Өлең, жыр, ақындар

«Серке» газетінің жабылуына түрткі болған мақала туралы не білеміз?!

Газеттің негізгі демократиялық бағыты – Патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп, көптің көкейіндегі қыжылды көрсетіп, халықты аңғарту үшін бастырылған. «Серке» газетін бірер күннен кейін полиция келіп, басқармадағы барлық даналарын жиып алып, құлыптап кетеді.                     Себебі, жарияланған  мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар деп, содан ұсталды делінген.

Газеттің жабылуыныа түрткі болған мақаланың бірі Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» және «Жастарға» өлеңі еді. Жылан  шағып қалама деп, жіптен шошитын түріміз жоқ деп, қарқынды екпінімен «Біздің мақсатымыз» атты мақаласын «Серке» газетіне бүркеншік атпен жариялады. Мақалада шенді шекпенділердің шектен шығуын, көлденең көк атты келіп, қазақтың өзіне тиесілі жеріне орыс мұжықтарына тартып алып беруін жазған. Қазақтардың Ресейде құқықсыз халық екенін, салық елдің пайдасына жаратылмайтынын сынаған. Асыл дінімізді мазақ етіп, кітаптарымызға тиым салынғаны туралы ашына жазған. Билік отар болған елдің мұң - мұқтажын тыңдамайтынын алға  тартқан. Осы жазбадан кейін патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанда, оны жазған Міржақып Дулатұлы екенін біле алмаған. Міне, газеттің жабылуына түрткі болған мақаланың мазмұны осындай еді.

«Батырды заманы туғызады» демекші, Шәймерден Қосшығұловтың бастауымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан газет қоғамда батылдықпен көзге түсті. Қазаны қайнай берсе, қақпағына қауіп бар, тақ бар жерде табыт бар екенін ескертті. Осы қарқынмен  империяның басып – шаншуы жалғаса берсе, жуан болсаң да халық бар екенін көрсетті. Сол заманда сүйем жер үшін сүйегін, қарыс жері үшін қанын бірген,сөзбен сойып сөйлеген журналистердің ерлігі бізге үлгі.

Қазіргі кезде Қазақстанда да  сөз бостандығы жоқ. Елдегі болып жатқан әл – ақуалдарды ашып айта алмайсың. Себебі бұл журналистің өміріне қауіпті болса, сын басшының қитығына тиері белгілі. Халық, телеарналар мен радиоларға көп сене бермейді. Газеттерден республикалық «Егемен Қазақстан» сынды газеттерде бүркеншік атпен мақалалар жарияланып тұрады. «Біздің мақсатымыз»  мақаласындағы жер мәселесі, салықтан түскен пайда халықтың игілігіне жұмсалмайтыны туралы өзекті мәселелер бүгінде өзектілігін жоймады. Осындай мазмұнды мақалаларды газеттер мен сайттардан көре аламыз.

Теледидардан көрсетпейтін, қашанда қоғамның шындығын айтатын «Азаттық» радиосы бар. Радиода елдегі митингілер, қоғам белсенділерінің белгісіз өлімі, түйені түгімен жұтқан жемқорлардың атын атап, жетер жеріне жеткізіп айтады.

Қазақ журналистерінің барлығы биліктің қолшоқпары емес. Көпке белгілі тілшілеріміз, әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы ел басшыларымен тікелей эфирге шығып, қоғамдағы мәселелерді талқылайды, Кейде кең кеңседе креслода теңселе отырған, құлқынның қамын ойлағандарды, тілшілер мақтамен бауыздап, сөзбен сыбапта алады.

Қашанда шындық өз құндылығын жоймайды. Журналисттің қашанда турашыл, шынайы болуы керек екені, өткен халықтың әл – ауқатымен ескі газеттерге жарияланған мақалалардан белгілі.  Халықтың жағында болып, ел сөзін сөйлеген журналист қашанда қоғамға сыйлы болмақ.

Аралбай Камшат

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 – курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз