Өлең, жыр, ақындар

Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру

Әуезов ауданы КММ №173 мектеп-лицей
Бейінді пәндер жөніндегі оқу ісі меңгерушісі Дарменбекова Гульмира Исагалиевна

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі мазмұна сәйкес 2006 – 2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияда лицейлерінің жоғары сатысына бағдарлы оқыту енгізілді.

Мектептің  оқу жоспары,  оқу жоспарының вариативті бөліміндегі таңдау пәндер  оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, бейімділіктерін ескере отырып, бейіндік оқытуға негізделіп жасалған. Бағыттарына сәйкес тереңдетіліп оқытылатын пәндердің бағдарламаларын мектептің тәжірибелі  шебер, зертеуші ұстаздары  құрастырады.

9 – сынып оқушыларына жыл бойы болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдауларына байланысты жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағытта кештер, оқу орындарының мамандарымен кездесулер, арнайы сауалнамалар алынып,  кәсіби бағдар беру жұмыстары  кең түрде жүйелі жүргізіліп  отырады. 10 – сыныпта сол таңдаған бағыттары бойынша пәндері тереңдетіліп оқытылып, бағдарлы білім алады.

Оқушыладың қызығушылықтары мен бейімділіктері ескеріліп, бағыттар бойынша таңдау курстары,үйірмелер жүргізіледі.

•    Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру, баланың бейімін анықтау мектеп әкімшілігіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды бастауыш сыныптан бастасақ үлкен  нәтижесін беруі сөзсіз.

Сөзіме дәлел болу үшін  «№173 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика, физика пәндерін тереңдетіп оқытатын болғандықтан төменгі сыныптан бастап оқушыларды осы бағытқа бейімдейміз, атқарылған жұмыстарды «Zerdeli», «Достық», «Кемел Академиясы » білім орталықтарымен   бірлесе отырып математика пәнінен бірнеше мектепішілік маусымдық олимпиада өткізіп анализі жасалынды .


 
•    «Zerdeli», «Достық», « Кемел Академиясы » білім орталықтарымен   бірлесе отырып математика пәнінен өткізілген олимпиадаларының қорытынды диаграммасынан оқушылардын  75% пайызы математикаға бейін екенін көруге болады.

 

1 — 9 сыныптарда бейіналды даярлық жұмыстарын типтік оқу жоспарының вариативті бөлімінен ұйымдастыруға болады. Жоғарыда көрсетілген бейіналды жұмыстарына арналған сағаттарды қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарының мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттарды жүйелі пайдаланып, оқушыға екі бағытта да мағлұмат бере отырып, мектептің жоғары сатысына өту кезінде өз бейімін адаспай таңдай алатындай дәрежеге жеткізуіміз үшін қолдануымызға болады. Бұл өз тәжірибемізде іске асырылып жатқан бейіналды даярлық жұмыстарының бір көрінісі.

Зияткерлік, көркемдік және физика-математикалық бағыттарындағы оқушыларды  ізденуге, сүйемелдеуге және қолдауға жағдай жасау.

Міндеттері:

•    Мектептің педагогикалық ұжымының жоғары оқу орыны оқытушыларының еңбектері арқылы,  мүдделі ұйымдардың күшін жұмылдыру арқылы, бейін  жұмыстарын үйлестіру жүйесін құру.
•    Балалардың қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, ғылыми оқуларға, олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктерін арттыру қатысу мүмкіндіктерін арттыру

   

Білі мен тәрбие беру стандарттарының, бағдарламаларының, оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендерінің көпнұсқалы, жаңа сапалы мазмұнын жасау және қолданысқа ендіру

Бейіналды даярлық жұмыстарын екі кезеңде ұйымдастыруға болады.

І кезең: Жасөспірімдерді мамандықтар әлемімен және әр мамандықтың адамға қояр талаптарымен таныстыру.

ІІ кезең: Бейіндік бағдарды анықтау, мұндағы басты мақсат түрлі қызмет саласындағы тұлғаның қызығушылығы мен қажеттілігін, бейімін анықтау

Бағдарлы білім беруде ұстаз тұлғасының рөлі ерекше.  Тәжірибелі ұстаздарымыз оқушыларға жүйеленіп, өңделген материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отырады.
Мектепке өз пәнін дәріптей білетін, тәжірибелі және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандар жинақталған. Ұстаздарымыздың негізгі жұмыстарының бірі дарынды оқушыларды анықтап, олардың белгілі бір пән бойынша қабілеттілігін дәл тауып, бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын белгілі бір ғылыми жолға қою болып табылады. Осы ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында оқушыларымыз бейімделген пәндерден аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жүлдегерлері болуда.

Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, ғалымдармен бірлесе Ғылыми кеңес құрылып, бағдарлы оқытудағы оқушылардың болашақтағы мамандық таңдауына бірлесе үндестік қалыптастыру.


 
Мектебімізде 2018-2021 оқу жылындағы жоғары оқу орындарыменен жасаған ыңтымақтастық қатынас бойынша атқарылған жұмыстар үлгісін ұсынып отырмын

1 слайдта ЖОО жіберілген хаттарды дәлелдеме ретінде ұсынып отырмын  және сол хаттарға келген жауаптар.

Екінші слайд бойынша АУЭС университеті мен бірлесіп жасаған жұмыс жоспарымен
 

 

 Бағдарлы білім берудің нәтижесі мектептің жаратылытану – математикалық бағытын бітірген оқушылар аталған университеттердің мұнай – газ салалары бойынша жоғары оқу орындарында өз білімдерін жалғастыруда. Бағдарлы білім беру оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, өмірлік көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға, өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі бағалауға мүмкіндік береді.

Олай болса, бағдарлы оқыту сатысының мұғалімі қандай болу керек:

1. Оқыту мен тәрбиелеу процесін жаңаша ұйымдастыра алатын, педагогикалық технологияны, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, даралық, деңгейлік тәсілдерін меңгере алатын;
2. Оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын;
3. Білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын мониторинг, аралық бағалау тәсілдерін, ақпараттық – коммуникативтік технологияны игере алатын;
4. Білім мен тәрбиені үндестіру, тәрбие мазмұнында әлемдік және ұлттық рухани құндылықтарды бере алатын болу керек.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті болатын жағдайларды ұсыныс ретінде айтқым келеді:

1. Жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктеріне және нәтижеге бағдарлданған білім беру жүйесін қалыптастыру;

2. Білі мен тәрбие беру стандарттарының, бағдарламаларының, оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендерінің көпнұсқалы, жаңа сапалы мазмұнын жасау және қолданысқа ендіру;

3. Оқу – әдістемелік кешендер, оқушы ізденісіне қажетті хрестоматиялар, сөздіктер, зертханалар, интернет т б оқушының өзіндік жұмысы мен ізденістерінің жетекші құралына айналуына жағдай жасау;

4. Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты мектеп құрылымында, білім беру мазмұнында, оқу процесін ұйымдастыру деңгейлерінде жүзеге асырылатын барлық өзгерістер оқушының жеке тұлғасын олардың талап – тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан – жақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс.

5. Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, ғалымдармен бірлесе Ғылыми кеңес құрылып, бағдарлы оқытудағы оқушылардың болашақтағы мамандық таңдауына бірлесе үндестік қалыптастыру.

Нәтижесінде сапалы мұғалім, сапалы білім, сапалы оқушы, сапалы мектеп.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз