УСТЬКАМЕНОГОРСК УЕЗДЕН
Семей облысы Ускаман уезінде Найман Қаратай елі деген ел бар. Бұл ел екі мыңдай үй. Бәрі бір болысқа қарайды. Волостной управителі һәм қазақ қалпында да бас адамы Ғабділкәрім мырза Ережеп баласы дейтін кісі. Бұл ел Алтай тауының сала-саласына ыдырап көшпелі қалыпта тіршілік етеді.
Ғабділкәрім мырзадан басқа да ашық пікірлі Ғабдылразақ қажы, Мұса, Хұсайын, Есмұқан, Қамбар секілді жаңа заманға назары түзу адамдары бар.
Жаңада осы Қаратай елінің жақсылары әйелге кеңшілік беріп һәм жесір дауын жоғалту турасында әдейі бастарын қосып кеңес құрды.
Мәжілісте не пәле, не жанжал шықса, түбі жесір дауынан шығатындығы сөйленді. Жесір дауының болуына себеп қазақ қызының теңіне берілмеуі һәм жастай атастырылып қойылуы екендігі айтылды, жастай атастырылып қойылуға себеп қазақ қызының малға сатылуы десті. Бұл істердің барлығының да қате екендігі айтылып, ел болып мынадай приговор жасап, жұртқа әшкерлетуге һәм сол приговор бойынша іс жүргізуге қаулы қылысты.
Қаратай елінің приговор қылмақшы болған нәрселері мынау:
1) Қаратай елінде енді мұнан бұлай ешкім ұл мен қызын жастай атастырып қоймайды. Егер атастырып қойса, өскен соң «сүймеймін» деген жағына ел жақсыларына рұқсат, мал берген жағының малы айыпқа салауат кетеді.
2) Ер жеткен ұл һәм қыз бірін-бірі көріп, мән-жайларын аңғарысып ризалық білдірместен бұрын әр екі жақтың әкелері құдалық сөйлеспейді.
3) Бұрынғыша қырық жеті пәлен байтал, пәлендей деген қалың мал һәм кәде мүлде қалады. Әркім өз қалыбына қарай қазына беретін жасаудың сомасындай ғана күйеуден шығындап мал алады.
Қаратай елі бұл приговормен бірге күйеуден алынатын мал һәм қызға істейтұғын жасау қандай кісілер арасында қай мөлшерде болуға керек екендігі турасында ақылдасып жоба (правила) жасамақ. Жасаған жобаларын һәм ескі ғұрыптан көрген зияндарын, әйелге еркіншілік беру адамшылық һәм құдайдың өмірі, патшаның низамы екендігін бір кітапша қылып жазып бастырмақ. Бастырылған жоба кітабын әрбір газета басқармаларына жіберіп жұртқа жария қылмақ...
Сол жайында «енді міне біздің бастағанымыз осы болсын» деп Хұбайын һәм Ділдәйім деген кісілер балаларының бір-біріне ризалығының соңында қалың малсыз құда болмақшы болысты.
«Біз осылай қылмақшы болып тұрмыз» деп Ғабділкәрім мырза Крестьянский начальникке айтқанда:
«Киргиз! Сендер ынтымақсыз халық. Мұны істей алмайсыңдар; істей қалсаңдар асып тұрған адамшылық мен, орыс газеттерінде жазып, адамшылықтарыңды жариялармын һәм қолымнан келгенше жәрдемдес, тілектес боламын», - депті.
1915
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі