(И. Р. Грищенко-Попованың құрастырушыға жазған хаты)
1941 жылдың июнь айының 21-інен 22-не қараған кеште оныншы класты бітірушілер кеші болды. Таң ата соғыс басталғанын естідік те Сүлікті ауданы арқылы өтетін үлкен Шу каналының құрылысында болған митингіге бардық. Алдыңда соншама бақытты даңғыл жолдар ашылған шақта, айналаңды бірден қара түнек басқанына сене қою киын еді.
Мен Фрунзе қаласындағы медицина институтының қабылдау сынағынан табысты өттім, бірақ соғыстың зардабынан онда оқи алмадым. Аудандық комсомол комитетіне, есеп бөлімінің меңгерушісі болып кызметке орналастым, кейін секретарымыз майданға аттанған соң, оның да міндетін атқардым. Сол бір қиыншылық кезеңде біз, жастар, күнбе-күн «Комсомольская правда» газетін жұмыстан соң, кешке қарай бас қосып үзбей оқитынбыз. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылдың май айында жарияланған «Өмір мен өлім туралы» мақаласы бәрімізді ерекше толқытты. Біз үйде — тылда отыра алмадық, бірақ әскери комиссариат, «асықпаңдар, сендерге де кезек келер» деп тоқтау салды. Сол кезде «Комсомолканың» редакциясы арқылы Баубек Бұлқышевқа хат салдым да, аудандық партия комитетінің әскери бөліміне ең болмаса санитарка ретінде майданға жіберіңіз деп өтініп, арыз бердім. Бұл өтінішім аяқсыз қалды. Көп ұзамай Баубектің жауап хаты келді. Өкінішке орай, сақтай алмадым. Ол көп уақытқа дейін, жау оғынан жараланып медсанбатқа түскеніме дейін комсомол, партия мүшелігіне кандидаттық билеттерімен бірге қойын қалтамда жүрді. Қарулас қыз-келіншек достарыма оны жиі-жиі оқытып жүрдім. Баубектің тек «Қымбатты Нинка!» деген, бадырайтып үлкен әріптерімен жазған сөздері ғана есімде берік сақталыпты. Ол хат төрт парақтай еді. Мазмұны да қызғылықты. Патриоттық, адамгершілік, шынайы азаматтық сезімдерін қарапайым сөздер арқылы терең білдірген кімді де болса ойландырмай, толғантпай қоймайтын хат болатын. «Нинка!» деуі — менің оған жазған хатымда тура «Баубек аға» деп атауға, «сен» деуге рұқсат ет дегенімді қабыл алып, бірден мені езінің туған қарындасындай көргенін сезіндім. Иә, Баубектің сол хатында «Белоруссияның да неміс - фашист оккупанттарынан азат етілетін сағаты, күні алыс емес, Нинка!» — деп Совет халқының оның жауынгерінің күшіне, жауды туған елімізден құтқарып шығатынына зор сенім білдірген отты сөздері тылда да, майданда да жүрген кездерімде әрдайым бойыма қуат беріп неміс фашистерімен бетпе-бет шайқасуға ынта-жігерімді өршітті. Баубектің осы тамаша хатын алған соң көп ұзамай Сүлікті аудандық партия комитеті 1942 жылдың июль айының соңғы күндерінің бірінде баяғы арызыма қозғау салып маған: «Әскери-медициналық училищеде оқисың ба? Соны бітірген соң майданға бара аласың!»— деп хабар берді. Арада екі-үш күн етпестен Сүліктіден Зина деген (фамилиясы есімде қалмапты) комсомолкамен аттанып, Харьков қаласынан көшіріліп, Ашхабадқа орналасқан Совет Армиясының әскери-медициналық училищесіне жеттік. Оны жүзге тарта орыс, қазақ, белорус, қырғыз және басқа да ұлттардың қыздары болып бітіргеннен кейін бәріміз майданға аттандық. Осы арада тағы айта кетейін, Баубектің 1942-1943 жылдары «Комсомольская правдада» жарық көрген мақалаларын (тақырыптары есімде қалмапты) соғыс аяқталғанша сақтап, қайта-қайта оқып жүрдік.
Әскери-медициналық училищеде бірге оқып, Калинин майданына жіберілген алты қыз едік. Міне, осы құрбы-құрдастарыммен сол майданда (ол кейін 3- Прибалтика майданы аталып, қайта құрылған болатын) өзіміздің армиялық газеттерден қазақ халқының асыл қыздары Мәншүк пен Әлияның жауынгерлік ерліктері жөнінде, оларға Совет Одағының Батыры деген атақ берілген СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указдары шыққанға дейін-ақ оқып білген едік. Сол шақта Баубектің отты да, жалын атқан мақалаларына қайта-қайта көз жіберіп, құрбыларыма оның маған жазған хатын көрсетіп: «Қазақ халқының ұлдары қандай болса, қыздары да сондай ер екен: соларша жаумен соғысып, өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқарайық!» деген едім. Отан алдындағы сол сертімізді ақтадық.
Осы арада құрамында Мәншүк Мәметова болған Алматыда құрылған жүзінші атқыштар бригадасы мен біздің полк Невель қаласын жаудан азат етуге зор үлес қосқаны үшін «Гвардия» атағын алғанын айта кеткенім жөн. Неміс фашистері жеңіліп, бас иетін соңғы күндері құрамында негізінен қазақ, қырғыз республикаларының ұлдары мен қыздары бар 8-Панфилов атындағы гвардиялық атқыштар дивизиясымен бірге атышулы Курляндиядағы шайқаста өшпес ерлік көрсеткен және гвардия атағын алған 3-Белоруссия майданының 184- атқыштар дивизиясының құрамында болған едім. Неміс фашистерімен соғыс жеңіспен аяқталған соң осы біздің дивизия іле-шала Қиыр Шығысқа аттанып,-"жапон самурайларына қарсы соғысты. Сөйтіп, жапон миллитаристері тізе бүгіп, Совет халқының Қарулы күштерінің қуатын бүкіл әлемге тағы да паш еткен бұл майданда болған кезімде де Баубектің өшпес сөздері мен терең ойлары әр уақыт бойыма күш-қуат бергенін, Отаныма, Коммунистік партияға патриоттық сезімімді оттай лаулатқанын ерекше атап айтқым келеді. (Хатты ықшамдап, орысшадан аударған құрастырушы.)
Саламатсыз ба, Баубек!
Май айында «Комсомольская правдадан» сіздің «Майдангер жас қазақтың жазбалары» деген мақалаңызды оқып, газет арқылы адресіңізді білдім. Мүмкін бұл жәйт сізді ойға қалдырар, шынында да осылай болды. Сіздің мақалаңыз өткен-кеткен жәйттерді есіме түсіріп ойлануға мәжбүр етті.
Иә, Баубек, біздің енді ғана өзіміздің тамаша балалық, есею шақтарымызды жете бағалай бастағанымыз туралы айтқан пікіріңіз ете дұрыс. Мектеп, пионер отряды, комсомол, бұлардан соң Институт — бәрі де бізге қолымыз жететін жәй қатардағы нысаналар сияқты көрінетін. Ал қазір фашистік малғұндар біздің бақытты жастығымызды жоқ қылғысы келген шақта бұлай деп ойлау қате екенін түсіндік.
Менің өмірім алда, дегенмен, керек болса болашақ бақытты жастығымыз үшін оны ойланбастан құрбан етемін.
Баубек, бірге туған туыстарың, жақын адамдарың Украинада, қаныпезер фашистердің қол астында қалғаны туралы ойлау ете ауыр. Бірақ немістердің күйреуі алыс емес. Сіздер — майданда, біздер — тылда жаумен күресте жеңіске жетуді жеделдету жолында бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз.
Мазалап, уақытыңызды алғаныма кешірім етіңіз. Әзірше қош, сау болыңыз. Барлық жақсылық денсаулығыңыздың мықты болуын тілеймін. Сіздің майдангер достарыңызға сәлем! Ляля Горунь.
Менің адресім: Мордва АССР-Ы. Саранск қаласы, Комбикорм, 8-барак, 3 пәтер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі