Балалар әлемі – өзіндік ерекшелiтері мол, күрделі де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделілікпен зеін салу, зергерлікпен бейнелеу – қаламгерлер қауымы үшін үлкен сын. Одан өту үшін балалар жазушысы болып туу керек. Өйткені балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну әрі балғындар риза болатындай бейнелеу – шеберлік.
Көзі жаңа ашылған қайнардың қай арнаға бет алуы – ағыстың мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң солын танып үлгермеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан - жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де әдебиеттің рухани- эмоционалдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи тәжірибесінен тамыр алған әдебиеттің, реа- лизм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды әрі ерліктің, патриоттық пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң өнегесіндей. Өмірдің өзінен алынған өнеге қашан да өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық - базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында балаларға арналған шығармалардың негізінен - ашық жарқын мәндерде жазылып, ойын күлкі қызыққа толы болуы көзделгені мәлім. Бұл кезеңде әдебиет беллетристикалық формада қандай да бір идеяларды сіңіру әдісі ретінде қарастырылады. Бұл ұстанымды « педагогикалық » сын да қуаттаған еді. Ол кезгі шығармалар кейіпкерлерінің бойында кемшілік жоққа тән болатын. Шығарма айшықты, толыққанды нақышта жазылатын. Тілі аса күрделі болмаған. Ол кезеңде балалар әдебиеті эстетикалық реңктер, нәзік психологиялық талдау атаулыдан ада болды Терең пайым, ересектерге тән мұңлы сарын жат еді.
Бір сөзбен айтқанда, балалар әдебиеті қарапайым мазмұн, түсінікке жеңіл тілге құрылатын еді. 30-50 жылдары да осындай жағдай орын алып келді. Соған қарамастан, сол XX ғасырдың басында - ақ Горький, Маршак, Луначарский сияқты қаламгер қайраткерлер жас оқырмандардың үлкен әдебиетпен жақындасуын құптап, ересектерге арналған әдебиетті балалардың оқуына тыйым салуға, жалпы әдебиетті бұлайша бөліп қарауға қарсы болды. Сол заманның өзінде бұл үрдіс ауқымнан шыға алған шығармалар болған және олар шынайы көркем туынды деңгейіне көтеріген, ал айтылған қалыптан шыға алмағандары ұмыт қалған. Әрине, балаларға арналған әдебиеттің өзіндік бейнесі, әдесі, бағдары, бар. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған шығармаалардың белгілірі, өлшемдері айқындалған. Әйтсе де « өтпелі» кезең жасындағы балалар мен жасөспірімдегі арналған әдебиеттегiт кейбір шығармалардың шеті мен шегі, ауқымы мәселесі ара - тұра күмән, дау туғызатыны бар. Ғалым Б.Ақыш өзінің жұмасында «..... жазушының көркемдік идеялық негізгі кредоларының бірі – адам бойындағы ең таза қасиеттерді, нағыз әдебиеттің негізгі кредоларының бірі - адам бойындағы ең таза қасиетерді, нағыз әдебиеттің негізінде жататын шындықты титтей де - бұрмалау керек, өйткені бала аса сезімтал келеді сол себепті оны әдебиетке деген, өнерге деген үлкендерге де ген сенімнен айырудан қорқу керек. Балалар мен ересектерге арналған әдебиетті күштірек байланыстыратын романтикалық шығармалардың орны бөлек. Романтикалық шығармалардың негізгі - еркіндік, рух азаттығы. Олар қалыптастырған жанарлық құрылымдардың ішінде ең бірінші кезекте тарихи роман,лирикалық-эпикалық поэма және әдеби ертегіні атау керек.
Тоқанова Аяужан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі