Екі актылы, сегіз суретті тарихи драма.
Оқиға XIX ғасырдың орта тұсында Қашқар қаласында (қазіргі Синьцзянда) болады.
ҚАТЫНАСУШЫЛАР
Ш о қ а н (Әлімбай) — 22-де.
Б о қ а ш — керуен басы, — 55-те.
Қ а з и -.К а л ә н — бас имам, 60-та
Жігітбегі — ойын басқарушы — 25-те.
Дотай — Манчжур әкімі (губернатор), 45-те
Уәли — Дотайдың орынбасары — 40-та.
Оның шабарманы — 30-да. Д у а н а — 65-те.
Шынаргүл — оның немересі, шәукен — 16-да.
Мыстан кемпір — 55-те.
Дамолла— (Адольф Шнейдер. Ағылшын шпионы) — 35-те.
А з а н ш ы — 40-та. Сақалды қазақ — 45-те.
Музыканттар, шәукендер, полиция адамдары, жендеттер, жазалылар.
БІРІНШІ АКТ
БІРІНШІ СУРЕТ
Керуен-сарай қамалының дарбаза алды.
Шымылдық ашыларда арғы жақтан музыка аспаптары ұйғырдың әлдене күйін әлсіздеу ойнап тұрады. Ақырын шақырған азан үні естіледі.
Шымылдық ашылғанда дарбаза алдында ұйысып музыканттар отыр, қамал қырқасындағы мұнарадан азаншының әлсіз дауыспен, «Аллаһи әкпар» деп қайталаған даусы естіледі. Полиция адамдары жүреді.
Іле Манжур әкімдерінше киініп, басына сәлде ораған, соңына, шоқпарлы полиция бастығын ерткен, қолына қамшы ұстаған Уәли шығады.
Уәли (музыканттарға қамшы үйіре ақырып). Бұл не,, жусаған есектей мойындарыңды салбыратып отырғандарың?! Ойнамайсыңдар ма, пысықтау!.. (Музыка үні қызына түседі, беттеріне шадыра жапқан бір топ шәукенді бастап мыстан-кемпір кіреді. Уәли оған ақырып.) Сен неге бөгелдің?
Мыстан (қорғалап, шәукендерді нұсқап). Әр тұста тентіреп жүрген мынау қыздарды жинап алғанша сол болды, тақсыр!
У ә л и. Қонақтар кешікпей келеді. (Музыканттарға.) Сонда күйді бұдан да желіктіре ойнаңдар!..
О л а р (иіліп). Құп, тақсыр...
Уәли (мыстанға). Сен шәукендерді реттеп отырғыз: жастауын, сұлушасын қонақтар келер шеттен!.. Олар ұнатқан еркектеріне беттерін көрсетіп, қылмыңдап қалатын болсын.
М ы с т а н. Құп, тақсыр!..
У ә л и (мұнараға қарап). Ә-әй!
А з а н ш ы (дауыс беріп). Ә-ә-әу!..
У ә л и. Азанды бар үніңмен шақыр!.. Халық көбірек жиналсын!..
А з а н ш ы. Болады, тақсыр. (Үнін күшейтеді.)
У ә л и (сахнадағыларға). Кімдерді күтіп тұрғандарыңды білесіңдер ме?
У ә л и. Россияның бай сәудегерлерін!.. Ұнасаңдар сый аласыңдар!.. (Полиция началънигіне.) Тәртіпті қатты сақта, берекесіздік болмасын!
Начальник. Құп, тақсыр!.. (Уәли дарбазаға кіpiп кетеді. Мыстан шәукендерді іріктей бастайды.)
Мыстан (Бәрін де орналастырып, біреуіне). Шынаргүл, сенен жасы да, сұлуы да жоқ. Бірінші орынға сен отыр! (отырғызып жатып.) Сәудегерлердің ішінде әрі жас, әрі сұлу мырзасы бар. Сондай адам алдыңнан өте бергенде, бет пердеңді кеңірек ашып, жүзіңді молырақ көрсетіп, қасы-көзіңді құбылтып, қылмыңдап қал! Мүмкін, сені соған, телірміз. Әншісің ғой, сен. Сол өнеріңмен де көңілін ауларсың, қосыла қалсаң. Кептен естіген жоқ едім, қалпында ма, даусың?
Шынаргүл (иығын көтеріп). Қайдам...
М ы с т а н. Айтып көр!..
Сахнадағылар. Біз де естиік...
Мыстан (музыканттарға). Бір жақсы әнді ойнаңдар!.. (Олар ойнайды, Шынаргүлге.) Ал, қоста, сен!.. (Шынаргүл қостайды. Әннің бірер ауызы орындалғаннан кейін, мыстан бәріне.) Ал, түгел қостаңдар!.. (Қостайды. Мыстан қолын шапалақтап.) Осындай әнімен, осындай Қызға қай мырза қызықпас екен!.. (Өзге шәукендерге) Сендер де көз тартуға тырысыңдар!.. Сендерге де бұйырғаны болар!.. (Аллаһу-хақ! деген дуана даусы естіледі. Бәрі қарай қалады. Жалба-жұлба киінген, еркіне өскен сақал-шашы ақ бурылданған, кең ақ дамбалының жырымданған балақтарын түйіп алған, жалаң аяқ дуана, сылдырмақты жуан асасына таяна секірген адыммен кіріп келеді де, құтырына зікір салады.)
Әй, тоғыз ай, тоғыз күнде жерге түстім,
Тоғыз сағат тұра алмай аспанға ұштым.
Ғаршы, күрші саясын барып құштым,
Сол себептен алтмыш үште кірдім жерге... Хақ!..
Шынаргүл (төне қарап). Менің атам осы болмағай да!
Мыстан (жекіп). Отыр! (Шынаргүл бұғып қалады. Дуана зікірін жалғастырып кете барады.)
А з а н ш ы (дыбыс беріп). Қонақтар келеді...
Н а ч а л ь н и к (түсін суытып, музыканттарға). Бастаңдар бір жақсы күйді!.. Желіктіре ойнаңдар!.. (музыканттар дуылдай жөнеледі). Мен қонақтарды қарсы алам (Кетеді. Мыстан Шынаргүлдің қасына шоқиып отыра қалады. Начальник бастаған сәудегерлер кіреді, алдарында қазақила сәнді киінген Боқаш және Шоқан.)
Мыстан (Шоқан таяна, Шынаргүлге оны иегімен нұсқап). Айтқан мырзаң анау. Шамаң жеткенше құбылып бақ!.. (Шынаргүл түзелген қимылмен бетін көрсетеді. Шоқан оның алдына аз кідіріп өтеді. Мыстан қуанғандай.) Аңдыған қаршығам торыма ілігер енді (қонақтар қақпаға кіреді).
ЕКІНШІ СУРЕТ
Медресенің мүдәрристер (лекторлар) жиналатын бөлмесі. Имамдарша сәнді киінген Қази-Калән жүгіне отырып, теңселген қимылмен әлдене қалың кітапқа шұқшия үңілген бейнеде діндік бәйтті (әнді) мұрнынан ыңылдап, толғана айтып отыр. Азаншы кіреді.
А з а н ш ы. Ассалаумү-ғалайкүм, Шәйхүл-ислам!
Қази (әнін доғарып). Уағаламәнләдәйкүм!.. Ләйша ма, му-әззин?
А з а н ш ы. Уәли ұлықсат сұрайды.
И м а м. «Кірсін» деңіз! (азаншы кетіп, аздан кейін ұлттық киімінде Уәли кіреді.)
Уәли (иіліп, қол қусырып). Ассаламуғалайкүм.
И м а м. Уәғаламәнләдәйкүм! (Қасынан орын нұсқайды ).
Уәли (отырып). Сізге Русия сәудегерлерінің хал-жайын таныстырғалы келіп ем.
И м а м. Мәрхабат!..
У ә л и. Адам саны 34. Керуен басы — Боқаш есімді қартаң адам мен (есім әріптерін бөлшектеп, қайталап айтып.) — Ә-лім-бай деген жас жігіт. Ол жігіт будан көп жыл бұрын Боқашпен осы шәһәргә келіп кеткен Тоқаш деген кісінің баласы дейді. Тоқаш осында үйленген де әйелінен ұл туып, атын Әлімбай қойған, одан кейін қыз туған. Тоқаш еліне қайтқанда ұлын өзімен бірге ала кетіп, қызы мұнда қалған. Мынау — сол Әлім-бай.
Қази (мән бергендей). Co-лай екен.
У ә л и. Бұл сәудегерлер негізінде Әндіжандық болса керек. Русияға барып сауда жүргізеді екен. Осы жолы Руссиялық қала — Семейден шығыпты.
Қ а з и. Бұйымдары көп пе екен?
У ә л и. Жүктері жүз түйелік. Және Русияның ажарлы, сапалы бұйымдары, бағалары арзан. Үш мыңнан астам осындағы сауда қойлары бар. Солардан жүз тұсақты Қоқанның
бұрынғы ақсақалы Нұрмамбет зекетке алған. Оның да өңеші кең-ау!
Басқа бұйымдарынан да дәмесі барға ұқсайды.
Қази. Қандайынан?
Уәли. Екі түйеге артқан: бұлғын, құндыз, сусар тағы солардай қымбат аңдардың жақсы иленген терілері бар көрінеді. Солардан ақсақал да және Манжүр әкімі — Дотай да дәм ететін сияқты (Қазиға қарап жымиып.) Біз де сауғасыз қалмаспыз деймін, хазірет?
Қази. (елеңдеп). Қандай дәлелмен?
Уәли. Бұл шәһәрдің тәртібімен үйлендірмейміз бе, оларды? Өзгелерінің некесін Мұхтасиб сияқты кіші имамдар да қия берер Шал және жас керуен басыларының некесін сіз қиярсыз. Аржағын өзім реттей беремін.
Қази. Ал, өзіңіз?
Уәли. (күліп). Төгілген тағамнан мен де ауыз тиіп қалармын.
Қази. Көңілдері ұнататын шәукен табарсыздар.
Уәли. Әлбетте!.. (Азаншы кіреді.)
Азаншы (Қазиға). Шақыруыңызбен саяхатшы араб дамолласы келіп тұр.
Қази. («Ол кім?» дегендей қараған Уәлиге). Мәдинә-и-Мунәуәрәдан келген имам. Асылы Құрайш. Пайғарымыз салла-аллаһү ғалайһи уәссәләмнің нәсілі, пайғамбарымыз Мұхаммәдән-Мұстафаның сүйікті шаһар-яры-ның бірі Ғұсмано-әззунараинға берген қызынан. Байруттағы дәррә-әл, фиунді тәмам еткен. Содан ислам әлемін аралап түсу мақсатымен саяхатқа шыққан.
Уәли. Көп болған ба, шыққалы?
Қази. Он жылдан асқан. Сан алуан жерді аралаған тұмсығын біздің Қашқарияға тіреген. Кеңесіп көрдім ашық) білімі мол кісі екен. Әһлу-Исламды біріктіру, қуаттандыру туралы толып жатқан ойлары бар.
Уәли. Мұнда ұзақ бола ма екен?
Қази. Осы шаһарда бір жылдай тоқырамақ.
Уәли. He істейді сонда?
Қази. Біздің мешіттің имам хатибі ұзақ уақыт сырқат қой. Қашан айығары мәлімсіз. Бұл дамолланы соның орнын баса тұруды ұйғарған едім, сол жәйлі сөйлесуге шақырдым
(Азаншыға.) Кірсін деңіз (Азаншы кетеді.)
У ә л и. Мен де сөйлесіп көрдім, хазірет. Сол дамолланың Русия сәудегеріне күдігі бар...
Қ а з и (елеңдеп). Қандай? (Арабша киінген дамолла кіреді.)
Имам (сәлемдескен дамоллаға қасынан орын нұсқап). Қош келдіңіз, құрметті дамолла! (Дамолла отырып, бе.тін сипайды.)
Қ а з и. Қалай, дамолла, ризасыз ба, біздің шәһәрда өткізіп жатқан күндеріңізге?
Дамолла. Өте, хазрет! Такла-Макан төңірегіндегі біраз шәһәрларды аралап та үлгердім. Қазіргі халдері жаман емес сияқты. Өткен тарихында мазасыздықтар болғанмен, қазір тиыштық халде көрінеді. Сол күйін бұзуда жалғыз ғана қауіп сезілетін сияқты.
Қази (елеңдеп). Қандай?
Дамолла. Соңғы кездерде, бұл өлкелерге Русия сәудегерлері жиі келетін болыпты ғой...
У ә л и. Сөйтіп жүргені рас.
Дамолла. Ислам дінінің ен, басты және ең күшті жауы Насарани діні екенін білеміз.
Қази. Әлбетте.
Дамолла. Кейінгі ғасырларда осы дінді өте белсенді түрде таратып отырған мемлекет Русия. Сібірдегі, Еділ бойындағы халықтарды насарани дініне күшпен көшіріп келе жатқан Русия, ендігі қанатын Орта Азияға, Шығыс Түркістанға, яғни сіздің Такла-Макан төңірегіне тарату ниетіне кіріскен сияқты.
Қ а з и. Дәлеліңіз?..
Дамолла (жылдамдатып). Барлық заманда, барлық елдердің ішкі сырын тасуға бас себеп саудагерлер болғанын білесіз.
Қази, Тауарихтан көреміз.
Дамолла. Сонда, сәудегерлердің бәрі бірдей емес, ішінде ерекше тыңшылары болады.
Уәли (Қазиға). Бұл кісінің жобалауынша Русиядан келген сәудегерлердің ерекше күдіктісі — Ә-лім-бай сияқты.
Қ а з и (Дамоллаға). Неге олай жорисыз?
Дамолла. Түріне қарағанда бұл жай сәудегер емес, оқыған кісі, мүмкін орысша, олай болса, бұл орыс өкіметінің тыңшысы.
У ә л и. Сөйлесіп көрдіңіз бе, езімен?
Дамолла. Бір керуен-сарайда тұрған соң, әрине. Бірақ өзіңнен сырды көп тартуға тырысып, өз сырын алдырмайтын қу сияқты, бұл тыңшыға лайық қылық.
Қази. Қалай анықтаймыз, бұны?
Дамолла. Өйту қиын емес.
У ә л и. Сонда?
Дамолла. Тілдеріңді алатын және ақылы, білімі бар бір шәукенге қосу керек те, ізін аңдыту керек.
Қази (Уәлиге). Ескеретін жұмыс екен бұл.
У ә л и. Әрине.
ҮШІНШІ СУРЕТ
Шоқанның керуен-сарайдағы ұйғырша сәнді жиналған хұжырасы (бөлмесі). Оның төрінде және босағасында екі есік. Шымылдық ашылғанда Шоқан әлдене қалың кітапты шұқшия қарап отыр. Сыртқы есік қағылады.
Шоқан. Кіріңіз! (Мыстан кіреді.)
Мыстан (таңдана қараған Шоқанға). Мені танымассыз мырза, білмейтін де боларсыз, бұл шәһәрда мендей кемпірлер болатынын. Бұл шәһәрда шеттен келетін мұсылмандардың некесіз тұра алмайтынын естіген шығарсыз?
Шоқан. Естідім.
Мыстан. Оларға лайықты әйелді мендей кемпірлер тауып береді.
Ш о қ а н (елеңдеп). Иә?
Мыстан. Біздің атымызды «дәләл» деп те, «таппақ» деп те атайды. Мен сондайлардың бірімін. Біз табатын әйелді «шәукен» дейді.
Шоқан (көрермендерге). Мені де қамалды десеңізші бұл тұйыққа!.. (Мыстанға.) Сіз қосасыз ба, сонда?
Мыстан. Мен табамын, некесін имам оқиды.
Ш о қ а н (қылжақ кескінмен). Тапқаныңыз кім?
Мыстан. Бірнешеуден таңдау еркіңіз.
Ш о қ а н. Білмейтін әйелдерді қалай таңдайды, адам? Өз лайықтағаныңыз бар ма?
Мыстан. Әрине болады. Сіздей мырзаға қымбаттарының бірін лайықтаймыз да.
Ш оқ а н. «Қымбат» деп қандайын айтады?
Мыстан. Некесі кеп қиылғанын.
Ш о қ а н. «Көп байға тигенін» деген сез бе?
Мыстан. Солай.
Шоқан. Неге ауыстыра береді некесін?
Мыстан. Бұл шәһәрға шеттен кеп үйленген еркектің, некеленген әйелін басқа жаққа ертіп әкетуге хақы жоқ. Егер бұдан кетер болса, әйелін талақ қылуға міндетті.
Шоқан. Айырылады дегеніңіз бе?
Мыстан. Әрине. Айрылған әйелге ері тақия сыйлайды. Сондай тақиясы неғұрлым көп болса, соғұрлым әйелдің бағасы артады.
Шоқан. Маған ылайықтағаныңызда неше тақия бар?
Мыстан. Төрт!..
Шоқан. Бұған дейін төрт ерге тиген бола ма, сонда?
Мыстан. Әрине.
Ш о қ а н (көрермендерге). Жезөкшелік қой, бұнысы?.. (Мыстанға.) Қызын сататындар кімдер?
Мыстан. Кедейлер, қызынан басқа сататындары жоқтар. Немесе — жетімдер...
Шоқан (көрермендерге). Әлеумет теңсіздігінің жаман бір жағы бұнда да жеткен екен!.. (Мыстанға.) Талақ болған шақта қайда тұрады, шәукендер?
Мыстан. Туыстарының қолында. Тұратын мекендері шәһәр әкімінің есебінде, қажет кезінде тауып алады.
Ш о қ а н. Жасы нешеде, маған лайықтаған әйелдің?
Мыстан. Он алтыда.
Ш о қ а н. Сол жасында төрт некелі болып үлгіргені ме?!
Мыстан. Тақиясы одан да көптері бар. (Бастырмалатып.) Сізге ұсынатынымыз бар ғой, жерде емес, жұмақта жаралғандай, ажары да, сымбаты сұлу!.. Алып келейін, көрсеңіз қызығарсыз!..
Шоқан (көрермендерге). Осындай ұсыныс боларын қаланын, әкімі де, имамы да ескерткен. Не көну керек те, не бұл арадан кету керек. Кетуге болмайды, атқаратын істер көп. (Мыстанға.) Келтіріңіз!.. (Мыстан құлдық ұрып жөнеледі.) «Тағдырға көну» деген осы да!.. Мұның арты неге соғарын тәңірім біледі!..
ТӨРТІНШІ СУРЕТ
Шоқанның бөлмесі. Шоқан әлдене қазақ әнін ыңылдап, қалың кітапқа шұқшия үңіліп отыр. Қолында қарындаш. Сыртқы есік қағылады.
Шоқан (кітаптан көзін алмай). Кіріңіз (Ұйғыр киімінде Боқаш кіреді).
Б о қ а ш (жан-жағына қаранып). Сәлем, Шоқан мырза!
Шоқан (қарап, саусағын шошайтып). Тс!..
Боқаш. Не кітап қолыңдағы?
Ш о қ а н. «Жәмгү-ат-тауарпа». Ғажап кітап! Тамаша!
Боқаш. Ешкім жоқ сияқты ғой.
Шоқан. «Адам артында алты сауысқан» демей ме?
Б о қ а ш. Мен біреуін де байқаған емеспін.
III о қ а н. Мен байқадым...
Боқаш. Қалай?!.. Қайда?!.
Ш оқ а н. Ол ұзақ кеңес. Кейін айтам.
Б о қ а ш. Мақұл. Қызды көрсетті ме?
Ш о қ а н. Кердім.
Б о қ а ш. Қалай екен?
Ш о қ а н. Бір көрмеге тәуір сияқты. Арғы сырын түйе алмадым. Түйгенім — киік тұқымдас аңның ішіндегі ен, сұлу, ең нәзігін газел дейді. Ақындар өлеңнің де сыр шертетін бір түрін сол аңның атымен - «ғазал» деп атайды. Бұл қыздың да тұрпаты сондай. Өлең арнарлық сияқты.
Боқаш (қуанғандай). Көңілің кеткен екен, мырзам, қалың малын тиянақтаймыз да, онда!
Ш о қ а н. Сөйлестіңіз бе? Ауыздарын қалай ашатын?
Б о қ а ш. Кен, де емес, тар да емес.
Ш о қ а н. Сонда?..
Б о қ а ш. Бұл шаһардың ен, бастысы «Кази-Калэн» аталатын имам екен. Оған оншақты бұлғын берсек көмекейі тығындалатын. Одан кейінгі дүрі — Мәнжүр әкімі — Дотай. Ол құндызға құмар дейді. Оған кәмшаттың сала құлаш бірер құндызын тартармыз. Уәлиге бір шекпендік қаракөк түсті шуға сыйлармыз. Қалғанына жылтыр кәни-пастан бір-бір бешпенттің я көйлектік мата, жетпей ме?
Ш о қ а н. Буған кенсе көп емес екен. Тағы несі бар?
Б о қ а ш. Күндіз қалаулы адамдарын шақырып дәм беретін сияқты да, кешке жастарға арналған сауық жасайтын ойлары бар. Соның бәріне палаулық бірер қап күріш, бірер дорба-мейіз, екі-үш ту қойдың еті, оншақты торсық шарап, тағы басқа уақ-түйектер... керек сияқты.
Ш о қ а н. Есептетіп көрсем, ол да бірер топ матаның құны. О да жан ауыртарлық емес болар?
Б о қ а ш. Әрине. Саудамыз күсет болып жатқан жоқ па, мұнда келгелі? Алтын, күміс, асыл тас дегендерді бұл арадан арбаға артып, түйеге теңдеп алып қайтатынбыз. қымбат өткізіп жүрміз. Малдары, әсіресе, қойлары бізден Өз бұйымдарымызды Русиядағы бағасынан әлденеше рет төрт-бес есе арзан. Бейнелеп айтқанда, бұл Қашқария ағып жатқан майлы өзендей екен, шетінен шелекпен батырып ала бер. Одан олқы түсер емес.
Ш о қ а н. Рас, Англияның бұған көз аларта ұмтылуы да содан. Бірақ, біз оның жолын кесеміз!..
Б о қ а ш. О жағына мен шорқақтаумын ғой, Шоқан мырза. Ретін тауып бөгей берерсіңдер. Бұл жұмыстың салмағы ізіне түскеннен кейін, мал аямайық. Тойды мол жасайық. Өзің айтқандай, шығыны жан ауыртарлық емес.
Шоқан (көрермендерге күле қарап). Солай болады енді. Бұл орыс аңызындағы бай сәудегер — Садконың тойындай болмағанмен, ақын Никитин сипаттайтын Ухарь-купецтей шашылатын шығын болады-ау деп шамалаймын (есік қағылады.) Кіріңіз!.. (Шабарман кіреді де иіліп құрмет көрсетеді.)
Шабарман. Уәли тақсыр жұмсаған еді де.
Б о қ а ш. Ол кісі қайда?
Шабарман. Кеңсесінде сіздерді күтіп отыр.
Б о қ а ш. Қазір келеді деңіз. «Құп!. (деп жөнеле берген шабарманға.) Тоқтаңыз! (кідіреді.) Қалағаныңыздың бәрі де берілетін болыпты деңіз!
Шабарман. Құп, тақсыр!.. (Кетеді.)
Шоқан. Ұйғырлардың «мәшірәп» аталатын халықтық сауығы болуға тиісті. Естуімше, өте қызық деседі. Көргім келеді.
Б о қ а ш. Сұрағандарын берген соң, несін жасаса да мейлі. Ол — жас саған керек болар. Біз сияқты жасамыстар, еншісіне тиген шәукенді бауырына басады да, тыңқиып жата береді...
БЕСІНШІ СУРЕТ
Шымылдық сыртынан ұйғырша қызу ән-күй естіледі Шымылдық ашылады: сәнді бау-бақшаның іші. Жастар мәшірәбі, араларында ұйғыршалау киінген Шоқан мен сәнді киінген Шынаргүл, ойынды жігітбегі басқарып жүр. Аздан соң имамша киінген Дамолла кіреді де, әндеткен, билеген жастарға, әсіресе Шоқанға таңырқай қарап тұрады. Оған Шоқанның көзі түсіп, тоқырап:
Ш о қ а н. Ассалаумағалейкем, хазырет! (Қолдасады.)
Д а м о л л а. Намаздан келе жатып, сауықтарыңызға кезігіп қалдым да, тамашалап қарап тұрмын.
Ш о қ а н. Өзіңіз де араласыңыз!
Дамолла. Шариғат қоспайды, имамдарға, бұндай ойынға араласуға (сөйлеуге ыңғайланған Шоқанды бөгеп.)
Қандай ептісіз, билеуге!.. Европаша, немесе, орысша тіпті тамаша билер едіңіз!
Ш о қ а н. Оларды қайдан білесіз?..
Дамолла. Жиһәнгез адаммын, көргенім бар.
Шоқан. Өзіңіз билеп көрдіңіз бе? Я, әндетіп?..
Дамолла. «Шариғат қоспайды» демедім бе?
Ш о қ а н. Білген кісі шариғатқа бөгеле ме?
Дамолла. Мұсылман кісі,— әлбетте!.. Сіз... (жігітбегі таянып, Шоқанға.) Ойын сыртында қалып қойдыңыз ғой.
Дамолла. Солай бопты. Шақырыңыз.
Жігітбегі. Көпшілік! Жамағат! (Көп алаңдайды.) Күйеу мен қалыңдық сыртқары тапты. Ойынға шақырайық!
К ө п ш і л і к. Шақырайық. (Хормен қарсы алады.)
Б і р е у л е р. Әуелі қалыңдықтан ән естиік.
Б ә р і (қол шапалақтап). Өтінеміз!
Шоқан (Шынаргүлге). Көп өтінішін орындамауға амал жоқ. (Көпшілікке.) Қай әнді?
Көпшілік (атайды. Музыка ойналып Шынаргүл қосылады. Көпшілік қол шапалақтайды.)
Дамолла. Не деген әсерлі ән еді! Бұл, Әлімбайдың бақыты. Ия-Һ, Ә-лим-байдың!
Ж і г і т. Ал, биді жалғастырамыз! (Көпшілік биге кірісе бергенде, «Тағамға!» деген дауыс естіледі. Шабарман кіреді.)
Шабарман (қолымен жөн нұсқап). Тағамға, халайық, тағамға!.. (Жұрт жөңкіле бастағанда, Дамолла шабарманға «сен іркіл» дегенді ымдайды, көп кетеді. Шабарман іркіледі).
Дамолла. Қалай?..
Шабарман. Құйрығын шалдырар түлкі емес.
Дамолла. Не дейді...
Шабарман. Сыр тартайын десем, маңайлатпайды, «Адал жар болам» деуден танбайды.
Д а м о л л а. Онда былай істе, сен (шабарман құлақ түреді): Сол Әлімбай кітап жинағыш дейді. Сен өзің хат білесің бе?
Шабарман. Аздап...
Дамолла. Кітап атын айыра аласын, ғой?
Шабарман. Шамалап.
Дамолла. Ендеше, шәукенмен бірге тура бастаған шақта, шәукен оңашаланғанда, Әлімбайдың бөлмесіне кір де жинаған кітаптарының аттарын жазып ал. Істей аласын, ба, мұны?
Шабарман. Осы ғана болса, қиын емес бұл.
Д а м о л л а. Істей алсаң көп сый берем. Шабарман. Мақұл, дамолла!
АЛТЫНШЫ СУРЕТ
Шоқанның бөлмесі Бір қабырғаға қаз-қатар ілген тақиялар.
Шымылдық ашылғанда, ұйғырша сәнді киініп, ұзын шашын көп тарамға өрген Шынаргүл ақырын қимыл, мұңлы кескінмен тақияның әрқайсысын бір ұстап көріп, ыңырси әндетіп жүреді, төргі есіктен қазақы жазғы киімде Шоқан шығады, Шынаргүл оған иіліп тәжім жасайды.
Ш о қ а н. Шынар, тысқа біраз серуендеп қайтайын.
Ш ы н а р. Ықтиярыңыз.
Шоқан (жылы шыраймен жақындап). Қажеті болып қалмаса ұзақ жүрмеуге тырысармын, ішің пысса ермегің де аз, кітаптар көп. Оларды оқи алмайсың, (демін ауыр алып.) сауатсызсың.
Ш ы н а р г ү л. Маған алаңдамаңыз. Әйелдің, үлесіне тағдыр үй-ішінің ғана жабдығын қосқан. Серуендей беріңіз. Уақытқа қарамаңыз. Сіз оралғанша ермек болатын бірдеңе табармын.
Ш о қ а н. Айтпақшы дутар бар екен ғой. Сіз оны өте жақсы шаласыз (төргі есікке қарап). Төсек қасында тұрған, әкеп берейін (жөнеледі.)
Шынаргүл (бөгемек болып). Өзім-ақ алармын...
Шоқан (тоқырамай). Жо-жоқ, әкеп берем. (Тез алып шығып.) Міне!.. (береді.) Әндерің қандай сазды, сенің!.. Дутарға үн қоссаң, уақыттың қалай өткенін білмей де қалам. Ұйғыр әндерінің бір әдемісін айтшы!
Шынаргүл (назданып). Мақұл, құрметті Әлім?.. (Ұйғырдың бір әні айтылады. Шоқан ыңылдап үн қосады.)
Шоқан (риза болғандай). Жарайсың, Шынарым. (Құшақтап.) Дутарды әкелген ақыма бір сүйгіз! (Шынаргүл қарсыласпайды. Сүйген Шоқан, «ал!» дейді де, жылдам қимылдап босағадағы есіктен шыға беріп.) Есіктің ілгегін ішінен салып ал! (Кетеді.)
Ш ы н а р г ү л (ойланған кескінмен). Шамаң келсе ұғып көр, осы адамды!.. Бұл ғажайып жақсы адам. Мен білетін еркекте әйелді мұндай қадірлейтін кісіні көрген емен. Менің бұған дейін көргендерім: қоянды аулайтын қасқыр, торғайды аулайтын күйкентай, тышқанды аулай¬тын мысық... (қызына сөйлеп.) Әлімбай олардан бөтен еркек ол мені кісіге санап, шүйіркелесіп кеңеседі де, ыстық құшақтайды да, еркелетеді де, кейде құшырланып сүйеді де. (Кідіріп.) Сонда, мұнысы несі?! Некеміз қиылғанына біраз күн болып та қалды, содан бері тар төсекте жар құшағымыз бір рет те қауышқан емес. Бос уақытында байқастыратыны — кітап. Қайдан табатынын білмеймін, тысқа шыққан сайын құшақ-құшақ кітап әкеледі, соларға шұқшия үңіледі де жүреді. Не оқитынын, немене іздейтінін білмейсің. «Неге?» деп сұрасаң, «оның саған қажеті аз» деп жауап береді. Оқығандарының әлдене жерлерін сызады, әлденелерді көшіреді... әлденелерді жазады. (Таңданғандай.) Жар төсегіне салқын. Неге? Мен оны қызықтыра алмаймын ба? Әйелдің өзім білетін әдіс-айлаларын қолданып көрем, оларға елікпейді. Неге?.. Еркек емес пе, әлде?.. (Тағы кідіріп шошынғандай.) Әлде ел аузындағы өсектің рас болғаны ма?!. (Салмақтанып.) Осы Әлімбайды менің бір әке, бір шешеден туған ағам, кішкене күндерінде бөлінгесіңдер деген қауасет бар; соны Әлімбай да естіп, туыстық жағынан түршіге ме екен?!. Кімнен білем, осының анығын? (Аз кідіріп.) «Есікті ішінен іл» деп еді-ау, Әлім. Ілмеппін-ау! (Түрегеп.) Ілейінші (беттейді. Ол таянғанда, еппен басқан шабарман қылмыңдаған кескінмен кіре береді. Шынаргүл шошығандай алақанымен бетін басып, диванға ет-бетінен жата кетеді.)
Шабарман (жақындап). Бұл қай шошу?!. Көтер басыңды. Бермен қара!..
Шынаргүл (қарамай, қолын сілтеп). Кетіңіз!
Шабарман (иіліп). Неге?!
Шынаргүл. Мен біреудің нә-махрамымын.
Шабарман. Бола бер. Жүзіңді көрсетпей-ақ қой, онда. Айта келген сезім бар, соны тыңда!
Ш ы н а р г ү л. Естиік.
Шабарман. Еріңіз кітапты кеп жияды деп естиміз. Көруге болама, соларын?
Шынаргүл. Мен керген жоқпын.
Шабарман (жан-жағына жалтақтап). Екеуміз бірге қарасақ қайтеді, онда? (Төргі есікке беттейді.)
Шынаргүл (атып тұрып, ақыра сөйлеп). Жар төсегі бар бөлмені жат көруге болмайды. Шегініңіз!..
Шабарман (кідірмей). Онда не тур?
Шынаргүл (жылдам баса таянып, ақырып). «Шешіп!» дедім ғой, сізге! (шабарман тоқырамайды. Шынаргүл қойнынан кездік пышақ суырып.) Шегінесіз бе, жоқ иә ? (Ұмтылады).
Шабарман (үрейленіп, жасқанып). Қойыңыз, ондай ойынды!..
Ш ы н а р г ү л. Ойыным емес, шыным. (Сыртқы есікті нұсқап.) Шығыңыз анадан, тез. Әйтпесе, салам пышақты! (Ұмтылған Шынаргүлден қашқалақтаған шабарман шығып кетеді.) Шынаргүл өзіне. Бу не?!. Неге керек ол кітаптар бұған?.. (Аз ойланып.) Өзінен сұрасам қайтеді, кітаптарды неге жинайтынын? (Орнына оралып.) Тағы бір өсекте, осы шаһарға жуықта пайда болған дуананы, менің туған нағашы атам деген сөз бар. Оны әнеу күні дарбаза алдында бір көрдім де жоғалттым. Қайда, ол?!. (Жыламсырап.) Тәңірі, бақытсыз маған бір туысқанды да қимағаны ма? Ата!.. Неге көрінбейсің?! (Бетін басады, төргі есіктен еппен басқан, арабша жүдеу, жеңіл киінген дуана көрінеді. Оны абайламаған Шынаргүл солқылдап.) Ата- а-а!..
Дуана (еппен жақындап дыбыс беріп). Әу, балам!
Шынаргүл (шошына жалт қарап). Алла, бұл кім еді?..
Д у а н а (бері басып). Іздеген атаң!..
Шынаргүл (жатырқауын доғарғандай). Не дейсіз?!.
Д у а н а'. Уаллаһи-беллаһи!.. Шешеңнің аты — Шарафәт та. Ол менің туған қызым!
Шынаргүл (сенгендей). Қайдан келіп шықтың, ата?
Д у а н а. Әделет іздеп қаңғырып кетіп...
Шынаргүл (еркелегендей). Қазір, табан аузында
қайдан келіп шықтың, ата?
Д у а н а. Ол жолымды білетін күнің әлі туған жоқ, жиенім!.. Туа қалса айтармын. (Аймалап.) Жарық жұлдызым, таптым ба, жоқ па? Өңім бе бұл, түсім бе?
Ш ы н а р г у л. Ата, ата-жан!.. (Құшақтайды.)
Д у а н а. Халын, қалай, перзентім?
Шынаргүл. Жақсы, ата!
Д у а н а. Қазіргі тағдырыңа ризасың ба?
Ш ы н а р г ү л. Өте ризамын, ата! Қосылғаным, жақсы адам. Ол мені қатты сыйлайды,
Дуана. Иманжүзді адам болған соң өзім де солайға жорып едім.
Ш ы н а р г ү л. Сіз көрдіңіз бе, ата, оны?
Дуана. Сан рет. Бірер жолы тіл де қаттым. Кітаптар жинайды екен, керекті кітаптарын табуға жәрдемдестім. Сөз әлпетіне қарағанда хақиқат іздейтін адам сияқты. Хақ мұсылманға ұқсайды. Бұнда езіне жолығам ба деген оймен де келген ем...
Дуана. Бір құпияны құлағыңа сыбырлайын ба, қызым?
Ш ы н а р г ү л. Үйде бөгде кісі жоқ қой, ата?
Д у а н а. Сонда да, балам. «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» деген.
Ш ы н а р г ү л. Сыбырлаңыз, онда! (Дуана сыбырлай бастайды. Бір мезетте Шынаргүл шошынып қап.) Не дейсіз, ата?! Рас, «Әлімбай» емес пе?
Дуана. Оған үйлеспейді.
Шынаргүл (көрермендерге). Ендеше неге жар төсектен сырғақсиды?!. (Есік қағылады. Екеуі де елеңдейді.)
Дуана (елеңдеп). Бұл кім? (Шынаргүлге.) Ендігісін кейін айтам. (Шынаргүл еппен басып, есікке таянады, аржағынан «аш!» деген әйел даусы естіледі.)
Шынаргүл (Дуанаға). Мыстан кемпір!.. (Сасқалақтап). Енді қайттік?.. Аштырмай қоймайды!.. (Шынаргүл сыртқы есікке құлағын жапсырып тұрғанда, еппен басқан дуана кірген есіктен шығып кетеді. Оны абайламаған Шынаргүл жан-жағын көзімен шолып.) Қайда жоғалды атам?!. (Есік дүрсілдей бастайды.) Қазір!.. (Ілгекті ашады, құтырынған қимылмен мыстан кіреді.)
Мыстан. Не болды, осынша кідіртіп?
Ш ы н а р г ү л. Тергі бөлмеде қатты қалғып кеткен екем.
Мыстан (кекетіп). Қалғып кетіп... Кім бар хұжыраңда?
Ш ы н а р г ү л. Көріп тұрған жоқсыз ба?
М ы с т а н. Тергі бөлмеде?
Ш ы н а р г ү л. Онда да ешкім жоқ.
Мыстан. Көріп шығам (Беттейді).
Шынаргүл (сасқалақтап, көрермендерге). Атамды көреді-ау! Енді қайттым? (Төргі есікке таласа бірге кіреді де, қуанышты кескінмен бұрын шығып.) Атам жоқ... Көзден ғайып болатын қасиеті бар деген сөз расқа шыққаны ма?! (Мыстан шығады.) Неге нанбайсыз, «жоқ» десе?..
Мыстан (зекіп). Қайымдаспа!.. (Сөйлетпей.) Орындадың ба, тапсырмамды?
Шынаргүл (түсінбегендей). Қандай?
Мыстан. «Жазатын қағаздарын, әкелетін кітаптарын тауып қой» деген?..
Шынаргүл. Жазғандарын көрмедім. Төргі бөлмеде үйіліп жатқан кітаптарын езіңіз көрдіңіз...
Мыстан (көрермендерге). Кітаптарын көрдім. Әттең, оқи алмаймын. Не кітап екенін айыра алмаймын. (Шынаргүлді саусағымен көзге шұқып.) Көзің шықсын, қалай көрмейсің, күн сайын түні сарылып отырып жазатын қағаздарын? Төргі бөлмедегі сандыққа тыға ма?
Ш ы н а р г ү л. Білмедім.
Мыстан. Білгеніңнен айрыл!.. Кілті қайда?
Ш ы н а р г ү л. Менде жоқ!..
Мыстан (ашуланып). Мына күңді-ай!.. Көрмейді де, білмейді! Балта тап, сандық қақпағын бұзамыз!.. Жүр!.. (төргі есікке ұмтылады.)
Шынаргүл (кесе-көлденеңдеп). Енді кіруге ұлықсат жоқ!
Мыстан (долданып). «Ұлықсат!» Пысқырдым мен ұлықсатыңа! (Кимелеп.) Жібер, әйтпесе шашыңның бір талын да тастамаймын!.. (Шашына жармаса бергенде Шоқан кіріп келеді. Сасып қалған мыстан зымиянданып.) Сәндемей еріп жүр екен шашын, түзеп берейін деп ем (Шынаргүл жылаған бойымен отыра кетеді.)
Шоқан (жайсыз хал болғанын сезгендей, мыстанға). Сіз барыңыз!.. (Алаңдауына қарамай, зекіп.) Барыңыз, бар деген соң! (Жалтақтаған мыстан кетеді. Шынаргүлге.) Не болды? (Шынаргүл өксіген қалпымен Шоқанның құлағына болған оқиғаны сыбырлап айтады. Шоқан мән бергендей). «Аһа, солай де», «япыр-ай, ә?!.» «Сақтану қажет екен!..» деген сияқты үндер қосып отырады.
Шынаргүл (сыбырлап). Міне, хал осындай Әлімжан.
Ш о қ а н. Түсінікті... (Түрегеп жүре сөйленіп). Бұл, әрине, осы қалада «Дамолла» атанып жүрген адамның ісі. Ол меніңше араб та емес, мұсылман да емес, акцентіне қарағанда, неміс; жүріс-тұрысына, сез әлпетіне қарағанда, ағылшындардың Ост-Индия аталатын барлау ұйымының агенті. (Ойланып.) Егер ол неміс болса, әрине, католик; шын католик ешуақытта кіресінен ажырамайды. Соны қалай анықтау керек? (Аз кідіріп.) Таптым: оның мойнына үнемі асып жүретін бойтұмар сияқты дорбашығы бар. «Бұл не?» дегенімде кішкене «Кәлем-шәриф», яғни құран деп жауап берген. Солай дей тура, кескіні әлденеге қызаруы ықтимал. Ендеше соны қолға түсіру керек!.. Бірақ, қалай? (Аз ойланып, Шынаргүлге.) Шынар!..
Ш ы н а р г ү л. Әу, Әлім!..
Ш о қ а н. Сен Арабстаннан келіпті-мыс дейтін Дамолла некеленген шәукенмен таныспын деген едің ғой?
Ш ы н а р г ү л. Таныс қана емес, доспын. Екеуіміз құрдаспыз және тағдырымыз да ұқсас, Есімі Нигар. Оны неге сұрадыңыз?
Ш о қ а н. Бір қажетке жарар ма еді, сол досың?
Ш ы н а р г ү л. Қайдам, қандай қажет екенін. Оңай ма, қиын ба?
Ш о қ а н. Оңай да, қиын да.
Ш ы н а р г ү л. Айтып көріңіз?
Ш о қ а н. Яғни, Дамолла үнемі мойнына дорбашық асып жүреді, әйелі соны аз уақытқа сенің қолыңа түсіріп бермес пе екен?
Шынаргүл (толқығандай). Маған керегі не оның?
Ш о қ а н. Маған керек.
Шынаргүл. Онда өтініп көрейін.
Шок а н. Көрме, істет!.. Бірақ бұл өте жасырын жұмыс болсын, ерінің қапысын тапсын, алғанын сездірмесін...
Ш ы н а р г ү л. Ері дорбашығын іздесе қайтеді?
Шоқан. Тез орнына қойдырамыз (жалбарынғандай). Осыны істет!..
Шынаргүл (аз ойланып). Көрейін, тек іздеген нәрсеңіз бар болсын.
Ш о қ а н. Табыла ма, жоқ па, оны қарағанда көрерміз. Саған әйелі «дорбашық неге керек болды?» десе, «ішінде дұғалық бар дейді, содан бір дертіме ішірткі жаздырып алайын деп ем» дей сал; менің, іздеуімді сездірме!..
Ш ы н а р г ү л. Тырысып көрейін.
Ш о қ а н. Тырыспа, таптыр!..
Ш ы н а р к ү л Мақұл, құрметті Әлімжан!
Шоқан. Осыны істей алсаң дүниелік қана емес, ақиреттік те досым боласың!
Ш ы н а р г ү л. Әмин!.. (Кетеді. Шоқан төргі есікке беттеп аша береді де, әлденеден сескенгендей шегініп кетеді. Дуана кіре береді.)
Ш о қ а н. Алла, өзгеріп кетіпсіз ғой?!.
Дуана. Танымай қалдыңыз ба?
Ш о қ а н (танығандай). Иә, иә... Дуанасыз!.. Киімдеріңіз өзгерген...
Дуана. Жағдайына қарай болады да, балам.
Шоқан (босаға есігін ішінен іліп). Хош келдіңіз, отырыңыз! (Дуана отырады.) Көшеде көріскеніміз болмаса, сізбен әлі шүйіркелесе кеңесіп көрген емеспіз.
Д у а н а. Өйтуге жағдай болды ма? Айнала көз және... аңдыған көз!
Ш о қ а н. Рас, қайдан келіп шықтыңыз мұнда?
Д у а н а. Ғайыптан.
Шоқан (иланбағандай). Мұсылмандар «ғайып ерен, қырық шілтен деген пір бар, оның көзге көрінуге де, көрінбеуге де әлі келеді» дейтін еді. Бұл шәһәрдың халқы сізді солай жоритыны рас. Бірақ сіз де адамсыз ғой?
Д у а н а. Әрине...
Ш о қ а н. Ендеше, дуаналық халге неге түскеніңізді сұрауға бола ма?
Дуана (қулана қарап). Әрине болады. Әуелі неге Әлімбай болғаныңызды сіз айтсаңыз!..
Ш о қ а н. Мен кіммін, «Әлімбай» емей?
Д у а н а. Мен білетін Әлімбай емессіз, сіз.
Ш о қ а н. Ол қандай, «Әлімбай» еді?
Д у а н а. Ол қоңыр кескінді, кертеш мұрынды бола¬тын. Сіз қыр мұрынды сұрғылтсыз. (Шоқан қобалжыған тәрізденеді.) Бірақ сіз саспаңыз, аржағын әзір сұрамаймын. Менің бақытсыз немеремді аз күн болса да бақытқа жеткізіп, адам қатарында ұстағаныңызға өте ризамын.
Шоқан (қуанғандай). Көрдіңіз бе, сөйлестіңіз бе?
Дуана (нығарлап). Әрине!.. Туысы еместігіңізді білді.
Ш о қ а н. Қойыңызшы!..
Д у а н а. Айттым.
Ш о қ а н. Бүлдіре жаздапсыз ғой?
Д у а н а. Шындықты білгені дұрыс қой. Сонда ғана ықласпен сүйеді. Дүдәмал халде шын сүю болмайды.
Шоқан. Өзім де ойлап... ал, немереңіз ғажап адам.
Дуана (мұңайып). Аз күн болса да бақыт көрсін бейбақ. (Күрсініп.) Бұл рақаты мен бақытының аз уақыттық екенін білем. Бұл фани, яғни уақытша дүниеде бақи, яғни тұрақты рақат ешкімде де болуға тиісті емес. Бақилық рақат ақиретте ғана. Ендеше фанилық дүниеде аз күндік болса да қанағат...
Ш о қ а н (күдікті кескінмен). Ал, сіз өзіңіз не қылған адамсыз.
Д у а н а. Айтайын (Шоқан зер сала тыңдайды.) Біздің Такла-Макан аталатын құмның шығысында Тұрфан дейтін шәһәр бар. Мен дүние жүзін көп аралаған кісімін. Сонда һауасы Тұрфаннан ыстық жерді көрген емен.
Ш о қ а н. Естіп ем.
Д у а н а. Мен сол шәһәрдағы мешіттің имам-хатибі, яғни хутба оқушысы едім.
Шоқан (көрермендерге). Исламның дін лекциясын оқушылары. (Дуанаға.) Айта беріңіз!
Д у а н а. Тұрфан мешітінің бас имамымен бір кезде келіспей қалдым. Ол зорлықшыл залым еді. Менен кек алмақ болған ол, тоғыз жасар жалғыз қызым, сіздің әйеліңіздің шешесі — Шәрәфәтті Қашқарияның әкімі — Уәлихан төреге шәукендікке берді. Ол да залым тере еді. Қысқаша екі мысал келтірейін.
Ш о қ а н (елеңдеп). Иә!
Д у а н а. Бір ғажайып темір ұстасы, Бағдат болатынан қылыш соғып, қасына азамат баласын ертіп, Уәлихан төреге сыйға апарған. Сонда қылышты қабылдаған тере, «өткірлігін сынайын» деп ұстанын, баласынын, басын шауып түсірген.
Ш о қ а н (тітіркеніп). О, залым-ай!..
Д у а н а. Күйшілер қызмет атқарған бір мәжілісте, әлдекімі есінесе керек соған тере ашуланып, табан аузында басын шаптырған.
Ш о қ а н. Апыр-ай!.. Адамның бас сүйегінен мұнара жасататын да сол тере ме?
Д у а н а. Дәл езі! Ол мұнарада мыңнан астам бас бар деседі. Әлі де үстеліп жатыр.
Шоқан (көрермендерге). Англияның барлаушысы Адольф Шлангентвейттің де басы сол мұнарада!.. (Дуанаға.) айта беріңіз!
Д у а н а. Бұндай мысалдар мың сан. Бәрін айтып тауысу мүмкін емес. (Демін ауыр алып.) Сондай хиянатшыл хакімдер мен имамдардың зұлымдылығына қарсы, қарапайым халық көтеріліс жасағанда, мен халық жағында болдым. Мәнжүр әскерінің күшімен Такла-Макан көтерілісі басылды. Кеп адам шетке қашты. Мен де бетіммен қаңғып кеттім.
Ш о қ а н. Қайда болдыңыз сонда?
Д у а н а. Мұсылман әлемінде араламаған өлкем кем де кем, сонда байқағаным, — соңғы бірнеше ғасырдан бері ислам дүниесі насарани дініндегі мемлекеттердің қорлығында екен!
Шоқан. Мәселен?
Д у а н а. Енгіліз дейтін біреуі әлденеше теңізді, мұхитты аттап келіп, алыстағы арабтарды, Үндістанды, тағы басқаларын жаулап алған.
Шоқан. Қалайша оңай беріскен?
Д у а н а. Күшті қаруы шыдатпаған?..
Ш о қ а н. Күшті қару, күшті білімнен туады. Біздің шығыста әсіресе ислам әлемінде білім жоқ. Біз құдайға құлшылықтан басқаны білмейміз. Ал, енді, осындай дәрменсіздік халде, өмірбақи қалуға бола ма?
Дуана. Әрине, болмайды.
Шоқан. Тырбану, өнер іздеу керек пе?
Д у а н а. Әрине! Бірақ қайдан табамыз оны?
Ш о қ а н. Іздесек табамыз.
Дуана. Мысалы, қайдан?
Ш о қ а н. Оны өмір көрсетер. Әзіргі арман азаттық.
Дуана (ауыр күрсініп). Иә, азаттық! Оған жету үшін Әбу-Мүслімдей қолбасшы керек (тұнжырайды.)
Шоқан (көрермендерге). «Әбу-Мүслім» —дегені арабтардың, шабуылына қарсы бас көтерген Орта Азия халықтарының қолбасшысы. Рас айтады, қарт. Енді, ондай бастаушы және ерушілер шыққанша қашан!.. (Дуанаға.) Бұл менің басымды да даң қылып жүрген мәселе.
Д у а н а. Екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты, ұлым. Ал, енді, мен көзден ғайып болам. Бірақ сен ізіме түспейсің.
Шоқан. Мақұл. (Дуана төргі бөлмеге кетеді. Шоқан аздан кейін қарап шығып.) Жоқ! Бұл не керемет?!. (Аз кідіріп.) Осы кереметті пайдаланған жөн!
Ш ы м ы л д ы қ.
ЕКІНШІ АКТ
БІРІНШІ СУРЕТ
Шоқанның бөлмесі. Шоқан ауыр ойдағы кескінмен, жүре сөйленеді.
Ш о қ а н. Шынаргүлдің тапсырманы орындау жолына түсуіне аптадан артық уақыт етіп барады. Дамолланың мойнына асып жүретін дорбашығы бары анықталды. Бірақ, әйелі қанша аңдығанмен, қолына түсіре алмай жүр. Ояуда мойнынан тастамайды дейді, ұйқыда жанбасының астына басып жатады дейді. Өзі кеше Артош жағына кеткен. Мұндай сапарға шыққанында дорбашығын қобдиына жасыратынын әйелінің көзі шалған. Енді содан қарамақ болып кілтін ұрлап ап қапты. Шынаргүл тағы да кетті. Қазақша айтқанда, сәті түскей де!.. (Тоқырап көрермендерге.) Бұл бір қызық аңдыс болды. Саятшылар айлакер аңдарды аулаушының ізіне түсіп, артынан айнала береді деуші еді. Дамолламен екеуіміз солар сияқты болдық: Ол — меңің ізіммен, мен оның ізімен, бірімізді-біріміз айнала аңдудамыз. Қайсымыздың қапымызды қайсымыз қалай тауып тұтуымыз әлі неғайбыл. Қай бұрын тапқанымыз жеңуге тиістіміз. (Сасқалақтап.) Оның аты бірімізге-біріміз ажал. Мүмкін айқасуға тура кеп қалған арыстан мен жолбарыстай екеуіміз де шайнасқан қалыпта қаза табармыз. Қайткенмен екеуіміз де аса қатерлі сүрлеуге түстік. (Тоқырап.) О, Россия, күштісің сен!.. Және алда да күшейе түсуге тиістісің. Мен барлық тәлім-тәрбиені сенен ғана алдым!.. Сенің саяңда орыс қана емес, «бұратана» атанатын көптеген ұсақ халықтар бар, солардың бірі қазақ!.. Ол қазір теңсіздікте, қорлықта, қараңғылықта; менің мақсатым, сол халқымды сенің телегей-теңіз біліміңе суарып, мәдениетті ел қатарына қосу. Мен саған бар ынтаммен сол үшін қызмет атқарам. Бірақ, арманыма жеткенімше қашан? Жетемін бе, жоқ па? Оны тағдырым біледі. (Есік сыртындағы сыбдырға құлақ тігеді. Шоқан ақырын дауыспен сұрап aп, ілгегін ағытады. Жарқын жүзбен Шынаргүл кіреді.) Иә, Шынар?
Ш ы н а р г ү л (қолын артына жасырып). Шүйінші, Әлім!..
Шоқан (қуана қарап). Түсірдің бе, қолыңа?
Ш ы н а р г ү л. Түсірдім!
Шоқан (қолын созып). Кәне?
Ш ы н а р г ү л. Шүйіншіңді бермей көрсетпеймін.
Шоқан, Қалағаныңды ал!
Ш ы н а р г ү л. Қалауым — ыстық құшағын,!..
Ш о қ а н (құшағын жайып). Сол ғана болса, міне!.. (Бауырына басады.)
Шынаргүл (құшақтан босанып, дорбашықты көрсетіп). Міне, іздегенің!..
Ш о қ а н (бассалып, түймесін ағытады да, ішіне сіреңке қорабы көлеміндей кітапшаны суырып aп, көріп, қуанып). Шоқан (ақырып.) Құран!.. Кіреші қайда мұның? (Мұқабасының іш жағынан ақ шүберекке оралған нәрсені алып, бауынан салбырата көрсетіп.) Кіреш! (Айқайлап.) Құран!.. Кіреш!.. (Шынаргүлді құшағына қаттырақ қысып.) Тіршілігіме татитын бір ісімді орындадың, Шынарым, сол үшін шын жүректен құшырлана сүюге лұқсат ет!
Шынаргүл (құшақ жая). Мен әзір. (Екеуі құшақтасып сүйісе бастағанда ішкі есіктен дуана көрініп, қуанышты кескінмен):
Д у а н а. Қайырлы сүйіс!..
Шоқан (жалт қарап). Жаңалық бабай, жаңалық!
Д у а н а. Иә!..
Ш о қ а н. Табылды! (Құранды көрсетіп.) Мынау — ләм-шәриф. (Кресті көрсетіп.) Ал, мынау?..
Д у а н а (шошына қарап). Алла, бұл дозақы қайдан?..
Ш о қ а н. Кәләм-шәрифтің ішінен шықты.
Д у а н а (иланбағандай). Қойыңызшы!
Ш ы н а р г ү л. Мен таптым, Дамолланың қобдишасынан! (Шоқанға.) Берік-ақ жасырған екен. Қобдишаны ақтарсақ ішінде жоқ!.. Әйелі «осында болуға тиісті» дейді. «Қай жерінде?» деп қобдишаны төңкерістірсек түпкі жағы қалың және бір жақ бұрышында шегенін, мығы сияқты бірдеңе көрінеді. Соны тартып көрсек сұқпалы кілт сияқты шеге екен, суырып байқасақ қобдишаның түбі екі қабат, дорбашық солардың арасында!..
Д у а н а (ызаланып). О, залымдар-ай!..
Шынаргүл (асығып). Әйел қазір кірпі төсеніштің үстінде отырғандай. Ері келмей әкелгендерімді тез қайтаруым керек.
Ш о қ а н. Көрдік көзіміз жетті. Сөйткенің дұрыс болар. (Дуанаға қарайды.)
Д у а н а. Менімше де, ал, әшкерелеу жәйі?
Ш о қ а н. Оны ақылдасармыз (Шынаргүлге.) Тез апар!.. (Шынаргүл кетеді. Шоқан есікті іліп қалады).
Ш о қ а н. Жорамалым келді, бабай; Дамолла атанып жүрген адам насарани дінінің және Енгіліздің тыңшысы екені анықталды.
Д у а н а. Бұны қайтеміз енді?!..
Ш о қ а н. Бір данышпан «жауды жеңбеу керек жою керек!» деген екен.
Д у а н а. Дұрыс айтқан, сонда, мына тыңшыны қалай жоямыз?
Шоқан (ойланып, аз жүріп). Бүйтсе қалай болар еді? Бабай?..
Д у а н а. Қайтсе?
Ш о қ а н. Ұйғыр мұсылмандары үшін, Әппақ-қожаның әруағынан артық күш жоқ; бұл әруаққа олар тәңіріден де, пайғамбардан да берік сенеді.
Д у а н а. Рас!
Шоқан (көрермендерге). Ислам әлемінде діндік фанатизмі ұйғырдан күшті ел болмауға тиісті. Ол жағынан бұл «тасты сүз» десең де даяр!.. ( Дуанаға.) Ендеше, мысалы, сіз түс көресіз, түсіңізде сізге Әппақ-қожа аян беріп, Дамолланың тыңшы екенін айтады. Сіз бұл түсті шәһәрдің имамы — Қази-каләнға, әкімі Уәлиге және жұртқа естіртесіз. Сізге Қази да, халық та иланады. Уәли, әрине, Манжүр әкіміне хабарлайды. Ол да Енгілізден қатты сескенеді. Солар ұғынып алғаннан кейін, Дамолланың мойнына асып жүретін дорбашығын аңдытады да, қапысын тауып қолдарына түсіреді. Аржағында не істеуін үкімет пен дін басшыларының өздері біледі. (Есік жақтан тықыр. Екеуі құлақ тігеді. Есік тықылдайды.)
Ш о қ а н. Шынаргүлдің қағысы. (Есікке беттегенде Дуана кірген есігіне жасырынады.
Шынаргүл кіреді.) Тапсырдың ба?
Шынаргүл. Бердім. Ері келіп қала ма деп зәресі жоқ екен. Тез жеткізгенге қуанып қалды. Қайда сақтайтынын аңдитын болды.
Д у а н а. Біз енді өзара сенісетін болдық қой, деймін, балам?
Шоқан. Әрине, қалтқысыз!..
Д у а н а. Ендеше, бір сырыңды сұрасам айтар ма едің?
Ш о қ а н. Сұраңыз!
Дуана. Сені орысша оқыған және орыс үкіметінің тыңшысы деген қауесет бар... (Шынаргүл елеңдеп қалады.)
Ш о қ а н. Дұшпандар таратқан есек болар...
Д у а н а. Қайдам. Тек өзімнің ғана күдігім: сен Тоқашұлы Әлімбай болып жүрсің. «Әлімбайды кішкене күнінде көргенім бар. Сен оған ұқсамайсың дедім ғой, әнеу күні!
Шоқан (жымиып). Айттыңыз, бірақ, адам өсе келе өзгермей ме, бабай?
Д у а н а. Бол, болма, онда менің жұмысым жоқ. Мен сені жалғыз нәсіліме адамша қарағанын, үшін және ақиқат іздегендігің үшін шын көңілден жақсы көрем. Сондықтан да саған жақсылықтан басқа тілерім жоқ.
Шоқан (қол қусырып). Рақмет, бабай. (Шынаргүл келеді.)
Д у а н а. Тіміскілеген таппай қоймайды. Осындай аман шағыңда бой таса қылу керек ұлым?
Ш о қ а н. Имам мен Уәлидің ауыздарын алып қойғанымды сізге айтқан едім.
Д у а н а. Айттың балам. (Кідіреді.) Екеуіне өткізген қымбаттарын, ғой ол! Бұл араның бастықтарына теріс қарап кету оп-оңай.
Ш о қ а н. Апырай, ә?! Сонда маған не істеу керек?
Д у а н а. Бой таса қылу керек.
Ш о қ а н. Қашу?
Дуана. Әрине.
Ш о қ а н. Қайда?
Дуана. Әрине, өз өліңе. Жолын және әдісін өзім тауып берем!
Ш о қ а н (қуана құшақтап). О, әулием!.. Пірім!.. Ғайыперен қырық шілтенім!..
Дуана (түсінген бейне көрсеткен Шынаргүлге). Сен қалай дейсің, қызым?
Шынаргүл (жыламсырап). Маған айрылу әрине, қиын. (Жыламсырап.) Бойымда перзенті де қалып барады... (Бетін баса солқылдайды.)
Шоқан (қатты күрсініп, көрермендерге). Ия перзент!..
Д у а н а. Оның да бір жөні болар. «Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес» деген (асығып). Ойланыңдар, балалар!.. Ал, көзге ұшырап қалмай ыдырайық! (Кетеді.)
Шоқ а н (таңданған кескінмен, көрермендерге). Мәссаған, «дуана!»... Бұндай халге бұл тағдырдың тәлкегімен түскен адам. Әйтпесе ислам әлемінің, оның тарихы мен поэзиясының терең ғалымы. Мен одан кеп білем және білуге жәрдем алдым. (Кідіріп.) Сонда да өмірбаянының егжей-тегжейіне, әлі толық қанған емен. Енді қану керек!.. Халықты осылай да сүюге болады екен ғой!.. (Салмақтанып.) Жазуда мәлім тарихының өзі мың жарым жылдан астам бұл батыр халық, үнемі қалын, жауларының қыспағында жасап, сонда да елдігін сақтап келеді. Бұлардың кең тарихының өн-бойында талай қолбасшы батырлар да, Жұпархан сияқты батыр әйелдер де шыққан, ақылды-айлалы хандар да болған, түрік тұқымдас елдердің ен, зорының бірі — ұйғыр, ақыл-ойы да терең халық. Бұл дүние жүзіне мәлімі Юсуфхас-һаджап, Махмуд Қашқари, Мухаммед Хайдар-
Дуғлати сияқты атақты ғалымдар да берді. Бір рауаятта, Әлішер Навои де ұйғырдан шықты деген қауесет бар. Музыкада ұйғыр жасаған «он екі мұқам» әлі зерттелген жоқ, Бұл — басқа елдерде теңдесі аз музыкалық эпос. Бұның тарихы және мәдениеттік бағасы, қырғыздың, «Манасы» мен Моңғолдың «Гиссарына» пара-пар. (Аз кідіріп.) Бұрынғысы сондай болса, қазіргі тіршілігі мүшкіл — қараңғылық пен қыспақта. Дуана бабай айтқандай, қолын, қашан жетер екен бостандыққа, бейшара халық!..
ЕКІНШІ СУРЕТ
Медресе іші. Көмескі сәуледе қолына қалың кітап ұстаған Қази ыңырана теңселе іштей оқып отыр. Аптығып азаншы кіреді.
Қази (елеңдеп).— Жайша ма?
Азаншы. Жаңалық, шәйхол-ислам!..
Қ а з и. Қандай?!
Азаншы. Тан, намазы алдында, азан шақыруға келе жатсам, дарбаза түбінде бір топ адам қараңдайды. Бұлар кім деп жақындасам, маңына дәруіштер үйірілген Дуана еңіреп жылаған қалыпта әлденені айтып тұр. Сөзіне құлақ тіксем, «түс көрдім» дейді, «түсімде Әппақ-қожам аян беріп, осы мешітте имам хатиб болып жүрген Дамолланы насарани дінінің өкілі деп айтты, дейді.
Қази (шошынып). Қойыңыз!
Азаншы С жан-жағына қаранып). Рұхсат етсеңіз аржағын сыбырмен айтайын!
Қази. Мақұл (құлағын тосады, азаншының сыбырын жаны түршіккен түрде тыңдайды).
Азаншы (айтып болғандай). Осылай дейді, хазірет!
Қази. Өзі қайда, Шайхы-фанидың?
Азаншы. Халық есітсе жаман болар деп дәрет-хужырасына жаптырып қойдым.
Қази. Дұрыс болған екен (толқығандай.) Бірақ, қияли адамның есерсоқ сөзі болып жүрмесін!..
Азаншы. Қайдам. Болжалдарының көбі дәл келіп тұр ғой.
Қази (толқып). Сонысы да бар. Былай да ыза кернеп, шоқ түссе лау ете түскелі тұрған халық, оның түсін есітсе...
Азаншы. Рас, не істейміз, сонымен?
Қ а з и, Бұл үкіметпен ақылдасып шешетін мәселе, тез Уәлиге бар да ертіп кел (Жөнеле берген азаншыға.) — Тоқта!.. (Тоқтайды.) Маған естірткен сөздеріңді діттетіп кел!..
А з а н ш ы. Әрине, хазірет! (Кетеді.)
Қ а з и (түрегеп, толғана, жүре сөйленіп). Қожалар қозғалаңы басылғаннан кейін, Такла-Макан төңірегіне тыныштық орнаған еді. Манжүр үкіметі, бізді алты шәһәрға сырттан абай болғанымен, ішкі дін-дүниялық істерімізге араласпай, тиыштыққа тұруға айналған едік. Енді соған іріткі түскені ме? Бір жағынан Әндіжаннан келді деген сәудегерлер одан емес, Руссиядан деген өсек тарап жатқаны анау. Оларды қанша аңдытқанмен, әлі ешбір белгісін тапқан жоқпыз. Содан сескеніп жүрген шақта, енді мына хабар естіле қалды. Рас болса жаман хабар!.. Тағы бір дүрбелең басталып кетпесе неғылсын!.. О, қайғылы Қашқар! Әлде де кермегенің көп болар ма сенің?! (Сыртта тықыр естіледі, Қази отыра қояды, аптығып Уәли кіреді.)
Уәли (қол қусырып). Сәлем, Шайхул-ислам!
Қази, Азаншыны көрдіңіз бе?
У ә л и. Көрдім де, естідім де. Өзін «бақылай тұр!» деп сыртқа қалдырып кеттім.
Қ а з и. Бұны қайтеміз?
У ә л и. Өкіметке де осы күдік біраздан бері кірген. Бұл Дамолла жүрген жерлерінде Енгіліз мемлекетін мақтаудан тынбайды десетін. Онысына Манжүр үкіметі ытырына қарап, соңына тыңшы қойған...
Қ а з и. Насарани дінінің тыңшысы болса ше?
У ә л и. Ен, жаманы да, ен, зор қаупі де сол.
Қ а з и. Ал енді осыны қалай анықтаймыз?
У ә л и. Ол қиын емес.
Қ а з и. Қалай?
У ә л и. Ол қиын емес.
Қ а з и. Қалай?
У ә л и. Бүгін жұма намазы. Намаз алдында мәслихаттасып отыратындарыңыз болады ғой...
Қ а з и (елеңдеп). Иә?
У ә л и. Сонда шынын айттыру керек...
Қ а з и. Айтпаса ше?
У ә л и. Қыстаймыз!..
Қ а з и. Қалай?
У ә л и. Кіреші мойнынан тастамайтын дорбашығының ішінде деген сөз бар. Соны сұраймыз.
Қ а з и. Бермесе ше?
У ә л и.. Тартып аламыз...
Қ а з и. Арпалысса ше?
У ә л и. Бір кісіге жетерлік шама табамыз... (Азаншы кіреді.)
А з а н ш ы. Дамолла келе жатыр...
Уәли (білегін сыбанып). Ал, онда даярланайық (Азаншыға). Сен де кетпе, күш керек болса жәрдемдесесің. (Қол қусыра сәлем беріп Дамолла кіреді, сәлемді қабылдаған Қази, қасынан орын нұсқайды. Дамолла отырады да, қолын жайып іштей дуға оқып бетін сипайды.)
Дамолла (Уәлиге). Сіз де мұнда екенсіз ғой, ерте келіпсіз?..
У ә л и. Қази-Каләнмен кеңесіп алатын бір жағдай болып... Сіздің де қатынасыңыз бар кеңес. Дамолла. Иә?..
У ә л и (қалжыңдаған кескінмен). Имам хатиб, сізден бірнәрсе сұрауға ұлықсат па?
Дамолла. Айтыңыз!
У ә л и. Мойныңыздан тастамайтын, анау дорбашығыңызда не бар?
Дамолла (қобалжыңқырап). «Кәләм-шәриф... Мәк- кә-и-Мүкәррәмадан.
У ә л и. Көруге бола ма, сол «шәйрифті?»
Дамолла. Тек таһаратпен ғана...
Уәли (күлімсіреген боп). Мәдрәсәға мұсылман кісі таһаратсыз кіре ме (қолын созып). Беріңізші, менің көргім келіп еді.
Дамолла. Сонша неге құмарттыңыз?
У ә л и. Мәккә — и — Мүкәррәмадан келген «Кәләмшәриф» болған соң...
Қази. Көрсетіңіз...
Дамолла (толқып). Кейін, бір реті келгенде...
У ә л и (бұйырған дауыспен). Беріңіз! (Дамолла түрегелуге ыңғайланады.)
Қ а з и. Қайда барасыз?
Д а м о л а. Оқитын хұтбамды үйде қалдырып кеткен екем.
У ә л и (тікіленіп). Сұрағанды бермей ешқайда бармайсыз.
Азаншы. Беріңіз, бер деген соң!
Дамолла (екіленіп). Сенікі не, құйысқанға қыстырылған нәжістей?..
А з а н ш ы (ашуланып кетіп). «Мәссаған нәжіс!» (деп құлақ-шекеден ұрады да, бауын үзген дорбашығын жұлып алады. Жұлқынған Дамолланы құшақтаған азаншы босатпайды. Уәли дорбашықты ақтарып кішкене дуранды суырады да, оның ішінен кіреш алып, шошына қарап.)
У ә л и. Алла, хазырет, мынаны қараңыз!
Қ а з и (шошынып). Жасыр!.. Көрсетпе!..
У ә л и. (Дамоллаға ұмтылып). Кафр!.. Лағынет!.. Малғұн! ( Қылғындырмақ болады.)
Қази (бөгеп). Сабыр!.. Жазасы шариғат хүкімімен халық алдында беріледі.
У ә л и. Әкет! (Азаншы сүйрей жөнеледі.)
Дамолла (тырмысып). Әлімбайды!.. Әлімбайды!..
А з а н ш ы. Жүр, лағынет! (Дамолланы түйгіштеп алып кетеді.)
Қази (Уәлиге). Әлімбай демекші, оның жайы не болып жатыр?
У ә л и. Бақылап жүрміз. Қауіпті ізін әлі таба алған жоқпыз.
Қази. Тек Дотай сезе көрмесін, бізге берген алымын.
У ә л и. Әзірге сезген жоқ.
Қази. Тағы берері болатын ба?
У ә л и. Ала білсек аяры жоқ сияқты.
Қ а з и. Ретін табасыз ба?
У ә л и. Әрине!..
ҮШІНШІ СУРЕТ
Бау-бақша қоршаған кең алаң. Жазалау орнының қалқаны. Мінбер. Мойындарына жазалау тақтайларын киіп, шынжырынан қазыққа арқандалған, үстіне қара жамылған қылмыстылар. Ішінде Дамолла. Айыптылар өзара күңкілдесіп сөйлесуде:
I. (Ішін сипап). Аштан өліп барам. Алатын басы болса неге тез шаппайды?..
II. Ашықпағанда ше?.. Саз... суық... сасық зынданда екі күнге бір жүгеріні азық қып жату оңай боп па?! Кейде ол да жоқ!..
I. Сондағы сенің жазығың не дедің?
II. Айтқан едім ғой, ұмытып қалғаның ба?
I. Қараңғы зындан нені ұмыттырмады дейсің.
II. Қайталайын онда; атамнан мұраға қалған азғана жерді мешітке, уақытқа беруге қарсыласқаным үшін...
III. Ал, мені — алпауыттың баласымен арықтағы суға таласқаным үшін.
IV. Мені, тоғыз жасар қызымды шәукендікке қимай, тұншықтырып өлтіргенім үшін.
I. Мені зекет-ғұшырыңды толық төлемедің деп...
Дамолла (ақырып). Басты қатырмаңдар, дабырлап!..
Ө з г е л е р і (бір-біріне). Бұл кім еді?..
I. Насарани дінінің алдаушысы осы деген.
Бәрі (шулап). Осы ма?! Дәл өзі! (Өтіп жатқан жұрт та, айыптылар да. «Лағынет!», «Мұрт.ет!», «кафыр!», «малғұн», «жаһаннам» деген сияқты қарғаулар айтады, көптің арасында Шоқан және қазақша киінген сақалды біреу жүреді. Қазақ, Шоқанға алаңдап қарай береді. Шоқан одан тасалануға тырысады. Қарғаушылар саябырлаған бір мезетте.)
Дамолла. «Азияның айласы» дегенге енді ғана көзім жетті. Әлімбаймен арбасып керіп едім, мені ол жеңді. Адамдардың бас сүйегінен жасалып жатқан мұнараға, менің бақытсыз басым одан бұрын ілінетін болды. Сонда ненің құрбаны болып, Ұлы Британияның ба? (салмақтанып.) Менің түпкі мақсатым,— зор, күшті Германия жасауға жәрдемдесу еді. Өнер-білімі, техникасы, қаруы, ұлттық намысы — Европаның алдыңғы қатарынан орын ала тура, әлі күнге дейін Германия бюргерлік халден шыға алған жоқ. Орта ғасырларда тевтон орденнің біздің заманымызда Бисмарктің батыл қимылдары, Германияны Орталық Европаның құрсаулы қыспағынан босата алмады. Баварияның зеңбірегі күнгей Қытайдағы Меруерт өзенінің жағасына орнағанмен, өзі жете алмайтын жырақта жатыр. Өзге теңдестерінің бәрінде де бар ұлан-байтақ отарлар Германияда жоқ. Қыспақта демі тарылған Германия, анда-санда Россияға соқтығып қояды. Бірақ, қашан, қалай ұрынса да Александр Невскийдің заманынан бері орыстан жеген ащы таяғының жарасы денесінде әлі күнге дейін сыздайды. Россия жылдам құлашын кең жайып, енді Орта, Орталық және Қиыр-Шығыстық Азияға соза бастады, Соларға жетер жолын барлау үшін соңғы кезде агенттерін жұмсауда. Біреуі — «Әлімбай» екені анық. (Ауыр күрсініп.) Бірақ, Мәнжүр оның кім екенін әлі анықтай алған жоқ. Мен Германияның Азияға қол созу ісіне жәрдемдесем бе деп талаптанып ем, Әлімбайдың қапысын таба алмадым. Ол менің қапымды тапты. Шығыстық азап арқылы қатты қинаумен, жергілікті әкімдер бар шынымды айтқызды. Ендігі күткенім — өлім жазасы. Ауыр азап шеккенше несі де болса тез орындалса екен! ( Қаңғыр-күңгір қағылған қоңырау үні естіледі. Жұрт та, полицейскилер де ереуілдей қалады. Формаларындағы Мәнжүр әкімі Дотай, Уәли, Қази бастаған, балталарын иығына асқан қызыл киімді жендеттер тобы көрінеді. Оларға таңдана қарап анталаған жиынға полиция әрең ие болып тур. Келгендер мінбеге көтеріледі. Халық анталай түседі.)
Дотай (Уәлиге). Оқыңыз, үкімді.
Уәли (оқып). «Ұлы Қытайдағы Цин династиясының императоры Сян-Фыннын, атынан және осы шәһәрдағы мұсылман идарасының атынан, біздің шәһәрда Дамолла атымен исламның өтірік имамы болып жүрген, Енгіліз дәулетінің, пайдасына тыңшылық қызмет атқарған насарани дінінің өкілі және үгітшісі — Адольф Шнайдерді басын балтамен шабу арқылы елім жазасына бұйырамыз.
Дотай, Уәли, Қази.
Жұрт (ду қол шапалақтап). Сол керек!.. Малғұн, жаны жаһаннамға!..
Уәли (жендеттерге). Әкетіңдер, жазалау орнына!.. (Жендеттер сүйрей жөнеледі. Соңдарынан анталай шұбырған көп ішінде Шоқан, Дуана, сақалды қазақ жүр. Кешікпей қалқан ішінен «аһ!» деп айғайлап қалған дыбыс естіледі.)
К ө п ш і л і к. Саудасы бітті, залымның! Кетсін жаһаннамға!
Қ а з а қ (Шоқанға жалтақтай қарап). Армысың, Шоқан мырза!
Шоқан (жалт қарап, тіксініп). Кім, саған, Шоқан?
Қ а з а қ. Қарағым-ау, ұмытып қалғанын, ба? Семейде бір үйде дәмдес те болған едік қой!
Шоқан (түсін суытып). Шатасып тұрсың. Жоғал, көзге көрінбей!.. Әйтпесе... (қазақ қорыққандай ығыса береді. Дуана жақындай қалады. Шоқан оған қазақты нұсқап). Ананы, бір қуысқа қамат!.. Арғысын кейін айтам.
Д у а н а. Құп!..
ТӨРТІНШІ СУРЕТ
Шоқанның бөлмесі. Шымылдық ашылғанда мазасызданған кескінді Шоқан сөйленіп, ерсілі-қарсылы жүр.
Ш о қ а н. Дуананың хабарланбағанына бір аптадан асып барады. Қаланын, ішінде көзге ұшырамайды. Мені танитын қазақ, та із-түзсіз жоғалды? Қайда олар?! (ойланып.) Әлде күдікті көзге ілігіп жазым болды ма? Барлық құпияның беті ашылады онда... (Басын екі алақанымен қысып.) Мына домалақ та қу бастардың мұнарасына ілінеді!.. Күн кешкіріп барады, (сыртқы есіктің сыбдырына құлақ тігіп, еппен басып барады да, ақырын дауыспен). Кім? Ә-ә
Шынаргүл!.. (Есік ілгегін ағытады, жүкті бейнедегі Шынаргүл кіреді.) Иә, Шынар?
Шынаргүл (мұңайып). Баспаған жерім, бармаған қуысым жоқ. Жер жұтып кеткендей ешқайдан көрінбейді.
Ш о қ а н (кейіп). Бұл тегін жоғалу емес!..
Шынаргүл. Үрейленіп біттің Әлімжан (еркелеткен кескінмен). Қуантайын ба, енді?..
Шоқан (жадырап). Ал, кәне?..
Шынаргүл. «Перзент тәтті» деген сөзге сенеміз бе?
Ш о қ а н. Әрине. Бүкіл табиғатқа тән қылық қой, ол.
Шынаргүл (ұялшақтанып). Ендеше, іштегі перзентіңіз бүгін жанданғанын сездірді.
Шоқан. Қойшы!..
Ш ы н а р г ү л. Уаллаһи!..
Ш о қ а н. Онда сүйіншіге сүйейін тағы?
Ш ы н а р г ү л. Мен әрқашан дайынмын! (Екеуі құшақтаса өбісіп тұрғанда, дағдылы есігінен Дуана көрінеді.)
Д у а н а (уайымды кескінмен басын шайқап, көрермендерге). Өмірлік айқассайшы, бұл құшақтар!.. Өмірлік махаббат болсайшы булары!.. (Қақырынып қалады. Сүйіскендер шошына жалт қарайды.)
Шоқан. Иә, бабай?..
Дуана (жылдамдата). Кешіріңіз, енді сізді, ез есіміңізбен атаймыз, Шоқан мырза!..
Шынаргүл. Мен атағалы қашан!..
Шоқан (дуанаға). Солай сыр шешкеніміз рас, бабай. (Дуана мен Шынаргүлге кезек қарап.) Иә, достарым, менің шын атым — Шоқан.
Ш ы н а р г ү л. Атамнан неге жасырғансыз, оны?
Дуана. Оның мәні көп, қызым. Кейін менен естірсің. Қазір өте асығыспын. (Көрермендерге өкінішті кескінмен.) Қысқадан қайырылатын шешім болды, бұл.
Шоқ а н. Ие, бабай?..
Дуана. Сізді танып қалған қазақты бөгде кезге түсірмеу үшін, оңашалауға тура келді.
Шоқан. Қайда?
Дуана. Орын таңдауға уақыт болмады. Тапсырған адамдарым, жақын тұстағы елеусіздеу әбіресханаға қамай сапты.
Ш о қ а н. Ол не?
Шынаргүл. Дәрет орны...
Дуана. Көбірек тұрса тұншығып өліп кететін болған соң, бір түнді жамылдық та, жуық жердегі жан білмейтін үңгірдің қалтарысына қамадық. Онда да көп тұруы мүмкін емес.
Ш о қ а н. Енді не істемексіздер?
Дуана. Екінің бірі: не босату, не көзін жою керек. Босануы саған қауіп. Өзінен сұрастырып көрсек сенің тұқымыңа өш біреу екен. Мына қаматуды сенен көріп, саған да өшігіп алған. «Шықсам ба?» деп кіжінеді.
Ш о қ а н. «Жою» дегеніңіз қалай?
Д у а н а. Әрине өлтіру?..
Шоқан (шошып). Өлтіру?!..
Д у а н а. Басқа амал қанша?! Не сен, не ол өлетін болып, біреуіңді таңдағанда, жеребе оған ауды да.
Шоқан. Шариғатқа хилаф болмай ма, бұл?
Д у а н а. Қажетті жерде өлтіруді, хадисіңде хаш расулымның өзі де айтқан.
Ш о қ а н (толғанып). Мен мұндай қылмысқа рұқсат ете алмаймын.
Дуана (сынаған кескінмен). Онда өзің, құрбан боласың да...
Шынаргүл. Оған ризаласуға болмайды.
Шоқан (көрермендерге). Туған жерден жырақтағы Қашқарияда жүрген екі қазақ бірін-бірі өлтірсе не болғаны? Жазығы не оның? Мені танығаны ма? Менің қандай шытырманда жүргенімді қайдан білсін ол.
Д у а н а (аз ойланғандай). Ендеше, басыңа түскен бұл пәледен құтылудың жалғыз ғана жолы бар...
Ш о қ а н (дәмеленген кескінмен). Қандай?
Д у а н а. Сен бұл өлкеден тез жоғаласың.
Ш о қ а н (түсінбегендей). Қалай?
Дуана. Қашасың!
Ш о қ а н. Қайда?
Дуана. Өз еліңе.
Шынаргүл (шошынғандай). «Өз еліне?»
Д у а н а. Иә, ез еліне, қызым!.. Алыстағы Русияға!..
Ш ы н а р г ү л. Мен ше?
Дуана (күрсініп). Сен осы араның әдетіне бағынасың да, мұнда қалып қоясың.
Шынаргүл (жылап жібереді). Әлімбайдан? (түзетіп.) Шоқаннан? Жо-жоқ, айту мүмкін емес, ата!
Д у а н а. Ол — біздің емес, тағдырдың еркі. Көнбеске амал жоқ!..
Шоқан (демін ауыр алып). Солай екені, рас, Шынар! ( Көрермендерге.) Бұл Шынардың, ғана емес, бүкіл исламдық шығыс әйелдерінің тағдыры. Мәселе солардың бәрінің қолын азаттыққа жеткізуде. Түбінде оған да жетуге тиісті. Бірақ қашан? (Аз кідіріп Дуанаға.) Мен кеткенде Шынар қайда болады?
Дуана. Аман аттансақ, тез осында келем де, Шынарды алып Тарым-дариясының Такла-Маканға бытырайтын тармағындағы қалың тоғайға жасырынамыз. Одан бізді адам түгіл шайтан да таба алмайды. Сонда қашып, өсіп-өніп жүргендер аз емес.
Шоқан (көңілі көншігендей, Шынаргүлге). Қалай дейсің, Гүлім?
Шынаргүл (жыламсырап). Басқа айла болмаса көнбегенде амал нешік!..
Шоқан (Дуанаға). Біз қалай кетеміз, бабай? (Шынаргүл жылаған қалпымен ішкі бөлмеге кетеді.)
Д у а н а. Жолын табам.
Ш о қ а н. Қандай? .
Д у а н а. Енді шынымды айтпасқа болмай қалды, балам. Бұл ұйғырдың басынан нелер қиын дәуірлер өтпеді дейсің?.. Нелер жат жұрттар жан-жақтан шабуыл жасамады дейсің... Сонда қамауда қалған шәһәр халықтарын жаудың қырғынынан құтқару қамын ойлаған басқарушылары, көп шәһәрдің астынан үңгір жолдар қаздырған. Сондай жолдар осы Қашқардың астында да болған.
Шоқан (елеңдеп). Апыр-ай, ә?..
Д у а н а. Бұл керуен сарайдың негізін, ұйғырдың тарихтың мәні зор басқарушысы. Сұлтан-Сытық Бұғырахан орнатқан. Оның өз ордасы осы хұжыраның орнында болған да, астынан үңгір жол жасатқан. Анау төргі бөлменің бір бұрышында, бер жағы қабырғаға ұқсаған, білмеген жан аңдамайтын терең қудық бар. Үңгір жолы соның түбінен әрі қарай кетеді де, тоғайлы құмның елеусіз арасынан шығады... Заманалар өтіп ұйғырлар жат жұрттарға бағынған шақта, көбі мәлімсіз; мәлімдісінің күтімі жоқ ол жолдар опырылып тозған, бірен-саран ғана болмаса, іске жарарлығы қалмаған.
Шоқан. Қазір де бар ма ондайы?
Дуана. Біреуі ғана. Ол осы — сен тұрған хұжыраның астында.
Ш о қ а н. Бұл қалай опырылмаған?
Д у а н а. Ішін кейде күйген қышпен, кейде тас, кейде сексеуіл мен шегендеген.
Ш о қ а н. Жүріп көрдіңіз бе?
Д у а н а. Бұл хұжыраға жасырынып келуге одан басқа жол жоқ және ол жолды менен басқа білетін адам жоқ. Бергі қабырғада белгі жоқ. Есігі арғы ішінен бекіледі.
Ш о қ а н. Ғайыптан пайда болатыныңыз содан екен ғой?..
Д у а н а. Әрине?.. (Асыққан бейнемен.) Ал, Шоқан, ұзақ кеңесуге уақыт жоқ. Кетер болсақ жөнелу керек.
Шоқан (көрермендерге). Қоқан ақсақалы да, Қази мен Уәли де алған параларын ақтады. Сыртта Дотай ғана қалды. Ол маңайлатар қу емес. Оның білмегені де дұрыс. Отанымның тапсырмалары түгел орындалды. Егер елге аман жете алсам, Англияның бұл жақтағы саясаты Россияға айқындалады да, ретіне қарай амал қолданады.
Д у а н а (асығып). Бол, Шоқан!
Шоқан (Дуанаға). Шынаргүл бізді шығарып салмай ма?
Д у а н а. Жүруі өте қиын үңгір. Сызы, шалшығы, жыланы, бақа-шаян сияқты жәндіктері кеп. Жүкті әйел жүруге тіпті қиын.
Ш о қ а н. Шынаргүлді шақырып шығайын (төргі бөлмеге кетіп Шынаргүлді ертіп шығып). Сонымен, біз ажырасатын болдық, Гүлім!
Шынаргүл (жасқа булығып). Оған амал қанша? (Дуанаға.) Кетер жолдарыңызды естідім, ата. Одан әрі?..
Дуана (Шоқанға). Біздің, бұл елде «дәруіштер көші» деген болады. Есек мінген олар қайыршылап шәһәрдан шәһәрға қыдырып жүреді. Сондай бір топ осы шәһәрдан Үш-Тұрфанға одан Әндижанға кетуге жиналған екен. Одан әрі Мұзарт асуымен Жетісуға өтпек. Мен сені соларға қосам...
Ш ы н а р г ү л. Аман өте ме, ата?!
Д у а н а. Сәті түссе, балам. Ол елеусіз көш! (Екеуіне кезек қарап.) Талақ дұғасын оқимын да енді?
Ш о қ а н, Шынаргүл: Оқымасқа амал қанша! (Дуана қолын жайып, аузын жыбырлатады да, бетін сипайды.) Ал, кеттік Шоқан!
Шоқан (Шынаргүлді құшақтап). Осымен біздің, аз күндік некеміз үзілсе де, арамызды берік жалғастырған достық үзілген жоқ, Шынарым!..
Ш ы н а р г ү л. Ия, Шоқан!
Ш о қ а н. Не деген жақсы адам ең, Шынар!
Шынаргүл (жасқа булығып). Өзің, де?..
Д у а н а (асығып). Кеттік Шоқан! Таң да сібірлеп қалған шығар. Көлеңке бар кезде бой таса қылайық! (Ажыраған Шоқанды төргі есікке жетектеп). Жүр!.. Тез!..
Шоқан (тартыншақтап, Шынаргүлге). Хош, аяулы Қашқар қызы!.. (Дуана мен Шоқан кетеді.) Төргі есік жабылады.
Шынаргүл (сенделіп аз тұрып, жасқа булығып). Тағдырдың күшті екеніне енді ғана иландым. Естіген ғашықтарым қосыла алмай азап шексе, қосылып айрылу де¬ген осы екен! Біреулер туа ғашық болады, біреулер жүре ғашық болады деседі. Шоқанға мен жүре ғашық болдым. Басында ол тартыншақтанды. Себебін сұрасам, елінде сүйетін әйелі қалған екен. Бірақ, ол да басы жұмыр пенде емес пе? Жүре келе маған да ықыласы ауып, ол мені де жақсы көріп кетті. (Кідіріп ойланып.) Жолыққан күннен бастап санасам, бұл бір ғажайып адам! Егер осы кісімен жалғаспасам, еркектен адамшылық шығады дегенге мен иланбаған болар едім, жанының, арының, адамдығының тазалығына келгенде, бұл әулие әнбия дегендердің бәрінен биік. Осындай адаммен аз күн сеніскен, сүйіскен серік болудың езі қандай бақыт!.. Енді қалың, бұлт қоршаған қараңғы аспаннан менің бақытымдай жарқ еткен бұл жұлдызым сөнді. Аспанымды тағы да қою қараңғылық қоршады. Ендігі тіршілігімде не мағына қалды? Тірідей қолға түссем. Азапшыл өкімет қыстау арқылы маған да шынымды айтқызады. Оным Шоқанның ізін көрсететін сәуле болса қайтем?.. (Шошынып.) Жо-жоқ, ол өлгенше, мен елейін: енді маған Шоқанның жолына құрбан болудан артық бақыт жоқ!.. Маған енді ез жаным аяусыз (өз кідіріп.) Аянышы — Шоқанның ішімдегі перзенті. Бірақ тірі туғанда не болады ол? Қорлықта, құлдықта, азапта өледі. Одан да жарық көрмегені жөн... (қойнынан кішкентай ыдысты суырып, жоғары көтеріп.) Міне, менің ажалым да, нәрестенің ажалы да осының ішінде. Атам «жеті жыланның уы, қажет бола қалса...» деп берген...
(Сыртқы есіктің аржағынан дүсір, дабырлаған үндер естіледі. Шынаргүл шошына қарап.) Жендеттер болар ма? (Есік қатты қағылады.) Солар, әрине, жеткен екен, жауыздар!.. Жоқ, мені тірідей қолға түсіре алмайсыңдар (уды аузына тосып). Қажеті туды мұның! (Уды жұтады да, бар даусымен.) Шоқан!.. Бақыл бол!.. Хош!.. (сенделіп қулайды. Сырттағылар есікті бұзып кіреді: Дотай, Уәли жендеттер.)
Дотай (бөлмешесіне таңдана алақтап). Жан жоқ қой!..
Бір жендет. Әне бір әйел жатыр!
Дотай. Көріңдер!
Жендеттер (көріп, жұлмалап). Жансыз!..
У ә л и (үңіліп). Әлімбайға қосқан шәукен!
Дотай. Өзгелері қайда?..
У ә л и. Қарайық! (Жендеттер мен Уәли хұжырасын түгел тінтеді.) Ешкім жоқ!
Дотай. Бар дегеніңіз, аңдушы қойдық дегеніңіз қайда?..
Уәли (жарамсақтанып). Рас еді, тақсыр. Әлгінде ғана, сізге хабар айтарда ғана бар дескен.
Дотай. Ендеше қайда жоғалды?
Уәли (жалтақтап). Қайдам... Дуананың көз байлайтын сиқыры бар дейтін еді, сол адастырып тұрмаса!
Дотай (ашуланып). Дуана ғана емес. Бүкіл ұйғыр атаулы кез байлағышсыңдар!.. Улы императордың үкіметі ол байлағыштарыңды сыпырады да қарашықтарыңды ағызады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі