Өлең, жыр, ақындар

Бекмахановтың қуғындалу тарихы

Ол ешқандай жау емес, өзінің көзқарасы мен ұстанымдары бар нағыз ғалым.

А.М. Панкратова

Бекмахановтың еңбегін “Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы сәтті қадамы”, деп бағалаған, соңында Бекмахановты жаладан құтқарған сол Панкратова болатын.

Қазақстанда “Бекмаханов ісі” қалай болды?

Ленинград пен Мәскеуде қолдан жасалған « Ленинград ісі », «дәрігерлер ісі» жүріп жатқан кезде, Қазақстанда « Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды .

Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан” еңбегі жарияланған соң ол бірден талқыға түсіп кетті. К.Қасымов көтерілісін ұлт - азаттық оқиға деп қабылдаушыларға қарсы шыққандардың арасында Х.Г. Айдарова көзге түсті . Ол : « Әлбетте біз 1943 жылдан 1947 жылға дейін БК ( б ) П ОК - нің Башқұртстан, Татар стан, Украинадағы идеологиялық мәселеге арналған, « Звезда » және « Ленинград » журналдары » туралы, сондай - ақ Қазақстан К ( б ) П ОК - нің « ҚазКСР тарихының екінші басылымы туралы », Қазақ КСР Ғылым ака демиясы Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қате ліктер туралы шешімі бар екенін, сонымен бірге Жданов жолдастың философиялық мәселелер жөніндегі пікірталаста сөйлеген сөзінде зерттеулер мен көпшілікке арналған жұмыстарда партиялық, жауынгерлік бағытты ұстану керектігін тағы қайтара еске салғанын жақсы білеміз . Қоғамдық ғылым саласында осы тұжырым және Ленин мен Сталин еңбектерін бас шылыққа алу керек », - деп ұлттық сипаттағы зерттеулерді сынға алды » . Осылайша қазақстандық бірқатар ғалымдарды қудалауға жол ашылды. Сондай- 1950 жылы 26 желтоқсанда « Правда » газетінде Т. Шойынбаев, Х. Айдарова мен А. Якуниндердің бірлесіп жазған « Қазақстан тарихын маркстік лениндік тұрғыдан зерделейік »  атты мақаласы жарық көрді . Осы макала кеңестік тарих, жалпы гуманитарлық ғылым тағдырында зұлматты рөл атқарды . Оған жоғарыда айтылған мақаланың негізгі екі тезисі дәлел бола алады, онда: 1 ) « Қазақстан тарихының маңызды кезендерінің бірін баян дауды қолға алған Бекмаханов оның мәніне бара алмаған, феодалдык монархиялык ұлтшылдық төркінін түсінбеген және де мұрағаттық және әдеби мағлұматтарды қате пайдаланып, тарихты бұрмалаған . Автор маркс тік - лениндік ғылыми ұстанымнан ауытқыған, тарихи оқиғаны буржуазия лык - ұлтшылдық көзқарас тұрғысынан зерделеген » ; 2 ) « Кеңес тарихшы лары ұлттық қозғалыс тарихын терең де шынайы түрде зерттеулері керек Бұл тарихи оқиғаға маркстік - лениндік көзқарас тұрғысынан келу деген сөз . Өкінішке қарай, ғылыми - зерттеу жұмыстардың бәрі бірдей осы талапка сай келмей жатыр » деп көрсетілді .

Дәл осы мақала қызу талқыға түсіп, ақыр соңында 1951 жылы 16 сәуірде партия жиналысында Бекмахановақа жала жабылып, оның БК(б)П қатарынан шығарылуы жөнінде 13сәуірде бюро шешімі бекітілді.Ары қарай ол ғылыми дәрежелері мен атағынан айрылып, мал-мүлкі тәркіленіп, қызметінен босатылып,сотталады. Тек ол ғана емес оның шәкірттері мен аспиранттары “Бекмахановтың балапандары”,“бекмахановшылар” деп аталынып,олар да қуғынға ұшырайды.Сол кезбен тұспа-тұс келген ҚазКСР ҒА-ның президенті Қ.И.Сәтбаевтың да М.Әуезовтың да Мәскеуге кетуге мәжбүр болуы тектен текке емес.

Озық ойлы, парасатты азаматтарды қудалау оқиғалары елде жиі болып тұрды, оған қалың көпшілікті қатыстыру жағы да ескеріліп отырды . Ондай шаралар барлық деңгейде жүргізілді, ауылдан бастап Қазақстан астанасына келіп аяқталды . Шындығына келгенде, бұл шаралар мінсіз деп саналатын, коммунистік қоғам туралы басқаша ойлайтындарға қарсы бағытталды . Со ғыстан кейінгі кезенде елде кеңестік басшылық жүйесі тиімді, әкімшілік шешімдерді ешқандай талқылауға жатпайтын, бұлжымас жарлық түрінде қабылданды . Қоғамда, Шыңғыс Айтматовтың мысал етіп айтқан өсиет әңгімесіндегідей, ахуал қалыптасты . Бір ақсақалдар дастарқан басында отырып Сталиннен : « Мына халық көсем сөзін бір кісідей тындап, не айтса да бұлжытпай орындауы үшін не істеу керек » деп сұрапты . Сонда Сталин бір тауық алдырыпты . Тауықты жүнін түк қалдырмай жұлып жібере салады . Қызылшақа тауық сорлы күнге денесі күйіп көлеңкеге тығылады, көлең кеден тоңып шыдай алмай ақыры зымырап отырып көсемнің етігінің қоны шына сүйкеніп жылыныпты . И. Сталин « Міне, халықты осылай басқару керек », - деген өсиет айтыпты .

Сонымен қатар бұл істер сотталушының ойын елеместен, өте әділетсіз деңгейде өтті. Оған дәлел айдауда жүрген Ермұхан Бекмаханов : « Менің ісімді тексеру әдейі біржақты жүргізілді . Тергеу органдарын осы хатта көрсетілген фактілер қызықтырды, менің ол туралы жауаптарым протоколда көрсетілмеді . « Правдадағы » мақала туралы менің сөздерімнің бірде - бір стенограммасы іске тіркелмеген . Сондай - ақ менің БК(б)П ОК мен Қазақстан К (б)П ОК іне және газет, журналдарға жазған хаттарымның көшірмесі істе жоқ болып шықты . Тергеуші органдар Кенесары Қасымов қозғалысына қатысты қойылған сұрақтар мен оның жауаптарына мән берген жоқ . Тексеру бары сында 30 жылдан астам Кенесары Қасымов қозғалысының не себепті « Прав дада » мақала шыққанға дейін жағымды тұрғыда аталып келгенін анықтау дың еш қажеті болмады . Егер де тексеруші органдар осы мәселені зерттеуді жан - жақты қарастырғанда, онда олар менің кінәмнің қаншалықты екенін анықтауға біршама әділеттілік тұрғысынан келген болар еді », – деп жазды елдің жоғары билік органдарына.

Ең соңында бір қуантайтын жайт Бекмахановтың ақыр соңы ақталып шығуы.

Түрмеге қамалған уақыттан бастап  екі жылдан кейін Бекмаханов ақталып, жұмысқа қайта оралады. Анна Панкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе Сталинге, кейін Хрущевке дейін жетті. Бекмахановтың жесірі Халима Бекмұхамедованың естеліктерінен: 

«Ол Ермұхан үшін көп нәрсе істеді. Оны өзінің екінші анасы деп есептейтіні де  орынды. А.М.Панкратованың шынымен осындай екендігіне Ермұханды 25 жылға соттаған кезде көзім жетті ... Бұл оқиға 1953 жылы, Сталин қайтыс болғанға дейін болды. Панкратова, сол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған еді. Ол өзінің студенті болған Сталинге мынадай сөздермен жүгінді: «Қазақтың жас, дарынды ғалымы Кенесары Қасымовтың ғылыми жұмысы үшін жиырма бес жылға қамалды, мен оның ғылыми жетекшісі болып, жұмыстың жазылуын қадағаладым, сондықтан оның тағдырына қатысым бар деп есептеймін. Олай болса, не себепті мені Жоғарғы Кеңестің депутаты етіп тағайындадыңыз? Бұл қазақтың жас маманының ғана емес, бұл менің де кінәм!». Сталин түсініктеме жазуды ұсынып, «Мен бұл мәселені қарастырамын» деді. Панкратова бәрін егжей-тегжейлі жазып, Сталинге осылайша өз пікірін білдірді».

Сталин көп ұзамай өмірден өтеді. Хрущев Сталиннің орнына келгенде, Панкратова Хрущевке де жүгінеді.

Ермұхан Бекмахановтың ісі 1954 жылы 16 ақпанда қаралғаннан соң, ол толығымен ақталып, докторлық дәрежесі қалпына келтірілді. 

«Бостандыққа шыққаннан соң, ол бірден Анна Михайловнаға барды», - деп еске алады Халима Адамқызы. -Ол Ермұханды анасы секілді жылы қарсы алды. Оған ақша ұсынып: «Алматыға бармас бұрын жақсы киінуің керек. Саған қарсы адамдар сен жеңілдің деп ойламасын». Ермұхан былай деп айтып келген: «Мен өзіме ратин пальто, жақсы бас киім, жылы аяқ киім сатып алдым. Бірақ шарфқа ақша жетпеді. Мұны естіген Анна Михайловна бірден оның қолына қаражат ұстатып: «Міне, барып сатып ал! Сондай-ақ, өзіңе жейде және балаларға сыйлықтар ал!» Лагерьде тұтқын болған адам қайта оралып, Академияға келген кезде, бәрі таң қалды. Міне, Анна Михайловна осындай адам болды! Ол өмірден өткен соң, Мәскеуден жерлеу рәсімінен келген Ермұхан маған: «Мен өмірде ешқашан, тіпті тұтқында болған кезімде, жүректің не екенін білмейтінмін. Анна Михайловнамен қоштасқан сәтте ғана жүректің қайда ораласқанын түсіндім».

Ең өкініштісі,қазақ қазаққа жала жапқан уақытында, оның кінәсіздігін түсініп, оған шынымен көмектескен орыс ұлтынан шыққан Анна Панкратова болды.Бірақ бастысы Бекмаханов ақталды ғой, ақталмай, жала жабылып азаппен өліп кеткен қайран қазақтың зиялы өкілдері қаншама. Біз білетініміз бар, біз әлі күнге бетін аша алмай жүргеніміз бар.

Авторы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті Ілиясова Сымбат
Жетекшісі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының доценті Қозыбақова Ф.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар