Өлең, жыр, ақындар

Денсаулық журналы

Денсаулық журналының тарихы 1929 жылы тамыз айында 1 саны жарық көрген «Денсаулық жолы» журналынан бастау алады. Бұл журнал Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелеріне арналып, қазақ тілінде шығып тұрды. Ең алғаш төрт мың данасы тарады.

«Денсаулық жолының» жарыққа шығуына ықпал жасаған М.Қаласытәтімов болды. Алғашқы жылы бас редактор қызметін атқарды. 1930 – жылдан бастап бұл қызметті Б.Әбдірахманов пен С.Аспандияров жалғастырды. Х.Досмұхамедұлының мақалалары журналда жиі жарияланып тұрған. 1932 жылы өз жұмысын тоқтатады. Осылайша араға елу сегіз жыл салып 1990 жылы қайта жаңғырып қазіргі атаумен тұрақты түрде шығып келеді.

Сонымен қазіргі таңда «Денсаулық» - қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылыми журнал болып табылады. Журнал қазіргі заманғы медицина мәселелеріне , әсіресе аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қазіргі уақытта кең таралып жатқан короновирустан қалай сақтану жайлы мақалалар оқырман назарына ұсынылды.

Ерекше айта кететіні Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы: Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда қалаларындағы радиация кесапаты – журналдың негізгі тақырыбына айналған. «Денсаулық» елімізде медицина мекемелерінің жұмысын, дәрігерлердің кәсіби мамандығын жетілдіру, емдеу сапасын жақсарту мәселелеріне көңіл бөледі. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен берілді.

Журналдың «Көкейтесті» атты айдарында «Дені сау ұрпақ мағыналы өмір кепілі деген мақала жарияланған екен. Сол мақаланы оқи отырып мына сөздерді көңіліме бекіттім: «Адам бақытты болу үшін бұл дүниеде екі нәрсе керек: бірінші — денсаулық, екінші – білім. Осы екеуі біріксе, адам алдында алынбайтын қамал, жетпейтін арман, игерілмейтін мақсат жоқ». Енді қорыта менің айтқым келетіні осы журналды оқи жүріп денсаулықты қалай жақсартып, кутуге болатынын, сонымен қатар білім үйренесің!

ЖАҚЫПБЕКОВ ОЛЖАС


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз