Өлең, жыр, ақындар

Қара қыпшақ Қобыланды драмасындағы көнерген сөздердің қолданылуы

Мұхтар Әуезов -қазақ қара сөзінің майталман зергері.Қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерген Мұхтар Әуезов қазақ драматургиясының тұңғыш қарлығашын ұшыра, әдебиет әлеміне жаңаша леп әкелді. Сондықтан Әуезов драмаларының тілін талдаудың біз үшін зор маңызы бар.

Ал драма тілі деп орырғанымыздың өзі-кейіпкер тілі. Себебі драмалық шығарма кез-келген оқиға кейіпкерлері арасындағы тартыс есебінде өріс. Көркем шығармада көнерген сөздердің алатын орны ерекше. Себебі белгілі бір дәуірде пайдаланылған сөзді қолдану сол дәуірдің ( кезеңнің ) тынысын танытады. «Қара Қыпшақ Қобыланды» драмасында көнерген сөздер ерекше орынға ие. Кез келген жазушы әр сөзді кейіпкер аузына белгілі бір мақсатқа көздей салатынын ескерсек, көнерген сөздердің шығармадағы алар орны айқындала түспек. Архаизмдер мен көнерген сөздер «Қара Қыпшақ Қобыланды» драмасында да көбіне тарихи драмалардың құрамында көбірек кезігеді. Бәлкім, бұл жазушының сол дәуір тынысын көрерменмен таныстыру үшін жасалған талпыныс болар. Әуезовтің тарихи дарамаларының қатарына: «Еңлік -Кебек», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Бәйбіше -тоқал», «Абай», «Қарагөз» тағы басқалар жатады. Бұл шығармалардың әрқайсысының құрамында көнерген сөздер өте жиі ұшырасады. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшелігіне қарай архаизмдер мен тарихи сөздер болып бөлінетіні белгілі. Көнерген сөздер туралы айтқанда архаизмдердің, тарихи сөздердің өзіндік қолдану мақсаты барлығын ескерген жөн. Архаизмдерді ұтымды қолдану белгілі бір дәуірдегі халықтың күн көріс тіршілігінен, салт - сана тұрмысынан, әдет - ғұрпынан, дүниетанымынан түсінік береді. Жоғарыда берілген сөздерге қазіргі дәуір тұрғысынан талдау берсек, бұл сөздер біртіндеп біздің сөздік қолданысқа енуде. Балғынбаев еңбегінде көнерген сөздер қатарындағы сөздердің қазіргі тілімізде қайта қолданылуы немесе жаңаша мағынада қолданылуы кездеседі. Себебі тілімізде белгілі бір сөздердің семасының көнеріп, көмескіленіп уақыт талабына сай жаңаша реңге ие болуы – заңды құбылыс. Бірақ, қалай болғанда да, негізгі терең мағына сақталып қалады. Мысалы, «жады», «аламан», «қар» сөздері сөз қолданысында да көптеп кездеседі. Бірақ «Қара Қыпшақ Қобыланды» драмасында қолданысы қазіргі мағыналарынан өзгешелеу. «Жады» сөзі қазіргі тілімізде де кезігеді. Қазіргі тіліміздегі қолданыста «жады» сөзі     «ой, ес» деген мағынаны береді. Біз де осылай түсінеміз. «Жадымда сақтаулы», «ойымда сақтаулы» деп сөзімізде қолданамыз. Ал жоғарыда көрсетілген «жады сөзінің мағынасы басқа екендігі мысалдан ақ анық көрініп тұр. Бұл мысалдағы «жады» сөзі «кемпір» деген зат есімге анықтағыш мағынасында жұмсалып тұр. Сөздіктерге жүгінер болсақ: ( парсы тілінде джаду ) — «сиқыршы», «әзәзіл», «алдаушы», «қасиетті күш» дегенді білдіреді. Яғни бұл көнерген сөзбен қатар, кірме сөздердің қатарына да жатады. «Жады» сөзінің мағынасы жадыгөй сөзіне қарағанда көмексілеу сондықтан болар, Әуезов осы екі сөзді қатар қолдану арқылы олардың бірін - бірі анықтауға мүмкіндік береді. Осындағы «қар» сөзінің мағынасы қазіргіқолданыста кездеспейді.«Қар» сөзі «Қазақ тілінің диалектологиясының сөздігінің» екіншітомында: Гурев, Маңғыстау өңірлерінде «қар»-шаңырақ, шеңбер. Қызылорда, Орал өңірінде«қар»-қаһар (бетті қару). Ал жоғарыдағымысалдардағы «қар» сөзінің о баста берген анықмағынасы белгісіз. Бұл сөздің берер түсінігінанықтап көрейік. Әуезов өз драмасында «қар» сөзі жиі қолданған. «Қар» сөзі «күң», «құл», арам» секілді кемсіту, төмендету мағыналарынбергенге ұқсайды. Қар сөзі ертеден келе жатқан халық тіркестерінде, қос сөздердің құрамындакездесіп отырады. Мысалы, «қу қар» тіркесі. Осы сөздегі қу сөзінің мағынасын ашып алсақ, «ку ақ, боз, боп-боз болып семіп жүрген кісініқазақ құп - қу болып жүдепті» дейді. Осы «қу» сөзі — азу», «тозу», «куару», «өлу» ( куарып қалды ) мағынасын да білдіре алады деугеәбден болады. Сонда қу қар» тіркесі –қарғысмәнінде айтылатын сөз. «Қар» сөзініңжағымсыз эмоцияны білдіретіні белгілі болды. Бұл сөз сондай - ақ тілімізде «ұры қары» қос сөзінде, «қасқиған қардан туады, салпиғаннардан туады», жаман адам жақсы болмас, қанша Қыдыр дарыса да, жақсы адам жаманболмас, қанша тұрып карыса да» тіркесіндекездеседі. Тіл – қоғамдық құбылыс. Қоғамныңсанасына, арасына жаңару енген сайын тіліміздетүрлене түлей түседі. Соның нәтижесінде  ескісөздер мүлдем ұмытылып, төл мағыналарын жоғалтып, жаңа мағыналық сипатқа ие болып жатады. Яғни сөз мағынасының актив сөзден пассив қатарға өтуі оның мағынасының таралуына тәуелді. Бірақ кейбір сөздер өзінің байырғы мағынасынан алшақтағанымен, қазіргі тілімізде жаңа мағыналық сипатта кең қолданыс тапқан.

Тоқанова Аяужан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз