«Мен – Шыңғысханның ұрпағымын, Əлихан Бөкейхановтың немересімін. Атамыз мен туғаннан бір жыл бұрын – 1937 жылы атылыпты. Ал əкем геолог болатын. Содан да бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүруші едік. Əр жерде, əр мектепте оқып, орысша тəрбие алдым. Əлихан атамыз турасында əке-шешем мен туған-туыстардан арагідік əңгіме естіп қалатынмын. Оның пешенесіне бұйырған тағдырдың аса қайғылы да қасіретті екенін кейін бір-ақ білдім емес пе. Өстіп жүргенде... 1992 жылдың тамызында Қазақстаннан хат алдым – Əлихан атамның туғанына 125 жыл толу мерекесіне шақырыпты! ...Мəскеуге қайтып келген соң да мен көп уа қыт бойы алай-түлей сезім құшағында жүрдім. Көргендерім көз алдымнан, алған əсерім көңілімнен кетпеді. Көкірек тұсымды бір тəтті сағыныш сыздатып, шырын сезім қытықтай беретін тəрізді. Даңғайыр дала, дархан туыстарым жайында өлең жолдары өзінен-өзі өріле берді, өріле берді. Солардың екі-үшеуін жолдап отырмын. Өлеңді əркім əр деңгейде жазады. Ал менің өлең өлкесіндегі əрекетімнің қанша лық ты берекеті бар екенін қайдан білейін, бірақ бұлар дың қай-қайсысында да ата-баба жері мен еліне деген менің ыстық ілтипатым мен сəруəр сезі мім нің жатқаны анық».
(Е.С. Бөкейхановтың хатынан)
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі