Әлі күнге дейін көптеген адамдар Семей қаласын өте қауіпті аймақ ретінде санайды. Семей қаласында кәсіпорындардың орналасуын құп көрмей де жатады. Бір жағынан қауіпті, екінші жағынан экологиялық қызметте өз рөлін атқармағандығын қолдайды. Бірақ, кәсіпорындардың болуы заңды. Семей қаласында кәсіпорындардың орналасуы қате десеңіз, онда сіз қателесесіз. Кәсіпорындардың зиянсыздық тарауы шетке
Дәл осы мақаламның негізгісіне көшпес бұрын Семей қаласындағы кәсіпорындардың қызметіне толығырақ анықтама бере өтейін.
Семей қаласының әкімшілік аумағында тас көмірдің, құрамында алтыны бар және полиметалдық руда, сондай-ақ мәрмәрдың, граниттің, габбро және өзге руда емес пайдалы қазбалардың біршама кеніштері бар. Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ғой, шіркін...
Семей қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары негізгі төрт салаларға ажыратылады. Олар:
Семей қаласының тау-кен өнеркәсібінен «Қаражыра ЛТД» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, «Данк» ЖШС, «Жерек» ЖШС, «ТЭМК» АҚ сияқты кәсіпорындары ұсынылады. Ал, өңдеу өнеркәсібін келесі салалар қамтиды:
– Металлургиялық өнеркәсіп алтын қазу кешені кәсіпорындары: «Данк» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, «Жерек» ЖШС;
– Қаланың машина жасау кешені: «Семей машина жасау зауыты» және «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамдары, «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Ибраев +К» ӨК, «EAST INDUSTRI COMPANI LTD» ЖШС, «Казахкабель» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Металлист» ЖШС, «Семей метиз зауыты» ЖШС;
–Құрылыс материалдары кәсіпорны: «Семей цемент зауыты», «Силикат», «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты», «ПОСЖБ», «ALINA PRO», «Эскор» ЖШС;
– Ағаш бұйымдары өндірісімен «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ айналысады;
– Қағаз және қағаз өнімі өндірісінде ірі өндіруші кәсіпорындардың бірі «Казполиграф» ЖШС болып табылады;
– Жеңіл өнеркәсіптен «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС, «Роза-ВВК» ЖШС, «Семспецснаб» ЖШС, «Семей аяқ-киім фабрикасы» ЖШС сынды кәсіпорындары бар.
Электр энергиясынан – «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «ВК РЭК» АҚ СФ-ыны, ал жылуэнергиясынан – «Теплокоммунэнерго» МҚК, газды – «Аманат Газ» ЖШС және «Ертістрансгаз» ЖШС кәсіпорындарын да атап өтуге болады.
Инфляциялық үдерістерді тежеу үшін бөлшек бағаларды мониторингілеу және инфляциялық үдерістерді бақылау бойынша қалалық штабтар құрылып, жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына 27 атау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жұмыс тобы жергілікті жерлерге шыға отырып, азық-түлік тауарлары бойынша ай сайынғы мониторинг жүргізеді. Мұның барлығы кәсіпорын қауіпсіздігіне жатқызылады.
Кәсіпорынның сақтандырылатын қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздікті, мақсатты аралауды тіркеу бағдарламасы қызмет істейді. Яғни, кәсіпорын қызметін зиянсыздандыру барысында арнайы бағдарламалар өз жұмысын атқарады.
Зиянсыздықты таладау кезінде зиянсыздық нүктесін анықтау қажет. Зиянсыздық нүктесі – кәсіпорынның барлық кірістерін көбейтуге жұмыс істейді.
Зиянсыздықты талдаудың мақсаты – өндірістің көлем деңгейін көпжылдық нәтиже қандай болатынын анықтау болып табылады.
Өндіріс көлемі – жиынтық шығынның, сатудан түскен түсімнің өзгеруіне әсер ететін басты факторлардың бірі. Зиянсыздықты талдағанда ең бірінші өндіріс көлемінің критикалық нүктесін анықтап алу керек.
Зиянсыздықты талдауға негізделген ақпаратты дайындау не қолдану кезінде, бұл дайындалған ақпаратқа негіз болған, қабылданған ұстанымдар туралы білу қажет. Егер бұл ұстанымдарды ескермесек, онда қауіпті қателерге бой алдырып, талдау кезінде бұрмаланған қорытынды алуымыз мүмкін.
Семей қаласындағы кәсіпорындардың зиянсыздығы да осыған сайып келеді.
Оразғалиева Жансая Қуатқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі