Өлең, жыр, ақындар

Қоғамдық сананың жаһандануы: ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным. Қара нәсілділердің дүниетанымы

Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте болады. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

Жер бетінде жаңа этностық топтардың пайда болуы ұлттық шекаралардың өзгеруіне байланысты. Кеңес Одағы құрамында болған 15 ұлт өздерінің ұлттық кодын менталитетін ұстанса, ауыр жазаға ұшыраған. Ресей әлеуметтік жағынан әлсіз елдерге отарлау  саясатын жүргізгеннен бастап, ұлттық менталитетін, салт – санасын жойды. Осылайша Кеңес Одағы әр елдің өзіндік әлеуметтік көзқарастарына шектеу қойып, тек «орысқұл» еткісі келді. Өзімізге белгілі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейдің қарамағанда болған бірнеше ел егемендігін алып, ұмыт қалған тарихи жадыларын оятты. Әсіресе Латвия және Литва елдері өзіндік дүниетанымымен ерекшеленіп, өз менталиететін дүниежүзіне паш етті.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. ҚР – ның заңнамасына  сәйкес қазақ жеріндегі әрбір ұлт – өкілдері өздерінің дәстүрі, дінін ұстануға құқылы екені айтылған. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ кейбір елдерде біз секілді барлық этнос өкіліне тең дәрежеде қарамайды. Алпауыт елдерде  адамдардың нәсіліне, дініне  түрлі этностық құрылымға және әлеуметтік кемсітушілік болатынын бөлінетін білдік.

Қай елдің болсын өзіндік мәдениеті, саясаты, әлеуметтік қоғамы болады. Бірақ «отарлау» арқылы басып алады. Бүгінгі тақырыпқа арқау етіп,  Африка мемлекеті және ондағы теңсіздіктер туралы айтамын. Ғылымда адамның  өзін – өзі қабылдай алмауы «колениалдық психология» деп аталады.  Яғни, дінін, дәстүрін, менталитетін т.б ұлттық дүниетамнымын қабылдай алмаған адамның санасын айтамыз. Олар өздерінің нәсілінен бастап қабылдай алмайды. Соның әсерінен, әр ел өз менталитетін насихаттауының әсерінен, соғыссыз отарға елге айналған мемлекеттер бар . Соның бірі – Африкалықтар.

Бізге Африкалықтар біздің көзімізге  тұтас, өзіндік тәуелсіз, ұлттық коды бар ел болып көрінеді. Бірақ тарихтан белгілі ХІХ – ХХ ғасыр аралағында Еуропа елдері африканы отарлап бастады. Бастапқыда соғыссыз үгіт – насихаттан басталған. Әр ел өзінің әлеуметтік жағдайын, дүниетанымын таныстырып, жаңашылдыққа бастаймыз деп Африка елін біртіндеп өз ұлттық кодынан айыра бастады.  Осылайша, колениалды психологияның әсерінен, талан – таражға түсті. Ұстағанның қолында, тістегеннің  аузында  кетті. Бағынбаған елді құлдыққа алып, әр ел өз менталитетіне еріксіз ұстандырды.

Африка мемлекеттері тәуелді, тәуелсіз екіге болып бөлінеді.  АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Араб елдеріне бірнеше Африка елдері тәуелді. АҚШ – дағы халықтың өзі үш топқа бөлінеді. Олар сол елдің тілімен валютасын әлеуметтік талаптарын қабылдап, өмір сүреді.

Тәуелді Африка халықтарына  отарлаушы елдің тарапынан нәсілдік кемсітушілік болады. Соның салдарынан «қара нәсілді» адам саясатқа жоламайды. Ал АҚШ – та алғашқы қара нәсілді Барак Обама президент болды.  Бұл, барлық бодан болған Африка мемлекетіне қатысты емес.

Тәуелді Африка халқы салыстырмалы түрде, отарлаушы елдің азаматына қарағанда  әлеуметтік тұрмыс – жағдайы төмен. Табысы аз. Әлеуметтік теңсіздіктер орын алғаннан кейін,  кей елдерде «қара адамдардың» көтерілісі болып тұрады. 

Тоқсан  ауыз сөздің толықтай түйіні, рухани әлсіздіктен Африка елі талан – таражға түсіріп ыдырады. Өздерінің байырғы болмысын ұмытып, бөтен дүниетанымға ұмтылды. Осылайша жетістікке жетеміз деп ойлады. Алайда олар  «бәлен жерде бақыр бар, барсаң бақыр түгіл тақыр жоқтың» күйін кешіп, қазіргі кезде салыстырмалы түрде әлеуметтік жағынан ең нашар мемлекетке айналды.

Бірақ тәуелсіздік алған, дамыған өзіндік жаңа дүиетанымы мен көзқарасы қалыптасқан Африка мемлекеттері де бар.Адамдардың ұжымдық мүдде тұрғысынан бірігуіне кеселдік келтіретін екі  фактор бар. Олар: этикалық антогонизм және мүдде деп білемін.

Аралбай Камшат

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 – курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар