Өлең, жыр, ақындар

Кеңестік Қазақстандағы музыкалық-драмалық өнердің бастау бұлағы

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.

Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925 жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов,  С.Қожамқұлов,  Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды.

1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды.

Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық, халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.

Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «философия және саясаттану» факультеті, «дінтану мен мәдениеттану» кафедрасы, «мәдениеттану» мамандығының  2-курс студенті  Шарафутдинова Анель

Өндірістік  тәжірибе  жетекшісі Есболова Мөлдір Ауелтаевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз