Өлең, жыр, ақындар

Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлі

Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Студент: Маушева Айгуль Рыспаевна

Ғылыми жетекші: Айжан Базарғалиқызы

Тақырыптың өзектілігі: Реанимация және анестезиология бөлімінің палаталарында операциядан кейінгі, өте ауыр және кейде үмітсіз пациенттерді емдейді, олар мүлдем дәрменсіз және олар  кез-келген қажеттіліктерін өз бетінше орындай алмайды. Олар толығымен мейіргерлердің:  біліктілігіне, мейірімділігіне, жан жылуына, назары мен жауапкершілігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан мейіргердің жұмысы мейіргерлік манипуляцияларды (асқазан ішінің аспирациясы, инфузиялық терапия, қуықтың катетеризациясы,күтімнің барлық түрі және т.б.) орындаумен айқындалады. Реанимация бөлімшесінің мейіргерінен пациентті қарау, шешім қабылдау және реанимация кезінде жылдамдық пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Осыған байланысты реанимация және анестезиология бөліміндегі мейіргердің рөлі артады, өйткені көп жағдайда пациент өз шағымдарын тікелей мейіргерге айтады, ал мейіргер өз тарапынан араласулар жасап, пациент өмір сүру сапасын жақсартуға күтім көрсетеді.  Дегенмен, әлемдік көрсеткіштер кейінгі жаңа жас буынды мейіргерлердің күтім жасауында біршама олқылықтардың орын алып, пациенттерде қосымша асқынулардың пайда болып жатқандығын көрсетті. Осылайша, мейіргердің емделуші пациенттердегі болатын асқынуларды алдың алудағы рөлі (білімі, біліктілігі, тәжірибесі) өзекті болып саналады.

Статистикалық мәліметтер

Жыл сайын әлемде 1,7 миллиард адам, нақтырақ айта кететін болсақ, АҚШ-та - 76 млн-ға дейін,  Канадада - 11-13 млн., Францияда - 750 мың, Ұлыбританияда – шамамен 2 млн., ал Ресейде – шамамен 800 мың адам осы анестезиядан кейінгі түрлі асқынуларға шалдыққан [1].

Швейцарияда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жалпы анестезия әдістерімен туындаған ауыр асқынулардың жиілігі 40 000-нан 200 000-ға  дейін қамтиды [2].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) есептеулеріне сәйкес, ДДСҰ-ға мүше 56 елдің мәліметтеріне сүйене отырып, әлемде жыл сайын шамамен 230 миллион ірі хирургиялық араласу жасалады [3]. Индустриалды елдерде периоперациялық асқынулардың жиілігі 3-тен 16% - ға дейін, 0,4-тен 0,8% - ға дейін анестезияның ауыр зақымданумен немесе өліммен аяқталады екен.

Дамушы елдерде ауқымды операциялық араласулар кезінде өлім-жітім 5-10% құрайды. Африканың Сахарасының  кейбір бөліктерінде 150 пациенттің бірі тек бір жалпы анестезиядан қайтыс болады [4].

Батыс Еуропа елдерінде сепсиспен ауыратын пациенттердің жыл сайынғы саны 500 мыңнан асады. Еуропалық мәліметтерге сәйкес реанимация және анестезиология бөлімшелерінің пациенттері арасында ауыр сепсис жиілігі 2 - ден 18% - ға дейін, ал септикалық шок-3-тен 4% - ға дейін [5].

Сондай-ақ асфиксиядан (тұншығудан) 2015 жылы бүкіл әлем бойынша 9,8 миллион жағдай тіркеліп, 35600 адам қайтыс болды [6]. 2018 жылы Америка Құрама Штаттарында асфиксиядан 5084 адам, 2017 жылы 5216 адам, 2016 жылы 4829 адам қайтыс болды. Тұншығудан болатын өлім егде жастағы адамдарда жиі кездеседі, олардың себебі көбінесе тамақ болып табылады [7].

Зерттеу мақсаты: Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлін сауалнама арқылы  анықтау.

Міндеттері:

1. Реанимация және және анестезиология бөліміндегі асқынулардың түрлерін қарастыру;

2. Реанимация және анестезиология бөліміндегі мейіргерлік күтім ерекшелігі зерделеу;

3. Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлін  сауалнама арқылы  анықтау

4. Сауалнама нәтижесін талдау және қорытынды жасау

Тәсілдер мен материалдар

Зерттеу жұмысы Көпбейінді облыстық ауруханасында жүргізілді. Зерттеуге жалпы 30 респондент, оның ішінде 20 бөлім мейіргерлері және 10 бөлімдегі пациенттер қатысты.

Зерттеу түрі: Сапалық зерттеу, феноменальды, мақсатты

Зерттеу мақсаты: Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлін сауалнама арқылы  анықтау. Зерттеу нәтижелері негізінде реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу процесінде мейіргердің рөлін анықтап, реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде мүмкін болатын асқынуларды алдын-алу процесіндегі мейіргер рөлін арттыру бойынша ұсынымдар ұсыну.

Зерттеу объектісі: Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлін анықтау үшін бөлім пациенттерінен және мейіргерлерінен сауалнама аламыз.

Зерттеу құралы: Пациенттердің арасында жүргізілетін сауалнама 2019 жылы Ресей Федерациясының  Алтай мемлекеттік медициналық университетінің бітіруші түлегі   Бердюгина  Марина Александровнаның [8] «Операциядан кейінгі кезеңнің асқынулары-олардың алдын-алудағы мейіргерлік процестің рөлі» қорғалған дипломдық жұмысындағы зерттеуі негізінде жасалынды.  Мейіргерлер арасында жүргізілетін сауалнама 2018 жылы МБКББМ Қорған базалық медициналық колледжінің «Мейірбикелік іс» мамандығымен бітіруші түлегі  Иванова Еленаның [9] «Операциядан кейінгі кезеңде пациенттерге мейірбикелік күтім жасау ерекшеліктері» дипломдық жұмысындағы зерттеуі негізінде жасалынды.

Қорытынды: Көпбейінді облыстық ауруханасында 5.12.2020-30.12.2020 жж аралығында «Көпбейінді облыстық аурухананың реанимация және анестезиология бөліміндегі емделуші  пациенттерде болатын асқынулардың алдын алудағы мейіргердің рөлі» атты сапалық зерттеу жұмысын жүргізілді. Зерттеуге өз келісімдері негізінде реанимация және анестезиология бөлімінің 20 мейіргері мен 10 ем қабылдап жатқан пациенттері қатысты, зерттеу әдісі ретінде сауалнама [10,11] жүргізілді.

Мейіргерлер арасында жүргізілген сауалнама  қорытындысы негізінде реанимация және анестезиология бөлімінде қызмет ететін мейіргерлердің 60% жоғары біліктілік санатқа ие екендігі және мейіргерлердің 90% отадан кейінгі кезеңде пациенттерді мұқият бақылайтыны анықталды. Сауалнамаға қатысқан мейіргерлердің 17 (85%) пациенттерде пайда болуы мүмкін асқынулар жайлы білетіні және асқынулардың белгілерін дұрыс ажырата алатыны белгілі болды.

Пациенттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша пациенттердің 70%-ына мейіргерлердің  мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу мақсатында түсіндірме, ұсыныс жұмыстарын жүргізетіні  және олардың табысты емделуінде мейіргердің ықпалы болатыны анықталды және пациенттердің 90% мейіргердің көрсеткен күтімін өте жақсы/жақсы деп бағалады.

Қорыта келе, мейіргерлердің пациенттерге асқынудың алдын алудағы көрсететін күтімдерінің жоғары деңгейде екені және пациент өмірі үшін жауапкершілік сезініп, жаңашырлық танытатыны анықталды, ал пациенттердің 70% мейіргерлік күтім көрсететін бөлімше мейіргерінің қарым-қатынасына және медициналық күтімнің көрсетілуімен толығымен қанағаттанатыны, мейіргерлердің асқынулардың алдын-алу мақсатында түсіндірме, ұсыныс жұмыстарын жүргізетіні анықталып, асқынуларды алдын алу мақсатындағы мейіргерлік күтім сапасын арттыру негізгінде практикалық ұсыныс жасалынды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ:

1. Anesthesiology for Pediatric, UPMC, 2014

2. Dr Fritz Sterz, Universitätsklinik für Notfallmedizin, Allgemeines Krankenhaus der Stadt Wien, Währinger Gürtel 18‐20/6D, 1090 Wien, Austria

3. Weiser TG, Regenbogen SE, Thompson KD, et al.: An estimation of the global volume of surgery: a modelling strategy based on available data. Lancet 2008; 372: 139–44.

4. https://www.who.int/mediacentre/news/releases/2008/pr20/ru/.

5. Salvo J., de Cian W., Musicco M. et al. The Italian sepsis study: preliminary results on the incidence evolution of SIRS, sepsis, severe sepsis and septic shock // Intensive Care Med. 1995. ‹21.

6. https://en.wikipedia.org/wiki/Asphyxia

7. https://www.statista.com/statistics/527321/deaths-due-to-choking-in-the-us/

8. Выпускная квалификационная работа студентки Бердюгиной Марины Александровны на тему: «Осложнения послеоперационного периода – роль сестринского процесса в их профилактике», Барнаул 2019, 49 с. https://www.asmu.ru/upload/iblock/02e/Berdyugina-VKR-RABOTA.pdf

9. Выпускная квалификационная работа студентки Ивановой Елены на тему: «Особенности сестринского ухода за больными в послеоперационном периоде», г. Курган 2018, 46 с. http://www.bibliotekar.ru/449/215.htm

10.https://docs.google.com/forms/d/1SwrnLq7HmxzY-8_PZ4z6f_35FUaZeGeWO sj1VSomKak/edit#responses

11.https://docs.google.com/forms/d/1Vq6LGvx5djOFTX76yCjS3GmKyxvp6_04MnwLlfk5y1U/edit#responses


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар