(Е. Дубина-Голованеваның естелігінен)
Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері көп уақыт өтті. Бірақ сол жылдар біздің есімізден еш уақытта кетпек емес. Әсіресе майданның алғы шебінде жүргендердің, жау күйреткен халық шаруашылығын қайта қалыпқа келтіруде талай қиыншылықтарды басынан кешіргендердің есінде мәңгі қалады. Осы соғыстың халқымызға зор зардап шектіріп, қайғы-қасірет әкелгенін мына біздерден естіген жас буындар да ұмытпақ емес.
Баубек бізді терең ойландырып, советтік патриотизм сезімін оятуға айтарлық үлес қосқан бір мақаласында: «Адам — дүниеге жай ғана келіп кетпейді, ол өзінің орнын басатын буындарға рухани мұра қалдырады», — деп жазған болатын. Мен соғыс жылдарында Орынбор облысы, Матвеев аудандық газеттің редакциясында еңбек ете жүріп майданда не болып жатқаны туралы газеттерде басылған мақалаларды үзбей оқушы едім. 1942 жылдың май айында «Комсомольская правдада» жарық көрген «Өмір мен өлім туралы. Майдангер жас қазақтың жазбалары», атты публицистикалық мақаласын оқығанымда бойымды билеген алғашқы әсердің күшін мен асқан қаламгер бола қалған шақта да сөзбен жеткізе алмас едім. Мұны тек жүрегінде қуаныш пен қасірет сезімі қатар жүрген адамның ғана рухани сезінуі мүмкін. Қазіргі кезде бұл қарама-қарсы екі сезімнің бір кеудеде қатар тұруы ете сирек кездеседі. Ал соғыс жылдары бұл екі сезім көптеген совет адамдарының жүрегінде қатар жүрді. Отан үшін шайқастарда адамдарымыз оққа ұшты — бұл бүкіл халқымыздың қасіреті, жақын адамымыз қаза болса — бұл жеке басымызға түскен қайғы-қасірет болды. Сол шайқастар нәтижесінде бір қала не бір деревня жаудан азат етілсе жалпы да, жеке де қуанышқа бөленіп жүрдік.
Баубектің мақаласын оқи бастағаннан-ақ өксіп - өксіп жыладым. Сай-сүйегім сырқырай жыладым. Сол мезетте майданда жүрген аға-інілерім еске түсті. 1941 жылдың авгусында 18-ге тола қоймаған бауырым Николайды армия қатарына шығарып салғанымыз көз алдыма елестеді. Ол сол шақта орта мектепті жана ғана бітірсе де, Қызыл Армия қатарына белін бекем буып, «Сендер жыламаңдар, жыласаңдар қатты ренжимін» деп, жұбаныш айтып, көз алдымызда есейіп аттанған еді...
Мен Баубектің мақаласын газетіміздің кезекті санын бастырып жатқан шақта, түнде оқыған едім. Мен жылай бастаған кезде қасымдағы редакция қызметкерлері мен типография жүмысшылары абыржып қалды. «Газеттен бауырлары жайлы суық, хабар оқыған шығар», — Деп ойлаған болу керек. «Не болып қалды? Қандай хабар оқыдың?» — деп мені жұбата бастады. Мен сонда Баубектің мақаласын нұсқап, «осыны оқып шығыңдар» дегеннен басқа ештеңе айта алмадым. Келесі күні оны редакция коллективі түгел жиналып оқыдық. Сол мезеттен бастап көптеген құрбыларыма оқыттым, және селолық комсомол комитеттерімен телефон арқылы байланысып, Баубектің мақаласын ауылдық жерде коллектив болып оқуды ұйымдастыру қажет екенін хабарладым.
Баубектің «Комсомольская правдада» жарық көрген осы алғашқы мақаласының езі шынайылығымен жүрегімді. елжіретіп, жанымды тебірентті. Оның ерекшелігі тек майданда жүрген журналист қана емес, сонымен катар қару-жарақпен де, өткір айбынды сөзбен де жауды мерт қылатын майдангер солдаттың жазуы болатын. Баубектің өмірге деген махаббаты және сол үшін аянбай күресетіні осы мақаласынан - ақ аян болды. Ол, шынында, терең ойлана білетін және ыстық жүрегімен, жалынды сөзімен басқалардың жүрек қылын шерте білетін дала қыраны, ер жүрек жауынгер екеніне бірден көзіміз жетті. Турасын айтсам, Баубекті мен де, менің сол кездегі құрбы-құрдастарымның бәрі де — Горькийдің Данкосының жүрегі бар талантты жас екен деуші едік. Бұлай деудің өзі үлкен қуаныш. Мен оның мақалаларын оқи отырып: «Баубектей жауынгерлері бар армияны ешкім жеңе алмайды, бүл армия фашистердің, сөз жоқ, тас-талқанын шығарады», — деп терең ойға бататынмын.
Соғыстың нағыз ауыр кезеңдерінің. бірі сол 1942 жыл болғаны бәріміздің есімізде. Баубектің мақалалары біздің көп ұлтты халқымызға, біздің жастарымызға деген мақтаныш сезімін қуатты күшке айналдырып, соғыс біздің жеңісімізбен бітеді деген сезімімізді тереңдете түсті...
Иә, өткен соғыс біздің Коммунистік партиямыз жүзеге асырып келе жатқан Лениндік ұлт саясатының данышпандығын, шыншылдығын паш етті. Біздің халқымыздың достығы, бауырластығы бұрынғыдан да нығайды. Орасан қауіпті жылдарда біздің халқымыз біртұтас күшке айналып, ол тұтастық — жеңістің кепілі болды. Бұл туралы Баубек өте дәл, әрі жақсы жазды.
Соғыстың қаншама адамның өмірін жойғанын ойласам, жүрегім қанға толады. Өзінің рухани және творчестволық талантын аша алмаған қаншама жастардың опат болғаны еске түссе, фашистерге лағнет айтатынмын.
Баубектің хатына мықты жауап бермекші болып мен өзімнің төрт құрбыммен майданға өз еркімізбен баруға тілек білдірдік. Төртеуміз соғыстың әлегінен Украинадан кешіп келген қыздар болсақ, бесіншіміз жергілікті жердің байырғы тұрғыны болатын. Әскери комиссариат төртеуіміздің арызымызды қабылдады, газетте істейтініме байланысты маған аудандық партия комитетінін рұқсатын алып кел деген нұсқау берілді. Өкінішке орай, аудандық партия комитеті рұқсат етпеді. Аупартком хатшысы Рачков жолдас: «Сіз қазіргі таңда майданда болудан гөрі осы жерде қажетсіз. Редакцияңызға барып, жұмыс істеңіз», — деді.
Баубек қазақ халқының ұлы еді. Ол барлық совет халықтарының бақытты өмірі үшін жанын пида еткен интернационалист еді, ол Октябрь елінің ұлы болатын.
Баубек «Комсомольская правдаға» аз жазса да, саз жазды. Оның мақалалары біз оқып жүрген мақалалардың ішіндегі ең татымдысы, саяси қоғамдық мәні тереңі дер едім. Оның хаттарынан фашист зұлымдар таптаған Украинаны, менің туған халқымның қаны төгілген Украина жерін көргенін, сүйгенін, оны жаудан босату үшін күресіп жүргені айқын көрінеді. Егер ол бүгінгі Украинаны көрсе, оның қуатты индустриясын, тамаша табиғатын, кен байлығын, жер байлығын, алып Днепрдің көгілдір суларын көрсе қандай зор қуанышқа бөленген болар еді!
Баубектің хаттарын бүгінде толғанбай оқу мүмкін емес. Бұларда өмірге құштарлық, жауға өшпенділік, жеңіске сенімді адамның сезіміне толы болатын. Осындай асыл мұраны поэзия мен барлық әсемдікті сүйген, өзінің ой-арманы мен ізгі ниетін адам жүрегіне жеткізе білетін Баубектей жігіттер ғана қалдыра алады. Оны жарқын болашақ күткен еді.
(Ықшамдап қазақшаға аударған құрастырушы.)
Баубек Бұлқышевтың Юрий Александрович Жуковқа
1942 жылдың 30 июнінде жолдаған хаты
Құрметті Жуков жолдас!
Менің алғашқы мақалама байланысты «Комсомолка» оқырмандарының редакция арқылы жіберіп жатқан хаттарын алып жатырмын. Рахмет, сізге! Қазақстаннан да бірнеше хат алдым. Бұлар да казак тіліне аударып «Социалистік Қазақстан» газетінде , ал қырғыздар қырғыз тілінде өз газетінің осы жылғы 31 майындағы санында басылғаны туралы хабарлайды.
Осы хатыммен бірге сізге жаңа мақала жіберіп отырмын . Біздің республикалық газеттің редакциясы материал сұрап өтініш еткендіктен, осы мақаламды машинкаға бастырып, мына адреске салып жіберуіңізді сұраймын. Қазақ ССР-Ы, Алматы қаласы, Карл Маркс көшесі, 43, «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясы, Иманжанов Мұқанға деңіз.
Егер оны өз газеттеріңізде жариялау керек деп тапсаңыздар, Алматыға жібермей-ақ қоюларыңызға болады. Біздің сүйікті жастар газетінің редакциясында бірге қызмет ететін өзіңіздің. барлық жолдастарыңызға менен майдандық сәлем айтыңыз. Әзірше сау болыңыз.
Комсомолдық сәлеммен Б. Бұлқышев,
30 июнь, 1942 ж.
Айтпақшы, бұған дейін сізге екі хат жіберген едім . Олар сізге жетті ме, жоқ па, білмеймін, жауап күтемін.
Бұлқышев.
Ю. А. Жуковтың Б. Бұлқышевқа жолдаған 5796-санды хаты.
Құрметті Бұлқышев жолдас!
Сіздің «Өмір мен өлім туралы» мақалаңызға жауап ретінде Отанымыздың патриоттарынан ете көп хаттар келуде. Сізге солардың бірін тағы да жіберіп отырмыз.
Сәлем мен ізгі тілектестік жолдаймыз!
«Комсомольская правда» газеті редакциясының
майдан бөлімінің меңгерушісі.
Ю. Жуков.
«Комсомольская правданың» редакциясына
Құрметті жолдастар!
Сіздердің 1 майдағы 102-санды газетіңіздің үшінші бетінде жарияланған майдангер жас қазақтың «Өмір мен өлім туралы» жазбаларын оқып шықтым. Менің шексіз ізгі алғысымды және оның тамаша істерінде, сондай-ақ жаумен күресте жеңіске жету жолында денсаулығы әр кезде жақсы болуына тілектестігімді жеткізуді өтінемін.
Құрметті жолдастар! Мақаласын оқыған саяси жетекшінің орынбасары Батыс майданнан қазіргі кезде менің семьям біздің жауынгерлерді: «Гитлершілдердің үстемдігінен тезірек құтқарыңдар»,— деп күтіп отырған майданнан жазған. Бұл — Смоленск қаласы. Мен туып.. өскен, мені тәрбиелеген, маған бақыт берген, маған өмір берген — қала. Мен енді Бұлқышев жолдасқа шексіз алғысымды баяндайтын сөз таба алатын емеспін. Баубек айтқандай, тек «Өмір, я жеңіс!» деген ұран ғана бар. Бізге өмір сүруге, енбек етуге, Отанын сүюге теңдесі жоқ праволар берілген. Менің туыстарымды тезірек
жаудан босатса екен. Жаумен бәріміз бірге күресеміз. Ол Батыста, ал мен Оңтүстік батыста жауды аямай соққылайық деген тілегімді жеткізсеңіздер.
Сіздерден менің осы хатымды газет арқылы, я ,тікелей өзіне салып жіберуді көп-көп сұраймын. Оның адресін жазып жіберіңіздер.
Комсомолдық сәлеммен
сержант Родионов.
28 ППС216 ДСБ. Сержант
Родионов Михаил Платонович
«Комсомольская правда» редакциясының Б. Бұлқышевқа 1942 жылы 6 июньде жолдаған 59273-санды хаты
Құрметті Баубек Бұлқышев жолдас!
Сізге «Өмір мен өлім туралы» мақалаңызға байланысты редакцияға келіп түскен тағы бір хатты жіберіп отырмыз.
Хаттың авторы — қыз бала, жауап беруіңізді өтінеміз.
Достық сәлеммен, «Комсомольская правда»
газетінің редакциясы майдан бөлімі
меңгерушісінің орынбасары
Л. Ющенко.
Құрметті редакция!
Мен «Комсомольская правдада» «Өмір мен өлім туралы» майдангер жас қазақтың жазбаларын оқыдым да жас жауынгер қазаққа хат жазып жіберуді жөн кердім. Бірақ, мен оның адресін білмеймін, осы себепті сіздерден менің ашық хатымды «Комсомольская правдада» жариялауыңызды қатты өтінемін.
Саламатсыз ба, жаным Баубек Бұлқышев! Өзіңді, ағам ретінде Баубек деп атауыма, «сен, саған» деуіме рұқсат ет. Бұған сен өкпелеме. Қазіргі кезде, шынында да, біздің бәріміз аса жақын, туысқан адамдармыз ғой. Бізді Отан анамыз осылай тәрбиелеп өсірдік.
Қымбатты Баубек, сен тек өзін, өзіңнің сезімдерің мен ойларың туралы ғана емес, жүз мыңдаған совет елінің қыздары мен ұлдары туралы, солардың бүгінгі күні жүректерін билеген жауға деген ыза-кек, патриоттық сезімдері туралы да жазып отырсың.
Иә, біз өмірді мақтаныш етеміз, шынында да ол адамдағы ең қымбат дүние ғой. «И ее нужно прожить так, чтобы не было мучительно больно за бесцельно прожитые годы». Николай Островский осылай деген еді, біз де солай дейміз.
Жоқ өткен өмірімізге көз салсақ бізде қиналатын, ұялатын жәйт жоқ. Жерді басқан қара түтінге, үздіксіз жарылған зеңбірек оқтарына бас имей, жарқын болашаққа жететінімізге күмән жоқ.
Мен — белорус қызымын. Қазіргі кезде Қырғызстанда тұрамын, осында жұмыс істеймін. Менің ата-анам мен жақын адамдарым — соғыс өртінен лаулап жанған Белоруссия мен Украинада. Қаныпезер фашистердің соларды қалайша қорлап, азапқа салып жатқандарын есіме түсірсем, менің жүрегім қанға толады.
Қазір мен он тоғыздамын. Орта мектепті соғыс басталар алдында бітірдім. Мен сен сияқты инженер де, мұғалім де, тіпті барлық мамандықтың да иесі болуды. арман еткен едім. Бірақ қандыбалақ Гитлер біздің жастық өмірімізді, бақытымызды және махаббатымызды құртқысы келді. Ол бұл мақсатына жете алмайды! Тізе бүгіп өмір сүргеннен, тік тұрып соғыста өлген артық.
Соғыс кезінде мен партия қатарына кірдім, санитарлық кезекшінің мамандығын меңгердім, ал қазір Отанымды қорғауға күнбе-күн, жан-жақты дайын түру үшін байланысшының мамандығын үйреніп жүрмін... Жаудан азат етілген Белоруссия мен Украина үстінде ал Қызыл ту желбірейтін күн қашық емес. Сол күні орыс пен қазақ, украин мен қырғыз құшақтасып, шексіз қуанышқа бөленетіні сөзсіз.
Қымбатты Баубек! Қарапайым совет қызының Отанға деген сүйіспеншілік ар - күшімен, жастығымен саған және сенің жолдастарыңа былай дер едім: «Опасыз жауды патрондарыңды аямай құрта беріңдер, ал біз — сіздерге патрондар мен зеңбірек оқтарын қанша болса, сонша жеткіземіз. Қарапайым совет адамдары естерінде қаларлықтай бойы битке толы фашистерге күндіз де, түнде де тыным бермеңдер».
Жеңіс сағаты жақын. Барлық жауынгерлерге, командирлерге, саяси қызметкерлерге ыстық комсомолдық сәлемімді жеткізіңіз.
Комсомолдық сәлеммен, Нина Грищенко
1942 жылдың 26 майы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі