Харун Рашид

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Тарих / Харун Рашид

Харун Рашид — Тарих бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Харун Рашид бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Харун Рашид Аббас халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы Жафар Мансурдың немересі. Қабірі Тус қаласында. Бауыры Мұса Хади қайтыс болғанында халифа болады. Әкесінің заманында екі рет Римдіктермен соғысып қаһармандық танытқан. Халифа кезінде Ерегли қаласына дейінгі жерлерді жаулап алды. 9 рет қажылыққа барып, Мекке және Мадина халқына көп сияпаттар жасады.

Мың бір түн кітабындағы портреті

Ілім және қолөнер иелеріне аса мән берді, олардан көмегін аямады. «Бәйтул-хикмә» (хикмет үйі) деген атпен алғашқы жалпыға арналған кітапхананы ашты. Мұнда әр түрлі тілде мыңдаған кітаптар жиналды. Уақыт өтуімен кітапхана қызметкерлері де көбейіп, кітапхананың сыйымдылығы да үлкейе берді. Аудармашылар, жазушылар және оқырмандар үшін бөлек бөлек арнайы бөлмелер тағайындалды. Бұған қоса мешіттер мен медреселерге де тиесілі кітапханалар бар еді. Харун Рашид өте әділетті еді. 809 жылы Бағдатта қайтыс болды.

Харун Рашид кезіндегі Аббас әулетінің иелігі (786—809)

Халифалығы кезінде француз императоры Карлмен достасады. Онымен хат жазысып, сыйлықтар жіберетін. Бір ретінде сумен істейтін сағат жіберіп, европалықтарды таң қалдырған. Сол дәуірлерде техникадан хабары жоқ европалықтар, өзі істеп тұрған сағатты көргенде, бұның ішінде шайтан бар деп көрнекті сағатты сындырып тастайды. Харун Рашидтің әйелі Зубәйда ханым Мекке Мукарраманың барлық жеріне су құбырларын жүргізіп Айн-и Зубәйда деп аталатын су шүмектері мен хауыздар жасатқан.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Бекзат

Араптар ма?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Харун Рашид туралы не білуге болады?

Бұл бетте Харун Рашид тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Тарих бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Харун тақырыбындағы материалдар Карл тақырыбындағы материалдар Айн-и Зубәйда тақырыбындағы материалдар сағат тақырыбындағы материалдар Аббаси тақырыбындағы материалдар Bain жариялаған басқа материалдар