Акишева Балайым Жансеитқызы
А.М.Горький атындағы гимназия
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Әлемде 200-ден астам мемлекетте әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Олар түрлі дінде, өзгеше бір-бірінен ажыратылып тұратын тілде сөйлейді. Бұл заңды құбылыс. Бүгінгі күні жаһандану (глобализация) заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншыға басымдық беріліп отыр (отдает предпочтение). Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар. Осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау (не отстать от других государств) үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттілігін құру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселесі. Тіл тәуелсіздігінсіз – елдің тәуелсіздігіне қол жеткізу құр әурешілік. Елді біріктіретін – тіл. Қазақ талай аласапыранды жағдайларда бірлігінен айырылмаған ел. Осы бірлік біздің тіліміздің арқасы. Тіл құдіреті дінді де, ділді де өз уысында ұстай алады. Сондықтан тіл тәуелсіздігі керек. Сайып келгенде, тіл билігі дегеніміз елдіктің іргесін бекіту, ұлт көсегесін көгерту, барлық қазақстандықтардың ынтымақ бірлігін нығайту. Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстыру - бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі мәселе. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»,– деген сөзінен кейін бұл мәселеге қазақ қоғамы қайтадан оралды. Тілдік реформаның басқа реформалардан айырмашылығы - ол сол тілді тұтынушы халықтың әрбір мүшесіне дейін қамтитындығында екенін, біз де әліпби ауыстыру ұлттық жаңғырудың бастамасы, еліміздің лингвистикалық егемендігінің белгісі деп санайтындығымызды айтқымыз келеді. Әліпби ауыстыру - өз тілімізді ұмытып басқа тілге (латын тіліне) көшу емес, қайта керісінше ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету.мәртебесін көтеру. Сондықтан да қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Латын графикасына көшудегі негізгі мақсат – ұлттық болмыс пен руханиятты сақтай отырып, дамыған озық технологиялы елдердің санатына қосылу.Ғаламдық істер адамзаттың игілігіне айналары анық. Осы жолда Елбасы ата-бабамыз армандаған «Мәңгілік Ел» идеясының өзі ұлттық тіліміздің тұғырын бекітіп, рухани жаңғыруға жасалған нақты қадам екенін түсіндіріп берді. Ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына, ұлттық тілдің қалыптасуына латын графикасына негіздеген қазақ әліпбиі негіз болады. Ұлттың қасиетін, мәдениетін, әдебиетін құрайтын ұлттық кодымыздың да тасымалдаушысы да осы тіл болып келеді. Латын әліпбиіне ауысу арқылы біз ұлттық кодымызды жаңғыртып, өзгелерге ұлттық құңдылықтарымызды айшықтап көрсетіп, дәріптей аламыз. Ұлттық кодты таныта алсақ ол еліміздің бір биікке көтерілгені болып табылады және де басқа шыңдарды бағындыруға жол ашылады.
Қазақ халқында: «Елу жылда, ел жаңа», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деген нақты сөздер бар. Ендеше, ештеңеден қорықпай, латын графикасына негізделген әліпбиін толығынан қолдануға үйренейік!
Қолданған әдебиет тізімі
1. informburo.kz
2. kk.wikipedia.org › wiki ›
3. Н. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». Egemen.kz
4. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010.
5. Әзімбай Ғали. http://qazaqtimes.com/article/8505.
6. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000.
7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі