылықты бетке ұстап, тау аңғарына қарай, жар түбінен ытқақтап шығып, сылдырай ағып жатқан Ақтұмаға қарай жүрді.
— Байқаңыз, мына жерде жар бар, — деген Асқардың даусы ғана оны селт еткізді.
— Ә, бұл сіз бе едіңіз, жігітім, — деді де дәрігер мұнан әрі ләм деместен қайта өз ойымен өзі боп кетті. Асқар да үнсіз тұрды. Таң алдындағы қоқыр салқын жел дәл маңдайдан үре бастады.
— Менің шамам келмеді,- — деді әлден соң иығындағы пальтосын қаусырына түскен дәрігер. — Жә, мен кім едім сонша? Өз бетімше оқып үйренген емші ғанамын ғой, сіздің ауылдағылар мені «доктір Васька» деп атайды келемеждеп. Бірақ мына науқасқа тәжірибелі деген дәрігер де ештеңе істей алмас еді. Медицина әлі де көп жайда дәрменсіз ғой. Алайда бұл арада медицинаның да жазығы жоқ. Сіз, жігітім, мені ақталғалы тұр екен деп ойламаңыз. Оным ақымақтық болар еді. Бұл арада басқалар кінәлі. Күрекең тәрізді шопандардың тұрмысына көңіл бөлмей отырғандар кінәлі. Тіпті мына сіз де кінәлісіз. Иә, иә, өйткені ол тұрмысты мына сіз сияқты адамдар өзгертуі тиіс еді ғой. Сіз Ақтұманың презентісіз ғой, университет бітірдіңіз, ненің жақсы, ненің жаман екенін жақсы білесіз ғой.
— Өз мойнымдағы борышымды білемін. Біз жаңадан үйлер салмақпыз, — дей берген Асқар дәрігер сөзіне іштей елітіп, бірақ анау мұнын, сөзін бөліп жіберді.
— Мәселе жаңа үйлер салуда ғана емес қой, ауылдың сырт келбетін өзгертумен іс тынбайды. Адамның сырт бейнесінің сұлулығы оның тән сұлулығымен үнемі қабыса бермейді ғой.
— Сіз Чеховты жақсы кересіз - ау деймін, доктор? — деп Асқар сөз төркінін бұрып, өзі қатты айтып тастаудан іркіліп, дәрігердің көңілін баспақ болған.
— Жарқыным, Ақтұма үшін әзірге Абай түсініктірек. Алайда әрбір білімді азамат сұлулық үшін күресуі тиіс. Ал мына сіз сияқты жігіттер бірінші лекте жүрер болар. Міне, сонда мен сияқтылар сонау аудан орталығынан Ақтұмаға дейін шапқыламас еді. Менің Ақтұмаға бұл келуім бірінші рет емес. Осы ауылдың күн санап өсіп, өзгеріп келе жатқаны менің көз алдымда. Жаңа үйлер салынуда. Рас, басқа жерлермен салыстырғанда баяу, бірақ бәрібір салынуда. Ал жұрттың тұрмысы сол баяғы қалпы. Сіз университеттен білім алған адамсыз ғой, «мәдениет» деген сөздің мәні не екенін білесіз. Ендеше мұндағылардың да сол сөздің мәнін ұғып қана қоймай, бар рахатын көретіндей жағдай жасаңыз.
— Бәрі менің қолымда тұрғандай, Ақтұманы қолма-қол жаңғыртатындай айтасыз ғой, — деді Асқар қитығып.
— Сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, онан да малыңды бақ, қоңдана береді демеп пе еді Абай. Менің байқауымша сіз әңгіменің не туралы екенін ете жақсы ұғатын тәріздісіз, ал бірақ өзіңіздің көзіңізге тура айтқанды ұнатпайсыз. Солай ма, жігітім? — Кенет дәрігер үніндегі қатқылдық күрт жоғалып бәсеңси қалды. — Бұл жаман шалдың сөзін ауыр алма, кешір, шырағым. Бәрі де күйініштен ғой... мынау бүгінгі оқиға... — деп сөзін шаршай аяқтады.
— Сіз дұрыс айттыңыз. Кешірімді сізден мен сұрауым керек.
Дәрігер мұнан әрі Асқарға еш көңіл аударған жоқ. Ол Күрекеңнің үйінің алдында жаңа ғана тұтанып лаулап жана бастаған отқа қарай кетті. Отқа жақындай бергенде оны Сапар мен Егор қарсы алған. «Сірә, қайың қиып әкелген - ау», — - деп түйді Асқар. «Дегенмен, осындай адамға қаттырақ сөз айтқан мен де топаспын» — деп ойлады ол үйге қайтып келе жатып.
Асқар мен Жомарт бұл түні көз ілмеді. Олар болған оқиғаны бастан аяқ ойлаумен болды. Жомартқа да қатты әсер еткен еді. Ал Асқар болса Күрекеқнің өліміне өзін де кінәлі санады.
Әлі таң атады. Қадірмен қартты бүкіл ауыл болып жерлеуге барады. Жомарт пен Асқар да барады онда. Онан соң жұрт үйді-үйіне тарасады. Ал Асқар болса сол бұрынғысынша Сапардың соңынан қалмай. дәрменсіз халде алақанын жайып, бір ай бойы мектептің жөнделуін күтеді. Сонсоң сабақ бастап, тақтаға әріптер жазады. Оу, сонда он бес жыл бойы оқығандағы бар қолынан келері, бітірер ісі сол ғана болғаны ма? Әрі-беріден кейін осы ауылға керегі осындай интеллигент мұғалім ғана ма еді? Әттең, неткен қиын еді бұл өмір, неткен ауыр.
Адам өлді, жұрт енді ғана оның сүреңсіз сұрғылт өмірін естеріне алысты. Зират басында тағы бір қабір томпиып қалды. Үйді-үйіне тарасқан жұрт жол бойы Күрекеңнің өмір бойы қой бағып дамылсыз кешкен тіршілігін сөз етті. Әрқайсысы бір уыстан топырақ салды. Жекен көсе бір уыс, Мамырбай бір уыс, Сапар бір уыс, Егор бір уыс, Қодар бір уыс, Жомарт...
Күзгі ұсақ ақ жауын бетке тікенше қадалып бүркіп тұр. Ескі түлкі тымақты милығына түсіре киігі, әлдекім берген куфайкінің ұзын жеңімен кезін сүртіп қойып жұрттың ең алдында арбамен Қодар келеді.
* * *
Күзгі ақ жауындар толас тапқан. Үйінің төбесіне шыққан Жекен көсе лек-легімен жылы жаққа қарай ұшқан құстарға көз алмай қарайды. Қарт күзгі күннің ең соңғы жылы шуағын қызықтайды. Бір сәт қаңғып жүрген бір шоқ бұлт күн кезін бүркей қалған, жеке кесе оған кәдімгідей-ақ күңкілдей наразылық етті. Артынша тағы бір бұлт пайда болды, ол да бүркеді күн көзін. Жекен күшеншектей тыныс алып, сықырлауық басқышпен жерге түсті. Үй іргесіндегі ескі дуалға отырған, ауыл жақтан шыққан арба тас жолға қарай бұрылып барады екен. Үстінде ат айдаушыдан өзге тағы екі адамы бар.
«Бұлар кім болды екен?» — деп ойлады Жекен. Бүгінгі күні Жомарттың қайтып бара жатқанын, ал Асқардың оны аудан орталығына дейін шығарып сала бара жатқаным ол білген жоқ еді.
Жекенді көргенде Асқардың есіне осыдан біраз бұрып өзінің ауылға қарай алып ұшып келе жатқан кезі есіне түскен. Кенет оның да Жомартпен бірге біржола кеткісі кеп кетті. Әрине, ол бұл ойын тіс жарып сыртқа шығарған жоқ. Өйткені туған Ақтұмадан ендігі жерде, әсіресе жұрттың өзіне үміт арта құрметпен қарай бастаған кезінде, бұл не айтса да құптап, қолдарынан келгендерінше жәрдемдерін көрсете бастаған кезінде кету деген мүлдем көкейге қонымсыз еді. Жоқ, бұл арадан кетуі мүмкін емес!
Қарсы алдарындағы жырадан екі аяқты жеңіл арба шыға келген. Сапар мен Күрекеңнің немересі екен. Бала науқасынан сауығыпты, Сапар соны ауруханадан алып қайтып келеді екен. Асқар ат басын ірікті.
— Аттанған бетің - ау, шамасы? — деп Сапар арбасынан түсіп кеп Жомарттың екі иығынан қаусыра қысып маңдайынан сүйді. — Жолың болсын, алған бетіңнен қайтпа. Сені ешкім де қорқақ, я қашқын дей алмайды. Өйдеуге ешкімнің қақы жоқ. Ұшар құстың топшысынан қағуға болмайды. Егер қолыңнан келер болса, сенің біз үшін тау қопаратыныңды да білем. Тек қайда жүрсең де ұмытпағайсың бізді.
— Мені мұнан әрі шығарудың да қажеті жоқ, — деп Жомарт ат айдаушының орнына өзі отырды.
— Онда Зәурешке сәлем айт, — деді Асқар да қош айтысып.
Жомарт оған сынағандай қарап қойды.
— Жолыққанша күн жақсы! Ден саулығыңды сақта, Жомарт! — деп дауыстады оның соңынан Сапар аға.
Күннің көзі бұлт астынан қайта шыққан еді. Сапарды анық таныған Жекен көсе орнынан жайлап көтеріліп, таяғына сүйенген күйде қолын бұлғады.
Биылғы күз өткен күзден айна қатесіз еді. Колхоз астығын жинап, тапсырып үлгірмей жатқанда жауын басталды. Күздікті себуді тоқтатуға тура келген. Биыл колхоз басқармасы басалқыда тәжірибелі қарт диқандармен жуырда ғана жоғарғы оқу орнын бітіріп туған өлкесіне оралған жас агрономның: таулы жерде жаздық бидай кеш пісетін болғандықтан барлық егістік жерлерге күздік себу керек деген дәлелдерін тыңдап, солай етуге қаулы алған-ды. Алайда күздік себудің бұл жаңа жоспары орындалып үлгірмеді. Жауын үсті-үстіне құйды. Онан соң қар жауды.
Қыс та әдеттегісіндей қалын, қарлы, суық болды. Дәмеш апай мектепке күніне екі уақыт ертеңгісін және кешкісін от жағатын. Жақсы жөндеуден өткен, ағартылған мектеп іші көтеріңкі көңілді еді. Сабақ соңынан мұнда Асқарға ауыл жастары келетін. Мектептің бір бөлмесіне қызыл бұрыш орналасқан, барлығы сонда жиналатын. Шахмат ойнап, кітап -газеттер оқып, радио хабарларын тыңдап, онан соң колхоз жаңалықтарын әңгіме ететін.
Дәмеш апай болса ұзақты күнге мектептен шықпай, осы қызықтың ортасында жүреді.
Асқар тыным дегенді білмейтін, жексенбі күндері кейде колхоздың орталығындағы кеңсеге, кейде ауданға кетсе, кейде оқушы балаларды шаңғымен серуенге алып шығатын.
Асқардың қолқасы бойынша Бәукен Жекен кесені ауылға көшіріп әкеп, мектептің қасынан кішкене үй салып берді. Қартты колхоз түгелдей өз қамқорлығына алды.
— Пенсия деген осы, — деп түсіндірді Асқар. — Дәмеш ана енді сіз де пенсияға шығуға тиістісіз.
— О не дегенін,, Асқаржан. Сонда мен қалай қарап отырмақпын, — деді апай азар да безер боп. — Жо, жоқ, бостан-бос еңбексіз отырған арамтамақ адамды асырау жарамас.
— Сіз арамтамақ емессіз ғой, апа - ау. Әркім-ақ сіздей еңбек етіп, сіздей құрметке ие болсын да.
Осынау ақкөңіл қарттардың, бүкіл халық үшін заңды ережеге айналған жәйді жаңалық ашқандай көруі оның көңіліне сәл кірбің түсіргендей еді. Ақтұмасы қаншама кейіндеп қалған десеңші!
— Егер өзіңіз қаласаңыз, істей беріңіз, апа. Қайта маған жақсы сіздің қасымда жүргеніңіз. Тек ендігі жерде еңбек ақыңызға қоса пенсионер ретінде қосымша жәрдем және алып тұрасыз.
Кешкісін жұмыстан кейін Асқарға Бәукен келетін. Екеуі түннің бір уақытына дейін ұзақ отырып сырласатын. Бәукен ауыл жәйін әңгімелейді. Біртіндеп оның айтқандарынан Асқар өзі оқуда болған жылдар ішіндегі Ақтұманың басынан кешкен бар оқиғаларын, қиыншылықтары мен қуаныштарын білді. Кейде күндіз сабақтар арасындағы үзілістерде Асқар Жекен кесеге кіріп шығатын. Бірде ол өзімен бірге Қодарды және Күрекеңнің немересі — Қожаны алып кірген.
Қодарды көріп Жекен едәуір қуанып қалды.
— Түу, пәлі, зіңгіттей жігіт бопсың, ғой. Енді ғой, мал бағуға әсте бармайсың, — деді ол масаттана әр сөзін соза сөйлеп. — Екеуміздің істеген хикметтеріміздің біразын Асқаржанға айтып та қойған шығарсың.
— Ештеңе де айтқан жоқ, — деп, досына Қожа ара түсе кетті.
— - Онда жігітсіңдер! Ол әңгімелерді әлі мен өзім - ақ айтып берермін. Қартқа кеп сәлем бергендеріңе рахмет, жақсы оқитындарыңды мына Асқардан естігем, екеуіңе сыйға деп шана жасап қойғам. Сыртта, есік алдында шөппен жабулы тұр, барыңдар, тауып алып сырғанақ тебіңдер, — деп қарт шойындай қара тарамыс қолымен екі баланың иектерінен қағып қойды.
Балалар шығып кеткен соң қарт өзінің, хикмет әңгімелерінің бірін бастаған:
— Осыдан екі жыл бұрын, алғаш жүгері еге бастаған кезіміз болатын. Үнемі күзетте отыра беру жалықтырған соң мал бағуға шықтым. Әлгі Қодардың бес-алты жастағы кезі, атқа мінуге құмар еді, аталап жалынып артыңнан қалмайтын, кейде мен соны алдыма мінгізіп өзіммен бірге ала жүретінмін. Маған берілгені бір қыршаңқы шолақ болатын, мың салсаң бір баспайтын. Жүгері ауылдың іргесіне себілген. Сиырлар өрістен қайтқанда әлгі жүгерінің қасынан өтетін де тиіп-қашып тыным бермейтін. Ол кезде Әмірбектің де ауылдағы кезі, тапқан еңбегімнің бәрін әлгі мал жеген жүгерілердің есесіне деп ұстап қалады.
Бар пәле осыдан басталды. Сиырлар көз жазсаң - ақ болды жүгеріге қарай тап береді. Әбден мазам кетті. Сол жазда шөп қалын, өсіп, келе-келе сиырлар жүгеріге қашақтауын қойғандай болды, енді өрісте аз-кем дем алып жантаятынды шығардым. Сондайда босқа жатқанша деп Қодардың жыртық етігін тігейін. Үйден біз ала кеп, ешкінің кепкен сіңірінен тарамыс шираттым, Бірақ тебенімді үйге ұмытып кеткен екем, амал қанша әлгі жерде етікті жамай алмадым.
Ақыры сол тебен үшін ауылға ертерек қайтып, етікті үйге апарып жаман ақ болдым. Түс кезі еді, орныма Қодарды қалдырдым да: — «мына көлеңке мынадай боп қысқарған кезде сиырларды ауылға айдап қайт», — дедім.
Үйге кеп, көлеңкеде етікті жамауға енді кіріскем, бір уақта өлермен боп долырып Әмірбек шауып кепті. Сөз айтуға тілі келмейді, тек қамшысын сілтейді.
— Маскүнемсің! Жаусын, бәрін, де. Бар мақсаттарың мені құрту! — деп шаптығады.
— Не боп қалды сонша? — деймін жайбарақат қана. Оның жыны мүлдем қозып кетті, ал кеп мені сыбасын, сақалы жоқ, ақылы жоқ ақымақсың дейме - ау, айтпағаны қалмады.
— Алдыңдағы мал қайда? Қайда?! — деп айқай салды.
Осы сәтте өзім де не істерімді білмей сілейіп қаппын, сиырларым жүгерінің ішінде кеңірдектен жүзіп жүр. Тойымсыз немелер жүгеріні оңды-солды бытырлата күйсейді. Ал менің Қодарым табынның ең соңында қыршаңқы шолақты ұрғылайды. Енді бірде аттан секіріп түсіп, сиырлардың соңынан жаяу жүгірді. Қодарға болысып сиырларды қайырысудың орнына жер-көкті жұлып жеп боқтанып Әмірбек тұр. Мен не істей қояйын? Состиған күйі тұрдым да қалдым.
— Бәтшағар, тәтті - ау шамасы. Сірә, бүгін сүтке бір қарық болармыз, — деймін оған. Әмірбек жарылардай болды.
— Қаматамын! — деп кіжінді.
Содан бір жылғы еңбегімді берместен, бұрынғы күзетшілігіме қайта қуды. Жер ауған адамдай жертөлеме қайта барып тұрдым.
Жекен көзін сығырайтып Асқарға қарады да:
— Ол үйден мені Бәукен екеуін, көшіріп әкелдіңдер, пенсия бердіңдер. Рахмет сендерге, — деді. — Қазір сол жер үйде басқа бір шал тұрады. Әттең өзін жөндеп, терезе салып, мұржа жасатар ма еді. Адам тұратын үй ғой. Қысқы мал жайылымындағы үйлер де сондай. Соны Бәукен колхоз басқармасына айтса болар еді. Үнемі Сапарды қузай бергенде не өнеді. Оның да қайғысы өз басына жетерлік. Жігіттің қыраны еді, енді ол да қартаяйын деді, уақыт етіп барады ғой.
Асқар Жекеннің сөз астарын жақсы ұқты. Ол ылғи көз алдында ауылда болып жатқан істерді ғана білетін де, басқаны ұмытқандай еді. Жекен дұрыс айтады, Сапар да бұрынғы Сапар емес. Осы күні Дәмеш апайдың үйіне жиі келетін боп жүр. Біраз отырып Дәмеш апаймен әзілдескен, күлген болады, онан соң баласы есіне түсіп көңілі күрт бұзылады, сақал - шашын да ақ қырау дендеп шалған өзінің. Бірде ол Асқарға:
— Сендер енді қарттарға көп иек арта бермеңдер, өздерің білек сыбанатын шақтарын, келді. — деген. — Саған партия қатарына өтуге ұсыныс бергелі жүрмін.
Сол күннен кейін Дәмеш апайдың үйіне келуін сиретті. Көбіне-көп Егормен бірге жүреді. Екеулеп жүріп Кенеханның ұстаханасына жапсырма үй жасап алып, ағаш тілгілеуге кірісті. Кеше Асқармен кездескен сәтте ойламаған жерден: әлгі Зәуреш осы ауылға дәрігер боп келер ме еді, — деп сұраған.
— Оның не ойы барын мен қайдан білейін, — деді Асқар үзілді-кесілді.
Асқар ұзақты күнге Зәуреш туралы ойлайтын, онымен түсінде сөйлесіп те жүретін, бірақ ол жайлы ешкімге ештеңе айтқан емес.
Қалай жүріп жатыр екен сол Зәуреш, оқуы қалай екен, Жомарт не деп барды екен? Ауылды ит байласа тұрғысыз ғып айтып барған шығар, — деп ойлайтын ол досын қызыға еске алып. Кейде қызығуы қызғанышқа ұласып, ұзақ түнге кірпік ілмей Зәурешті ойлайтын.
Асқар чемоданының түбінде қыздың кішкентай бір суреті сақтаулы. Кей сәт жалғыз қалғанда ол со суретті алып, сүйкімді әсем бейнеге ұзақ отырып қарайтын.
— Осы ауылда қала қыздарынан кем түспейтін қыздар бар ғой, әуелі жұмыс десе оларды шеніне де жуытпайды, — деді бірде Дәмеш апай әзіл-шынын араластыра. — Шәйді мына кемпір менен артық қайнатады. Мен де келін қайнатқан шайдан ішер едім. Жоқ балам, жігіт адамның жалғыз жүргені келіспейді. Анау Сақыштың несі кем? Ақыл десең ақыл, көрік десең көрік бар.
Сақыш Зәурешпен құрбылас болатын. Асқар оған еш уақыт назар аударған емес еді. Ауылға қайтып оралған соң да көңіл бөле қоймаған оған. Рас, өте сыпайы, еңбекқор қыз. Мүмкін ол Зәурешпен хат жазысып тұратын да шығар деген ой келді Асқарға.
— Апа, Сақыш Зәурештен хат алып тұрмай ма екен? — деп сұрап қалды Асқар.
— Зәурештен бе? — деп Дәмеш апай да бұған бірінші рет кергендей аңырая қарады. — Білмедім, балам. Сұрап көрейін.
Асқар тысқа шыққан. Оқушылар үйді-үйіне тарап кетіпті. Қасына Бәукен келді.
— Ауданда үлкен кеңес ашылмақ, ауыл шаруашылығы бойынша. Қарт колхозшыларды шақыртқан екен. Біздің бригададан мен Сапар ағаны ұсындым. Барлығы төрт адам бармақпыз біздің ауылдан. Екі-үш күн болатын сияқтымыз. Мен келгенше орнымда қала тұр.
— Мен мұғалім ғанамын ғой, сенін, шаруашылығыңнан не түсінем? — деді Асқар таңданып.
— Уақасы жоқ. Қазіргі уақытта дәл сен сияқтылар керек шаруашылыққа. Бұйыруды әркім-ақ біледі, ал адамды түсіну - — ерекше қасиет. Қазір ең бастысы осы. Пәлендей ауыр жұмыс та жоқ. Мал қораға шөп қажетті мөлшерден де артық тасылды, шопандарға азық-түлік жіберілген. Екі-үш күн бригаданы басқарғаның сабағыңа қырсық бола қоймас. Біз ертең, сенбі күні жүреміз.
Жексембі күні Асқар ауылдағы жастарды түгел жинады. Әр ауылдан он адамнан қосып құрылысшылар бригадасын құру туралы шешім қабылдады. Онан соң қар кете колхоз орталығынан медпункт, клуб үйлерін салуды бастау үшін колхоз басқармасының жастардың құрылыс бригадасына сенім артуы керектігі, қазірден бастап құрылыс материалдарын әзірлеу, құрылыс жобаларын жасауға кірісу керектігі атап айтылды.
Сапар көп алдында сөйлеуге олақ болатын, сондықтан жарыс сөзге шығу ойында да жоқ еді. Өйткені оның пікірінше, шешендік тек бастықтарға ғана тән қасиет. Қызметке араласқан ұзақ жылдардың ішінде ол небір сұңғыла сөйлегіштерді тыңдауға әдеттенген-ді, олар айтпақ ойларын тармақ - тармаққа бөліп, істің халықаралық маңыздылығынан бастайтын да қол жеткен табыстарға тоқталып, онан кейбіреулердің атына жалпылай сын айтылып, артынша қайтадан жетістіктер жайлы, жеңістер туралы баяндалатын.
Ал бұл жолы ол дәстүр ұмытылған сияқты. Трибунаға шыққандар бірден тек іске көшеді. Көпшілігі сөзге олақ, алайда тыңдауға қызықты, өйткені осы жылдар ішіндегі көкіректерінде беріш боп қатқан, толғағы жеткен ой-пікірлерін ортаға жайып салуда. Бейнеті көп шопан еңбегі де сөз болды.
— Қоғамдық малды құтқару жолында жүріп, егер шопан аяқ асты науқастанып қаза болса, яки боранға ұшып өлсе оны біз ерлік деп жатып кеп дәріптейміз. Жолдастар - ау, ал сол ерлік кімге қажет?! Кейде біз «еңбектегі ерлік іс» деген дақпыртпен күнделікті тіршілігіміздегі артта қалған тұрмыстық, мәдени мешеулігімізді, малшылардың тұрмыс жағдайындағы кемшіліктерді бүркемелегіміз келеді, — деді бұрын Сапар көрмеген бір жас зоотехник, «Жастық жалыны - ай, шіркіннің. Дәл біздің Асқаржан сияқты екен өзі», — деп ойлады Сапар шешеннің сөзін ықылас қоя тыңдай отырып.
— Құрылысты шын мәніндегідей етіп салу керек, — деп шешен сөзін құптап қойды, мәжілісті басқарып отырған аудандық партия комитетінің секретарь!. Бұл да жас жігіт еді. Сапар бұғап да таңырқады, өйткені бұрын мұндай жап-жас жігітің аупартком секретары болғанын көрген емес.
— Көп жерлерде бір істі шындап бастағанда, оларға кедергі жасалып отырды, — деп жауап қатты шешен жігіт.
— Ендігі жерде біз кедергі жасаушыларды қолға алатын боламыз. Мүмкіндігінше құрылыс бригадаларын ұйымдастырып, кірпіш құюды қолға алу керек. Колхозшылар үшін тұрғын үйлер салған жөн. Ал бұл істе кертартпалық еткен адам өзіне де, мемлекетке де залал келтіреді. Міне, мына өткен жылдың мәліметіне қараңыздар! — деп секретарь бір парақ қағазды көтерді.- — Бұл мәлімет бойынша біздің аудан облыстағы алдыңғылардың бірі. Бәріне де жалған ақпарлар қосылған. Жоқ, жолдастар, жалған дақпыртпен емес, шын мәніндегі еңбегімізбен озат атануымыз керек. Көрсеткіш сомда ғана шын мәніндегі көрсеткіш болады, егер адамдарымыздың тұрмысы, мәдениеті арта түссе, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілсе. Реті келгенде айта кеткен жөн. Ақтұма ауылында колхозшылар үшін тұрғын үйлер салу жұмысы басталды. Рас, әзірге салынғаны екі-үш-ақ үй. Бірақ бастама үшін бұл да жаман емес. Жолдастар, залда сол ауылдың қадірмен адамдарының бірі, көбіңізге таныс бір кісі отыр. Ол кісі — Сапекең ақсақал. Ал Сапеке, енді біз сізден сол бастамаларыңыз жайлы айтып беруіңізді өтінеміз, — деді секретарь бұған қарап.
Сапар мүлдем абдырап қалды, дәл бұлай боларын күтпеген, жаңа секретарьдың мұның аты-жөнін біледі - ау деп те ойламаған.
— Сасатын түк жоқ, Сапар аға, жақсылап бір сөйлеңіз, — деді Бәукен сыбырлап.
Сапар асықпай басып трибунаға көтерілді.
— Не деуге болады. Біздің Ақтұманың да басқа ауылдардан еш айырмашылығы жоқ. Ел қатарлы жүріп жатырмыз. Соғыс зардабының ауыртпалықтары бізге де түсті... Қазір ептеп жаңа үйлер салуды қолға алдық. Жекен деген шалға және бір-екі семьяға үй салып бердік. Бірақ, шынымды айтсам, бұл салған үйлеріміз мақтауға тұрарлық үйлер емес. Ендігі жерде салынар үй еңселі, жаңаша болуы тиіс қой.
— Әзірге бастама бар ғой, Сапеке. Жақсы бастама, — деп күлімсіреген секретарь қоштай түсті. — Айтыңызшы жаманды да, жақсыны да, тегіс.
— Жақсыны да дейсіз бе? Керуен жаңа жолға шығарының алдында бас-аяғын жинастырып, өзін-өзі жөнге келтірер болар. Жаман - жәутіктің бәрінен арылып, өзінің шама-шарқын байқайды. Міне, сол сияқты біздің Ақтұма да бір орында тоқырап тұрып қалмау үшін, өз күшін байқастауда. — Сапар жөтеліңкіреп тамағын кенеп алды. — Мына біздердің — шалдардың бір кездегі киген киімдеріміз қазір үстімізде олпы-солпы тұратын болды. Сол сияқты ауылдың да бұрынғы ескі көркі бүгінде көзге түскен ноғаладай әсер қалдырады. Оның есесіне жас ұрпақ өсті, әкенің ісі соларға мұра. Ал олар жаңа жолға бет алар керуенді қомдап жатыр.
— Бәрекелде, Сапеке, даналық сөз айттыңыз, жаңа жолға, жарқын болашаққа, күнге қарай бет алдық, — деп секретарь да көппен бірге ұзақ қол соққан.
Сапар сөзін әрі қарай жалғады:
— Осы залда, әнеу тұста, біздің Бәукен отыр. Асқар деген бір баламыз, кәдімгі колхозымызды алғаш ұйымдастырған большевик Сембиннің ұлы, жоғарғы оқу орнын бітіріп, ауылға қайтып оралды. Ендігі сөзді солар айтуға тиіс. Бастайтын да солар. Ал біз болсақ ақыл-кеңеске ғана шеберміз. Жаратылыстың өзі кейде адамды қартайғанда ақылгөй қылады екен де... — Қызынған Сапар даусын сәл көтере сөйледі: — Ендігі жерде Ақтұма да бұрынғы Ақтұма емес. Біз шала сауатты едік. Тек ауызша айтқанды қабылдап, естігенімізге сенетінбіз. Бізден ешкім кеңес сұрамайтын. Бұйрық берілетін және ол бұйрықтарды елеп-екшеу қиын тиетін бізге. Ал енді басқаша болады. Бәукен, Асқарлар нендей нұсқау болса оқып, талқылап, ойластырып істейді. Оқымысты Ақтұмадан да шығып отыр. Жомарт деген баламыз оқымысты, — деп сөз ретінде мақтанып та қойды. — Міне, заманның өзі алға кетіп барады деген осы. Рас, қиындықтар да әлі көп, бірақ оңайшылықпен не жасалушы еді. Керуеннің жолында не кездеспейді: шыңырау да, шатқал да, бұрқасын боран, сусыз шөлейт, бұзылған кәпір де ұшырасып отырмай ма. Ендеше керуенді мықты жандар алып жүруі керек. Сондықтан біз де әлгі жастардың күш жігерін сынаудамыз. Қуанатынымыз: олар қажырлы да қайратты, оларға көш бастатуға әбден болады.
Ал енді кемшіліктер жайлы айтайын. Кемшілік деген көп қой, балам, — деп Сапар жиналысты басқарушыға бұрылды. — Құрылысты көптеп салуымыз керек, бірақ материал жоқ оған.
- — Колхоз үшін құрылыс материалдарын аудандық тұтынушылар қоғамы арқылы алу керек, — деп іле жауап қатты секретарь. — Кеше оған жаңа бастық тағайындалды. Ендігі жерде жұмысы дұрыс жүруі тиіс. Бұрынғы бастығы қоғам қазынасына қол сұққан алаяқ екен. Сол Әмірбек бұрын сіздің ауылда колхоз председателі болған көрінеді, талай қылмыстар істеген тәрізді. Кеше біз оны партиядан шығарып, қызметінен түсірдік, қазір тергеу жүріп жатыр.
— Менің сенен бір өтінішім, қарағым, бізге арнайы келіп малшылардың тұрмысын өз кезіңмен бір көрсең. Әмірбектің не істеп кеткенін сонда білесің. Әй, қайсы бірін айта бересің, — деп Сапар сөзін аяқтады да, денесін тік ұстап өз орнына барып отырды.
* * *
Асқардың столын жинастырып жүріп, Дәмеш апай кітаптан шеті шығып тұрған суретті көзі шалды. Алып қараса: Зәурештің суреті екен. Жымия күліп түсіпті.
— Шіркін - ау, қандай әсем қыз болған. Бәсе, Асқарымның сені ойлап күрсінуі тегін емес екен ғой. Оны неге сонша қинайсың? — деп суретке тесіле қарап ұзақ отырды. Онан соң кітап арасына қайта салып қойды да, үйдің ішін жинастырып боп, киініп Сақышты іздей кетті.
Сақыш үйінде жалғыз отыр екен.
— Сақтай, мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, — деді Дәмеш апай кірген бойда. — Осы сен Зәурештен хат алып тұрасын, ба?
— Иә, хат жазысып тұрамыз.
- — Ә, онда менен сәлем айтшы өзіне. Қаланың жігіттеріңе көз тігіп ұшқалақтанбасын, ренжиміз деді де. Бәріміз де жас боп көргенбіз. Білеміз. Біреу ілтипат білдіре бастаса, әлдеқандай боп дандайсып кете қалатынбыз. Сөйтіп жүрмесін. Асқардан артық қадіріне жететін, сүйетін ешкім болмас, сірә.
— Сіз қызықсыз, апа, — деп күліп жіберді Сақыш, — сонда сіздіңше әлде бір жігіт ұнатты екен деп қыз өзі сүйетін басқа адамына баруына болмай ма?!
— Қарағым, сен маған күлме, шынымен айтып отырмын. Және Асқар «әлде бір жігіт» емес қой. Жаз со мен айтқанды. Байғұс баланың жатса-тұрса ойлайтыны сол.
— Ендеше Зәуреш те хат жазған сайын сұрайды ол туралы. Жәй, білейін деп едім деп сендірмек болады мені, бірақ басқалар жайлы сұраса қайда жатыр, мені сезбейді деп ойлайтын болар. Бірақ өзі Асқардан әлі күнге бірде-бір хат алмапты.
— Жә, ол жазар - жазбас — онда шаруаң қанша. Онсыз да жұмысы басынан асады, күйіп-пісіп жүргені, хат жазуға мұршасы бар ма.
Осыны айтты да Дәмеш апай үйіне кетті.
Ас үстінде сасып - салдырап, қасық орнына пышақ ұсынып, онан кежені төгіп ап, әбден есі шықты. Сөзді неден бастасам екен деп ойлаумен болды.
Кемпірдің әлденеге абыржулы екенін сезген Асқар:
— Жайшылық па, апа, не болды? — деп сұрады.
— Ештеңе де емес, тәйірі. Жасаған тамағым ұнамаса пенсияңа шығарарсың азар болса. Ал осы өзіңнің не ойлаған ойың бар? Немене, әке-шешем жоқ деп ешкімге құлақ асқын, келмей ме?! — деп сезін ұрсыңқырап бастаған Дәмеш, артып - шашқан шектен асып бара жатқанын сезіп отыра кетті. — Түу, қартайғандық - ау, ренжіме, Асқаржан, бұ жаман кемпірдің дауыс көтергеніне. Менің осы бір түсінбейтін жәйім бар сендерге... Сен ғой мұнда жүріп күндіз - түн ойлайтының сол қыз, ал ол о жақта жүріп сені ойлайды. Бұларың қалай, неге тіл табыспайсыңдар?.. Біздің жас кезімізде ата-анамыз сыртымыздан - ақ сөйлесіп, құда түсетін де, үйлендіретін, сонда да бір-бірімізге бауыр басып кетуші едік.
Асқар ақтан, күйде. Дәмеш апайдың дәл осылай толқыған сәтін көруі бірінші рет.
— Сіз кімді айтып отырсыз, апа?
— Зәурешті айтып отырмын. Сені ойлап ішқұста боп ол жүр, ал сен болсаң бір ауыз хабарыңды білдірмейсің оған.
— Қойыңызшы, апа... — деді Асқар күйзеліспен сыбырлай сөйлеп, сөйтті де сыртқа шығып кетті.
Көктемнің жылымшы ақ жауыны бүркіп тұр екен. Дәл есіктің алдында жол жиегінде қар суымен бәйшешек есіпті. Бетті қытықтаған сылбыр ақ жауынын соңына ертіп қорғасын бұлттар кешіп барады. Күн көзінің шуағын күткен гүлдер үлбіреген ақ қауыздарын таңырқай ашқан. Лапас астында бұйығып жатқан қозылар дүр сілкініп ойнақтап шыға келді, көк шөп үстінде секектеп торғайлар билейді. Асқар тас лақтырып еді, дүр етіп ұшты.
— Неткен ақымақ, қиқар едім мен, — деді Асқар өзіне-өзі сыбырлай сөйлеп. — Мені сүйеді ғой ол, сүйеді!..
— Әй, Асқар, спутник ұшыпты, міне оқы! — деп өтіп бара жатқан почташы газет ұстатты.
— Жақсы! — дей салды оның сөзін ұқпаса да Асқар. Мұның, көкірегінде өзіне ғана мәлім үлкен, алып ұшқан қуаныш бар еді.
— Не дейді әлгі, не боп қапты? — деді есік ашқан Дәмеш апай. Асқар газетке үңілді.
— Жерді айналып спутник ұшқан көрінеді.
— О алла, тірі жүрсең неше түрліні естиді екенсің - ау, — деді Дәмеш апай күрсініп.
Таудағы қар шоғырланып, шөгіп, онан бастау алған кішкене бұлақтар бір-біріне қосылып күшейіп, жолындағы көшкін мұздарды бұзып-жарып жазыққа қарай тулап ағуда. Күнгей қыраттар көк жасылға бояна бастаған. Біртіндеп қар тек Қарақшы шыңның басында ғана қалды.
Колхоз даласына алғашқы трактор да шықты. Кенеханның ұста дүкенінің алдына жұрт жиналған. Топырлаған ауыл балалары шу шу етеді. Сапар, Егор, Мамырбайларды ерткен Бәукен тұқым сенгіштер мен култиваторларды тексеріп жүр.
— Егістікті қопсыту сапасыз болады, мына тістер тозыпты ғой, — дейді ол желкесін қаси тұрып.
— Тозбай қайтсын, ескірді ғой. Председательден сұрап көрсеңші, мүмкін жаңасын тауып берер, — деп қояды Кенехан.
Бәукен Алматыға жүрмек. Өткенде ауданда оны республикалық кеңеске қатысушы етіп сайлаған. Сондықтан ол көктем егісінің өзі кетпей тұрып аяқталуын ойлайды.
— Барған соң ұмытпай Жомартқа кіре шық, Зәурешке де жолық. Сөйлесіп, байқап кер. Мүмкін мұнда Асқарды бекерге ұстап жүрген шығармыз. Мүмкін Зәурештің мұнда ойы бар шығар, тек ауылға қайтқысы келмейтін болар. Ондай болса Асқарды ұстамалық, — деген Сапар. — Адамның бақыты дегеннің өзі нәзік дүние ғой. Обалына қалуға болмайды. Қайта сақтап қалу керек. Қажет десе Асқар сонда барып тұрсын. Әрине, ол мұнда да керек адам, бірақ бақытынан айыру кешірілмес кінә. Онысыз жемісі де болмайды.
— Білуге тырысып бағайын.
— Қолынан келгенінше Жомарт та көмектесер, екеулеп жүріп клуб үйінің аурухана мен мектептің жаңа жобасын тауып ала кел. Біздің колхозда да орта мектеп ашылуы тиіс, — деп тапсырды оған Асқар. — Әйтпесе балалар жиырма шақырым жерден барып оқып кеп жүр.
— Ал Зәурешке не дейін? — деді Бәукен оған тесіле қарап.
— Сен кеткенше не дейтініңді ойлап қоярмын.
Кейін Бәукен аттанар сәтте Асқар ақ орамалға дымқыл топыраққа тамырларымен қоса оралған бәйшешек пен шуындық гүлдерін әкеп ұстатты.
— Зәурешке бергейсің. Ыдысқа отырғызатын болса бұл гүлдер өсіп кетеді... Бала күнімізде мына бәйшешектің тамырын отқа пісіріп, Зәурешке жегізгенім бар еді. Сонда тәтті екен деп мақтаған. Сонан кейін екеуміз осындай гүлді көп етіп жинап едік. Сол кездерді есіне алсын...
— Мақұл, бәрін де орындаймын, — деді Бәукен көңілдене, өз ішінен: енді Зәурешке Асқар жайлы әңгімелеу әлде қайда оңайға түсетін болды деп ойлады. — Тек соғыс кезіндегідей ендігі жерде шөп тамырын пісіріп жемейтін болайықшы.
— Археологияны мен архитектураға бекерге айырбастағаным жоқ. Егер тыңдағың келсе мен саған қандай жоспарларымыз барын айтып берейін. Екеуміздің осы кездесуімізді сен қазір емес, кейінірек болады деп ойлап көрші. Түсініп отырсың ба? — деп ол маңдайына жалбырай түскен шашын кейін сілкіп қойды. Көзі бала күніндегісіндей отша жанып жалтылдап кетті.
— Екеуміз Шоқанға орнатылған ескерткіштің қасында кездестік делік.
— Мен небәрі техникум ғана бітіргем, сондықтан сенін, пәлсапаң, маған түсінікті бола қоймас, — деді Бәукен.
— Бөлме сөзімді. Мен саған әбден түсінікті етіп айтып берейін. Көп ұзамай ондай ескерткіш болады әлі. Есіңде ме, бала күнімізде Шоқанға ұқсаймыз деп иығымызға күнбағыстан эполет жасап алушы ек қой. Сонымен, сен бір алыс жақта екенсің делік. Мен саған хат жаздым. Сен келмек боп уәде еттің де, мен алғаш кездесетін жеріміз Шоқан ескерткішінің түбі болсын деп белгіледім. Тағы да біраз жыл өтеді. Талай дүние өзгерді делік, — деп Жомарт терезеден сыртқа ойлана қол тастап әңгімесін жалғастыра берді. — Сарыарқаның төсін қақ жарып Ертістен Бетпақдалаға дейін канал қазылған. Каспий теңізінде паромдар жүзеді, Мойынқұм үстінде бау-бақша мен мақта өскен делік. Шардара мен Мырзашөлде жасыл желек көмкерген гүл алаңдары.
Жомарт жымия күліп үнсіз қалды. Онан соң шашын артына қарай сипай қайырып терезеден кері бұрылып қуақы күлкімен Бәукенге сынай қарады.
— Сол жылдар ішінде қазақ даласында көптеген жаңа қалалар, заводтар мен фабрикалар және оқтай атылған асфальт жолдар салынған екен. Міне сондай жолдардың бірімен сен Алматыға қарай тартып келесің. Бұл жол асқар асулы Іле Ала тауының белінен баса түскен. Сенін, пластмассадан жасалған электромобилін, қандай қиядан да іркілмей зулайды. Әлгі жол — мәңгі ерімес ақ қарлы шыңдарды, шапшып аққан құлама асау суларды жапан, биік құзар жақпар тастардың, ну жынысты тоғайлардың арасымен, бел-белестер мен ойпаңдарды жарып өтіп Қырғыздың таңғажайып Ыстық көлінен Алматыға төте барады екен. Ол жаңа жол атақты Алпінің асулары мен Австрия және Швейцария тауларындағы әсем жолдардан бірде кем емес. Түрі, түсі сан түрлі жүздеген машиналар сол жолмен қырғыз тауларының меруерті — Ыстық көлге ағылуда. Онан әрі қырғыз қалаларына, Ташкентке, Шардараға, Газлиге, Гүлістанға, Самарқантқа дейін баруға және керісінше біздің жасыл желекті әсем қаламызға оралуға болады.
Туристер болса Алматы іргесінен көп ұзамай орнайтын Қапшағай теңізінің жаға жайында дем алады, олар біздің тауларымызды, бақтарымызды, ғажап тамаша таудағы мұз айдынымызды қызықтайтын болады, бәрінен де әсіресе қаламыздың көркіне тәнті болмақ.
Біздің қала! Міне, ол алып тұлғалы Алатаудың етегінде күн сүйіп найқалып тұр, — деп Жомарт чертежін жайып салды. — Қала үстінде нұрлы сәуле ойнайды, Ал қаланың арғы жағында кешкі ымырттың, астында, кептеген жолдардың ұзыннан созылған оттары тілгілеген кен, дала.
Сен көптеген демалыс үйлерінің, санаторийлердің, қаламызды арзан электр қуатымен сәулеттендірген электростанциялардың тұсынан зуылдап өтіп, қалаға оңтүстік жақтан кіресің. Сөйтіп өзіңнің қалаға сапарыңды гранит жартастың үстінде тұрған Абай ескерткішінің түбінен бастайсың.
Шілтерлі терезе перделер тұсынан, завод цехтарының әйнекті қабырғаларынан, бұйымдар толы витриналардан, үйлердің төбесінен, көшелерден, алаңдардан, мыңдаған ақ, сары, жасыл, қызғылт оттар жарқырап тұрады.
Кенет ұлттық өрнектермен безендірілген рекламалардың жарқ-жұрқ еткен сан бояулы оттары жанады.
. Жарқыраған шамдарының жарығы әлі де қауызын аша қоймаған райхан гүлдері мен қайындарға, ақ торғынға оранған алма ағаштарына, раушан гүлдері мен қан қызыл қызғалдақтарға, және төңіректе тізіле сап түзеп өскен қарағайларға түсіп тұр. Самал жел ағаш жапырақтарын сыбдырлатады, әлдеқайдан алыстан бақ ішінен өзіне шақырған қыз әні естіледі. Жапырақтар сыбдыр мен ғашықтар сыбдырына құлақ түре, сен күміс күлкілі арықты жағалап кең де жарық көшемен, аспан зәулім үйлердің тұсынан етесің. Ол үйлер ауада қалқып тұрғандай жеп-жеңіл көрінеді, шығыс қалаларының ең әдемі үлгілері мен техниканың ең соңғы жетістіктері ұштасқан.
— Сен досыңды көруге асыға түсесің. Алайда мынау жаңа үйлерге еріксіз көз тоқтатып аялдай бересің, — деп Жомарт чертеждегі үйлерді нұсқап қойды. — Жел сыбырына, әнге құлақ аспау мүмкін емес.
Сенің көз алдыңда дәл осындай көктем кезінде келгендіктен қала көркі бұрынғысынан екі есе көрікті ертегідегідей сұлу көрінеді.
Жомарт әңгімесі біртіндеп Бәукенді де еліктірген еді, ол селт етпей тыңдады. Мынау өзі ақын ғой, нағыз ақын деген ой келді оған.
Бәукек бөлме ішінде отырғанын да ұмытқан. Жомарт қиялы оны езімен бірге жетелеп, ол өз ойымен болашақ қаланын, кешесінде келе жатты. Жомарт армандарының іске асқанын өз көзімен көріп келе жатқан тәрізді. Ал Жомарт болса әңгімесін жалғастыра түсуде. Тыңдаушысының кез алдына тан, қаларлық сұлу көріністерді әкелетін сиқыры бар сияқты.
— Міне, біздің қаламыз сондай болады. Әрине, біз сол армандардың әлі оннан бірін де іске асырғамыз жоқ, — деді ол. — Мен тек осы уақыттардың ішінде істелгендерін ғана көрсетейін. Қаламыздың еткенін де, болашағын да содан аңғаруға болады. Иә, иә. Маған өйтіп таңданып қарама. Қала өзі туралы өзі баяндай алады, тіпті әрбір ауыл өзі туралы өзі хикая шерте алады. Қала да, ауыл да адам тәрізді өмір сүреді ғой. Адам сияқты олардың да әрқайсысының өзінше тағдыры бар. Олар да адамша өмір сүреді, әрқайсысының мінезі, өзіндік табиғаты, ерекшелігі болады. Олардың да қуанышы, қасіреті, арман, мақсаты бар. Олар да жас болады, онан қартаяды.
Кей қала қыз мінезді ойнақы болса, кей қала кепті көрген қарт тәрізді дана боп келеді. Олар өз даңқтарын я сауда - саттығымен, немесе ғылымдағы ұлы жаңалықтарымен, ән-күйімен, өнерімен, байлығымен, не кедейлігімен шығара алады. Кей қала қатыгездігімен, не мейірбанды тыныштығымен танылады. Олар да адамша тыныстап, адамша шежіре шертеді. Естисің бе, әне? Біздің қаламыздың саябыр, сабырлы тынысы бар. — Жомарт терезені ашты. — Маужырап ұйқыға шомады. Өйткені тұрмысы тоқ, ертең қалай күн көрем деп мазасызданбайды. Перзенттері бақытты ұйқының құшағында алаңсыз ұйықтайды.
Әр қаланың, өзіне ғана тән тарихы болады. Ал адам қаланың тынысын ғана емес, сонымен қатар сол қаланың жүрек лүпілін, тамырының соғысын, тыңдап, тіршілігін анықтай алады.
Қаланың жүрек соғысы тоқтап, Карфаген, Афраснаб, Отырар ғұсап, немесе дәл осы Алматының астында қалған қала сияқты мәңгі өлетіндері де болады. Ал адам өз туындысын мәңгі өлмейтіндей де ете алады.
— Сен шынында да арманшыл боп алыпсың, Жомарт.
— Мен баяғыдан осындаймын. Арман мен қиялсыз архитектураның өрісі жоқ. Армансыз адам және болмайды. — Жомарт кенет тына қалды да дереу чертеждерін жинап орай бастады.
— Біздің ауылға лайықты клуб пен мектептің жобасы жоқ па сенде? — деп сұрады Бәукен.
— Ауылға лайықты жоба дейсің бе. Қаладағы сияқты клубы, мектебі және театры болуы керек қой. Амал қанша, ондай жоба әзірге жоқ. Жобалау институтына, мәдениет министрлігіне бару керек. Бірақ олардан да табыла қояр ма екен. Зәуреш те сұрастырған сияқты еді.
— Иә, Зәурештің хәлі қалай? Ертең жолықсам деп ем өзіне.
— Көресің ғой. Жүріп жатыр, екі рет практикада болған, институтты бітірді. Ординатураға әзірленіп жүр, есі-дерті Асқарды ойлайды, — деді Жомарт ойлы қалыпта. Бөлме ішінде қолайсыз тыныштық орнаған. Біреу есік қақты. Сөйткенше есік көзінде шашын қысқа етіп қиғызған, қолында жасыл сумкасы бар әдемі қыз тұрды...
— Енді қашан шығасың? — деді қыз Бәукенге көңіл аудармастан.
— Қазір, бір минут кідіре тұр, — деді Жомарт кінәлі үнмен, өзі Бәукенге қарап қойды.
— Тез бол, — деп қыз есікті жапты.
— Ал мен кетейін,- — деді Бәукен орнынан тұрып.
— Сен кешір мені, театрға бармақ едік. Ыңғайсыз болды, — деді Жомарт.
Бәукен бір түрлі қолайсыз күйде қалған. Тез қоштасып шығып кетті. Тек түнгі таза ауада біраз жүргеннен кейін бойы терін деді. Жомарттың әңгімесінен кейін қала көркі оған мүлдем басқаша әсер еткен еді.
«Дегенмен Жомарт жарайды, — деп ойлады ол, — ауылға қайтпағаны ештеңе етпейді. Өз орнын тапқан адам, ол осында қажет. Апыр-ай, жобаны қайдан алсам екен», — деп күбірлеп қойды ұйықтарының алдында.
* * *
— Не жаңалық бар, ата? — деп сұрады Сақыш саңқылдаған үнмен. Бұрымдарын орамал астына жинап, жеңін қайырып алған қыз жеңіл қимылдап қалыпқа құммен араластырған лайды толтырды.
— Не жаңалықты сұрайсың, қызым? — деді оның қимыл - қозғалысына сүйсіне қараған Сапар.
— Бригадиріміз мүлдем кешікті ғой.
— Ә, Бәукенді сұрайсың ба? Жұмысы боп қалды да. Он¬да й жігіт қайда барса да құтты қонақ қой, — деп Сапар қулана жымиды. — Немене, қызым, онда тығыз шаруаң бар ма еді?
— Ісім соған түспей-ақ қойсын, — деді Сақыш ернін шүйіре, жеңімен бетін сипап. — Өзі бригадир, жұмысты тастап қыдырып жүрсін...
— Келген соң өзімен бір дұрыстап сөйлесші, — - деді Сапар күліп. — Ал жетер, шақыр балаларды енді. Үйге қайтатын кез болды. Бүгінге осы да жарайды, лай да таусылыпты, таңертеңге тағы да дайындап қояды ғой.
Колхоз орталығы Ақтұмадан үш шақырым болатын, Сапар кірпіш құйып жүрген жастарды жұмысқа алып кеп, алып қайтып тұратын.
— Асқаржан, таста жұмысты. Бүгін саған қонақ келуі тиіс.
— Неғылған қонақ? — деді Сақыш Асқардан бұрын.
— Қаладан келетіндер, — деп Сапар жұмбақтай күлді, оның көңілі бүгін ерекше көтеріңкі еді. Асқардың байқағаны — қарт бұлардан әлденені жасырғысы келгендей болады, бірақ жасыра алмай тұр.
- — Ата-ау, ертерек неге айтпадыңыз, — деп Сақыш безек қақты. — Қап көйлегімді бұлғап алып ем. Тезірек үйге жетейік онда.
— Кімнің келетінін сен білуші ме ең?
— Жә, қойыңызшы, ата. Ал мен Қодармен бірге кеттім, тезірек жетеміз.
— Әй, Қодаржан, атыңды Сақышқа бер, ауылға асығып тұр екен, — деп дауыстады Сапар. Қодар жазғы демалыс кезінде атқарушы боп істеп, Аққасқа айғырдың тұқымы қула құнанға мініп жүрген.
— Бір минут күте тұрыңызшы, Сапар аға, мен партбюроға кіріп жиналыстың қашан болатынын білігі шығайын, — деп өтінді Асқар.
— Мұны әлі күту керек. Ал мен кеттім, — деп Сақыш құла құнанға мінді.
— Дәмешке айта бар, дастарқанын мол ғып әзірлесін, менің кемпіріме де айт, қонақтаған тауықша сандыққа шығып отыра бермей Дәмешке көмектессін, бар тәттісін салсын деді де.
— Ал енді айтыңызшы бәрін, Сапеке, — деді Асқар арбаға отырып жатып.
— Әр нәрсенің кезі бар, келген соң көресің, — деп беріле қоймады Сапар. Оның бір байқағаны Асқар бірінші рет оған терезесі тең адамдай «Сапеке» деп тіл қатты. Қартқа ұнап кеткені ось; еді. О л Асқардың азама болып, өзін нағыз ересектер санатына қосатын кезін көптен күткен еді. Әрине, сыпайы болу деген де жақсы. Алайда сол сыпайылық адамның өзіне деген сенімімен, өзінің бойындағы қажыр-қайрат, намысымен астасқанда әлдеқайда көріктендіре түседі, деп ойлады Сапар. Әй, қарттық - ай, тірегіңнің берік болғанын тілейсің - ау.
Олар масақ жарған егіннің арасындағы шаңдақ қара жолмен келе жатты. Шымқай көк аспанда қалықтаған қыран көрінді.
— Шарықтауын шіркіннің, — деді Сапар сүйсініп.
— Кімді айтасыз, ата? — деді Асқар қалың ойдан селт етіп.
— Қыранды айтам, сонау шырқау биіктегі... Жарықтық, осы қыран құстар қияда өледі екен. Жаралы болғанда, кәрілік меңдегенде өлерін білетін қыран ең соңғы демін жиып шырқау шыңға көтеріледі дейді. Содан қанатын қомдап, биіктен жартасқа құлап соғылып өлетін көрінеді.
Ақтұмаға таянған кезде жол, төбесінде жалғыз бейіті бар дөңесті бөктерлей жүрген әлгі қыран сол бейітті — Сапардың жан досы, Асқардың әкесінің бейітінің төбесінде шырқ айналып ұшты.
Дөң басына көз тіккен Сапар өткенді есіне түсіріп сәл күрсінді де, делбені қақты.
— Әй-й, шүу, жануар
— Ата, мен айдайыншы атты, — деді арбаның артында аяғын бұлғақтатып отыра беруден зеріккен Қодар.
— Мә, тура мектепке бұр, Асқардың үйінен шәй ішелік барып, — деді қарт қуақы үнмен.
Есік алдына келген соң Асқар арбадан түсіп, пиджагын иығына ілді де, жігіттерді Дәмеш апайдың үйіне шақырды.
— Сабыр ет, балам. Әне тағы да қонақтар келе жатыр, — деп осы кезде Сапар аудан орталығынан келетін жол жақты нұсқаған.
— Бәукен келе жатыр, — деп қуанып кеткен Асқар әйел тұлғасын керіп іркіліп қалды. Оған Зәуреш келе жатқандай көрінді. Енді ол езгені тегіс ұмытып, ұмтыла жүгірді. Пиджагы иығынан сырғып, жол үстіне түсіп қалған. Қодар барып көтерді.
— Бүйтіп сен аяғыңды сындырасың ғой, — деп күлді Бәукен. Қасында бөтен бір қыз отыр. Асқар қатты қысылды.
— Мен бұл Кісіні... — деп күбірледі ол кінәлі үнмен.
— Білем, не ойлағаныңды, — деп күлді Бәукен тағы да. — Жә, оны кейін сөйлесерміз. Неғып тұрсын, енді. Таныс. Мына кісі дәрігер. Алматының өзінен бізге келе жатыр.
Бәукен Сапармен сәлемдесті, аңырайып тұрған Қодардың танауынан қысып қойды.
— Сен мына жаққа қарасаңшы, — деп Сапар Бәукенге басын сәл меңзеп сырт жағын нұсқаған. Анадай жерде таза киімдерін ауыстырып киінген Сақыш тұр екен.
Сақышты көрген Бәукен басқа дүниені тегіс ұмытқан еді. Екеуі құшақтасты да бір-біріне күңкілдей сөйлеп, кешкі сағым көлегейлеген тауға қарай ұзап жүре берді.
— Бәукен қайда, қашан келді? — деді алқына жүгіріп жеткен Дәмеш апай.
— Әне, анау бара жатқан солар, көрдің бе? — деді Сапар оған күлімсірей сыбырлап.
1960 — 1961 ж.
Орысшадан аударған САЙЫН МҰРАТБЕКОВ
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі