Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі жастардың есірткіге тәуелді болуы. Негізінен есірткіні б.з.б. 3 мың жыл бұрын қытай императоры емші Шэнь-нунь есірткіні ішек,склероз,ұмытшақтық,жөтел ауруларын емдеуге ұсынған. Кейіннен адамдардың есірткіге тәуелді бола бастауы белгілі болған.  Ең  алғаш есірткіге перғауынның қызы тәуелді болған.

Есірткі - грек тіліндегі "narke” сөзі «ұйқы» мағынасын, ағылшынша "narkotik”  сөзі «ұйықтату», «жансыздандыру», «сезімсіздендіру» деген мағына береді екен.  Ендеше, өзі аты айтып тұрғандай, «сезімсіздендіретін» затқа неге сонша үйір болушылар саны күн санап өсуде?

Сезімсіз болу – кеудесінде тынымсыз соғып тұрар жүрегі бар ақыл-ой, парасат иесіне жат нәрсе, дауасыз індет емес пе? Тіпті, қай жануарды алып қарасақ та, олар жұбымен өмір сүреді және өз отбасына жанашырлық танытады. Осыған қарап,  жан-жануарда сезім жоқ деп айтуға ауыз бармайды.

Есірткі ағымының мақсаты – мемлекетті ұлттық  санасынан айырып, есірткіге тәуелді,яғни, отарға айналдыру. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін.Оларға:  жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық,адам өлтіру,суицид және тағы басқалары жатады. Ұятсыздық,санасыздық деген жаман ағымдарды қолдайтын, әртүрлі идеология таратып, мемлекеттің менталитеттік, мәдени құндылықтардан алыстататын, жастарды топтарға бөліп, оларды бір-біріне қарсы қойып, араздастыратын, жастарды жануарлар қатарына, тіпті, одан төменгі деңгейге дейін түсіретін мәдениет – есірткі мәдениеті деп аталады. Қазіргі уақытта есірткі айналымына барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің елімізде де есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Оларға: гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы да басқа заттар жатады.

Есірткінің құрығына қалай түсіп қалғаныңды да сезбей қалуың мүмкін.

Жас дос, мынаны есіңе ұста:

- достарыңның адал, жаман әдеттен аулақ болуын қадағала;

- мода екен деп айналадағы адамдарға еліктеме;

- бір рет көрейін, сосын тастармын деген ойды ойлаушы да болма;

- есірткінің қаншалықты қауіпті екенін есіңнен шығарма.

Абай атамыз айтқандай, қашық болатын әдеттеріміздің саны бесеумен емес, онмен толықты десем де болады. Олардың қатарын  нашақорлық, темекі, арақ, теріс ағым және террроризм толықтыруда. 

Әйтсе де, бес асыл ісімізді, ұлттық құндылығымызды барынша дәріптеп, ата-баба  үмітін ақтап, Қазақстанымыздың болашағын жарқын қылайық. 

Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы  көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы.

Есірткі – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде еліміздің болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.   

#УПНДПКЗО
Мирамбекова Медина Мирамбекқызы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы
№277  мектеп – лицейінің 8 «Б» сынып оқушысы        


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×