Өлең, жыр, ақындар

Көп бейінді облыстық ауруханасы хирургия бөлімшесінде асқазан ойық жарасы бар пациенттерге көрсетілген мейіргерлік күтім сапасын пациент көзқарасы арқылы бағалау

Студент: Исабекова Гулнар Нураддиновна
Ғылыми жетекші:Саим Л.Н
Көп бейінді облыстық ауруханасы
Қызылорда медициналық жоғарғы колледжі

Кілт сөздер: Асқазан ауруы, асқазан ойық жарасы, мейіргерік күтім, қауіп факторлар, жұмыс сапасы, өмір сапасы, пациент көзқарасы, эпидемиологиясы, хирургия

Тақырыптың өзектілігі. Асқазан ойық жарасы проблемасының өзектілігі оның жұмыс істейтін халықтың еңбекке жарамсыздығының негізгі себебі болып табылатындығымен анықталады. Ас қорыту органдарының аурулары ересектер мен балалардың соматикалық аурулары құрылымында алғашқы орындардың бірін алады. Ең көп тарағандары-ойық жара ауруы.

Ауру көбінесе белсенді, еңбекке қабілетті жастағы адамдарға әсер етеді, бұл проблемалардың әлеуметтік маңыздылығын анықтайды, ал асқынулар ұзақ мерзімді мүгедектікке және ерте мүгедектікке әкеледі немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Мұның себептері теріс эмоциялар, ұзаққа созылған психикалық стресс, ас қорыту гормондарын өндірудің бұзылуы болуы мүмкін. Дұрыс емес өмір салты аурудың пайда болуына ықпал етеді, ең алдымен диетаны бұзу, ащы, дөрекі тағамдарды шамадан тыс тұтыну, темекі шегу, алкогольді теріс пайдалану. Жараның дамуына микроорганизм-хеликобактер қатысады.

Дамыған елдерде НР жұқтыру көрсеткіші балаларда шамамен 16,5% - ды, жасөспірімдерде 20% - ды құрайды, бірақ жасы ұлғайған сайын жылына орта есеппен 1% - ға артып, егде жастағы тұрғындарда 50-60% - ға жетеді.

Асқазан ойық жарасы-бұл Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 6 миллионнан астам адамға әсер ететін, денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай аурулар мен үлкен экономикалық шығындар тудыратын кең таралған ауру. Helicobacter pylori инфекциясы ойық жара ауруы мен оның асқыну қаупін едәуір арттырады. Ойық жара ауруы жылына 6700 адамның өлімінің негізгі себебі болды, бұл миллион тірі халыққа шаққанда 28 өлім деңгейіне сәйкес келеді .

 Когорттық талдау барлық Еуропа елдерінде, Жапонияда және АҚШ-та асқазан жарасының уақытша өзгеруі туу қаупінің өзгеруімен байланысты адамдарға тән-когорт түрінде болатындығын көрсетеді. 19 ғасырдың соңғы 30 жылында туылған ұрпақтар асқазан жарасының пайда болу қаупін көрсетті және оны өмір бойы алып жүрді. ДДСҰ-ның 2018 жылы жариялаған соңғы мәліметтеріне сәйкес, Үндістанда ойық жара ауруы 55,560 адамға немесе жалпы өлімнің 0,63% - ына жетті. Жасы бойынша түзетілген өлім деңгейі 100 000 адамға шаққанда 5,58 құрайды, бұл Үндістанды әлемде 60-шы орынға қояды.

Статистикалық мәліметтер: Асқазанның ойық жарасы ауруы Қазақстан Республикасы статистикасы бойынша ең көп таралған аурулардың бірі, егер 2015 жылы қала халқы арасында 100%-дан 71% (оның ішінде әйелдер 59,5%), ал ауыл халқы арасында 64,5 % (оның ішінде әйелдер 57,8%); 2016 жылы қала халқы арасында 100% - дан 76% (оның ішінде әйелдер 58%), ал ауыл халқы арасында 68,7 % (оның ішінде әйелдер 62,2%); және 2017 жылы 100% - дан 80,6% (оның ішінде әйелдер 69,3%), ал ауыл халқы арасында 77,8% оның ішінде әйелдер 100000 тұрғынға 63,8%. Қазақстан Республикасындағы демографиялық процестер ойық жаралы аурумен ауыратын адамдар санының 70 жасқа дейін ұлғаюын айқындайды, олар осы аурумен ауыратын барлық науқастардың 44,4-48,7% - ын құрайды.

Асқазан жарасының проблемалары ас қорыту жүйесінің барлық ауруларынан зардап шегетін ерлердің 68%-ы, әйелдердің 30,9%-ы мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатындығымен анықталады..

Зерттеу дизайны: Сапалық зерттеу, феноменальды; рандомизирленген мақсатты, популяцияға негізделген.

Зерттеу әдісінің мақсаты: Көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия  бөлімшесінде асқазан ойық жарасы бар пациенттерде кездесетін эмоционалдық ерекшеліктері кезіндегі мейіргерлік күтім сапасын пациент көзқарасы арқылы бағалау. Пациенттерге сауалнама жүргізу арқылы мейіргерлердің жұмысын бағалау. Бұл сұрақтарға жауап алуға және осы мәселе бойынша пациенттердің пікірін анықтау арқылы зерттеу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі: 2020 жылы желтоқсан айында Көп бейінді облыстық ауруханасында зерттеу жұмысы жүргізілді. Осы  зерттеуді  жүргізуде сауалнама алынды. Зерттеуге жалпы 20 пациент қатысты.

Зерттеу құралы: Қызмет алушыларға сауалнама Нафикова Айгуль Шаукатовнаның «Ұзақ диспансерлік бақылау нәтижелері бойынша еңбекке қабілетті жастағы адамдарда асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы» мақаласына сүйене отырып жасалынды.

«Ұзақ диспансерлік бақылау нәтижелері бойынша еңбекке қабілетті жастағы адамдарда асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы» тақырыбында зерттеу 2013 жылы Уфа қаласында қыркүйек айында 300 пациент қатысқан. Осы зерттеудегі сауалнама сұрақтарының үлгісі менің зерттеуімде қолданылды.

Сауалнама барысында орталықтағы мейіргерлердің жұмыс сапасы қандай екені анықталды. Сауалнамада пациенттерге арналған 19 сұрақты қамтыды. Сұрақтардың әрқайсысына бірнеше сәйкес жауаптар ұсынылды. Респонденттерге ыңғайлы болу және сауалнама нәтижелерін жақсарту мақсатында мейіргерлер мен қызмет алушылар үшін екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде сауалнама дайындалды. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді. Зерттеуге қатысушылардан зерттеуге рұқсат беруге жазбаша түрде келісім алынды.

Зерттеу нәтижелері

Респонденттердің сипаттамасы

2020 жылдың желтоқсан  айында Көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде сауалнама арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы мейіргерлердің білімін бағалауды анықтау мақсатында мейіргерлер мен қызмет алушыларға сауалнама жүргізді. Зерттеуге жалпы 20 пациент қатысты.

ҚОРЫТЫНДЫ

2020 жылдың желтоқсан  айында  Көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде сауалнама арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы мейіргерлердің білімін бағалап, анықтау мақсатында мейіргерлер мен қызмет алушыларға сауалнама жүргізілді. Зерттеу негізінде сауалнамаға 20 пациент қатысты, зерттеу ретінде сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша, мейіргерлер өз жұмыстарын қаншалықты жақсы орындады деген сұраққа , 30 % респонденттер қанағаттанарлық деп жауап берді.

Сіз мейіргерлерді шақырған кезде қаншалықты тез келді деген сұраққа, 30 % 10 минутта деп келеді және мейіргерлер сіздің уайымдарыңыз бен мәселелеріңізді қалай тыңдады деген сұраққа, 30 % респонденттер қанағаттанарлық деп жауап берген.

Қорыта келе, Қызылорда қаласы көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде асқазан ойық жарасы бар пациенттерге көрсетілген күтім сапасын пациент көзқарасы арқылы бағалау 65,4 % екендігі анықталды, ал мейіргерлердің жұмысы мен білім сапасы 80% құрады.

1. Бір ауысымға мейіргерлердің санын 30 % көбейту

2. Түнгі ауысым кезінде 1 мейіргерден 3 мейіргерге дейін көбейту

3. Профилактикалық шаралар мақсатында емханалар мен ауруханаларда стендтер, ақпараттық бұрыштар және билбордтарды әзірлеп, шығару

4. Мейіргерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында семинар сабақтар жиі өткізіп тұру (оның ішінде этика мен деонтология мысалында)

5. Орта медициналық персоналдың көзқарасы бойынша, мейірбикелік көмек сапасын қамтамасыз етуде қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, кадрлармен қамтамасыз етудің толықтығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету ең алдыңғы қатарлы шаралар болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Барановский А.Ю., Назаренко Л.И. Неблагоприятные варианты течения язвенной болезни. – С.-Петербург: СПБ, 2006. – С. 22-68.

2. «Peptic ulcer disease» http://lib.bioinfo.pl/meid: 32219, 2010 г.

3. Croxen M.A. The Helicobacter pylori chemotaxis receptor tlpB (HP0103) is required for pH taxis and for colonization of the gastric mucosa / M.A. Croxen, G. Sisson, R. Melano, P.S. Hoffman // Journal of Bacteriology. – 2006. – Vol. 188, № 7. – P. 2656–2665.

4. Агкацева, С.А. Сестринский процесс при язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки: методическое пособие/С.А.Агкацева [Электронный ресурс]. URL: https://educontest.net (дата обращения: 27.03.2015).

5. Sandler RS, Everhart JE, Donowitz M, Adams E, Cronin K, Goodman C, The burden of selected digestive diseases in the United States. Gastroenterology. 2002;122:1500–11. DOIExternal LinkPubMedExternal Link

6. Н.А.Бородин, В.И.Долгинцев, Б.К.Гиберт Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки в Тюменской области. Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и истории медицины. – 2004. – № 6. – С. 31-36.

7. Маев И.В., Самсонов А.А. Язвенная болезнь. – М.: Миклош, 2009. – 9-90 с.

8. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/1867922/

9. https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/2862697/

10. https://kaznmu.kz/press/en/2013/03/18/морфологическая-характеристика-язве/

11. https://www.worldlifeexpectancy.com/india-peptic-ulcer-disease

12. S. W. Behrman, “Management of complicated peptic ulcer disease,” Archives of Surgery, vol. 140, no. 2, pp. 201–208, 2005.View at: Publisher Site | Google Scholar

13. G. Riezzo, M. Chiloiro, and S. Montanaro, “Protective effect of amtolmetin guacyl versus placebo diclofenac and misoprostol in healthy volunteers evaluated as gastric electrical activity in alcohol-induced stomach damage,” Digestive Diseases and Sciences, vol. 46, no. 8, pp. 1797–1804, 2001.View at: Publisher Site | Google Scholar

14. E. Stermer, “Alcohol consumption and the gastrointestinal tract,” Israel Medical Association Journal, vol. 4, no. 3, pp. 200–202, 2002.View at: Google Scholar

15. Б.Б. Даулетбаева, А. Аманкелдіқызы, Д.Б. Бескемпирова, Ж.Б. Болаева, А.С. Жуманова, А.Н. Калиева, Ж. Рысбай. Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д.Асфендиярова, Кафедра интернатура и резидентура ВОП №1 Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки

16.https://zinref.ru/000_uchebniki/03200medecina/100_lekcii_medicina_5/425.htm

17. П. А. Фадеев - «Язвенная болезнь», серия: Энциклопедия медицинских знаний.,2009 г.

18. Смолева Э. В. Сестринское дело в терапии. Ростов на Дону Феникс 2006

19. Крылов, А.А. Язвенная болезнь: особенности клиники, диагностики и лечения в зависимости от локализации язвы [Текст] / А.А.Крылов // Клиническая медицина. – 2011. - № 8. - С. 70-73.

20. Опыт повышения эффективности реабилитации больных язвенной болезнью [Текст] / П.Я. Григорьев и др. // Клиническая медицина. -2014. - № 6. - С. 96 -102.

21. Сосновская, А.П. Уход за пациентом с язвенной болезнью желудка и двенадцатиперстной кишки [Электронный ресурс]. URL: http://www.meduhod.ru/ (дата обращения: 10.04.2015).

22. Беляева Ю.Н. Современные тенденции заболеваемости болезнями органов пищеварения в Российской Федерации и на региональном уровне [Текст] / Ю.Н.Беляева // Материалы 72-й научно-практической конференции студентов и молодых ученых с международным участием: «Молодые ученые – здравоохранению». – Саратов, Изд-во СГМУ. - 2011. - С.79-83

23. Вахрушев, Я.М. Язвенная болезнь [Текст] // Внутренние болезни / под ред. Я.М. Вахрушева. - Ижевск: Экспертиза, 2009. - С. 218 - 236.

24. Крылов, А.А. Язвенная болезнь: особенности клиники, диагностики и лечения в зависимости от локализации язвы [Текст] / А.А.Крылов // Клиническая медицина. – 2011. - № 8. - С. 70-73.

25. Камынина, Н.Н. Современные подходы к оценке качества сестринской помощи [Текст] / Н.Н.Камынина // Медицинская сестра. – 2011. - № 2. – С. 22 – 28.

26. Опыт повышения эффективности реабилитации больных язвенной болезнью [Текст] / П.Я. Григорьев и др. // Клиническая медицина. -2014. - № 6. - С. 96 -102.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер